Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 238 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 мамырда № 11138 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 215 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 24.03.2016 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Персоналды басқару департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы     
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің        
2015 жылғы 17 сәуірдегі    
№ 238 бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын іске асыру үшін әзірленді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Министрліктің ведомстволары мен Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу әдістерін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы).
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы, оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын Министрліктің, Министрліктің ведомстволары мен Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді, оны қызметшіні лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адамдар құрады.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы:
      Министрлікте – жауапты хатшы;
      Министрліктің ведомстволарында – төраға;
      Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінде – аумақтық бөлімшелердің басшылары болып табылады.
      Комиссия хатшысы (Министрліктің, Министрлік ведомстволарының немесе Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің) персоналды басқару қызметінің қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар бұл қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
      Комиссия хатшысы бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей басшысының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыруды тікелей басшысы жазбаша нысанда жүргізеді.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізбесін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізгенге дейін бір айдан кешіктірмей айқындайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар толтырған айналмалы бағалау парағы оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа бағасын есептеуді жүзеге асырады.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғаларды бағалау жасырын жүзеге асырылады.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      а = b + с
      мұнда, а - қызметшінің қорытынды бағасы,
      b - тікелей басшының бағасы,
      с - осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орташа бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 балдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»,
      21-ден 33 балға дейін - «қанағаттанарлық»,
      33-тен және жоғары балл - «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Комиссия хатшысы Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Комиссия хатшысы Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің, Министрліктің ведомстволары мен Министрліктің ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссия отырысы хаттамасының жобасын ұсынады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарайды және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Комиссия бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешімді персоналды басқару қызметімен қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жібергенде жүргізеді.
      22. Комиссия хатшысы бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтік тізіміне енгізіледі.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның немесе оның аумақтық департаментінің ұсынымы бойынша қабылданған шешім туралы ақпаратты Министрлік, Министрліктің ведомстволары мен Министрлік ведомстволарының аумақтық бөлімшелері қызметшінің шағымын қарау нәтижелерін оны алған күннен бастап екі апта ішінде береді.

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау және әлеуметтік 
даму министрлігінің        
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік 
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне       
1-қосымша           

Нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда): ________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________ 

р/с

Критерийлер

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


ЖИЫНЫ (барлық бағалардың сомасы)



Таныстым:                         Тікелей басшы
Қызметші

Тегі, аты,                        Тегі, аты,
әкесінің аты                      әкесінің аты
(бар болған                       (бар болған
жағдайда) ________________        жағдайда) __________________

күні _____________________        күні _______________________
қолы _____________________        қолы _______________________

Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау және әлеуметтік 
даму министрлігінің        
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік 
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне      
2-қосымша            

Нысан

Айналмалы бағалау парағы
(қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің)

Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда): ________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _________________________________ 

р/с

Критерийлер

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)


Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай білу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Жиыны (барлық бағалардың сомасы)




Әріптесі

1

Топта жұмыс істей білу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы
Жиыны (барлық бағалардың сомасы)

2-ден 5-ке дейін


Қазақстан Республикасы      
Денсаулық сақтау және әлеуметтік 
даму министрлігінің        
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік 
қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы
бағалау әдістемесіне       
3-қосымша            

Нысан

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму
министрлігінің, Министрліктің ведомстволары мен Министрліктің
ведомстволары аумақтық бөлімшелерінің «Б» корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі комиссия
отырысының хаттамасы

р/с

 

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1





2





3





Комиссия қорытындысы:_______________________________________________
____________________________________________________________________

      Тексерген:

      Комиссия хатшысы:________________________ Күні: ______________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия төрағасы:________________________ Күні:______________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

      Комиссия мүшесі:__________________________ Күні:______________
         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 238. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 мая 2015 года № 11138. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 24 марта 2016 года № 215

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития РК от 24.03.2016 № 215 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе», с пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.
      2. Департаменту управления персоналом Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр здравоохранения
      и социального развития
      Республики Казахстан                       Т. Дуйсенова

Утверждена            
приказом Министра здравоохранения
и социального развития     
Республики Казахстан       
от 17 апреля 2015 года № 238    

Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан (далее - Методика) разработана в реализацию Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года «О государственной службе», Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327, и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан (далее – Министерство), ведомств Министерства и территориальных подразделений ведомств Министерства (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок «неудовлетворительно» в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией Министерства, ведомств Министерства и территориальных подразделений ведомств Министерства по оценке (далее – Комиссия), которая создается лицами, имеющими право назначения на должности и освобождения от должностей служащих.
      9. Комиссия состоит не менее чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является:
      в Министерстве - ответственный секретарь;
      в ведомствах Министерства - председатель;
      в территориальных подразделениях ведомств Министерства - руководитель территориального подразделения.
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом Министерства (ведомств Министерства или территориальных подразделений ведомств Министерства). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      Если в состав Комиссии входят служащие, указанные в пункте 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Секретарь Комиссии формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Секретарь Комиссии уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня ознакомления.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется непосредственным руководителем в письменной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий.
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы круговой оценки, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения.
      16. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

a = b + c

      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – «неудовлетворительно»,
      от 21 до 33 баллов – «удовлетворительно»,
      от 33 баллов и выше – «эффективно».

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Секретарь Комиссии обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Секретарь Комиссии предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан, ведомств Министерства и территориальных подразделений ведомств Министерства по оценке деятельности административных государственных служащих корпуса «Б».
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      Решение о пересмотре результатов оценки Комиссия принимает при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      22. Секретарь Комиссии ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня их утверждения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      Результаты оценки вносятся в послужные списки служащих.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      25. Информация о принятом решении по результатом рассмотрения рекомендаций уполномоченного органа по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориального департамента представляется Министерством, ведомствами Министерства и территориальными подразделениями ведомств Министерства в течение двух недель с момента получения результатов рассмотрения жалобы служащего.

Приложение 1         
к Методике ежегодной оценки  
деятельности административных  
государственных служащих корпуса 
«Б» Министерства здравоохранения 
и социального развития      
Республики Казахстан       

Форма           

      Оценочный лист непосредственного руководителя

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего:
_________________________________________________________________

Должность оцениваемого служащего: _______________________________


п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


ИТОГО (сумма всех оценок):



Ознакомлен(а):
Служащий

Непосредственный руководитель

Фамилия, имя, отчество
(при его наличии) _____________

Фамилия, имя, отчество
(при его наличии) ______________

дата

_____________________

дата

_______________________

подпись

_____________________

подпись

_______________________

Приложение 2         
к Методике ежегодной оценки  
деятельности административных  
государственных служащих корпуса 
«Б» Министерства здравоохранения 
и социального развития      
Республики Казахстан       

Форма           

             Оценочный лист круговой оценки
             (подчиненных или коллег служащего)

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего:
_______________________________________________________________

Должность оцениваемого служащего: _____________________________


п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



Итого (сумма всех оценок)



Приложение 3         
к Методике ежегодной оценки  
деятельности административных  
государственных служащих корпуса 
«Б» Министерства здравоохранения 
и социального развития      
Республики Казахстан       

Форма           

   Протокол заседания Комиссии Министерства здравоохранения
    и социального развития Республики Казахстан, ведомств
    Министерства и территориальных подразделений ведомств
     Министерства по оценке деятельности административных
             государственных служащих корпуса «Б»


п/п

Фамилия, имя, отчество
служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1.





2.





3.





      Заключение Комиссии:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

      Проверено:

      Секретарь Комиссии: ____________________ Дата: _____________
                               (Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)

      Председатель Комиссии: _________________ Дата: _____________
                               (Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)

      Член Комиссии: ________________________ Дата: _____________
                               (Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)