"Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 сәуірде № 10793 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 26.01.2016 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6977 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 11 маусымдағы № 247-248 (26646) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына қабылдау қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы»«Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына (бұдан әрі – Үлгі қағидалар) сәйкес әзірленді.»;
      234-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібін реттейді.»;
      3. ІІМ жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі қабылдауды ұйымдастыруды, талапкерлерді медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеуді, ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттар қатарына қабылдауды құрайды.
      4. ІІМ жоғары оқу орындарына күндізгі оқыту нысаны бойынша орта білімі бар, он алты жасқа толған, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптарға жауап беретін, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
      ІІМ жоғары оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға 25 жасқа толмаған, «Құқық» мамандықтар тобы бойынша жоғары білімі бар тұлғалардан басқа, жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «5. ІІМ жоғары оқу орындары осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырады.»;
      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ниет білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша аумақтық ішкі істер департаменттерінің, Көліктегі ішкі істер департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, төтенше жағдайлар департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД) кадр жұмысы бөліністеріне өтініш (еркін нысанда) береді.»;
      91011-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Оқуға үміткерлер қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден, сондай-ақ міндетті арнайы тексеруден өтеді.
      10. Аумақтық ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД кадр жұмысы бөліністері талапкерлердің қалыптастырылған жеке істерін оқуға түсу жылының 20 маусымына дейін ІІМ-нің жоғары оқу орындарына жолдайды.
      11. ІІМ Кадр жұмысы департаменті ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД кадр жұмысы бөліністері арқылы ІІМ-нің жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімі туралы талапкерлерге хабарлайды.»;
      12-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. ІІМ жоғары оқу орындарының сырттай оқыту нысаны бойынша орта, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері қабылданады.»;
      14-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қабылдау комиссиясының құрамы жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен бекітіледі және басшы құрамының адамдары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының өзге де қызметкерлері және ІІМ, ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД өкілдері қатарынан қалыптастырылады.»;
      15-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Қабылдау комиссиясы осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып, жоғары оқу орнын курсанттармен сапалы жасақталуды қамтамасыз етуге бағытталған.»;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) конкурстық тізімдерді және комиссияның талапкерлерді курсанттар қатарына тіркеу туралы хаттамасын дайындайды;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) талапкерлерді медициналық, дене және психофизиологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындылары бойынша және бірыңғай ұлттық тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу қорытындылары бойынша сертификаттар балдарына сәйкес талапкерлерді курсанттар қатарына қабылдау туралы шешім қабылдайды;»;
      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      «18-1. ІІМ жоғары оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға үміткерлермен медициналық куәландырудан, дене шынықтыру даярлығын және ішкі істер органдары қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуін тексеруден тұратын кәсіптік іріктеу жүргізіледі.
      Нормативтік құқықтық актілерді білуін тексеру әңгімелесу нысанында өткізіледі.»;
      21-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «21. Талапкерлерді дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу және дене шынықтыру жаттығуларын орындау нәтижелерін бағалау осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерге (бұдан әрі – дене шынықтыру даярлығы нормативтері) сәйкес жүргізіледі.»;
      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «25. Дене шынықтыру нормативтерін тапсыру алдында талапкерлердің дене шынықтыру дайындығын тексеру жөніндегі комиссия мүшелері талапкерлерді қауіпсіздік техникасымен қол қойғыза отырып, таныстырады.»;
      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «36. ҰБТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті балдардың саны Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде белгіленеді.»;
      мынадай мазмұндағы 36-1-тармақпен толықтырылсын:
      «36-1. Жоғары оқу орындарына қысқартылған мерзімге оқуға қабылдау кәсіптік іріктеу нәтижелері бойынша конкурс бойынша жүргізіледі.»;
      37-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «37. Мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде ІІМ жоғары оқу орындарының курсанттары қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде:»;
      39-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Қағидаларға сәйкес жеңiлдiкпен қабылдану құқығын пайдаланатын адамдар растайтын құжаттар ұсынады.»;
      404142-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «40. Қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау туралы шешiмi ІІМ жоғары оқу орны бастығының бұйрығымен ресiмделедi. Бұйрықтан үзінді жұмыстан қол үзiп оқуға қабылданған тұлғаларды оқуға iссапарға жіберуге негiз болып табылады.
      41. Курсанттар қатарына қабылданбаған ішкі істер органдарының қызметкерлері және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатарынан талапкерлер ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің қарамағына жіберіледі, олардың жеке істері оқуға қабылданбау себептерін көрсете отырып, қайтарылады.
      42. ІІМ-нің жоғары оқу орындары ІІМ Кадр жұмысы департаментiне оқуға қабылдауды өткізгеннен кейiн он күн мерзімде оқуға қабылдауды ұйымдастыру және өткiзу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ курсанттарды оқуға қабылдау туралы бұйрықтардың көшiрмелерін ұсынады.»;
      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
      «43. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелерді қабылдау комиссиялары қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешеді.»;
      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың:
      1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» республикалық мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасын бекіту жөнінде» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 370 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7970 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 8 желтоқсандағы № 809-814 (27885) санында жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды қабылдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 370 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 80 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9321 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 мамырда, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 126 (28350) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-лейтенанты                 Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ______________ А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы 20 наурыз

