Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 493 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11554 тіркелді.

      "Ғарыш қызметi туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә.Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      ___________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы 29 мамыр



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 493 бұйрығымен
бекітілген

Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ғарыш қызметі туралы" 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу тәртібі

      2. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) ағымдағы және перспективалық ұшқыш басқаратын бағдарламалардың қажеттіліктерінен туындайтын ұшқыш басқаратын ғарыш аппараттарында ұшуға дайындық үшін жүргізеді.

      3. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді ұйымдастыру және жүргізу үшін уәкілетті орган жанынан арнайы комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады. Комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуді жүргізу кезеңінде әрекет етеді.

      4. Комиссия Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеудің мерзімін, басталуы мен аяқталуын белгілейді.

      5. Комиссияның құрамына ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушы кіре алмайды.

      6. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге келесі талаптар қойылады:

      1) Қазақстан Республикасының жасы 18-ге толған және 40-тан аспаған азаматы болуы;

      2) жоғары білімінің болуы тиіс.

      Сот шешімі бойынша заңды күшіне енген іске қабілетсіз немесе іске қабілеті шектеулі деп танылған, сондай-ақ осы тармақпен белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін азаматтар ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберілмейді;

      7. Комиссия осы Қағидаларға сәйкес іріктеу басталғанға дейін бір ай ішінде мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу туралы хабарландыру орналастырады.

      Іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

      1) іріктеудің жүргізілетін күні мен орны;

      2) іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар;

      3) іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдаудың басталған және аяқталған күні.

      Іріктеуге қатысу үшін құжаттар қабылдау ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу басталған күнінен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.

      8. Іріктеуге қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

      1) уәкілетті орган басшысының атына еркін нысанда жазылған өтініш;

      2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

      3) түйіндеме;

      4) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      5) жоғарғы білімі туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      7) № 086/У нысандағы медициналық анықтама;

      8) психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің анықтамалары.

      9. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға тілек білдірген азаматтардан құжаттар қабылдауды, тіркеуді және сақтауды уәкілетті орган жүзеге асырады. Іріктеуге қатысушылардың осы Қағидалардың 6-тармағына және ұсынылатын құжаттар 8-тармақтың талаптарына сәйкес келмеген кезде, уәкілетті орган ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыдан құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттар пакеті қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

      10. Уәкілетті орган іріктеуге қатысушылардың осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарына сәйкес келетін құжаттарын Комиссия қарауына жолдайды. Ұсынылған құжаттар негізінде Комиссия тұлғаның ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысу үшін жіберілгендігі туралы құжаттарды қабылдау аяқталған соң, бес жұмыс күн ішінде шешім қабылдайды.

      11. Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен күнінен бастап, Комиссия ұсынылған құжаттарды күнтізбелік он күн ішінде қараудан кейін ішінде қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

      12. Комиссия қатысушылармен әңгімелесу жүргізген кезде Заңды білуін тексереді, сондай-ақ қатысушылардың жалпы білім деңгейі мен білгірлігін айқындайды.

      13. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасы берген дауыс шешуші болып табылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқанда заңды деп саналады.

      Комиссияның ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушылары туралы шешімі хаттама түрінде ресімделеді, оған Комиссияның барлық мүшелері мен Комиссия хатшысы қол қояды.

      14. Комиссияның ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушылары туралы шешімі негізінде уәкілетті органмен жасалған шарттар мен келісімдерге сәйкес уәкілетті орган қатысушыларды ғарышкерлерді даярлау орталықтары жүргізетін медициналық тексеруге жолдайды.

      15. Іріктеу рәсімдері аяқталғаннан кейін Комиссия ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушылармен жүргізілген әңгімелесу, медициналық тексеру нәтижелерін талдауды жүзеге асырады және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу нәтижелері бойынша он күн ішінде уәкілетті органға жолданатын қорытындыны қабылдайды.

      16. Уәкілетті орган Комиссия ұсынған қорытындыны күнтізбелік он күн ішінде қарайды және ғарышкерлікке кандидаттардың тізімін бекіту туралы шешім қабылдайды.

