Ішкі су жолдарын пайдалану қағидаларын текіру туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10870 тіркелді.

      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ішкі су жолдарын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму министрінің


міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ Мамытбеков А.С.

      2015 жылғы 30 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 161 бұйрығымен бекiтiлген

Ішкі су жолдарын пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ішкі су жолдарын пайдалану қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрi – Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-6) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарын пайдалану тәртiбiн айқындайды.

      2. Ішкі су жолдары жолаушыларды, багажды, жүктердi және почта жөнелтiнiмдерiн тасымалдауға, кемелердi, салдарды және өзге де жүзу объектiлерiн тiркеп сүйреуге, пайдалы қазбаларды iздеу, барлау және өндiру, балық аулау және өзге де кәсiпшілiк, құрылыс, жол, гидротехникалық, су асты-техникалық және басқа осы сияқты жұмыстарды жүргiзуге, кемелердi лоцмандық алып өтуге, құтқару операцияларына, су объектілерiн қорғауға, оларды ластану мен қоқыстанудан сақтау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға, суға батқан мүлiктi көтеруге, санитарлық және басқа да бақылауға, ғылыми зерттеулер жүргiзуге, оқу, спорттық, мәдени және өзге де мақсаттарға арналған.

      3. Осы Қағидаларда Заңда көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жер снаряды - кемелердiң және өзге де жүзу объектiлерiнiң қауiпсiз жүзуiн қамтамасыз ету мақсатында түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзуге арналған кеме;

      2) навигациялық қоршау - ішкі су жолдарында олардың күрделілігін, кеме қатынасының көлемдерiн, су астындағы кедергiлердiң бар болуын көрсету үшiн қойылатын және кеме қатынасының қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн навигациялық жабдық құралдары;

      3) өлшеу жұмыстары - кеме жолының тереңдiгін өлшеу;

      4) сағалық партияның жоспары - уәкiлеттi органның кәсiпорындары (бұдан әрi - кәсiпорындар) бекiтетiн белгiлi бiр кезеңге арналып өзіне гидрографиялық, геодезиялық, геологиялық, түбiн тереңдету, ғылыми-iздестiру және басқа да жұмыстарды қамтитын iздестiру жұмыстарының жоспары;

      5) тральдау жұмыстары - тральдiң көмегімен ішкі су жолдарын тазалау немесе белгiленген көлемдердi тексеру бойынша жұмыстар;

      6) шектеулi қазу - жол жұмыстарын жүргiзудi қажет ететiн, кемелер мен құрамдар үшiн көлемдерi мен шөгуi бойынша белгiлi бiр шектеулерi бар кеме қатынасының учаскесi.

2. Ішкі су жолдарын қолдану тәртібі
Параграф 1. Ішкі су жолдарын ұстау

      4. Ішкі су жолдарын күтiп ұстау кемелер мен құрамдардың қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

      5. Ішкі су жолдарын күтiп ұстау мынадай жағдайлар кезiнде талап етiлмейдi:

      1) егер ішкі су жолының екi жағалауы да кеме жүзетiн болып табылса және кемелердiң қозғалысы сағаның бүкiл енi бойына мүмкiн болса (мұндай жағдайда навигациялық белгiлер орнатылмауы мүмкiн);

      2) егер ішкі су жолының бүкiл ұзына бойында шектеулi қазулар болмаса және кемелер мен құрамдар үшiн қәлемi мен шөгуi бойынша шектеулер болмаса.

      6. Жол жұмыстарын, оның iшiнде мемлекеттiк меншiктегі порттардағы рейдтердi және осы порттардың айлақтарына кiреберiстердi жайластыру мен күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудi, сондай-ақ кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды күтiп ұстауды кәсiпорындар жүзеге асырады.

      7. Порттарға кiреберiстерде (осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетiлмеген), сондай-ақ тұру пункттерiнде жол жұмыстарын жүргiзудi олардың иелерi уәкілеттi органмен келiсiм бойынша жүзеге асырады.

      8. Iшкi су жолдарын және олардағы кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды күтiп ұстау бойынша жұмыстар жол жұмыстарын жүргiзуге арналған арнайы рұқсаттарсыз жүзеге асырылады.

      9. Жер снарядтарымен шектеулi қазуларды игеру өзен арнасының қайырылуын болдырмай, тек сағалық партиялардың жоспарлары бойынша ғана жүргiзiледi.

      10. Iшкi су жолдарының жай-күйін қадағалауды кеме қатынасы су жолдарына навигацияда екi реттен кем емес тұрақты тексерулер жүргізу арқылы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) жүзеге асырады.