Қазақстан Республикасы     
Ішкі істер министрінің     
2015 жылғы 12 наурыздағы    
№ 211 бұйрығына        
1-қосымша           

Жоғары білім берудің кәсіптік 
оқу бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру    
ұйымдарына оқуға қабылдау    
қағидаларына 1-қосымша     

Мамандықтар тізбесі

Бакалавриат мамандығы

Пәндер тізбесі

Оқыту мерзімі

Бейінді пән

5В030300
Құқық қорғау қызметі

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – дүниежүзі тарих.

4 жыл

Дүниежүзі тарихы

5В010300
Педагогика және психология

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – биология.

4 жыл

Биология

5В090500
Әлеуметтік жұмыс

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – география

4 жыл

География

5В070300
Ақпараттық жүйелер

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В071900
Радиотехника, электроника және телекоммуникация

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В100100
Өрт қауіпсіздігі

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В103100
Төтенше жағдайлардан қорғау

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

5В103200
Азаматтық қорғаныс күшінің командалық тактикалық

1) қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыту тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) математика;
4) таңдау бойынша пән – физика

4 жыл

Математика

Қазақстан Республикасы     
Ішкі істер министрінің     
2015 жылғы 12 наурыздағы    
№ 211 бұйрығына        
2-қосымша           

Жоғары білім берудің кәсіптік 
оқу бағдарламаларын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігінің білім беру    
ұйымдарына оқуға қабылдау    
қағидаларына 2-қосымша     

ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған
дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер

Жігіттер үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлықсыз

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

13,2

13,7

14,2

2.

3000 метрге жүгіру (мин/сек.)

12,30

13,0

14,0

3.

Тартылу (тартылу саны)

13

11

9

Қыздар үшін

Тест атауы

Баға

өте жақсы

жақсы

қанағаттанарлықсыз

1.

100 метрге жүгіру (сек.)

16,0

16,5

17,0

2.

1000 метрге жүгіру (мин/сек.)

4,40

5,0

5,2

3.

Кешенді күштік жаттығу 1 минут ішінде (шалқадан жатып кеудені көтеру, қолбасы иыққа қойылады (30 сек.); қолды жатып тіреніп бүгу және жазу (30 сек.) (көтеру саны)

