Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 483 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 маусымда № 11397 тіркелді.

      "Ғарыш қызметi туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-тармағының 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      ______________ И. Тасмағамбетов

      2015 жылғы 14 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 483 бұйрығымен
бекітілген

Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы
жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" (бұдан әрі – Заң) 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 27) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы (бұдан әрі – жобаларға салалық сараптама) жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:

      1) ғарыш қызметі саласындағы жоба – ғарыш қызметін жүзеге асыруға бағытталған ғарыш техникасы мен технологияларын жасау, пайдалану және кәдеге жарату жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

      2) өтініш беруші – Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш қызметі саласындағы жобаны іске асыруын жүзеге асыруды жоспарлайтын жеке немесе заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.06.2016 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Жобаларды салалық сараптау орындылығын, техникалық мүмкіндігін, экономикалық тиімділігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына, ғарыш қызметi саласындағы техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкестігін айқындау мақсатында ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.

2. Жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібі

      4. Жобаларға салалық сараптама жүргізу үшін өтініш беруші уәкілетті органға мынадай материалдарды қағаз тасығышта және электрондық тасығышта ұсынады:

      1) байланыс деректері көрсетілген өтініш берушінің ілеспе хаты;

      2) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкер ретінде жеке тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, осы құжаттардың көшірмелері;

      3) ғарыш қызметі саласындағы жобаның негізгі бағыттарының сипаттамаларын қамтитын түсіндірме жазба;

      4) техникалық тапсырма (бар болған кезде);

      5) "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес әзірленген мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсыныстары және (немесе) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелері;

      6) заңды тұлға үшін - жарғының және құрылтай шартының (оны алмастыратын құжаттың) нотариалды куәландырылған көшірмелері, өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің* көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, осы құжаттардың көшірмелері.

      Ескертпе:* "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға өз қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады.

      5. Қайта салалық сараптама жүргізілген жағдайда, материалдарға бұрын берілген қорытындының көшірмесі қоса беріледі.

      6. Жобаларға салалық сараптама жүргізуден бас тартуға өтініш берушінің Жобаларға салалық сараптама жүргізу үшін қажетті материалдар пакетін толық ұсынбау негіз болып табылады.

      7. Жобаларға салалық сараптама жүргізуден бас тартқан кезде уәкілетті орган жоба бойынша материалды алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді бас тарту жібереді.

      8. Жобаларға салалық сараптама уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жоба бойынша материалдар ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      9. Жобаларға салалық сараптама нәтижесі өтініш беруші ұсынған материалдарды жан-жақты талдауға және бағалауға негізделген, сондай-ақ бұйрықтың талаптарына сәйкес ресімделген қорытынды болып табылады.

      10. Жобаларға салалық сараптама нәтижелері бойынша қорытындыға уәкілетті органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.

      11. Егер жобаларға салалық сараптама нәтижесі бойынша уәкілетті орган жоюды талап ететін ескертулер берген жағдайда, өтініш беруші материалдарды пысықтайды және оларды қайта салалық сараптамаға ұсынады.

      12. Бастапқы сараптама жүргiзiлген кезде анықтаған ғарыш қызметi саласындағы уәкілетті органның ескертулерi жойылғаннан кейiн жобаларға қайта салалық сараптама материалдар қайта сараптамаға ұсынылған сәттен бастап жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi.

Об утверждении Правил осуществления отраслевой экспертизы проектов в области космической деятельности

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 483. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 июня 2015 года № 11397.

      В соответствии с подпунктом 27) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О космической деятельности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления отраслевой экспертизы проектов в области космической деятельности.

      2. Аэрокосмическому комитету Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Мусабаев Т.А.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр обороны

      Республики Казахстан

      ______________ И. Тасмагамбетов

      14 мая 2015 года



  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 24 апреля 2015 года № 483

Правила
осуществления отраслевой экспертизы проектов
в области космической деятельности
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления отраслевой экспертизы проектов в области космической деятельности (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 27) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О космической деятельности" (далее - Закон) и определяют порядок осуществления отраслевой экспертизы проектов в области космической деятельности (далее – отраслевая экспертиза проектов).