      17. Уәкілетті органның іріктелген кандидаттар және ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу шарттарынан өтпеген кандидаттар бойынша шешімі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

      Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен, ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыларға күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган бекіткен ғарышкерлікке кандидаттар тізімімен қоса хат жіберіледі. Осы Қағидалардың 15 тармағының талаптары бойынша ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өтпеген, ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуге қатысушыларға күнтізбелік он күн ішінде уәкілетті орган шешімінің хаттамасымен қоса дәлелді бас тарту жіберіледі

3. Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру тәртібі

      18. Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесі уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен осы Қағидалардың 2-ші бөлімі белгілеген тәртіппен ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен және ғарышкер біліктілігін алу үшін даярлыққа жіберілген тұлғаларға беріледі.

      19. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғарышкерлікке кандидаттардың тізімін ол бекітілген сәттен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы ұсыныспен қоса ұсынады.

      20. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы ұсынысты қарайды және аталған тұлғаларға Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы шешімді қабылдайды.

      21. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының ғарышкерлігіне кандидат мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бір ай ішінде ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеуден өткен тиісті тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі туралы хат түрінде хабарлайды.

4. Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру тәртібі

      22. Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:

      1) Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы еркін нысанда жазылған өтінішті;

      2) нотариат куәландырған ғарышкерлерді даярлау орталықтары беретін ғарышкердің біліктілігін куәландыратын құжаттың көшірмесі ұсынуы тиіс.

      23. Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен, уәкілетті органның ұсынысы бойынша ғарышкерлерді даярлау орталықтарында жалпы ғарыштық даярлау курстарын аяқтағандығы жөнінде ғарышкер куәлігін алған Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы ғарышкерлерінің қажетті санын ағымдағы және перспективалық ұщқыш басқаратын бағдарламалардың қажеттілігі негізінде ұшқыш басқаратын ғарыш аппараттарының барлық типтерінде ұшуға дайындық үшін қарайды және белгілейді.

      24. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматынан өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімінің жобасымен қоса, оған Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді.

      25. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы ұсынысты қарайды және аталған тұлғаға Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы шешім қабылдайды.

      26. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының ғарышкері мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап бір ай ішінде аталған тұлғаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімі туралы хат түрінде хабарлайды.

  Ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу
және ғарышкерлікке кандидат,
ғарышкер мәртебесін беру қағидаларына
қосымша

      Нысан

ҒАРЫШКЕРЛІККЕ КАНДИДАТТЫҢ САУАЛНАМАСЫ

3х4

фото

      1. Тегі, аты, әкесінің аты:_________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      бұрын басқа тегі, аты, әкесінің аты болған жағдайда оларды, оларды қашан және қайда ауыстырғандығы туралы жазу

      2. Туған күні, айы, жылы ___________________________________________

      3. Жынысы __________________________________________________________

      4. Туған жері ______________________________________________________

      республика, облыс, елді мекен

      5. Тұрғылықты (тіркелген) жері _____________________________________

      индекс, республика, облыс,

      ____________________________________________________________________

      елді мекен, көше, үй, корпус, пәтер, телефон

      6. Азаматтығы ____________________________________ Егер осымен қатар басқа елдің азаматтығын иемденген болса, қай ел екендігі туралы жазу

      ____________________________________________________________________

      7. Негізгі құжат, жеке куәлігі, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

      сериясы _____ нөмірі ___________ "___" ___________ 20___жылы берілді

      ____________________________________________________________________

      кім бергені көрсетілсін

      8. Ғарышкерлер жасағына кіру мақсаты _______________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Білімі __________________________________________________________

      10. Жұмыстағы кезеңіңізде (оқудағы, қызметтегі) мемлекеттік құпияларға жатқызылған аса маңызды немесе аса құпия мәліметтерге рұқсат ресімделді ме?

      ____________________________________________________________________

      (болса, ұйымның қандай бағытында және қай жылы)

      11. Шетелге шығуға кедергі болатын шарттық, келісімшарттық міндеттемелеріңіз бар ма?

      ____________________________________________________________________

      (болса, ұйымның қандай бағытында және қай жылы ресімделген)

      12. Әскери қызметке қатысы _________________________________________

      13. Жасалған қылмыс үшін сотталдыңыз ба немесе айыпталушы ретінде шақырылдыңыз ба?