34

30

26

      Ескертпе:
      1. Егер талапкер жаттығулардың біреуінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алып, қалғандарынан «жақсы» деген баға алса, ІІМ жоғары оқу орындарына түсушілер үшін, техникалық мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, дене шынықтыру нормативтері тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалы: Тартылу - «жақсы», 100 метрге жүгіру - «жақсы», 3000 метрге жүгіру - «қанағаттанарлықсыз» - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.
      Тартылу - «өте жақсы», 100 метрге жүгіру - «қанағаттанарлық», 3000 метрге жүгіру «қанағаттанарлықсыз» - нормативтер тапсырылған жоқ.
      2. Егер талапкер жаттығулардың біреуінен «қанағаттанарлықсыз» деген баға алса ІІМ жоғары оқу орындарының техникалық мамандықтарына түсушілері үшін дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды деп есептеледі.
      Мысалы: Тартылу - «қанағаттанарлық», 100 метрге жүгіру - «қанағаттанарлық», 3000 метрге жүгіру - «қанағаттанарлықсыз» - дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтер тапсырылды.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 апреля 2011 года № 186 "Об утверждении Правил приема на обучение в организации образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 12 марта 2015 года № 211. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 апреля 2015 года № 10793. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 77

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 26.01.2016 № 77 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О правоохранительной службе», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 апреля 2011 года № 186 «Об утверждении Правил приема на обучение в организации образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6977, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 8 июня 2011 года № 180 (26601)) следующие изменения и дополнения:
      в Правилах приема на обучение в организации образования Министерства внутренних дел Республики Казахстан, реализующие профессиональные учебные программы высшего образования, утвержденных указанным приказом:
      пункты 234 изложить в следующей редакции:
      «2. Настоящие Правила регулируют порядок приема на обучение в высшие учебные заведения Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее – МВД), за исключением военных учебных заведений Национальной гвардии Республики Казахстан.
      3. Порядок приема на учебу в высшие учебные заведения МВД включает организацию приема, отбора абитуриентов по медицинским, физическим и психофизиологическим показаниям, а также зачисление в число курсантов в высшие учебные заведения МВД.
      4. В высшие учебные заведения МВД по очной форме обучения принимаются граждане Республики Казахстан, имеющие среднее образование, достигшие шестнадцатилетнего возраста, отвечающие требованиям, предъявляемым к сотрудникам органов внутренних дел, годные по состоянию здоровья к военной службе и учебе.
      В высшие учебные заведения МВД на обучение в сокращенные сроки принимаются граждане Республики Казахстан в возрасте до 25 лет, имеющие высшее образование, за исключением лиц, имеющих высшее образование по группе специальностей «Право».»;
      часть первую пункта 6 изложить в следующей редакции:
      «6. Граждане, изъявившие желание поступать в высшие учебные заведения МВД подают заявления (в произвольной форме) в подразделения кадровой работы территориальных Департаментов внутренних дел, Департамента внутренних дел на транспорте, Департаментов уголовно-исполнительной системы, Департаментов по чрезвычайным ситуациям (далее – ДВД, ДВДТ, ДУИС, ДЧС) по месту жительства.»;
      пункты 91011 изложить в следующей редакции:
      «9. Кандидаты на учебу в обязательном порядке для определения пригодности к службе проходят в военно-врачебных комиссиях медицинское и психофизиологическое освидетельствования, в том числе полиграфологическое исследование, а также обязательную специальную проверку.
      10. Подразделения кадровой работы территориальных ДВД, ДВДТ, ДУИС, ДЧС сформированные личные дела абитуриентов направляют в высшие учебные заведения МВД до 20 июня года поступления.
      11. Департамент кадровой работы МВД извещает абитуриентов о сроках приема на учебу в высшие учебные заведения МВД через подразделения кадровой работы ДВД, ДВДТ, ДУИС, ДЧС.».
      часть первую пункта 12 изложить в следующей редакции:
      «12. В высшие учебные заведения МВД по заочной форме принимаются сотрудники органов внутренних дел и военнослужащие Национальной гвардии Республики Казахстан, имеющие среднее, послесреднее, высшее образование.»;
      часть вторую пункта 14 изложить в следующей редакции:
      «Состав приемной комиссии утверждается приказом начальника высшего учебного заведения и формируется из числа лиц руководящего состава, а также иных сотрудников высшего учебного заведения и представителей МВД, ДВД(Т), ДУИС, ДЧС.»;
      в пункте 15:
      часть первую изложить в следующей редакции:
      «15. Приемная комиссия, руководствуясь настоящими Правилами, призвана обеспечить качественное комплектование высшего учебного заведения курсантами.»;
