Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.06.2024 № 265-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 21-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 19.12.2022 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.06.2024 № 265-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде мерзімді баспа басылымында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.А. Ахмедьяровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген |
Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 24.06.2024 № 265-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік тізілім ұлттық мәдени игілік объектілерін (бұдан әрі – ҰМИО) сақтау және оларға ерекше мән беру мақсатында жүргізіледі.
3. Мемлекеттік тізілімге ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәні бар ҰМИО туралы мәліметтер (бұдан әрі – ҰМИО туралы мәліметтер) енгізіледі.
2-тарау. Ұлттық тізбені қалыптастыру және жүргізу тәртібі
4. Мемлекеттік тізілімді мәдениет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – Уәкілетті орган) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізеді.
5. Мемлекеттік тізілімге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен ҰМИО туралы мәліметтер енгізіледі.
6. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар жаңа объектілер мен ҰМИО заттарының анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпаратты уәкілетті органға береді.
7. Мемлекеттік тізілімді қалыптастыру үшін уәкілетті орган өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын өзінің Интернет-ресурсында тиісті ақпаратты жариялайды.
8. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар беретін ҰМИО туралы мәліметтер:
1) ҰМИО-ның толық атауын;
2) ҰМИО-ның сипаттамасын;
3) ҰМИО-ның жасалған күнін;
4) ҰМИО деректерін;
5) ҰМИО-ның шыққан жерін;
6) ҰМИО-ның орналасқан жерін;
7) ҰМИО-ның фотосуретін қамтиды.
9. ҰМИО туралы мәліметтерді уәкілетті орган келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде қарайды.
10. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ҰМИО туралы құжаттар топтамасы не (немесе) мәліметтер толық келіп түспеген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкессіздікті анықтаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды.
11. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган талаптарға сәйкестігін айқындаған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҰМИО туралы құжаттар топтамасын не (немесе) мәліметтерді ұсынымдар алу үшін уәкілетті орган жанынан құрылған тұрақты жұмыс істейтін Мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияның мүшелеріне (бұдан әрі – Комиссия) жібереді.
12. Комиссия ҰМИО-де ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше мәнінің болуы немесе болмауы туралы ұсынымдық сипатта шешімдер қабылдайды, оны хаттамамен ресімдейді.
13. Комиссия хаттамасының негізінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзім iшiнде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) ҰМИО туралы мәліметтерді Мемлекеттік тізілімге енгізу;
2) ҰМИО туралы мәліметтер ел тарихы және мәдениеті үшін ерекше мәні болмағандықтан, Мемлекеттік тізілімге енгізуге жатпайды.
14. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына қосымша |
Нысан
Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттiк тiзiлімі
Р/с№ | ҰМИО-ның атауы | ҰМИО-ның сипаттамасы (қысқаша сипаттамасы, шыққан жері) | ҰМИО-ның жасалған күні | ҰМИО-ның деректері (материалдың атауы, мөлшері, салмағы, саны) | ҰМИО-ның орналасқан жерi | ҰМИО-ның фотосуреті | Тiзiлiм нөмірі | Өзге де мәлiметтер |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Ескертпе: ҰМИО – ұлттық мәдени игілік объектілері