"Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 36-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының полиция департаменттерінің, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары:
1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықтың талаптарын зерделеуін және сақтауын қамтамасыз етсін;
2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ішкі істер министрі | |
полиция генерал-лейтенанты | Қ.Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен бекітілген |
Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және
техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың атауы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 459 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, аумақтық-көліктік жоспарлау, жол жүрісін ұйымдастыру және келісілген конструкцияны бақылау жөніндегі құжаттаманы келісу және бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) басқаруына арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту тәртібін айқындайды және автомобиль жолдары және техникалық реттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бекітілген мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі – мемлекеттік нормативтер) талаптарын ескере отырып әзірленді.
3. Қағидалар жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды басқаруға, аумақтық-көліктік жоспарлауға және жол жүрісін ұйымдастыруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы әзірлейтін жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тапсырыс беруші) таралады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:
1) аумақтық көліктік жоспарлау – аумақтың көліктік жүйесін дамытуды жоспарлау, ол барлық көлік түрлерінің инфрақұрылымын орналастыруды және көліктің маршруттық желісін трассалауды қамтиды;
2) жобалау құжаттамасы – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзу, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру үшін көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғатты қорғау және өзге де шешiмдердi қамтитын құжаттама;
3) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жол жүрiсін басқару жөніндегі ұйымдастырушылық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдастырушылық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешенi;
4) нормативтік құжаттама – жолдарды жобалау, салу, жөндеу, күтіп-ұстау және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқару жөніндегі әртүрлі қызмет түрлеріне қатысты нормаларды, қағидаларды, сипаттамаларды, қағидаттарды белгілейтін құжаттама;
5) техникалық құжаттама – техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын құжаттама;
5. Уәкілетті орган жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы мүгедектігі бар адамдарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында олардың қажеттіліктерін ескере отырып келіседі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 30.09.2022 № 783 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту тәртібі
Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 459 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Тапсырыс беруші нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы уәкілетті органға келісуге ұсынады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.12.2024 № 957 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.7. Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісу өтінішті уәкілетті органда тіркеген сәттен бастап он жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 № 288 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.7-1. Жолдардың жүру бөлігіндегі жол және басқа да жұмыстар, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстары уәкілетті орган мен автомобиль жолдарын басқарушыға хабарлама берілгеннен кейін жүзеге асырылуға тиіс.
Жол және басқа да жұмыстардың, оның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарының жүргізілетіні туралы хабарламаны жұмыстарды жүргізуші жұмыстар жүргізілетін учаске, жұмыстардың мерзімдері және байланыс деректері (мекенжай мен телефон) туралы ақпаратты көрсете отырып жібереді.
Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысын өзгерту не шектеу қажеттілігі жоқ жолдың жүру бөлігінің астында электрмен жабдықтау желілерін салу кезінде уәкілетті органға хабарлау талап етілмейді.
Ескерту. Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 20.06.2018 № 459 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.08.2020 № 595 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8. Жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісуді уәкілетті орган мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен мемлекеттік және/немесе кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгенге дейін жүзеге асырады.
9.Мыналар:
1) уәкілетті орган – халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдарды жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі нормативтік, техникалық және жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы;
2) уәкілетті органның аумақтық бөліністері – осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген жолдарды қоспағанда, автомобиль жолдарын, сондай-ақ осы автомобиль жолдарындағы жол құрылыстарын, теміржол өтпелерін, қалалық электр көлігі желілерін жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау, жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы;
3) жоғары тұрған уәкілетті органның нұсқауы бойынша уәкілетті органның аумақтық бөліністері – халықаралық және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын, ақылы автожолдарды жобалау, салу, қайта жөндеу, жөндеу және оңалту жөніндегі жобалау құжаттамасын, аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келіседі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 25.04.2017 № 288 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң енгізіледі) бұйрығымен.10. Қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган ұсынылған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келіседі не оны келісуден бас тартады және бұл туралы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде тапсырыс берушіні хабардар етеді.
Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісуден бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, бұл туралы тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етеді.
Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманың, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманың мемлекеттік нормативтерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі бас тарту негізі болып табылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Тапсырыс беруші келісуден бас тартумен келіспеген жағдайда, ол заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті органның іс-қимылына шағымдана алады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Тапсырыс беруші келісуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттама жазбаша бас тарту алынған күннен бастап екі айдан кешіктірмей қайта келісуге жолданады. Қайта келісу уәкілетті органда өтініш тіркелген сәттен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 07.10.2019 № 863 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Бұрын уәкілетті орган келіскен нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттама көлемдiк-жоспарлық, конструкциялық шешімдерге, сондай-ақ жобалық-сметалық құжаттамаға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімде уәкілетті органның қайта келісуіне жатады.
14. Нормативтік, жобалау және техникалық құжаттама, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттама уәкілетті орган келіскеннен кейін бекітуге жатады.
15. Нормативтік және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы бекітуді құзыретіне осындай құжаттаманы бекіту кіретін тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
16. Жобалау құжаттамасын бекіту Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және/немесе кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады.
17. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қағидалардың, нормативтердің, стандарттардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың жүзеге асырылуын бақылауды төменгі тұрған органға қатысы бойынша жоғары тұрған орган уәкілетті органның аумақтық бөліністеріне жылына кем дегенде бір рет тексеру өткізу арқылы жүргізеді.
18. Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған жобалау құжаттамасын, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау, жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы және жол және басқа да жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарламаларды келісуді есепке алу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналда жүргізіледі.
Ескерту. 2-тарау 18-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған жобалау құжаттамасын, сондай-ақ аумақтық-көліктік жоспарлау және жол жүрісін ұйымдастыру жөніндегі құжаттаманы келісу және жол және басқа да жұмыстарды жүргізу туралы хабарламалар журналы
Ескерту. Қағида қосымшамен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 29.12.2018 № 923 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Қаралған күні | Жобаның атауы | Жобалау және өзге де ұйымның атауы | Жол жұмыстарының басталған және аяқталған күні | Қарау нәтижелері | Жол жұмыстарының орындалғаны туралы белгі | Ескертпе |