Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 маусымда № 11483 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 07.04.2020 № 362 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, "Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 31.01.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 31.01.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      2. "Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Казақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министірінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 153 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9366 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 20 тамызда № 161 (27782) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 333 бұйрығына
1-қосымша

"Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды
тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне
енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – мемлекеттiк мүлік тiзiлiмінен ақпарат беру:

      1) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі;

      2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11154 тіркелген "Мемлекеттiк мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар)" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен материалдар.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      4. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жолығу тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталға жолығады.

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдау, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыру (деректерді енгізу) (1,5 минут (бұдан әрі – мин);

      3) 2-процесс – сұраудың www.gosreestr.kz "мемлекеттік мүлік тізілімі" веб-порталында (бұдан әрі – мемтізілім) автоматты түрде тіркелуі (1 мин);

      4) 1-шарт – мемтізілімде сұрауды тексеру (өңдеу);

      5) 3-процесс – сұратылған деректердің болмауына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 секунд);

      6) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының қызмет нәтижесін (а) мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесін қарау; (б) жекешелендіру объектісі туралы ақпаратты алу (10 минуттан артық емес).

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында ұсынылған.

  "Мемлекеттік мүлік тізілімінен
ақпарат беру (мемлекет бақылайтын
акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің, сондай-ақ
мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі; мемлекеттік меншік
объектілерін сауда-саттыққа қою
кестесіне енгізілген мемлекеттік
мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

www.e.gov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы
"Мемлекеттік мүлік тізілімінен ақпарат беру (мемлекет
бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың
тізбесі; мемлекеттік меншік объектілерін сауда-саттыққа қою
кестесіне енгізілген мемлекеттік мүлік туралы ақпарат пен
материалдар)" мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы


      Шартты белгілер:



- мемлекеттік қызметті көсретудің басталуы немес аяқталуы;



- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;



- таңдау нұсқасы;



- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 333 бұйрығына
2-қосымша

"Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) (көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша) арқылы;

      2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2016 № 74 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны – электрондық.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11154 тіркелген "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес республикалық мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарт бойынша анықтама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.

      Ескерту. 3-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді – ҚР Қаржы министрінің 01.06.2018 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2016 № 74 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу процессін және оның ұзақтығын сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасауы;

      2) Мемлекеттік корпорация операторларының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы және тексеруі – 15 минут;

      3) 1-процесс – қызметті көрсету үшін Мемлекеттік корпорацияның операторы Мемлекеттік корпорацияның біріктірілген жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация АЖ АЖО) өзінің логині мен паролін енгізу (авторизациялау процесі) - 30 секунд – 1 минут;

      4) 2-процесс – Мемлекеттік корпорация операторының мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сауал нысанын экранға шығаруы және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушы өкілінің деректерін енгізуі (нотариалдық куәландырылған сенімхат бойынша, басқаша куәландырылған сенімхат бойынша – сенімхат деректері толтырылмайды) - 1,5 минут;

      5) 3-процесс – "электрондық үкімет" шлюзы (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы www.gosreestr.kz "мемлекеттік мүлік тізілімі" веб-порталына (бұдан әрі – мемтізілім) сауалды жолдау - 30 секунд;

      6) 4-процесс – мемлекеттік тізілімде сауалды тексеру (өңдеу) - 0 секунд - 1 минут;

      7) 5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік корпорация операторы арқылы мемтізіліммен қалыптастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу - 30 секунд;

      8) 6-процесс – Мемлекеттік корпорация АЖ-да қызмет берушінің электрондық құжатын тіркеу - 30 секунд – 1 минут.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2016 № 74 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының жолығу тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы ЖСН/БСН көмегімен порталда тіркеуден өтуі тиіс (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);

      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қызмет алу үшін ЖСН/БСН және паролді (авторизация процесі) енгізуі (30 сек – 1 мин);

      3) 1-шарт – тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстылығын порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тексеру (1 мин);

      4) 2-процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты порталмен авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 сек);

      5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті таңдау, қызмет көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының жалға беру шартының нөмірін енгізу (1,5 мин);

      6) 4 – процесс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдауы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді алу үшін сұрау жіберу (1,5 мин);

      7) 5 – процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының сәйкестендіру деректерін және ЭЦҚ-сын тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімі туралы деректерді немесе бір реттік пароль деректерін сұрау (1,5 мин);

