"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Авариялық-құтқару қызметтерi мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | |
полиция генерал-лейтенанты | Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 226 бұйрығымен бекітілген |
Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының
сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары
1. Осы Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу қағидалары авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығына үстемеақылар төлеу тәртібін айқындайды.
2. Мерзімді аттестаттау барысында сыныптылық берілген, сондай-ақ мерзімді, кезектен тыс және қайтадан аттестаттау мен қайта аттестаттау кезінде авариялық–құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне сәйкес үстемеақы төленеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 09.01.2017 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының сыныптық беру (растау) туралы бұйрығының негізінде, мерзімді аттестаттау қорытындысы бойынша жүргізіледі.
4. Мерзімді және кезектен тыс аттестаттау өтпеген авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының сәйкес бұйрығының негізінде сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу тоқтатылады.
5. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу олар қайта аттестаттаудан өткен соң авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының сыныптылығын растау туралы бұйрығының негізінде қайта жалғастырылады.
6. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларына сыныптылығы үшін үстемеақылар төлеу қайта аттестаттау кезінде құтқарушы сыныптылығын жоғалтқан (растамаған) жағдайда авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары басшысының сәйкес бұйрығының негізінде тоқтатылады.