Параграф 2. Ішкі су жолдарының көлемдерi

      11. Ішкі су жолдарында кәсiпорындар кеме жолының кепілді көлемдерiн (тереңдiгi, енi, оның осiнiң айналу радиусы) қамтамасыз етедi.

      12. Кемелердiң көлемдерi (ұзындығы, ені, су үстiндегі көлемi, шөгуi) және олардың жылдамдығы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес су жолы мен кеме қатынайтын шлюздердiң техникалық деректерiне сәйкес болуы тиiс.

Параграф 3. Ішкі су жолдарын навигациялық қоршау

      13. Ішкі су жолдарын навигациялық қоршау iшкi су жолдарында кемелердiң жүзуiне қауiпсiз жағдайлар жасауға және жасанды құрылыстардың сақталуын қамтамасыз етуге арналған.

      14. Ішкі су жолдарының навигациялық қоршауын күтiп ұстауды кәсiпорындар орындайды және ол навигациялық жабдық құралдарын орнату мен оларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргiзуден тұрады. Кәсiпорындар кеме жүргiзушілерге жол жағдайларының жай-күйі мен олардың өзгеруi туралы хабарлайды.

      15. Темiр жол, автожол, коммуналдық және қалқымалы көпiрлерде, су астындағы және әуедегi өту жолдарында, су жинағыштар мен су жiбергiштерде, оларды сақтауға және кемелердiң жүзуiне қауiпсiз жағдай жасауға арналған кеме қатынасы дабылының белгілерi (тұрақты мен жүзбелi) мен шырақтарын орнату және күтiп ұстауды осы құрылыстардың иелерi жүргізедi.

      16. Су кiре берiстерiндегi және порттар, айлақтар, бөгеттер, рейдтер және оқшауландырылған пайдаланымдағы су жолдарының басқа да учаскелерi акваториясындағы навигациялық қоршауды орнату мен күтiп ұстауды осы акваториялар мен су жолдарының учаскелерi пайдаланымында орналасқан жасанды құрылыстардың иелерi және ұйымдар уәкілеттi органмен келiсiм бойынша жүргiзедi.

      17. Жағалық және қалқыма белгiлердегi навигациялық шырақтар азаматтық ымырттың ортасына сәйкес келетiн (күннің көкжиектен 3 градус төмен болған кезiнде) кемiнде 40 - 100 люкс құрайтын көлденеңiнен жарық түсiрген кезде жұмыс iстеуге тиiс.

      Құрылыстардағы навигациялық шырақтар шектеулі көру кезеңiнде жұмыс iстеуге тиiс.

      18. Су жолының дабыл белгілерiн кемелердi немесе жүзу құралдарын арқандап байлау немесе шығару үшiн пайдалануға, сондай-ақ осы белгiлердi зақымдауға жол берiлмейдi.

      19. Әрбiр кеме жүргiзушi тиiсті кәсiпорынды жолдың дабыл белгiлерiнде байқалған жұмыс iстеу ақаулығының барлық жағдайлары (сөнген шырақ, бакеннің, қалқыманың орнынан қозғалуы, белгiнiң зақымдануы) туралы хабардар етедi.

      20. Кәсiпорындар iшкi су жолдарының қоршаулары зақымдануының, құрамдар көлемдерi мен жолдың жарияланған көлемдерiнің сәйкес болмауы салдарынан қазулар зақымдануының барлық жағдайларына актілер жасайды және оларды жою жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайтын аумақтық бөлiмшелерге жiбередi.

  Ішкі су жолдарын пайдалану
қағидаларына қосымша

Кемелер мен су жолдары көлемдерiнiң ара қатынасы
Ішкі су жолдарындағы түп астындағы ең аз су қорлары (сантиметрмен)

Су жолының

тереңдігі

Барлық кемелер үшiн

Құмды және жұмыртасты жерде


Тасты жерде

150-ден кем

10

15

150-300

15

20

300-ден артық

20

25


      Ескертпе:

      1. Қорлардың мәнi шектеулi қазуда жарияланған тереңдiк пен тұрған кеменiң ең үлкен шөгуi арасындағы айырмашылықты көрсетедi.

      2. Тереңдiгi бойынша шектеулі қазудан өткен кезде кеме жүргiзушiлерi қайырлау құбылысын ескередi және кеме жылдамдығын төмендету немесе көмекшi сүйретiп жүзуші кеменi тарту жолымен, мұндай шаралар жеткiлiксiз болған кезде - шөгудi (тиеудi) тиiстi азайту жолымен оны төмендету үшiн шаралар қабылдайды.