      8) 2 – шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сын тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және дұрыстылығын немесе бір реттік парольдің тексеру кодын тексеру (30 сек);

      9) 6 – процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы дұрыстылығы немесе бір реттік парольдің тексеру коды расталмағанына байланысты сұратылған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 сек – 1 мин);

      10) 7 – процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы немесе порталдың есеп жазбасына ұялы байланыс операторы берген көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және қосылған жағдайда, бір реттік парольді қолданып электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраудың толтырылған нысанына (енгізілген деректер) қол қою және сұрауды ЭҮШ арқылы мемтізілімге жолдау (30 сек – 1 мин);

      11) 3-шарт – мемтізілімде сұрауды тексеру (өңдеу) (30 сек – 1 мин);

      12) 8-процесс – сұратылған деректердің болмауына байланысты сұратылып отырған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру (30 сек);

      13) 9-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемтізіліммен қалыптастырылған қызмет көрсету нәтижесін (электрондық құжат түріндегі анықтама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап) алу (30 сек артық емес).

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы министрінің 01.06.2018 № 559 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында ұсынылған.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2016 № 74 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары
бойынша оларға мемлекеттік мүлік
тізілімінен шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен
төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Мемлекеттік корпорация арқылы "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2016 № 74 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
     


      Шартты белгілер:



- мемлекеттік қызметті көсретудің басталуы немес аяқталуы;



- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;



- таңдау нұсқасы;



- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

  "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен
(сенімгерлік басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары
бойынша оларға мемлекеттік мүлік
тізілімінен шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен
төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

      www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.02.2016 № 74 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Шартты белгілер:



- мемлекеттік қызметті көсретудің басталуы немес аяқталуы;



- көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және (немесе) ҚФБ атауы;



- таңдау нұсқасы;



- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 333 бұйрығына
3-қосымша

"Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың мүлікке құқығын сыйға беру шарты бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасының қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

      Ескерту. Регламент алып тасталды – ҚР Қаржы министрінің 31.01.2018 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере учета государственного имущества

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 мая 2015 года № 333. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июня 2015 года № 11483. Утратил силу приказом Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 7 апреля 2020 года № 362.

      Сноска. Утратил силу приказом Первого заместителя Премьер-Министра РК – Министра финансов РК от 07.04.2020 № 362 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) регламент государственной услуги "Представление информации из реестра государственного имущества (перечень контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, а также государственных юридических лиц; информация и материалы о государственном имуществе, включенном в график выставления на торги объектов государственной собственности)" согласно приложению 1 к настоящему приказу;

      2) регламент государственной услуги "Выдача из реестра государственного имущества справки арендаторам (доверительным управляющим) государственного имущества по заключенным с ними договорам аренды (доверительного управления), содержащей сведения о начислениях по договору, пене и поступившим платежам в государственный бюджет" согласно приложению 2 к настоящему приказу;

      3) Исключен приказом Министра финансов РК от 31.01.2018 № 91 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 2 апреля 2014 года № 153 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере учета государственного имущества" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9366, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 20 августа 2014 года № 161 (27782).

      3. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан (Утепов Э.К.) обеспечить в установленном законодательством порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов


  Приложение 1
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 мая 2015 года № 333

Регламент государственной услуги
"Представление информации из реестра государственного имущества
(перечень контролируемых государством акционерных обществ и
товариществ с ограниченной ответственностью, а также государственных юридических лиц; информация и материалы о государственном имуществе, включенном в график выставления на торги объектов государственной собственности)"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга оказывается Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется через веб-портал "электронного правительства" www.e.gov.kz (далее – портал).

      2. Форма оказания государственной услуги – электронная.

      3. Результат оказания государственной услуги – представление информации из реестра государственного имущества: перечень контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, а также государственных юридических лиц; информация и материалы о государственном имуществе, включенном в график выставления на торги объектов государственной собственности согласно приложениям 1, 2 и 3 к стандарту государственной услуги "Представление информации из реестра государственного имущества (перечень контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, а также государственных юридических лиц; информация и материалы о государственном имуществе, включенном в график выставления на торги объектов государственной собственности)", утвержденному приказом Министра финансов Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 285, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11154.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги – электронная.