      ____________________________________________________________________

      14. Сот шешімімен салынған міндеттемелерден жалтарып жүрген жоқсыз ба? ________________________________________________________________

      15. Жақын туыстар туралы мәліметтер:

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні, айы,жылы және жері






















      16. Еңбек кітапшасынан соңғы 10 жылдағы еңбек қызметі туралы үзінді (оқу орындарындағы оқуы мен әскери қызметті қоса):

Айы және жылы

Толық көрсетілген лауазымы және жұмыс орны

Министрліктер (ведомстволар) қысқартылмай көрсетілген жұмыс орындары мен лауазымдары, оның ішінде қарулы күштердің түрі мен әскери бөлімшенің нөмірі

Кәсіпорын, мекеме, ұйым, әскери бөлімнің орналасқан жері (мекенжайы)

Кіру

Шығу




































































      ӨТІНІШТЕ ЖАЛҒАН МӘЛІМЕТТЕР ЖАЗҒАНЫМ НЕМЕСЕ ҚОЛДАН ЖАСАНДЫ ҚҰЖАТТАР ҰСЫНҒАНЫМ ҮШІН ЗАҢНАМАДА БЕЛГІЛЕНГЕН ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАТЫНДЫҒЫМ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТІЛДІМ

      20__ жылғы _________ "___" (өтініш берушінің қолы)

Об утверждении Правил отбора кандидатов в космонавты и присвоения статуса кандидата в космонавты, космонавта

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 493. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июля 2015 года № 11554.

      Об утверждении Правил отбора кандидатов в космонавты и присвоения статуса кандидата в космонавты, космонавта

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О космической деятельности", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила отбора кандидатов в космонавты и присвоения статуса кандидата в космонавты, космонавта.

      2. Аэрокосмическому комитету Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Мусабаев Т.А.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение 10 рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев


      "СОГЛАСОВАН"

      Министр здравоохранения и

      социального развития

      Республики Казахстан

      ______________ Т. Дуйсенова

      от 29 мая 2015 года


      Утверждены

      приказом Министра по инвестициям

      и развитию Республики Казахстан

      от 28 апреля 2015 года № 493

      Правила отбора кандидатов в космонавты и присвоения статуса кандидата в космонавты, космонавта

      1. Общие положения


      1. Настоящие Правила отбора кандидатов в космонавты и присвоения статуса кандидата в космонавты, космонавта (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года "О космической деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок осуществления отбора кандидатов в космонавты и присвоения статуса кандидата в космонавты, космонавта.

      2. Порядок отбора кандидатов в космонавты

      2. Отбор кандидатов в космонавты проводится уполномоченным органом в области космической деятельности (далее – уполномоченный орган) из потребностей текущей и перспективной пилотируемых программ для подготовки к полетам на пилотируемых космических аппаратах.

      3. Для организации и проведения отбора кандидатов в космонавты создается специальная комиссия при уполномоченном органе (далее – Комиссия). Комиссия действует на период проведения отбора кандидатов в космонавты.

      4. Комиссия устанавливает сроки, начало и окончание отбора кандидатов в космонавты.

      5. В состав Комиссии не может входить участник отбора кандидатов в космонавты.

      6. Для отбора кандидатов в космонавты устанавливаются следующие требования:

      1) быть гражданином Республики Казахстан, не моложе 18 лет и не старше 40 лет;

      2) иметь высшее образование.

      Граждане признанные недееспособными или ограниченно дееспособными по решению суда, вступившим в законную силу, а также не соответствующие требованиям, установленным настоящим пунктом к участию в отборе кандидатов в космонавты не допускаются.

      7. Комиссия в соответствии с настоящими Правилами за один месяц до начала отбора размещает объявление о начале отборе кандидатов в космонавты в периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      Объявление о проведении отбора должно содержать следующие сведения:

      1) дату и место проведения отбора;

      2) требования, предъявляемые к участникам отбора;

      3) дату начала и окончания приема документов для участия в отборе.

      Прием документов для участия в отборе заканчивается по истечении пятнадцати календарных дней со дня начала отбора кандидатов в космонавты.

      8. Для участия в отборе необходимо представить следующие документы:

      1) заявление в произвольной форме на имя руководителя уполномоченного органа;

      2) заполненная анкета по форме согласно приложению к настоящим Правилам;

      3) резюме;

      4) автобиография, изложенная в произвольной форме;

      5) копии документов о наличии высшего образования, заверенные нотариально;

      6) копия документа, удостоверяющего личность;

      7) медицинская справка формы № 086/У;

      8) справки с психоневрологического и наркологического диспансеров.

