Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 09.12.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 853 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету" кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________Т. Дүйсенова
2015 жылғы 13 наурыз
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылдың 20 қаңтарындағы № 26 бұйрығымен бекітілген |
"Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету" кәсіптік стандарты
1. Жалпы ережелер
1. "Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету" кәсіптік стандарты оқыту бағдарламаларын қалыптастыруға, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, қызметкерлер мен білім беру мекемелерінің түлектеріне сертификаттар беруге, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге арналған.
2. Осы кәсіпітік стандартта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) азаматтық авиация - "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 6-бабы 3-тармағымен қарастырылған мақсаттарда қолданылатын, эксперименттік және мемлекеттік авиация құрамына енбейтін авиация;
2) әуе кемесі - жер (су) бетінен шағылысатын ауамен өзара әрекетті жоққа шығара отырып, ауамен өзара әрекет есебінен атмосферада ұсталатын аппарат;
3) біліктілік - қызметкердің белгілі бір еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайындық деңгейі;
4) біліктілік деңгейі - күрделілігі, еңбек қызметінің стандарттан басқа болуы, жауапкершілігі және дербестігі бойынша сараланатын қызметкерлер құзыреттілігіне және дайындық деңгейіне қатысты талаптар жиынтығы;
5) еңбек функциясы - еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты әрекеттер жинағы;
6) кәсіп - адамның еңбек қызметінде белгілі білім мен практикалық дағдыны талап ететін, арнайы даярлық нәтижесінде алынған және білімі туралы тиісті құжаттармен расталған негізгі қызмет түрі;
7) кәсіптік стандарт (КС) - кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік, құзыреттілік, мазмұн, сапа және еңбек жағдайлары деңгейлеріне қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
8) негізгі топ - өндірілетін өнімнің, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдылардың ортақтығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
9) кәсіби топ - ортақ интеграциялық негізі бар кәсіби кіші топтар жиынтығы (ұқсас немесе жақын тағайындаулар, объектілер, технологиялар оның ішінде еңбек құралдары) және оларды орындау үшін еңбек функциялары мен құзыреттіліктерінің болжамды ұқсас жиыны;
10) салалық біліктіліктің шеңбері - салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттау.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады:
1) АА - азаматтық авиация;
2) БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы;
3) БА - басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы;
4) КС - кәсіптік стандарт;
5) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
6) ИКАО(ІСАО) - халықаралық азаматтық авиация ұйымы.
2. Кәсіптік стандарт төлқұжаты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
5. Кәсіптік стандартты әзірлеудің мақсаты: оқыту бағдарламаларын, оның ішінде құрамды кәсіпорындарда оқыту бағдарламаларын қалыптастыру, қызметкерлер мен білім беру мекемелерінің түлектеріне сертификаттар беру, персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу.
6. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Әуе кемелерінің экипажын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету.
7. Негізгі топ: әуе көлігі.
Кәсіби топ: аэронавигациялық қызметтер жұмысы.
3. Кәсіптер карточкалары
8. Кәсіптер тізбесі:
аэронавигациялық ақпаратты әзірлеу, құжаттаманы ресімдеу және есебін жүргізумен айналысатын қызметші - СБШ бойынша біліктіліктің 4 деңгейі.
Кәсіптер карточкасы осы Кәсіптік стандарттың қосымшасында беріледі.
"Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету" кәсіптік стандартына қосымша |
"АЭРОНАВИГАЦИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ӘЗІРЛЕУ, | ||
кәсібінің коды | 4190 | |
кәсібінің атауы |
Аэронавигациялық ақпаратты әзірлеу, құжаттаманы | |
СБШ бойынша | 4 | |
БА бойынша | 4 | |
кәсіби білім деңгейі |
Орта (техникалық және кәсіби) немесе жоғары | |
Еңбек функциясы | 1) Аэронавигациялық ақпараттар пакетін дайындау | |
2) ӘК экипажымен брифинг өткізуді қамтамасыз ету | ||
1-еңбек функциясы Аэронавигациялық ақпараттар пакетін дайындау |
Білімі және дағдылары: | |
Білімі: | ||
2-еңбек функциясы |
Білімі мен дағдылары: | |
Білімі: | ||
Тұлғалық құзыреттілікке қойылатын талаптар |
Тұлғааралық құзыреттілік. | |
СБШ | 3144 | Диспетчерлер |
Кәсіптік стандарттың техникалық деректері | ||
Әзірлеген | "Astana Scholl of Business and Technology" ЖШС | |
Нұсқасының нөмірі және шығарылған жылы | 1-нұсқа, 2014 | |
Қайта қараудың болжамды күні | 2017 |