Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 595 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11543 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 404 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 тіркелген) бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (М.Н. Иғалиев) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2015 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                               Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы       
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 25 мамырдағы       
№ 595 бұйрығымен         
бекітілген             

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығына және «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10130 тіркелген) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістерін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзімде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауынан) тұрады.
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі «қанағаттанарлықсыз» деген баға алуы оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады.
      Аттестаттауды өткізу туралы шешімді қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      7. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      8. Қызметшінің қорытынды бағасын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Жауапты хатшысы, ал Комитеттерде және олардың аумақтық бөлімшелерінде – тиісінше Комитеттің төрағасы және аумақтық бөлімшенің басшысы бекітетін тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітеді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2015 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Комиссия кемінде үш мүшеден, оның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы:
      орталық аппаратта - Министрліктің Жауапты хатшысы;
      комитеттерде - төраға;
      аумақтық бөлімшелерінде - басшы болып табылады.
      Комиссия хатшысы персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды жүргізу кестесін әзірлейді.
      Персоналды басқару қызметі бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіні туралы хабарлайды және оларға толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тікелей басшының бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы тұлғалар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын тұлғаның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізімін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда айналмалы бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасын есептейді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен бағалау жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – «қанағаттанарлықсыз»,
      21-ден 33 балға дейін – «қанағаттанарлық»,
      33 балл және одан жоғары – «тиімді».

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда, Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен мынадай жағдайларда бағаны түзетеді:
      1) егер қызметшінің қызмет тиімділігі бағалау нәтижесінен көп болса, бұл ретте қызметшінің қызмет нәтижесіне құжаттамалық растау ұсынылады;
      2) қызметшінің бағалау нәтижесін санауда қате жіберілсе.
      Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған күннен соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда, персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт жасайды.
      23. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      24. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2015 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды;
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2015 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Қабылданған шешім туралы ақпаратты персоналды басқару қызметі екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2015 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрлігінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік 
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау   
әдістемесіне 1-қосымша

Тікелей басшының бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда):
______________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

р/с

Критерий

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

1.

Бастамашылығы

2-ден 5-ке дейін


2.

Лауазымды міндеттерін орындау сапасы

2-ден 8-ге дейін


3.

Әрекеттестікке икемділігі

2-ден 5-ке дейін


4.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы):



Таныстым:
Қызметші (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) _____________
күні_________________________
қолы_________________________

Тікелей басшы (Тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда)
________________________________
күні ___________________________
қолы ___________________________

Қазақстан Республикасы 
Инвестициялар және даму
министрлігінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік 
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау   
әдістемесіне 2-қосымша

Айналмалы бағалау парағы

Бағаланатын қызметшінің Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда):
_____________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________

р/с№

Критерий

Көрсеткіштің мәні (саны)

Баға (балл)

Бағынышты адам

1.

Жұмысты жоспарлай алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Жұмысқа ынталандыру қабілеті

2-ден 5-ке дейін


3.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы):


Әріптесі

1.

Топта жұмыс істей алу қабілеті

2-ден 5-ке дейін


2.

Қызметтік этиканы сақтауы

2-ден 5-ке дейін


3.

Лауазымдық міндеттерін орындау сапасы

2-ден 5-ке дейін



Барлығы (барлық бағалардың бағасы):



Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және даму 
министрлігінің «Б» корпусы
мемлекеттік әкімшілік  
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалаудың    
әдістемесіне 3-қосымша  

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 29.09.2015 № 948 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
                   (мемлекеттік органның атауы)

Қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Тікелей басшының бағасы

Айналмалы баға

Қорытынды баға

1









Комиссия қорытындысы:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тексерген:

Комиссия хатшысы: _______________________ Күні: _____________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: _____________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Комиссия мүшесі: ________________________ Күні: _____________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)

Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 25 мая 2015 года № 595. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июля 2015 года № 11543. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2016 года № 404

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 28.04.2016 № 404 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 27 Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих, утвержденных Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и пунктом 2 Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б», утвержденной приказом председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 «Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10130), ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемую Методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      2. Департаменту кадровой работы Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Игалиев М.Н.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на ответственного секретаря Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 3 в редакции приказа и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 29.09.2015 № 948 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по
      инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