      9. Прием, регистрацию и хранение документов от граждан, желающих принять участие в отборе кандидатов в космонавты, осуществляет уполномоченный орган. При несоответствии участников отбора требованиям пункта 6 и представляемых документов требованиям пункта 8 настоящих Правил уполномоченным органом отказывается в приеме документов и дается мотивированный ответ в письменном виде в течение трех рабочих дней после получения пакета документов.

      10. Уполномоченный орган направляет документы участников отбора, соответствующие требованиям пунктов 6 и 8 настоящих Правил на рассмотрение Комиссии. На основании представляемых документов Комиссия в течение пяти рабочих дней со дня окончания приема документов принимает решение о допуске лица к участию в отборе кандидатов в космонавты.

      11. После рассмотрении представленных документов Комиссия в течение десяти календарных дней со дня утверждения списка лиц, допущенных к участию в отборе кандидатов в космонавты проводит собеседование с участниками.

      12. При проведении Комиссией собеседования с участниками проверяются знания Закона, также определяется общий уровень образования и эрудиции участников.

      13. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием простым большинством голосов от общего числа членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя Комиссии является решающим. Заседание Комиссии считается правомочным при участии не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.

      Решение Комиссии об участниках отбора кандидатов в космонавты оформляется в виде протокола, который подписывается всеми членами Комиссии и секретарем Комиссии.

      14. На основании решения Комиссии об участниках отбора кандидатов в космонавты участники направляются уполномоченным органом на прохождение медицинского обследования, которое проводится центрами подготовки космонавтов в соответствии с контрактами и соглашениями, заключенными уполномоченным органом.

      15. По окончании процедур отбора Комиссия осуществляет анализ результатов собеседования, медицинского обследования участников отбора кандидатов в космонавты и принимает заключение по результатам отбора кандидатов в космонавты, которое в течение десяти дней направляется в уполномоченный орган.

      16. Уполномоченный орган в течение десяти календарных дней рассматривает заключение, представленное Комиссией, и принимает решение об утверждении списка кандидатов в космонавты.

      17. Решение уполномоченного органа по отобранным кандидатам в космонавты и не прошедшим условий отбора кандидатов в космонавты публикуется на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      Участникам отбора кандидатов в космонавты, прошедшим отбор кандидатов в космонавты, в течение десяти календарных дней высылается письмо с приложением утвержденного уполномоченным органом списка кандидатов в космонавты. Участникам отбора кандидатов в космонавты, не прошедшим отбор кандидатов в космонавты по требованиям пункта 15 настоящих Правил, в течение десяти календарных дней направляется мотивированный отказ с приложением протокола решения уполномоченного органа.

      3. Порядок присвоения статуса кандидата в космонавты Республики

      Казахстан

      18. Статус кандидата в космонавты Республики Казахстан присваивается лицам, прошедшим отбор кандидатов в космонавты, в порядке установленным главой 2 настоящих Правил, и направленным на подготовку для получения квалификации космонавта, по представлению уполномоченного органа решением Правительства Республики Казахстан.

      19. Уполномоченный орган в течение одного месяца с момента утверждения списка кандидатов в космонавты представляет его в Правительство Республики Казахстан с предложением присвоения статуса кандидатов в космонавты Республики Казахстан.

      20. Правительство Республики Казахстан рассматривает представление о присвоении статуса кандидатов в космонавты Республики Казахстан и принимает решение о присвоении указанным лицам статуса кандидата в космонавты Республики Казахстан.

      21. В течение одного месяца с момента принятия Правительством Республики Казахстан решения о присвоении статуса кандидатов в космонавты Республики Казахстан уполномоченный орган уведомляет в письменном виде соответствующих лиц, прошедших отбор кандидатов в космонавты, о соответствующем решении Правительства Республики Казахстан.

      4. Порядок присвоения статуса космонавта Республики Казахстан

      22. Для получения статуса космонавта Республики Казахстан гражданину Республики Казахстан необходимо представить в уполномоченный орган следующие документы:

      1) заявление в произвольной форме о присвоении статуса космонавта Республики Казахстан;

      2) копию документа, удостоверяющего присвоение квалификации космонавта, выданную центрами подготовки космонавтов и заверенную нотариально.