Кеме қатынайтын шлюздердегi түп астындағы су қорлары (сантиметрмен)

Табалдырық

салу тереңдігі

Тасты немесе бетонды кеме қатынайтын шлюз табалдырығындағы су қоры


100-гe дейiн

-

100-ден артық

-

250-ге дейiн

25

250-ден артық

40

Кеме қатынайтын шлюздiң енi мен ұзындығы бойынша қорлар

      Енi 10 метрге дейiн кеме қатынайтын шлюздегi кеме борты (ең үлкен енi бойынша) мен кеме қатынайтын шлюздiң қабырғасы арасындағы қор енi 18 метрге дейiн кеме қатынайтын шлюзде тиiсiнше - 0,4 метр, 18 метрден артық - 0,5 метр, әрбiр борт жағынан 0,2 метр болуы тиiс.

      Кеме қатынайтын шлюзден өткен кезде жалғыз кеменiң (кеме құрамының) ұзындығы оның камерасының пайдалы ұзындығынан кем болуы тиiс: ұзындығы 50 метрге дейiн кеме қатынайтын шлюзде - 1 метрге, ұзындығы 51 метрден 100 метрге дейiн - 2 метрге, 101 метрден 150 метрге дейiн - 4 метрге, 151 метрден 210 метрге дейiн - 6 метрге және ұзындығы 210 метрден артық кеме қатынайтын шлюзде - 10 метрге.

Об утверждении Правил эксплуатации внутренних водных путей

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 161. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 апреля 2015 года № 10870.

      В соответствии с подпунктом 26-6) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила эксплуатации внутренних водных путей.

      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и


развитию Республики Казахстан

Ж. Касымбек

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      _________ Мамытбеков А.С.

      30 марта 2015 года



  Утверждены
приказом исполняющего обязанности
Министра по инвестициям и
развитию Республики Казахстан
от 24 февраля 2015 года № 161

Правила эксплуатации внутренних водных путей
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила эксплуатации внутренних водных путей (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 26-6) пункта 1 статьи 9 Законом Республики Казахстан от 6 июля 2004 года "О внутреннем водном транспорте" (далее – Закон) и определяют порядок эксплуатации внутренних водных путей Республики Казахстан.

      2. Внутренние водные пути предназначены для перевозки пассажиров, багажа, грузов и почтовых отправлений, буксировки судов, плотов и иных плавучих объектов, проведения поисков, разведки и добычи полезных ископаемых, рыбных и иных промыслов, строительных, путевых, гидротехнических, подводно-технических и других подобных работ, лоцманской проводки судов, спасательных операций, осуществления мероприятий по охране водных объектов, защите их от загрязнения и засорения, подъема затонувшего имущества, санитарного и другого контроля, проведения научных исследований, учебных, спортивных, культурных и иных целей.

      3. В настоящих Правилах используются понятия, предусмотренные Законом и следующие понятия:

      1) земснаряд - судно, предназначенное для проведения дноуглубительных работ в целях обеспечения безопасного плавания судов и иных плавучих объектов;

      2) лимитирующий перекат - участок судового хода с определенными ограничениями по габаритам и осадке для судов и составов, требующий проведения путевых работ;

      3) навигационное ограждение - средства навигационного оборудования, выставляемые на внутренних водных путях для указания их сложности, габаритов судового хода, наличия подводных препятствий и обеспечивающие безопасность судоходства;

      4) промерные работы - измерение глубины судового хода;

      5) план русловой партии - план изыскательских работ, который включает в себя гидрографические, геодезические, геологические, дноуглубительные, научно-изыскательские и другие работы на определенный период, утверждаемый предприятиями уполномоченного органа (далее - предприятия);

      6) тральные работы - работы по очистке или проверке заданных габаритов внутренних водных путей при помощи трала;

2. Порядок эксплуатации внутренних водных путей
Параграф 1. Содержание внутренних водных путей

      4. Содержание внутренних водных путей осуществляется в целях обеспечения безопасного движения судов и их составов.

      5. Содержание внутренних водных путей не требуется при условиях:

      1) если оба берега судоходного водного пути являются ходовыми и движение судов возможно по всей ширине русла (в этом случае навигационные знаки могут не выставляться);

      2) если по всей протяженности внутреннего водного пути отсутствуют лимитирующие перекаты и не имеется ограничений по габаритам и осадке для судов и составов.

      6. Проведение путевых работ, в том числе работ по устройству и содержанию рейдов в портах, находящихся в государственной собственности, и подходов к причалам этих портов, а также содержание судоходных гидротехнических сооружений осуществляются предприятиями.

      7. Проведение путевых работ на подходах к портам (не указанным в пункте 6 настоящих Правил), а также в пунктах отстоя осуществляется их владельцами по согласованию с уполномоченным органом.

