Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 мамырда № 11029 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 7 маусымдағы № 116 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 07.06.2016 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» 27-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ережесінің 20-тармағының 3)-тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысы А.А. Шайымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Қожамжаров

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2015 жылғы 26 наурыздағы   
№ 90 бұйрығымен бекітілген 

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығынның іске асыру үшін әзірленді және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан құралады:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою, ілгерілету және тағылымдамадан өткізу бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын тұрақты жұмыс істейтін бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адам құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы болып:
      Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде (бұдан әрі - Агенттік) – Агенттіктің аппарат басшысы;
      Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінде – «А» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлері болып табылатын Агенттіктің аумақтық департаменттері басшыларының орынбасары.
      Комиссия хатшысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органның персоналмен жұмыс жасау бөлімшесінің (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметшісі болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағының 2)-тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парақтарын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні онымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жібереді.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметшісі және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда - қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа арифметикалық бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:

а = b + с

      а - қызметшінің қорытынды бағасы,
      b - тікелей басшының бағасы,
      с - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа арифметикалық бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 балдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
      21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
      33 баллдан жоғары - «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      2) персоналды басқару қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесін санау кезінде қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы оның қызметтік тізіміне бағалау нәтижелерін енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметшісі танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Агенттіктің аумақтық департаменттің Комиссия шешімі ол шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде Агенттікке жолдану арқылы қызметшімен шағымдана алады.
      25. Агенттік қызметшінің шағымы түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Әдістеме бұзулуы анықталған жағдайда, Агенттіктің аумақтық департаментіне Комиссия шешімінің күшін жоюды тапсырады.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты Агенттіктің аумақтық департаменті екі апта ішінде Агенттікке жібереді.

Мемлекеттік қызмет істері   
және сыбайлас жемқорлыққа   
қарсы іс-қимыл органдарының  
«Б» корпусы мемлекеттік    
әкімшілік қызметшілерінің  
қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесіне 1-қосымша   

Нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда): _______________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ___________________________________


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға
(балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)



Таныстым:
Қызметші
Т.А.Ә.(бар болған жағдайда) ______
күні______________________________
қолы______________________________

Тікелей басшы
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)_____
күні_____________________________
қолы_____________________________

Мемлекеттік қызмет істері   
және сыбайлас жемқорлыққа   
қарсы іс-қимыл органдарының  
«Б» корпусы мемлекеттік    
әкімшілік қызметшілерінің  
қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесіне 2-қосымша   

Нысан

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы:____________________________________


р/н

Өлшем

Көрсеткіштің мәні

Баға
(балл)

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 8-ге дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)



Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей алу қабылеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)



Мемлекеттік қызмет істері   
және сыбайлас жемқорлыққа   
қарсы іс-қимыл органдарының  
«Б» корпусы мемлекеттік    
әкімшілік қызметшілерінің  
қызметін жыл сайынғы бағалаудың
әдістемесіне 3-қосымша   

Нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

_______________________________________________________________
                    мемлекеттік органның атауы)


р/р

Қызметшінің Т.А.Ә.
(бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға











Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы: __________________________________ Күні:_____
                       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы:__________________________________ Күні:_____
                       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)
      Комиссия мүшесі:  __________________________________ Күні:_____
                       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" органов по делам государственной службы и противодействию коррупции

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 26 марта 2015 года № 90. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2015 года № 11029. Утратил силу приказом Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 7 июня 2016 года № 116

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по делам государственной службы РК от 07.06.2016 № 116 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 27 Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих», а также руководствуясь подпунктом 3) пункта 20 Положения об Агентстве Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 29 августа 2014 года № 900, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов по делам государственной службы и противодействию коррупции.
      2. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции (далее - Агентство) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его официальное опубликование в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Агентства Шаимову А.А.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель                               К. Кожамжаров

Утверждена           
приказом Председателя Агентства
Республики Казахстан по делам 
государственной службы и   
противодействию коррупции   
от 26 марта 2015 года № 90   

Методика
ежегодной оценки деятельности административных государственных
служащих корпуса «Б» органов по делам государственной службы и
противодействию коррупции

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» органов по делам государственной службы и противодействию коррупции (далее - Методика) разработана в реализацию пункта 27 Указа Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б»
(далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, по их карьерному продвижению и стажировке.
      6. Получение служащим двух оценок «неудовлетворительно» в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицом, имеющим право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателями Комиссий являются:
      в Агентстве по делам государственной службы и противодействию коррупции (далее - Агентство) – руководитель аппарата Агентства;
      в территориальных подразделениях Агентства – заместители руководителей территориальных департаментов Агентства, являющиеся административными государственными служащими корпуса «А».
      Секретарем Комиссии является служащий подразделения работы с персоналом органа по делам государственной службы и противодействию коррупции (далее – служба управления персоналом). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решения по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист служащего, подлежащего оценке, по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с ним и направляет в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте
13 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней арифметической оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

a = b + c

      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя арифметическая оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – «неудовлетворительно»,
      от 21 до 33 баллов – «удовлетворительно»,
      выше 33 баллов – «эффективно».

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Служба управления персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работник службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      25. Решение Комиссии территориального департамента Агентства может быть обжаловано служащим в течение десяти рабочих дней со дня его вынесения путем обращения в Агентство.
      26. Агентство в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях выявления нарушений настоящей Методики поручает территориальному департаменту Агентства отменить решение Комиссии.
      27. Информация о принятом решении представляется территориальным департаментом Агентства в течение двух недель в Агентство.

Приложение 1              
к Методике ежегодной оценки деятельности  
административных государственных служащих 
корпуса «Б» органов по делам государственной
службы и противодействию коррупции    

Форма           

                Оценочный лист непосредственного руководителя

Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________
Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


ИТОГО (сумма всех оценок):



Ознакомлен(а):
Служащий
Ф.И.О. (при его наличии) ________
дата ____________________________
подпись _________________________

Непосредственный руководитель
Ф.И.О. (при его наличии) _________
дата _____________________________
подпись __________________________

Приложение 2              
к Методике ежегодной оценки деятельности  
административных государственных служащих 
корпуса «Б» органов по делам государственной
службы и противодействию коррупции    

Форма                 

                             Лист круговой оценки

Ф.И.О. (при его наличии) оцениваемого служащего: ____________________
Должность оцениваемого служащего: ___________________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)



Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)



Приложение 3                
к Методике ежегодной оценки деятельности  
административных государственных служащих 
корпуса «Б» органов по делам государственной
службы и противодействию коррупции    

Форма           

                  Протокол заседания Комиссии по оценке
          ______________________________________________________
                    (наименование государственного органа)

№ п/п

Ф.И.О.
(при его наличии)
служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1

















Заключение Комиссии:

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Проверено:

      Секретарь Комиссии:__________________________ Дата: ___________
                    (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Председатель Комиссии:_______________________ Дата: ___________
                    (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)

      Член Комиссии:_______________________________ Дата: ___________
                    (Ф.И.О. (при его наличии), подпись)