2. Описание порядка использования информационных систем в
процессе оказания государственной услуги

      4. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услугополучателя при оказании государственной услуги через портал:

      1) услугополучатель обращается к порталу;

      2) процесс 1 – выбор услугополучателем услуги, указанной в настоящем регламенте, вывод на экран формы запроса для оказания услуги и заполнение услугополучателем формы (ввод данных) (1,5 минуты (далее – мин);

      3) процесс 2 – автоматическая регистрация запроса на веб-портале "реестр государственного имущества" www.gosreestr.kz (далее – госреестр) (1 мин);

      4) условие 1 – проверка (обработка) запроса в госреестр;

      5) процесс 3 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге, в связи с отсутствием запрошенных данных (30 секунд);

      6) процесс 4 – получение услугополучателем результата услуги (а) просмотр перечня контролируемых государством акционерных обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, а также государственных юридических лиц; (б) информации об объекте приватизации, сформированной госреестром (не более 10 мин).

      5. Подробное описание порядка использования информационных систем в процессе оказания государственной услуги отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги, согласно приложению к настоящему регламенту.

  Приложение
к регламенту государственной услуги
"Представление информации из реестра
государственного имущества (перечень
контролируемых государством акционерных
обществ и товариществ с ограниченной
ответственностью, а также государственных
юридических лиц; информация и материалы о
государственном имуществе, включенном в
график выставления на торги объектов
государственной собственности)"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги
"Предоставление информации из Реестра государственного
имущества (перечень контролируемых государством акционерных
обществ и товариществ с ограниченной ответственностью, а также
государственных юридических лиц; информация и материалы о
государственном имуществе, включенном в график выставления на
торги объектов государственной собственности)" посредством
веб-портала электронного правительства www.e.gov.kz




  Приложение 2
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 мая 2015 года № 333

Регламент государственной услуги
"Выдача из реестра государственного имущества справки
арендаторам (доверительным управляющим) государственного
имущества по заключенным с ними договорам аренды
(доверительного управления), содержащей сведения о начислениях
по договору, пене и поступившим платежам в государственный
бюджет"
1. Общие положения

      1. Государственная услуга оказывается Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан (далее – услугодатель).

      Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется через:

      1) Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) (по выбору услугополучателя);

      2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2016 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования).

      2. Форма оказания государственной услуги – электронная.

      3. Результат оказания государственной услуги – справка по договору о передаче республиканского имущества в аренду (доверительное управление) (далее – справка), согласно приложению к стандарту государственной услуги "Выдача из реестра государственного имущества справки арендаторам (доверительным управляющим) государственного имущества по заключенным с ними договорам аренды (доверительного управления), содержащей сведения о начислениях по договору, пене и поступившим платежам в государственный бюджет", утвержденного приказом Министра финансов Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 285, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11154.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги – электронная.

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным приказом Министра финансов РК от 01.06.2018 № 559 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Описание порядка взаимодействия с Государственной
корпорацией и (или) иными услугодателями, а также порядка
использования информационных систем в процессе оказания
государственной услуги

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2016 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования).

      4. Описание процесса получения результата оказания государственной услуги через Государственную корпорацию и его длительность:

      1) обращение услугополучателя в Государственную корпорацию;

      2) прием и проверка документов услугополучателя операторами Государственной корпорации - 15 минут;

      3) процесс 1 - ввод оператором Государственной корпорации в автоматизированное рабочее место интегрированной системы Государственной корпорации (далее – АРМ ИС Государственная корпорация) своего логина и пароля (процесс авторизации) для оказания услуги - 30 секунд - 1 минута;

      4) процесс 2 - выбор оператором Государственной корпорации, вывод на экран формы запроса для оказания услуги и ввод оператором Государственной корпорации данных услугополучателя, а также данных по доверенности представителя услугополучателя (при нотариально удостоверенной доверенности, при ином удостоверении доверенности – данные доверенности не заполняются)-1,5 минуты;

      5) процесс 3 – направление запроса через шлюз "электронного правительства" (далее – ШЭП) в веб-портал "реестр государственного имущества" www.gosreestr.kz (далее – госреестр) - 30 секунд;

      6) процесс 4 – проверка (обработка) запроса в госреестре - 30 секунд – 1 минута;

      7) процесс 5 – получение услугополучателем через оператора Государственной корпорации результата оказания государственной услуги, сформированного госреестром (не более 30 сек);

      8) процесс 6 – регистрация электронного документа услугодателя в АРМ ИС Государственная корпорация - 30 секунд – 1 минута.

      Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2016 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования).

