"Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 2 маусымдағы № 351 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11553 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8827 тіркелген, 2014 жылғы 8 наурызда № 47 (28271) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бектілген Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:

      79-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "79. Білім беру ұйымы оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесі болып табылады және:

      1) әкімшілік жазалау шараларына әкеп соғатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын;

      2) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм алудан қасақана жалтаратын;

      3) отбасынан және балалардың оқу-тәрбие ұйымдарынан үнемi кетiп қалатын;

      4) қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын күдікті;

      5) өзге де қоғамға жат iс-әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуді, оқытуды және әлеуметтік оңалтуды қамтамасыз ету үшін құрылады.";

      82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "82. Білім беру ұйымына кәмелетке толмаған соттың шешімі бойынша бір айдан бір жылға дейінгі мерзімге жіберілуі мүмкін. Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары оқу-тәрбие немесе емдеу-тәрбие мекемелері болып табылады және:

      1) қылмыстық құқықбұзушылықтың белгілері бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған;

      2) қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;

      3) қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын күдікті он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің, оқытудың және әлеуметтік оңалтудың ерекше жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында құрылады.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар соттың шешімі бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі. Кәмелетке толмаған күдікті өмiр сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерiнде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (З. Оразалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы З.Ж. Оразалиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов


О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 375 "Об утверждении Типовых правил деятельности по видам общеобразовательных организаций (начального, основного и общего среднего образования)"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 2 июня 2015 года № 351. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июля 2015 года № 11553. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2021 года № 614.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра образования и науки РК от 29.12.2021 № 614 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 375 "Об утверждении Типовых правил деятельности по видам общеобразовательных организаций (начального, основного среднего и общего среднего образования)" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8827, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 8 марта 2014 года № 47 (27668)), следующие изменения:

      в Типовых правилах деятельности организаций образования по условиям организации обучения, утвержденные указанным приказом:

      пункт 79 изложить в следующей редакции:

      "79. Организации образования являются учебно-воспитательными или лечебно-воспитательными учреждениями и создаются в целях обеспечения воспитания, обучения и социальной реабилитации несовершеннолетних в возрасте от одиннадцати до восемнадцати лет:

      1) систематически совершающих правонарушения, влекущие меры административного воздействия;

      2) злостно уклоняющихся от получения начального, основного среднего и общего среднего образования;

      3) систематически совершающих самовольные уходы из семьи и детских учебно-воспитательных организаций;

      4) несовершеннолетних подозреваемых по условиям жизни и воспитания которые не могут быть оставленными в прежнем месте жительства на период производства по уголовному делу;

      5) совершающих иные антиобщественные действия.";

      пункт 82 изложить в следующей редакции:

      "82. В организацию образования несовершеннолетний определяется по решению суда сроком от одного месяца до одного года. В случаях, когда несовершеннолетний подозреваемый, который по условиям жизни и воспитания не может быть оставлен в прежнем месте жительства, он по постановлению органа, ведущего уголовный процесс, при участии органов опеки и попечительства может быть помещен для проживания на период производства по уголовному делу в организацию образования.";

      пункт 94 изложить в следующей редакции:

      "94. Организации образования с особым режимом содержания являются учебно-воспитательными или лечебно-воспитательными учреждениями и создаются в целях обеспечения особых условий воспитания, обучения и социальной реабилитации несовершеннолетних в возрасте от одиннадцати до восемнадцати лет:

      1) совершивших общественно опасные деяния, содержащие признаки уголовного правонарушения;

      2) освобожденных от уголовной ответственности;

      3) несовершеннолетних подозреваемых по условиям жизни и воспитания которые не могут быть оставленными в прежнем месте жительства на период производства по уголовному делу.";

      пункт 97 изложить в следующей редакции:

      "97. В организацию образования с особым режимом содержания несовершеннолетние направляется на срок от шести месяцев до двух лет по решению суда. В случаях, когда несовершеннолетний подозреваемый, который по условиям жизни и воспитания не может быть оставлен в прежнем месте жительства, он по постановлению органа, ведущего уголовный процесс, при участии органов опеки и попечительства может быть помещен для проживания на период производства по уголовному делу в организацию образования с особым режимом содержания.".

      2. Комитету по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан (Оразалиева З.Ж.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан официальное опубликование настоящего приказа;

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на председателя Комитета по охране прав детей Оразалиеву 3.Ж.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


образования и науки


Республики Казахстан

А. Саринжипов