Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшері, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшері мен оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10808 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 265 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 21.04.2017 № 265 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшіге және оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақының ең төмен мөлшерлері;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес уақытша және банкроттықты басқарушыларға негізгі сыйақының мөлшерлері;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін төлеу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 183 бұйрығына
1-қосымша

Уақытша және банкроттықты басқарушыларға төленетін негізгі
сыйақының мөлшерлері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Шарттар

Негізгі сыйақының мөлшері

1.

Уақытша басқарушы

1)

Банкроттық туралы іс қозғалған күні активтері жоқ борышкер

1 ЕТЖ

2)

Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі

15 АЕК

3)

Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі

20 АЕК

4)

Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі

25 АЕК

2.

Банкроттықты басқарушы

1)

Банкрот деп танылған күні активтері жоқ борышкер

1 ЕТЖ

2)

Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі

25 АЕК

3)

Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі

30 АЕК

4)

Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі

35 АЕК

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      ЕТЖ – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 183 бұйрығына 2-қосымша

Уақытша және банкроттықты басқарушыларға төленетін негізгі
сыйақының мөлшерлері

Р/с

Шарттар

Негізгі сыйақының ең төмен мөлшері

1.

Уақытша басқарушы

1)

Банкроттық туралы іс қозғалған күні активтері жоқ борышкер

1 ЕТЖ

2)

Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі

15 АЕК

3)

Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі

20 АЕК

4)

Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі

25 АЕК

2.

Банкроттықты басқарушы

1)

Банкрот деп танылған күні активтері жоқ борышкер

1 ЕТЖ

2)

Борышкер шағын кәсіпкерлік субъектісі

25 АЕК

3)

Борышкер орта кәсіпкерлік субъектісі

30 АЕК

4)

Борышкер ірі кәсіпкерлік субъектісі

35 АЕК

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АЕК – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш;

      ЕТЖ – тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақы.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 183 бұйрығына
  3-қосымша

Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушылардың негізгі сыйақысының ең төмен мөлшерін, сондай-ақ уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақысының мөлшерін төлеу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу қағидалары "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 7 наурыздағы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және әкімшілерге негізгі сыйақы төлеу тәртібін белгілейді.

      2. Әкімші деп сотта істерді қарау және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар түсініледі.

      Уақытша әкімші мен оңалтуды басқарушы үшін негізгі сыйақы кредиторлар жиналысында белгіленген өкілеттігін жүргізу кезінде оның ұзақтығына қарамай бүкіл кезең үшін ай сайынғы тіркелмеген сыйақылар болып табылады.

      Уақытша және банкроттықты басқарушылар үшін уәкілетті органда белгіленген өкілеттігін жүргізу кезінде оның ұзақтығына қарамай бүкіл кезең үшін ай сайынғы тіркелген сыйақы болып табылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушының негізгі сыйақы мөлшері уәкілетті орган белгілеген ең төменгі мөлшерден төмен болмайды және ол уақытша әкімшінің және оңалтуды басқарушының банк шотына аударылады.

      4. Уақытша және банкроттықты басқарушылардың негізгі сыйақы мөлшерлері уәкілетті орган белгіленген мөлшерден өзге бола алмайды және уақытша және банкроттықты басқарушылардың банк шотына аударылады.

2-тарау. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақының мөлшері кредиторлардың жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

      6. Уақытша әкімшінің негізгі сыйақысы уақытша әкімшінің өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі үшін қызметінің нәтижелері бойынша кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.

      7. Уақытша әкімшіге негізгі сыйақыны оңалтуды басқарушы немесе төлем қабілеті жоқ борышкердің лауазымды адамы, сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарғаннан кейін немесе оңалту рәсімі тоқтатылғаннан кейін төлейді.

3-тарау. Оңалтуды басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Оңалтуды басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлардың жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

      9. Оңалтуды басқарушының негізгі сыйақысы оңалтуды басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі ішінде кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.

      10. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан оңалтуды басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

      11. Негізгі сыйақының мөлшері кредиторлар жиналысында қайта қаралуы мүмкін. Жұмыс істеген кезеңі үшін негізгі сыйақының мөлшерін өзгертуге жол берілмейді.

4-тарау. Уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Уақытша басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және уақытша басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі үшін оның қызметінің нәтижелері бойынша кезектен тыс борышкердің мүлкі есебінен өтеледі.