      подпункт 4) изложить в следующей редакции:
      «4) готовит конкурсные списки и протокол комиссии о зачислении абитуриентов в число курсантов;»;
      подпункт 6) изложить в следующей редакции:
      «6) принимает решение о зачислении в число курсантов по итогам отбора абитуриентов по медицинским, физическим и психофизиологическим показаниям и в соответствии с баллами сертификатов по итогам единого национального тестирования (далее – ЕНТ) или комплексного тестирования;»;
      дополнить пунктом 18-1 следующего содержания:
      «18-1. С кандидатами на учебу в высшие учебные заведения МВД на обучение в сокращенные сроки проводится профессиональный отбор, включающий в себя медицинское освидетельствование, проверку физической подготовки и знаний нормативных правовых актов, регламентирующих деятельность органов внутренних дел.
      Проверка знаний нормативных правовых актов проводится в форме собеседования.»;
      пункт 36 изложить в следующей реакции:
      «36. Количество баллов, необходимых для участия в конкурсе на зачисление в число курсантов высших учебных заведений МВД, по результатам ЕНТ или комплексного тестирования устанавливается Правилами присуждения образовательного гранта для оплаты высшего образования, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58.»;
      дополнить пунктом 36-1 следующего содержания:
      «36-1. Зачисление в высшие учебные заведения на обучение в сокращенные сроки производится по конкурсу по результатам профессионального отбора.»;
      часть первую пункта 37 изложить в следующей редакции:
      «37. При проведении конкурса на зачисление в число курсантов высших учебных заведений МВД на основе государственного образовательного заказа преимущественное право имеют:»;
      часть седьмую пункта 39 изложить в следующей редакции:
      «Лица, пользующиеся правом на льготное зачисление в соответствии с настоящими Правилами, представляют подтверждающие документы.»;
      пункты 404142 изложить в следующей редакции:
      «40. Решение приемной комиссии о зачислении на учебу оформляется приказом начальника высшего учебного заведения МВД. Выписка из приказа является основанием для откомандирования лиц, принятых на обучение с отрывом от службы.
      41. Абитуриенты из числа сотрудников органов внутренних дел и военнослужащих Национальной гвардии Республики Казахстан, не зачисленные в число слушателей, откомандировываются в распоряжение органов внутренних дел, воинских частей Национальной гвардии Республики Казахстан с возвращением личных (учебных) дел и указанием причин не зачисления.
      42. Высшие учебные заведения МВД представляют в Департамент кадровой работы МВД в десятидневный срок после проведения зачисления итоговый отчет по организации и проведению приема, а также копии приказов о зачислении курсантов.»;
      приложение 1 изложить в редакции согласно приложению 1 к настоящему приказу;
      приложение 2 изложить в редакции согласно приложению 2 к настоящему приказу.
      2. Департаменту кадровой работы Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.
      3. Признать утратившими силу:
      1) приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 370 «Об утверждении Правил приема граждан в республиканское государственное учреждение «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7970, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 8 декабря 2012 года № 427-428 (27246-27247));
      2) приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 3 марта 2014 года № 80 «О внесении изменений в приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 23 августа 2012 года № 370 «Об утверждении Правил приема граждан в государственное учреждение «Кокшетауский технический институт Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9321, опубликованный в Информационно-правовой системе «Әділет» 12 мая 2014 года, в газете «Казахстанская правда» от 28 июня 2014 года № 126 (27747)).
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Демеуова М.Г. и Департамент кадровой работы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Абдигалиев А.У.)
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      генерал-лейтенант полиции                  К. Касымов

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр образования и науки
      Республики Казахстан
      ______________ А. Саринжипов
      20 марта 2015 года

Приложение 1         
к приказу Министра внутренних дел
Республики Казахстан    
от 12 марта 2015 года № 211

Приложение 1         
к Правилам приема на обучение в
организации образования Министерства
внутренних дел Республики Казахстан,
реализующие профессиональные учебные
программы высшего образования  

                       Перечень специальностей

Специальность бакалавриата

Перечень предметов

Срок обучения

Профильный предмет

5В030300
Правоохранительная деятельность

1) казахский язык или русский язык (язык обучения);
2) история Казахстана;
3) математика;
4) предмет по выбору – всемирная история.