      23. Статус космонавта Республики Казахстан присваивается гражданам Республики Казахстан, получившим по окончании курса общей космической подготовки в центрах подготовки космонавтов удостоверение космонавта, по представлению уполномоченного органа решением Правительства Республики Казахстан.

      Необходимое количество космонавтов Республики Казахстан рассматривается и устанавливается уполномоченным органом, исходя из потребностей текущей и перспективной пилотируемых программ для подготовки к полетам на всех типах пилотируемых космических аппаратов.

      24. Уполномоченный орган в течение пятнадцати календарных дней с момента получения заявления от гражданина Республики Казахстан вносит предложение в Правительство Республики Казахстан о присвоении ему статуса космонавта Республики Казахстан с приложением соответствующего проекта решения Правительства Республики Казахстан.

      25. Правительство Республики Казахстан рассматривает представление о присвоении статуса космонавта Республики Казахстан и принимает решение о присвоении указанному лицу статуса космонавта Республики Казахстан.

      26. В течение одного месяца с момента принятия Правительством Республики Казахстан решения о присвоении статуса космонавта Республики Казахстан уполномоченный орган уведомляет в письменном виде указанное лицо о соответствующем решении Правительства Республики Казахстан.

      Приложение

      к Правилам отбора кандидатов

      в космонавты и присвоения статуса

      кандидата в космонавты, космонавта

      Форма

      АНКЕТА КАНДИДАТА В КОСМОНАВТЫ


Фото

3х4


Фото

3х4

Фото

3х4




      1. Фамилия, имя, отчество:___________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      если ранее имели другие фамилию, имя, отчество, укажите их, когда

      меняли их и где

      2. Число, месяц, год рождения _______________________________________

      3. Пол ______________________________________________________________

      4. Место рождения____________________________________________________

      республика, область, населенный пункт

      5. Место жительства (регистрации)____________________________________

      _____________________________________________________________________

      индекс, республика, область, населенный пункт

      _____________________________________________________________________

      улица, дом, корпус, квартира, телефон

      6. Гражданство_______________________________________________________

      Если одновременно имеется гражданство другого государства,

      указывается какого именно

      _____________________________________________________________________

      7. Основной документ, удостоверение личности, паспорт гражданина

      Республики Казахстан

      серия_____номер__________Выдан "___"__________20___года______________

      _____________________________________________________________________

      указать, кем выдан

      8. Цель поступления в Отряд

      космонавтов__________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      9. Образование ______________________________________________________

      10. Был ли на Вас за период работы (учебы, службы) оформлен допуск к

      сведениям особой важности или совершенно секретным сведениям,

      отнесенным к государственной тайне?

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (если да, то по линии какой организации и в каком году)

      11. Имеете ли Вы договорные, контрактные обязательства,

      препятствующие выезду за границу?

      _____________________________________________________________________

      (если да, то с какой организацией и в каком году оформлены)

      12. Отношение к воинской службе______________________________________

      13. Осуждены ли Вы были за совершение преступления либо привлекались

      в качестве обвиняемого?______________________________________________

      14. Не уклоняетесь ли Вы от исполнения обязательств, наложенных

      судом? ______________________________________________________________

      15. Сведения о близких родственниках:

Фамилия, имя, отчество

Число, месяц, год и место рождения






















      16. Выписка из трудовой книжки о трудовой деятельности за последние 10 лет (включая учебу в учебных заведениях и военную службу):

Месяц и год

Должность и место работы с указанием Министерства (ведомства), без сокращений, в том числе номер войсковой части, вида и рода войск вооруженных сил

Местонахождение (адрес) предприятия, учреждения, организации, войсковой части

Поступления

Увольнения






















































      Я ПРЕДУПРЕЖДЕН, ЧТО СООБЩЕНИЕ ЛОЖНЫХ СВЕДЕНИЙ В ЗАЯВЛЕНИИ ИЛИ

      ПРЕДСТАВЛЕНИЕ ПОДДЕЛЬНЫХ ДОКУМЕНТОВ ВЛЕЧЕТ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ,

      УСТАНОВЛЕННУЮ ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВОМ

"__" ______________ 20 ___ года

(подпись заявителя)