      2. В настоящих Правилах используются следующие определения:

      1) проект в области космической деятельности - совокупность мероприятий по созданию, использованию и утилизации космической техники и технологий, направленных на осуществление космической деятельности;

      2) заявитель – физическое или юридическое лицо, планирующее осуществить реализацию проекта в области космической деятельности на территории Республики Казахстан, а также в космическом пространстве в соответствии с Законом.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 20.06.2016 № 508 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Отраслевая экспертиза проектов осуществляется уполномоченным органом в области космической деятельности (далее – уполномоченный орган) в целях определения целесообразности, технической возможности, экономической эффективности, а также соответствия законодательству Республики Казахстан, техническим регламентам и стандартам в области космической деятельности.

2. Порядок осуществления отраслевой экспертизы проектов

      4. Для проведения отраслевой экспертизы проектов заявитель представляет в уполномоченный орган на бумажном и электронном носителях следующие материалы:

      1) сопроводительное письмо заявителя с указанием контактных данных;

      2) нотариально заверенную копию документа, удостоверяющего личность физического лица, а также свидетельства о государственной регистрации физического лица в качестве индивидуального предпринимателя - для индивидуального предпринимателя, либо копии данных документов с представлением оригинала для сверки;

      3) пояснительную записку, содержащую характеристику основных направлений проекта в области космической деятельности;

      4) техническое задание (при наличии);

      5) инвестиционные предложения государственного инвестиционного проекта и (или) технико-экономические обоснования бюджетного инвестиционного проекта и (или) финансово-экономические обоснования бюджетных инвестиций, разработанные в соответствии с приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 5 декабря 2014 года № 129 "Об утверждении Правил разработки или корректировки, проведения необходимых экспертиз инвестиционного предложения государственного инвестиционного проекта, а также планирования, рассмотрения, отбора, мониторинга и оценки реализации бюджетных инвестиций" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9938) (далее - Приказ);

      6) для юридических лиц - нотариально засвидетельствованные копии устава и учредительного договора (документа, его заменяющего), копию свидетельства* либо справки о государственной регистрации заявителя в качестве юридического лица, либо копии данных документов с представлением оригинала для сверки.

      Примечание:* Свидетельство о государственной (учетной) регистрации (перерегистрации) юридического лица (филиала, представительства), выданное до введения в действие Закона Республики Казахстан от 24 декабря 2012 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств", является действительным до прекращения деятельности юридического лица.

      5. К материалам в случае представления на повторную отраслевую экспертизу проектов, прилагается копия ранее выданного заключения.

      6. Основанием для отказа в проведении отраслевой экспертизы проектов является представление заявителем неполного пакета материалов, необходимых для проведения отраслевой экспертизы проектов.

      7. При отказе в проведении отраслевой экспертизы проектов уполномоченный орган в течение пяти рабочих дней с момента получения материалов по проекту направляет заявителю письменный мотивированный отказ.

      8. Отраслевая экспертиза проектов проводится в сроки, не превышающие тридцати рабочих дней со дня представления в уполномоченный орган материалов по проекту, указанных в пункте 4 настоящих Правил.

      9. Результатом отраслевой экспертизы проектов является заключение, основанное на всестороннем анализе и оценке представленных заявителем материалов, а также оформленное в соответствии с требованиями Приказа.

      10. Заключение по результатам отраслевой экспертизы проектов подписывается первым руководителем уполномоченного органа либо лицом, его замещающим.

      11. В случае, если по результатам отраслевой экспертизы проектов уполномоченным органом даны замечания, требующие устранения, заявитель дорабатывает материалы и представляет их на повторную отраслевую экспертизу.

      12. Повторная отраслевая экспертиза проектов, проводимая после устранения замечаний уполномоченного органа, выявленных при проведении первоначальной отраслевой экспертизы, проводится в сроки, не превышающие двадцати рабочих дней с момента представления материалов на повторную экспертизу.