"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 11-1/18 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 11-1/343 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 мамырда № 11080 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 142 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.01.2016 № 142 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 11-1/18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10267 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесіндегі:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістерін айқындайды.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.»;
      6-тармақ алынып тасталсын;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен келесі жағдайларда бағаны түзетеді:
      егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау беріледі;
      персоналды басқару қызметі қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.»;
      24-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 11-1/18 "Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 апреля 2015 года № 11-1/343. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 мая 2015 года № 11080. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2016 года № 142

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 30.03.2016 № 142 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 11-1/18 «Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10267, опубликованный в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан «Әділет» 24 февраля 2015 года) следующие изменения:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, ПРИКАЗЫВАЮ:»;
      в Методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденной указанным приказом:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее - Методика) разработана в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и приказом председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 «Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10130) и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее — служащие).»;
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.»;
      пункт 6 исключить;
      пункт 22 изложить в следующей редакции:
      «22. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.»;
      пункт 24 исключить.
      2. Департаменту кадрового и административного обеспечения Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательном порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр сельского хозяйства
      Республики Казахстан                       А. Мамытбеков