«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңы 18-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2015 жылдың 20 мамырынан бастап 20 маусымын қоса Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына темір жол көлігімен дизель отынын (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 350 0 – 2710 19 480 0) әкелуге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабардар етсін.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы энергетика Бірінші вице-министрі Ұ.С.Қарабалинге жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ә. Исекешев
«_____»______________ 2015 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
«___» _________ 2015 жыл