4 года

Всемирная история

5В010300
Педагогика и психология

1) казахский язык или русский язык (язык обучения);
2) история Казахстана;
3) математика;
4) предмет по выбору – биология.

4 года

Биология

5В090500
Социальная работа

1) казахский язык или русский язык (язык обучения);
2) история Казахстана;
3) математика;
4) предмет по выбору – география

4 года

География

5В070300
Информационные системы

1) казахский язык или русский язык (язык обучения);
2) история Казахстана;
3) математика;
4) предмет по выбору – физика

4 года

Математика

5В071900
Радиотехника, электроника и телекоммуникация

1) казахский язык или русский язык (язык обучения);
2) история Казахстана;
3) математика;
4) предмет по выбору – физика

4 года

Математика

5В100100
Пожарная безопасность

1) казахский язык или русский язык (язык обучения);
2) история Казахстана;
3) математика;
4) предмет по выбору – физика

4 года

Математика

5В103100
Защита в чрезвычайных ситуациях

1) казахский язык или русский язык (язык обучения);
2) история Казахстана;
3) математика;
4) предмет по выбору – физика

4 года

Математика

5В103200
Командно-тактическая сила гражданской обороны

1) казахский язык или русский язык (язык обучения);
2) история Казахстана;
3) математика;
4) предмет по выбору – физика

4 года

Математика

Приложение 2         
к приказу Министра внутренних дел
Республики Казахстан    
от 12 марта 2015 года № 211

Приложение 2         
к Правилам приема на обучение в
организации образования Министерства
внутренних дел Республики Казахстан,
реализующие профессиональные учебные
программы высшего образования  

        Нормативы по физической подготовке для поступающих
                 в высшие учебные заведения МВД

                             Для юношей

Наименование тестов

Оценка

отлично

хорошо

удовлет.

1.

Бег 100 м. ( сек.)

13,2

13,7

14,2

2.

Бег 3000 м. (мин/сек)

12.30

13.0

14.0

3.

Подтягивание (кол-во/раз)

13

11

9

                            Для девушек

Наименование тестов

Оценка

отлично

хорошо

удовлет.

1.

Бег 100 м. (сек.)

16,0

16,5

17,0

2.

Бег 1000 м. (мин/сек)

4,40

5,0

5,2

3.

Комплексное силовое упражнение в течение 1 мин. (Подъем туловища из положения лежа на спине, кисти к плечам (30 сек.); сгибание и разгибание рук в упоре лежа (30 сек.) (кол-во/раз)

34

30

26

      Примечание:
      1. Нормативы по физической подготовке для поступающих в высшие учебные заведения МВД, за исключением поступающих на технические специальности, считать сданными, если абитуриент получил не более одной неудовлетворительной оценки, а остальные не ниже «хорошо».
      Пример: Подтягивание «хорошо», бег 100 метров – «хорошо», бег 3000 метров «неудовлетворительно» - нормативы по физической подготовке сданы.
      Подтягивание «отлично», бег 100 метров – «удовлетворительно», бег 3000 метров «неудовлетворительно» - не сданы.
      2. Нормативы по физической подготовке для поступающих в высшие учебные заведения МВД на технические специальности считать сданными, если абитуриент получил не более одной неудовлетворительной оценки.
      Пример: Подтягивание «удовлетворительно», бег 100 метров – «удовлетворительно», бег 3000 метров «неудовлетворительно» - нормативы по физической подготовке сданы.