Утверждена      
приказом Министра по 
инвестициям и развитию
Республики Казахстан 
от 25 мая 2015 года № 595

Методика ежегодной оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса «Б» Министерства по
инвестициям и развитию Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее - Методика) разработана в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 «Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих» и приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2014 года № 86 «Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10130) и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего).
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим двух оценок «неудовлетворительно» в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      7. Служащий, получивший оценку «неудовлетворительно», не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      8. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке (далее – Комиссия), которая создается Ответственным секретарем Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – Министерство), в Комитетах и их территориальных подразделениях – председателем Комитета и руководителем территориального подразделения соответственно.
      Сноска. Пункт 8 в редакции приказа и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 29.09.2015 № 948 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      9. Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является:
      в центральном аппарате - Ответственный секретарь Министерства;
      в комитетах – председатель;
      в территориальных подразделениях - руководитель.
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом (кадровой службы) (далее – служба управления персоналом). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в пункте 4 настоящей Методики, о проведении оценки не позднее одного месяца до проведения оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист непосредственного руководителя по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист круговой оценки по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения от службы управления персоналом.
      16. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется анонимно.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:
      a = b + c
      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – «неудовлетворительно»,
      от 21 до 33 баллов – «удовлетворительно»,
      33 и выше баллов – «эффективно».

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 настоящей Методики.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе в следующих случаях:
      1) если эффективность деятельности служащего превышает результат оценки, при этом представляется документальное подтверждение результатов работы служащего;
      2) при допущении ошибки службой управления персоналом при расчете результата оценки служащего.
      При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Служба управления персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      24. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      Сноска. Пункт 24 в редакции приказа и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 29.09.2015 № 948 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      25. Уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      Сноска. Пункт 25 в редакции приказа и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 29.09.2015 № 948 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      26. Информация о принятом решении представляется службой управления персоналом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы и противодействию коррупции или его территориальный департамент.
      Сноска. Пункт 26 в редакции приказа и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 29.09.2015 № 948 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Приложение 1        
к Методике ежегодной оценки 
деятельности административных
государственных служащих корпуса
«Б» Министерства по инвестициям
и развитию Республики Казахстан

         Оценочный лист непосредственного руководителя

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего:
_______________________________________________________________
Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

1.

Инициативность

от 2 до 5


2.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 8


3.

Способность к сотрудничеству

от 2 до 5


4.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


ИТОГО (сумма всех оценок):



Ознакомлен(а)
Служащий (Фамилия, имя,
отчество (при его наличии)
_____________________________
дата ________________________
подпись _____________________

Непосредственный руководитель
(Фамилия, имя, отчество
(при его наличии)
дата _______________________________
подпись ____________________________

Приложение 2        
к Методике ежегодной оценки 
деятельности административных
государственных служащих корпуса
«Б» Министерства по инвестициям
и развитию Республики Казахстан

                     Лист круговой оценки

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) оцениваемого служащего:
_______________________________________________________________
Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п

Критерий

Значение показателя

Оценка (баллы)

Подчиненный

1.

Умение планировать работу

от 2 до 5


2.

Умение мотивировать к работе

от 2 до 5


3.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5



ИТОГО (сумма всех оценок):


Коллега

1.

Умение работать в команде

от 2 до 5


2.

Соблюдение служебной этики

от 2 до 5


3.

Качество исполнения должностных обязанностей

от 2 до 5



ИТОГО (сумма всех оценок):



Приложение 3             
к Методике ежегодной оценки      
деятельности административных     
государственных служащих корпуса   
«Б» Министерства по инвестициям   
и развитию Республики Казахстан    

      Сноска. Приложение 3 в редакции приказа и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 29.09.2015 № 948 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

               Протокол заседания Комиссии по оценке 
               ____________________________________
              (наименование государственного органа)

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) служащего

Оценка непосредственного руководителя

Круговая оценка

Итоговая оценка

1









Заключение Комиссии:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Проверено:

Секретарь Комиссии: ____________________ Дата: ______________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
Председатель Комиссии: ____________________ Дата: ___________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
Член Комиссии: _____________________ Дата: __________________________
(Фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)