      8. Работы по содержанию внутренних водных путей и судоходных гидротехнических сооружений на них осуществляются без специальных разрешений на проведение путевых работ.

      9. Разработка лимитирующих перекатов земснарядами производится только по планам русловых партий, не допуская просадки русла реки.

      10. Надзор за состоянием внутренних водных путей осуществляется территориальными подразделениями уполномоченного органа (далее - территориальные подразделения) путем регулярных осмотров внутренних водных путей, не менее двух раз в навигацию.

Параграф 2. Габариты внутренних водных путей

      11. На внутренних водных путях предприятиями обеспечиваются гарантированные габариты судового хода (глубина, ширина, радиус закругления его оси).

      12. Габариты судов (длина, ширина, надводный габарит, осадка) и их скорость должны соответствовать техническим данным водного пути и судоходных шлюзов согласно приложению к настоящим Правилам.

Параграф 3. Навигационное ограждение внутренних водных путей

      13. Навигационное ограждение внутренних водных путей предназначено для создания безопасных условий плавания судов и обеспечения сохранности искусственных сооружений на внутренних водных путях.

      14. Содержание навигационного ограждения внутренних водных путей выполняется предприятиями и заключается в проведении работ по выставлению и обслуживанию средств навигационного оборудования. Предприятия извещают судоводителей о состоянии и изменении путевых условий.

      15. Устройство и содержание знаков (стационарных и плавучих) и огней судоходной сигнализации на железнодорожных, автодорожных, коммунальных и наплавных мостах, подводных и воздушных переходах, водозаборах и водовыпусках, предназначенных для их сохранности и создания безопасных условий плавания судов, производятся владельцами этих сооружений.

      16. Устройство и содержание навигационного ограждения на водных подходах и акваториях портов, причалов, затонов, рейдов и других участков водных путей обособленного пользования производятся владельцами этих искусственных сооружений и организациями, в пользовании которых находятся эти акватории и участки водных путей по согласованию с уполномоченным органом.

      17. Навигационные огни на береговых и плавучих знаках должны действовать при горизонтальной освещенности, составляющей не менее 40-100 люкс, что соответствует середине гражданских сумерек (при положении солнца на 3 градуса ниже горизонта).

      Навигационные огни на сооружениях должны действовать в период ограниченной видимости.

      18. Не допускаются пользование сигнальными знаками водного пути для ошвартовки или вывода судов или плавучих средств, а также повреждение этих знаков.

      19. Каждый судоводитель извещает соответствующее предприятие о всех неисправностях, замеченных на сигнальных знаках пути (потухший огонь, перемещение бакена, буя, повреждение знака).

      20. Предприятия составляют акты на все случаи повреждения ограждения внутренних водных путей, порчи перекатов вследствие несоответствия габаритов составов и объявленных габаритов пути и направляют их в территориальные подразделения, которые принимают необходимые меры по их устранению.

  Приложение
к Правилам эксплуатации
внутренних водных путей

Соотношение габаритов судов и водного пути
Минимальные запасы воды (в сантиметрах), под днищем на
внутренних водных путях

Глубина водного пути

Для всех судов

При песчаном и галечном грунте

При каменистом грунте

Менее 150

10

15

150-300

15

20

Более 300

20

25

      Примечание:

      1. Значение запасов показывает разницу между объявленной глубиной на лимитирующем перекате и наибольшей осадкой судна.

      2. При прохождении лимитирующих по глубине перекатов судоводителями учитываются явления просадки и принимаются меры для ее уменьшения путем снижения скорости судна или привлечения вспомогательного буксировщика, при недостаточности этих мер - путем соответствующего уменьшения осадки (загрузки).

Запасы воды (в сантиметрах) под днищем в судоходных шлюзах

Глубина заложения порога

Запас воды на пороге в судоходном шлюзе каменном или бетонном

До 100

-

Свыше 100

-

До 250

25

Свыше 250

40

Запасы по ширине и длине судоходного шлюза

      В судоходном шлюзе шириной до 10 метров запас между бортом судна (по наибольшей ширине) и стенкой судоходного шлюза должен быть 0,2 метра со стороны каждого борта в судоходном шлюзе шириной до 18 метров - соответственно 0,4 метра, свыше 18 метров - 0,5 метра.

      Длина одиночного судна (состава судов) при прохождении судоходного шлюза должна быть меньше полезной длины его камеры: в судоходном шлюзе длиной до 50 метров - на 1 метр, длиной от 51 до 100 метров - на 2 метра, от 101 до 150 метров - на 4 метра, от 151 до 210 метра - на 6 метров и в судоходном шлюзе длиной свыше 210 метров - на 10 метров.