Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11312 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 6-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 8 мамырда

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 399 бұйрығымен
бекітілген

Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 6-9) тармақшасына және 11-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау тәртібін белгілейді.

      2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы:

      1) күнтізбелік бір жыл ішінде тұтыну мөлшері бес жүз және одан көп тонна шартты отынға барабар үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңасын салу немесе қолданыстағыларын кеңейту (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындау кезінде;

      2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына тапсырыс берушінің бастамасымен күнтізбелік бір жыл ішінде энергетикалық ресурстарды тұтыну мөлшері бес жүз тонна шартты отыннан кем үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындаған кезде айқындалады.

      Жаңа үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың немесе кеңейтуден (реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден) өткен қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпарат салынған және пайдалануға берілген объектінің кадастрлық паспортының не объектіні пайдалануға қабылдау актісінің деректеріне сәйкес қабылданады және олар пайдалануға берілген сәттен бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.07.2023 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы жүргізілген энергия аудитінің қорытындылары бойынша айқындалады және энергия аудиті жүргізілген кезден бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.11.2022 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптырын айқындау және қайта қарау тәртібі

      4. Қолданыстағы үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері энергия тиімділігі сыныптарын айқындау үшін "Энергия аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 400 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11729 болып тіркелген) сәйкес энергия аудиторлық ұйымдарғаэнергия аудитін жүргізу үшін жүгінеді.

      Энергия аудиті нәтижелері бойынша үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпаратты қамтитын қорытынды беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.12.2017 № 922 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген кезде энергия тиімділігі сыныбын айқындау үшін:

      1) тапсырыс беруші жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмасында қажетті энергия тиімділігі сыныбын көрсетеді;

      2) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама тапсырмада көрсетілген энергия тиімділігі сыныбын ескере отырып, әзірленеді;

      3) жобалау құжаттамасында белгіленген объектінің энергия тиімділігі сыныбы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін, құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысында көрсетіледі.

      6. Энергия тиімділігі сыныбы әрбір бес жылда бір реттен сирек болмай энергия аудитін жүргізу арқылы қайта қаралады.

      7. Энергия тиімділігі сыныбы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы мемлекеттік нормативтер, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес айқындалады.

      8. Энергия тиімділігі сыныбы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың кадастрлық паспортында көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.07.2023 № 496 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Үйлердің, құрылыстардың,
ғимараттардың энергия
тиімділігі сыныптарын
айқындау және қайта қарау
қағидаларына қосымша

      Кесте

Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 22.11.2022 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с Энергия тиімділік сыныбының белгілеленуі Энергия тиімділігі сыныбының атауы Ғимаратты жылытуға және желдетуге арналған энергия тиімділік көрсеткішінің есептік (нақты) мәнінің нормативтік мәнінен ауытқу шамасы, %

1

A

өте жоғары

-51-ден төмен

2

B

жоғары

-16-дан-50-ге дейін

3

C

қалыптыдан жоғары

-6-дан -15-ке дейін

4

D

қалыпты

от -5 +5-ке дейін

5

E

қалыптыдан төмен

+6-дан +15-ке дейін

6

F

төмен

+16-дан +50-ге дейін

7

G

өте төмен

+51-ден жоғары


Об утверждении Правил определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 399. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июня 2015 года № 11312.

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 28.12.2017 № 922 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 6-9) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года "Об энергосбережении и повышении энергоэффективности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений.

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А.К.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ________________ Е. Досаев

      8 мая 2015 года



  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 31 марта 2015 года № 399

Правила
определения и пересмотра классов энергоэффективности
зданий, строений, сооружений
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6-9) статьи 5 и пунктом 5 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года "Об энергосбережении и повышении энергоэффективности" и определяют порядок определения и пересмотра классов энергоэффективности зданий, строений, сооружений.

      2. Класс энергоэффективности здания, строения, сооружения определяется:

      1) при выполнении проектной (проектно-сметной) документации строительства новых или расширения (капитальный ремонт, реконструкция) существующих зданий, строений, сооружений с размером потребления энергетических ресурсов, эквивалентным пятистам и более тонн условного топлива за один календарный год;

      2) при выполнении проектной (проектно-сметной) документации строительства новых или расширения (капитальный ремонт, реконструкция) существующих зданий, строений, сооружений с размером потребления энергетических ресурсов менее пятисот тонн условного топлива за один календарный год по инициативе заказчика проектной (проектно-сметной) документации.

      Информация о классе энергоэффективности новых зданий, строений и сооружений или существующих зданий, строений и сооружений, прошедших расширение (реконструкцию, капитальный ремонт) принимается согласно кадастровому паспорту построенного и введенного в эксплуатацию объекта либо акта приемки объекта в эксплуатацию и является действительной в течение пяти лет с момента их ввода в эксплуатацию.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 11.07.2023 № 496 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Класс энергоэффективности существующих зданий, строений и сооружений определяется по итогам проведенного энергоаудита и является действительной в течение пяти лет с момента проведения энергоаудита.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 22.11.2022 № 652 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Порядок определения и пересмотра классов энергоэффективности
зданий, строений, сооружений

      4. Собственник существующего здания, строения, сооружения для определения их классов энергоэффективности обращается к энергоаудиторской организации для проведения энергоаудита согласно приказу Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 400 "Об утверждении Правил проведения энергоаудита" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 11729).

      По результатам энергоаудита выдается заключение, содержащее информацию о классе энергоэффективности зданий, строений, сооружений.

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 28.12.2017 № 922 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      5. Для определения класса энергоэффективности при разработке проектной (проектно-сметной) документации строительства новых или расширения (капитальный ремонт, реконструкция) существующих зданий, строений, сооружений:

      1) заказчик указывает требуемый класс энергоэффективности в задании на разработку проектной (проектно-сметной) документации;

      2) проектная (проектно-сметная) документация разрабатывается с учетом указанного в задании на разработку класса энергоэффективности;

      3) класс энергоэффективности объекта, установленного в проектной документации, указывается в заключении комплексной вневедомственной экспертизы проектов строительства, осуществляемой в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан".

      6. Класс энергоэффективности пересматривается путем проведения энергоаудита не реже одного раза каждые пять лет.

      7. Класс энергоэффективности определяется в соответствии с показателями, указанными в приложении к настоящим Правилам, в соответствии с государственными нормативами, строительными нормами и правилами в области архитектурной, градостроительной и строительной деятельности Республики Казахстан, и в области энергосбережения и повышения энергоэффективности.

      8. Класс энергоэффективности указывается в кадастровом паспорте здания, строения, сооружения.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 11.07.2023 № 496 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение к Правилам
определения и пересмотра
классов энергоэффективности
зданий, строений, сооружений
  Таблица

Классы энергоэффективности зданий

      Сноска. Приложение - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 22.11.2022 № 652 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

№ п/п

Обозначение класса Энергоэффективности

Наименование класса энергоэффективности

Величина отклонения расчетного (фактического) значения показателя энергоэффективности на отопление и вентиляцию здания от нормативного, %

1

A

очень высокий

ниже -51

2

B

высокий

от -16 до -50

3

C

выше нормального

от -6 до -15

4

D

нормальный

от -5 до +5

5

E

ниже нормального

от +6 до +15

6

F

низкий

от +16 до +50

7

G

очень низкий

более +51