БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аңшылық минимумын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген аңшылық минимумы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 18-03/403
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 25-03-02/95 бұйрығымен
бекітілген
Аңшылық минимумы
Р/с № |
Тақырып атауы |
Сабақтар сағатының саны |
1 |
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы. |
12 |
2 |
Қауіпсіздік техникасы: |
4 |
Барлығы сағат |
16 |