      13. Борышкер банкрот деп танылған жағдайда, уақытша басқарушыға негізгі сыйақыны банкроттықты басқарушы ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аудару арқылы төлейді.

      14. Негіздердің болмауына байланысты борышкерді банкрот деп танудан бас тартылған жағдайда, борышкерді банкрот деп тану туралы сотқа жүгінген кредиторлар негізгі сыйақыны уақытша басқарушыға уәкілетті орган белгілеген мөлшер шегінде төлейді.

      Негізгі сыйақыны төлеу сот борышкерді банкрот деп танудан бас тарту туралы шешім шығарғаннан кейін ақшалай қаражатты кредитордың банк шотынан уақытша басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

5-тарау. Банкроттықты басқарушыға негізгі сыйақыны төлеу тәртібі

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Банкроттықты басқарушының ай сайынғы негізгі сыйақы мөлшері кредиторлар жиналысында айқындалады. Кредиторлар жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді.

      16. Банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысы әкімшілік шығыстарға жатады және банкроттықты басқарушының өз міндеттерін орындауының бүкіл кезеңі үшін кезектен тыс банкроттың мүлкі есебінен өтеледі.

      17. Негізгі сыйақыны төлеу ақшалай қаражатты борышкердің банк шотынан банкроттықты басқарушының банк шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 705 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы өзіне жүктелген міндеттердi орындаудан босатылған немесе шеттетiлген жағдайда, босатылған немесе шеттетiлген күннен бастап оған сыйақы төленбейді.

      19. Осы Қағидалар уақытша және банкроттықты басқарушының негізгі сыйақысын қоса алғанда, банкроттық істі қозғауға және банкроттық рәсімді жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстар сот шешімі бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор есебінен өтелген жағдайларға қолданылмайды.

Об утверждении минимального размера основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющих, а также размера основного вознаграждения временного и банкротного управляющих и правил их выплаты

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 марта 2015 года № 183. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 апреля 2015 года № 10808. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 21 апреля 2017 года № 265 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 21.04.2017 № 265 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) минимальные размеры основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющего, согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) размеры основного вознаграждения временного и банкротного управляющих, согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) Правила выплаты минимального размера основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющих, а также размера основного вознаграждения временного и банкротного управляющих, согласно приложению 3 к указанному приказу.

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

       Министр Б. Султанов

  Приложение 1
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 18 марта 2015 года № 183

Минимальные размеры
основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющего

№ п/п

Условия

Минимальный размер основного вознаграждения

1.

Временный администратор

1)

Должник субъект малого предпринимательства

15 МРП

2)

Должник субъект среднего предпринимательства

20 МРП

3)

Должник субъект крупного предпринимательства

25 МРП

2.

Реабилитационный управляющий

1)

Должник субъект малого предпринимательства

25 МРП

2)

Должник субъект среднего предпринимательства

30 МРП

3)

Должник субъект крупного предпринимательства

35 МРП


      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МРП – месячный расчетный показатель, установленный Законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год

      МЗП – минимальная заработная плата, установленная Законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год

  Приложение 2
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 18 марта 2015 года № 183

      Сноска. В Приложение 2 внесено изменение в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется приказом Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Размеры основного вознаграждения временного и банкротного управляющих

№ п/п

Условия

Размер основного вознаграждения

1.

Временный управляющий

1)

Должник, не имеющий активов на дату возбуждения дела о банкротстве

1 МЗП

2)

Должник субъект малого предпринимательства

15 МРП

3)

Должник субъект среднего предпринимательства

20 МРП

4)

Должник субъект крупного предпринимательства

25 МРП

2.

Банкротный управляющий

1)

Должник, не имеющий активов на дату признания должника банкротом

1 МЗП

2)

Должник субъект малого предпринимательства

25 МРП

3)

Должник субъект среднего предпринимательства

30 МРП

4)

Должник субъект крупного предпринимательства

35 МРП


      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МРП – месячный расчетный показатель, установленный Законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год

      МЗП – минимальная заработная плата, установленная Законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год

  Приложение 3
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 18 марта 2015 года № 183

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Правила выплаты минимального размера основного вознаграждения временного администратора и реабилитационного управляющих, а также размера основного вознаграждения временного и банкротного управляющих Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок Главы 1 в редакции приказа Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила выплаты основного вознаграждения администраторам разработаны в соответствии с пунктом 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 7 марта 2014 года "О реабилитации и банкротстве" и устанавливают порядок выплаты основного вознаграждения администраторам.

