"Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға жатқызылатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларындағы өнеркәсіптік өңдеуге арналған, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясы тауарларын растау туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 568 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11474 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 299 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.05.2019 № 299 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға жатқызылатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларындағы өнеркәсіптік өңдеуге арналған, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясы тауарларын растау туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы "____" ___________



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 568 бұйрығымен
бекітілген

"Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан
Республикасының аумағына импорттауға жатқызылатын тауарларды
жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу
өнеркәсібі салаларындағы өнеркәсіптік өңдеуге арналған,
сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясы тауарларын
растау туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер

      1. "Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға жатқызылатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларындағы өнеркәсіптік өңдеуге арналған, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясы тауарларын растау туралы қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.еgov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) құжаттардың топтамасы тапсырылған күннен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берілген кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды өнеркәсіптің жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу салаларындағы өнеркәсіптік өңдеуге арналған, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясы тауарларына жатқызуды растау туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды).

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

      Қорытындыны қағаз тасығышта алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды беру туралы өтiнiш;

      мәмiле жасалғандығын растайтын құжаттың, оған қосымшалардың және (немесе) толықтырулардың (келiсiмшарт, шарт) көшiрмесi (өтiнiш берушiнiң мөрiмен куәландырылған);

      тауарлардың және Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасына (бұдан әрі – КО СЭҚ ТН) сәйкес он белгі деңгейіндегі олардың өнеркәсіптік өңделген өнiмдерiнiң атауын және жіктелуін растайтын құжаттың көшiрмесi (өтiнiм берушiнiң мөрiмен куәландырылған);

      тауарларды өнеркәсіптік өңдеу жөнiндегi операцияларды (технологиялық процеске негiзделген), оларды жасау тәсiлдерiн, тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерiн, сондай-ақ тауарларды өңдеу бойынша мерзiмдерді қоса алғанда, өнеркәсіптік өңдеу өнiмдерiнің шығу нормаларын есептеу кестесi;

      салық төлеуші ретінде салық органына тіркеу есебіне қою туралы куәліктің көшірмесі;

      өтініш беруші әрекетсіз салық төлеуші деп танылмағаны туралы салық органының растауы;

      2) порталға:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды беру туралы өтініш көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында;

      мәмiле жасалғандығын растайтын құжаттың, оған қосымшалардың және (немесе) толықтырулардың (келiсiмшарт, шарт) электрондық көшiрмесi, өтiнiш берушiнiң мөрiмен куәландырылған;

      тауарлардың және КО СЭҚ ТН-ға сәйкес он белгі деңгейіндегі олардың өнеркәсіптік өңделген өнiмдерiнiң атауын және жіктелуін растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (өтiнiм берушiнiң мөрiмен куәландырылған);

      тауарларды өнеркәсіптік өңдеу жөнiндегi операцияларды (технологиялық процеске негiзделген), оларды жасау тәсiлдерiн, тауарларды сәйкестендiру тәсiлдерiн, сондай-ақ тауарларды өңдеу бойынша мерзiмдерді қоса алғанда, өнеркәсіптік өңдеу өнiмдерiнің шығу нормаларын есептеу кестесiнің электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкіметі" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасы заңдарымен өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошта арқылы) – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күнді көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылдануы туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 1711 кабинеті мекенжайы, 8 (7172) 75 48 62, 75 48 60 телефоны бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты, № 1012 кабинеті мекенжайы, 8 (7172) 75 43 22, 45 43 23 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу орны мен мерзімі көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және қажетті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

      "Жеке кабинеттен" шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберген кезде көрсетілетін қызметті беруші өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңарып тұратын жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуына мүмкіндігі бар.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті" арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 48 62, 75 48 60. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

  "Кеден одағына мүше мемлекеттердің
аумағынан Қазақстан Республикасының
аумағына импортталатын тауарларды
өнеркәсіптің жеңіл, тау-кен металлургиясы,
химия, фармацевтика, ағаш өңдеу
салаларындағы өнеркәсіптік өңдеуге
арналған, сондай-ақ машина жасау және
құрылыс индустриясы тауарларына жатқызуды
растау туралы қорытынды беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына қосымша

      Нысан

      _______________________________________________

      (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы)

      _______________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетілетін

      қызметті алушының толық атауы)

      Мекенжайы ____________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің №,

      телефон)

      Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері

      ______________________________________________

      (ЗТ/ЖК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №,

      Бизнес сәйкестендіруші нөмір,

      Жеке сәйкестендіру нөмір)

Импортталатын тауарларды өнеркәсiптiк өңдеуге арналған
тауарларға жатқызуды растау туралы қорытынды беру туралы
өтініш

      2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 249-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1518 қаулысымен бекітілген Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тауарлардың тiзбесiн және көрсетiлген өнеркәсiптiк қайта өңдеу кезiнде алынған дайын өнiмнiң тiзбесiн, сондай-ақ осындай тауарларды импорттайтын Қазақстан Республикасы салық төлеушiлерiнiң тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес қорытынды беруді сұраймыз.

