Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 72 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 сәуірде № 10800 тіркелді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ________________ Е. Досаев

      2015 жылғы 6 наурыз


      "КЕЛЕСІЛДІ":

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ________________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 10 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 72 бұйрығымен
бекітілген

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары

      Ескерту. Біліктілік талаптары жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 06.05.2021 № 226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с №

Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламенті мен "Жолаушылар тасымалдары бойынша автокөлік қызметтері. Жалпы техникалық шарттар" 1040-2001 ҚР СТ талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлғаларға жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі автобустар мен (немесе) шағын автобустар

жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздерде иелігіндегі автобустар мен шағын автобустардың болуын растайтын құжаттардың көшірмелері


2

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасы не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарт

жеке меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тасымалдаушыға тиесілі жөндеу-өндірістік базасының болуын растайтын құжаттардың не ұйыммен(дармен) жасасқан қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмелері


3

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін білікті мамандар не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттар

автобустар мен шағын автобустарды рейс алдында техникалық тексеруді (автомобиль көлігі саласында арнайы жоғары немесе орта білімі туралы) және жүргізушілерді рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруді жүргізу үшін қызметтің және білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың не осындай қызметті жүзеге асыратын тиісті ұйымдармен шарттардың көшірмелері


4

автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы сертификат

автобустар мен шағын автобустардағы тахографтарды тексеру туралы тиісті сертификаттың көшірмелері


5

автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары

автобустар мен шағын автобустар иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының және тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының көшірмелері


6

автобустар мен шағын автобустардың жүргізушілерінде тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжат

жеке тұлға үшін тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің не заңды тұлға үшін – жүргізушілер құрамының тиісті санаттағы жүргізуші куәліктерінің,
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті санаттағы көлік құралдарының жүргізушісі ретіндегі жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмелері


7

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрық

тасымалдарды жүзеге асыру қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаны айқындау туралы бұйрықтың көшірмелері



Об утверждении квалификационных требований, предъявляемых к деятельности по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении и перечня документов, подтверждающих соответствие им

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 января 2015 года № 72. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 апреля 2015 года № 10800.

      В соответствии с подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и

      уведомлениях", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые квалификационные требования, к деятельности по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении и перечень документов, подтверждающих соответствие им.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение 10 рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Первого вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Касымбек Ж.М.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН":

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ________________ Е. Досаев

      6 марта 2015 года

      "СОГЛАСОВАН":

      Министр внутренних дел

      Республики Казахстан

      ________________ К. Касымов

      10 марта 2015 года


  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 30 января 2015 года № 72

Квалификационные требования, к деятельности по нерегулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в междугородном межобластном, межрайонном (междугородном внутриобластном) и международном сообщениях, а также регулярной перевозке пассажиров автобусами, микроавтобусами в международном сообщении, и перечень документов, подтверждающих соответствие им

      Сноска. Квалификационные требования - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 06.05.2021 № 226 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Квалификационные требования включают наличие:

Документы

Примечание

1

автобусов и (или) микроавтобусов, принадлежащих на праве собственности или иных законных основаниях физическим или юридическим лицам, соответствующих требованиям технического регламента Таможенного союза "О безопасности колесных транспортных средств" (ТР ТС 018/2011), принятого решением Комиссии Таможенного союза от 9 декабря 2011 года № 877, СТ РК 1040-2001 "Услуги автотранспортные по пассажирским перевозкам. Общие технические условия"

копии документов, подтверждающих наличие автобусов и микроавтобусов на праве собственности или владения иных законных основаниях


2

ремонтно-производственной базы, принадлежащей перевозчику на праве собственности или иных законных основаниях, либо договора об оказании услуг, заключенного с организацией(-ями)

копии документов, подтверждающих наличие ремонтно-производственной базы, принадлежащей перевозчику на праве собственности или иных законных основаниях, либо договора об оказании услуг, заключенного с организацией(-ями)


3

квалифицированных специалистов для проведения предрейсового технического осмотра автобусов и микроавтобусов, предрейсового (предсменного) медицинского осмотра водителей либо договоров с соответствующими организациями, осуществляющими такую деятельность

копии документов, подтверждающих наличие служб и квалифицированного персонала для проведения предрейсового технического осмотра автобусов и микроавтобусов (о высшем или среднем специальном образовании в сфере автомобильного транспорта), предрейсового (предсменного) медицинского осмотра водителей, либо договоров с соответствующими организациями, осуществляющими такую деятельность


4

сертификата о поверке тахографов на автобусах и микроавтобусах

копии соответствующего сертификата о поверке тахографов на автобусах и микроавтобусах


5

договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев автобусов и микроавтобусов и договоров обязательного страхования гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами

копии договора обязательного страхования гражданско-правовой ответственности владельцев автобусов и микроавтобусов и договоров обязательного страхования гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами


6

водительского удостоверения соответствующей категории у водителей автобусов и микроавтобусов и документа, подтверждающего стаж работы водителем транспортных средств соответствующей категории

копии водительского удостоверения соответствующей категории – для физического лица либо водительских удостоверений соответствующей категории водительского состава – для юридического лица, документа, подтверждающего стаж работы водителем транспортных средств соответствующей категории в соответствии со статьей 35 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года


7

приказа об определении ответственного лица за безопасность осуществления перевозок

копии приказа об определении ответственного лица за безопасность осуществления перевозок