      2. Под администратором понимается временный администратор, реабилитационный, временный и банкротный управляющие, назначаемые в установленном порядке в период рассмотрения дел в суде и проведения реабилитационной процедуры и процедуры банкротства.

      Основным вознаграждением для временного администратора и реабилитационного управляющего является установленное собранием кредиторов ежемесячное нефиксированное вознаграждение на весь период осуществления полномочий независимо от его продолжительности.

      Основным вознаграждением для временного и банкротного управляющих является установленное уполномоченным органом, ежемесячное фиксированное вознаграждение на весь период осуществления полномочий независимо от его продолжительности.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Размер основного вознаграждения временному администратору и реабилитационному управляющему не может быть ниже минимального размера, установленного уполномоченным органом, и перечисляется на банковский счет временного администратора, реабилитационного управляющего.

      4. Размер основного вознаграждения временному и банкротному управляющим не может быть иным, чем тот, который установлен уполномоченным органом, и перечисляется на банковский счет временного и банкротного управляющего.

Глава 2. Порядок выплаты основного вознаграждения временному администратору

      Сноска. Заголовок Главы 2 в редакции приказа Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Размер основного вознаграждения временному администратору определяется на собрании кредиторов. Решение собрания кредиторов оформляется протоколом.

      6. Основное вознаграждение временного администратора возмещается за счет имущества должника вне очереди по результатам его деятельности за весь период исполнения временным администратором своих обязанностей.

      7. Основное вознаграждение временному администратору выплачивается реабилитационным управляющим или должностным лицом неплатежеспособного должника после вынесения судом определения об утверждении плана реабилитации или прекращения реабилитационной процедуры.

Глава 3. Порядок выплаты основного вознаграждения реабилитационному управляющему

      Сноска. Заголовок Главы 3 в редакции приказа Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Ежемесячный размер основного вознаграждения реабилитационного управляющего определяется собранием кредиторов. Решение собрания кредиторов оформляется протоколом.

      9. Основное вознаграждение реабилитационного управляющего возмещается за счет имущества должника вне очереди в течение всего периода исполнения реабилитационным управляющим своих обязанностей.

      10. Выплата основного вознаграждения осуществляется путем перечисления денежных средств с банковского счета должника на банковский счет реабилитационного управляющего.

      11. Размер основного вознаграждения может быть пересмотрен собранием кредиторов. Изменение размера основного вознаграждения за отработанный период не допускается.

Глава 4. Порядок выплаты основного вознаграждения временному управляющему

      Сноска. Заголовок Главы 4 в редакции приказа Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Основное вознаграждение временного управляющего относится к административным расходам, и возмещается за счет имущества должника вне очереди по результатам его деятельности за весь период исполнения временным управляющим своих обязанностей.

      13. В случае признания должника банкротом основное вознаграждение временному управляющему выплачивается банкротным управляющим путем перечисления денежных средств с банковского счета должника на банковский счет временного управляющего.

      14. В случае отказа в признании должника банкротом в связи с отсутствием оснований, основное вознаграждение временному управляющему выплачивается кредиторами, обратившимися в суд о признании должника банкротом в размере, установленном уполномоченным органом.

      Выплата основного вознаграждения осуществляется путем перечисления денежных средств с банковского счета кредитора на банковский счет временного управляющего, после вынесения судом решения об отказе в признании должника банкротом.

Глава 5. Порядок выплаты основного вознаграждения банкротному управляющему

      Сноска. Заголовок Главы 5 в редакции приказа Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Ежемесячный размер основного вознаграждения банкротного управляющего определяется собранием кредиторов. Решение собрания кредиторов оформляется протоколом.

      16. Основное вознаграждение банкротного управляющего относится к административным расходам и возмещается за счет имущества банкрота вне очереди за весь период исполнения банкротным управляющим своих обязанностей.

      16. Выплата основного вознаграждения осуществляется путем перечисления денежных средств с банковского счета должника на банковский счет банкротного управляющего.

Глава 6. Заключительные положения

      Сноска. Заголовок Главы 6 в редакции приказа Министра финансов РК от 30.12.2016 № 705 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. В случае освобождения или отстранения временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих от исполнения возложенных на него обязанностей вознаграждение ему не выплачивается с даты его освобождения или отстранения.

      19. Настоящие Правила не распространяются на случаи возмещения административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства, включая основное вознаграждение временного и банкротного управляющих, по решению суда за счет кредитора по налогам и другим обязательным платежам в бюджет.