      Қағаз тасығышта ______ (егер қағаз тасығыштағы куәлік алу кажет болса, ондай жағдайда Х белгісін қою керек).

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _________________________________________ ____________________

      (қызметті алушының қолы) (Т.А.Ә.А.)

Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения о подтверждении отнесения импортируемых на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза товаров к товарам, предназначенным для промышленной переработки в легкой, горно-металлургической, химической, фармацевтической, деревообрабатывающей отраслях промышленности, а также машиностроении и стройиндустрии"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 568. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июня 2015 года № 11474. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 15 мая 2019 года № 299 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 15.05.2019 № 299 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги "Выдача заключения о подтверждении отнесения импортируемых на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза товаров к товарам, предназначенным для промышленной переработки в легкой, горно-металлургической, химической, фармацевтической, деревообрабатывающей отраслях промышленности, а также машиностроении и стройиндустрии".

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А. К.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ______________ Е. Досаев

      от 27 мая 2015 года



  Утвержден
приказом Министра по
инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 30 апреля 2015 года № 568

Стандарт государственной услуги
"Выдача заключения о подтверждении отнесения импортируемых на
территорию Республики Казахстан с территории государств-членов
Таможенного союза товаров к товарам, предназначенным для
промышленной переработки в легкой, горно-металлургической,
химической, фармацевтической, деревообрабатывающей отраслях
промышленности, а также машиностроении и стройиндустрии"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Выдача заключения о подтверждении отнесения импортируемых на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза товаров к товарам, предназначенным для промышленной переработки в легкой, горно-металлургической, химической, фармацевтической, деревообрабатывающей отраслях промышленности, а также машиностроении и стройиндустрии" (далее – государственная услуга).

      2. Стандарт государственной услуги разработан Министерством по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – Министерство).

      3. Государственная услуга оказывается Комитетом индустриального развития и промышленной безопасности Министерства (далее – услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через:

      1) канцелярию услугодателя;

      2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, www.elicense.kz (далее – портал).

2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Срок оказания государственной услуги:

      1) со дня сдачи пакета документов, а также при обращении на портал – 15 (пятнадцать) календарных дней;

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов – 20 (двадцать) минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания – 15 (пятнадцать) минут.

      5. Форма оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.

      6. Результат государственной услуги – заключение о подтверждении отнесения импортируемых на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза товаров к товарам, предназначенным для промышленной переработки в легкой, горно-металлургической, химической, фармацевтической, деревообрабатывающей отраслях промышленности, а также в машиностроении и стройиндустрии (далее – заключение).

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: электронная.

      На портале результат оказания государственной услуги, направляется услугополучателю в "личный кабинет" в форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) уполномоченного лица.

      В случае обращения за получением заключения на бумажном носителе результат оказания государственной услуги оформляется в электронной форме, распечатывается и заверяется подписью уполномоченного лица услугодателя.

      7. Государственная услуга оказывается на бесплатной основе физическим и юридическим лицам (далее – услугополучатель).

      8. График работы:

      1) услугодателя – с понедельника по пятницу с 9.00 часов до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется с 9.00 часов до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания;

      2) портала – круглосуточно, за исключением технических перерывов, связанных с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги:

      1) к услугодателю:

      заявление о выдаче заключения по форме согласно приложению к настоящему стандарту;

      копия документа, подтверждающего совершение сделки, приложения и (или) дополнения к нему (контракт, договор), заверенная печатью заявителя;

      копия документа, подтверждающего наименование и классификацию товаров и продуктов их промышленной переработки в соответствии с Товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности Таможенного союза (далее - ТН ВЭД ТС) на уровне десяти знаков, заверенная печатью заявителя;

      таблица расчета норм выхода продуктов промышленной переработки, включая операции по промышленной переработке товаров (основанных на технологическом процессе), способы их совершения, способы идентификации товаров, а также сроки по промышленной переработке товаров;

      2) на портал:

      заявление о выдаче заключения по форме согласно приложению к настоящему стандарту в форме электронного документа, удостоверенного электронной цифровой подписью услогополучателя (далее – ЭЦП);

      электронная копия документа, подтверждающего совершение сделки, приложения и (или) дополнения к нему (контракт, договор), заверенная печатью заявителя;

      электронная копия документа, подтверждающего наименование и классификацию товаров и продуктов их промышленной переработки в соответствии с ТН ВЭД ТС на уровне десяти знаков, заверенная печатью заявителя;

      электронная копия таблицы расчета норм выхода продуктов промышленной переработки, включая операции по промышленной переработке товаров (основанных на технологическом процессе), способы их совершения, способы идентификации товаров, а также сроки по промышленной переработке товаров.