      5. Описание порядка обращения и последовательности процедур (действий) услугодателя и услугополучателя при оказании государственной услуги через портал:

      1) услугополучатель должен пройти регистрацию на портале с помощью ИИН/БИН (осуществляется для незарегистрированных услугополучателей на портале);

      2) процесс 1 – ввод услугополучателем ИИН/БИН и пароля (процесс авторизации) на портале для получения услуги (30 сек – 1 мин);

      3) условие 1 – проверка на портале подлинности данных о зарегистрированном услугополучателе через ИИН/БИН и пароля (1 мин);

      4) процесс 2 – формирование порталом сообщений об отказе в авторизации в связи с имеющимися нарушениями в данных услугополучателя (30 сек);

      5) процесс 3 – выбор услугополучателем государственной услуги, вывод на экран формы запроса для оказания услуги и ввод услугополучателем номера договора аренды (1,5 мин);

      6) процесс 4 – выбор услугополучателем регистрационного свидетельства электронной цифровой подписи (далее – ЭЦП) или направление запроса для получения одноразового пароля, в случае регистрации и подключения абонентского номера услугополучателя, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала для удостоверения (подписания) запроса (1,5 мин);

      7) процесс 5 – запрос идентификационных данных и данных о сроке действия регистрационного свидетельства ЭЦП услугополучателя или данных одноразового пароля на портале (1,5 мин);

      8) условие 2 – проверка срока действия регистрационного свидетельства и подлинности ЭЦП услугополучателя или проверочного кода одноразового пароля (30 сек);

      9) процесс 6 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой электронной государственной услуге в связи с не подтверждением подлинности ЭЦП услугополучателя или проверочного кода одноразового пароля (30 сек – 1 мин);

      10) процесс 7 – подписание посредством ЭЦП услугополучателя или использования одноразового пароля, в случае регистрации и подключения абонентского номера услугополучателя, предоставленного оператором сотовой связи, к учетной записи портала, заполненной формы (введенных данных) запроса на оказание электронной государственной услуги и направление запроса через ШЭП в госреестр (30 сек – 1 мин);

      11) условие 3 – проверка (обработка) запроса в госреестре (30 сек – 1 мин);

      12) процесс 8 – формирование сообщения об отказе в запрашиваемой услуге в связи с отсутствием запрошенных данных (30 сек);

      13) процесс 9 – получение услугополучателем результата оказания услуги (справка либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении государственной услуги в форме электронного документа), сформированного госреестром (не более 30 сек).

      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным приказом Министра финансов РК от 01.06.2018 № 559 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги, а также описание порядка взаимодействия с иными услугодателями и (или) Государственной корпорацией отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги, согласно приложениям 1 и 2 к настоящему регламенту.

      Сноска. Пункт 6 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2016 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования).

  Приложение 1
к регламенту государственной услуги
"Выдача из реестра государственного
имущества справки арендаторам
(доверительным управляющим)
государственного имущества по
заключенным с ними договорам аренды
(доверительного управления),
содержащей сведения о начислениях по
договору, пене и поступившим платежам
в государственный бюджет"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Выдача из Реестра государственного имущества справки
арендаторам (доверительным управляющим) государственного
имущества по заключенным с ними договорам аренды
(доверительного управления), содержащей сведения о начислениях
по договору, пене и поступившим платежам в государственный
бюджет" через Государственную корпорацию

      Сноска. Приложение 1 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2016 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования).
     


     

  Приложение 2
к регламенту государственной услуги
"Выдача из реестра государственного
имущества справки арендаторам
(доверительным управляющим)
государственного имущества по
заключенным с ними договорам аренды
(доверительного управления), содержащей
сведения о начислениях по договору, пене
и поступившим платежам в
государственный бюджет"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги
"Выдача из Реестра государственного имущества справки
арендаторам (доверительным управляющим) государственного
имущества по заключенным с ними договорам аренды
(доверительного управления), содержащей сведения о начислениях
по договору, пене и поступившим платежам в государственный
бюджет" посредством веб-портала "электронного правительства"
www.egov.kz

      Сноска. Приложение 2 в редакции приказа Министра финансов РК от 19.02.2016 № 74 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его официального опубликования).
     


  Приложение 3
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 29 мая 2015 года № 333

Регламент государственной услуги
"Принятие Республикой Казахстан прав на имущество
негосударственных юридических лиц и физических лиц по договору
дарения в порядке, определяемом Правительством Республики
Казахстан"

      Сноска. Приложение исключено приказом Министра финансов РК от 31.01.2018 № 91 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).