      Сведения о документов, удостоверяющих личность, о государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица, индивидуального предпринимателя, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      Услугополучатель получает согласие на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, при оказании государственных услуг, если иное не предусмотрено законами Республики Казахстан.

      При подаче услугополучателем всех необходимых документов:

      1) услугодателю – подтверждением принятия заявления на бумажном носителе является отметка на его копии о регистрации в канцелярии услугодателя с указанием даты и времени приема пакета документов;

      2) через портал – в "личном кабинете" услугополучателя отображается статус о принятии запроса для оказания государственной услуги с указанием даты получения результата государственной услуги.

3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия)
центрального государственного органа, услугодателя и (или) их
должностных лиц, по вопросам государственной услуги

      10. Обжалование решений, действий (бездействий) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг: жалоба подается на имя руководителя услугодателя по адресу: Республика Казахстан, 010000, город Астана, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание "Транспорт Тауэр", кабинет № 1711, телефоны: 8 (7172) 75 48 62, 75 48 60 либо на имя руководителя Министерства по адресу: Республика Казахстан, 010000, город Астана, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание "Транспорт Тауэр", кабинет № 1012, телефоны: 8 (7172) 75 43 22, 75 43 23.

      Жалоба подается в письменной форме по почте либо нарочно через канцелярию услугодателя или Министерства.

      Подтверждением принятия жалобы является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя, или Министерства, с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, срока и места получения ответа на поданную жалобу. После регистрации жалоба направляется руководителю услугодателя, или Министерства, для определения ответственного исполнителя и принятия соответствующих мер.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя, или Министерства, подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее регистрации. Мотивированный ответ о результатах рассмотрения жалобы направляется услогополучателю по почте либо выдается нарочно в канцелярии услугодателя или Министерства.

      Информацию о порядке обжалования можно получить по телефону единого контакт-центра: 1414.

      При отправке жалобы через портал услугополучателю из "личного кабинета" доступна информация об обращении, которая обновляется в ходе обработки обращения услугодателем (отметки о доставке, регистрации, исполнении, ответ о рассмотрении или отказе в рассмотрении).

      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель может обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      11. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

4. Иные требования с учетом особенностей оказания
государственной услуги, в том числе оказываемой в электронной
форме

      12. Адреса мест оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе услугодателя: www.mid.gov.kz, раздел "Государственные услуги".

      13. Услугополучатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.

      14. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.

      15. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги: 8 (7172) 75 48 62, 75 48 60. Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 1414.

  Приложение
к стандарту государственной
услуги "Выдача заключения о
подтверждении отнесения
импортируемых на территорию
Республики Казахстан с территории
государств-членов Таможенного
союза товаров к товарам,
предназначенным для промышленной
переработки в легкой,
горно-металлургической, химической,
фармацевтической, деревообрабатывающей
отраслях промышленности, а также
машиностроении и стройиндустрии"

      Форма

      _________________________________________

      (полное наименование услугодателя)

      _________________________________________

      (полное наименование услугополуполучателя

      государственной услуги)

      Адрес ___________________________________

      (индекс, город, район, область,

      улица, № дома, телефон)

      Реквизиты услугополучателя ____________________________

      (№ свидетельства о государственной регистрации,

      бизнес-идентификационный номер, индивидуальный

      идентификационный номер)

Заявление
о выдаче заключения о подтверждении отнесения
импортируемых товаров к товарам, предназначенным для
промышленной переработки

      В соответствии со статьей 249 Кодекса Республики Казахстан от 12 июня 2001 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) и Правилами определения перечня импортируемых на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза товаров, предназначенных для промышленной переработки, и перечня готовой продукции, полученной при указанной промышленной переработке, а также перечня налогоплательщиков Республики Казахстан, импортирующих такие товары, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2010 года № 1518 просим выдать заключение.

      На бумажном носителе _____ (поставить знак Х в случае, если необходимо получить свидетельство на бумажном носителе).

      Согласен на использования сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

      _________________ _________________

      (подпись услугополуполучателя) (Ф.И.О.)