Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы № 332 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 шілдеде № 11588 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 192 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.03.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-60) тармақшасына сәйкес, БҰЙРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің жете тексеруді ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      ___________ Н.Ә. Әбіқаев

      2015 жылғы 13 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е.А. Досаев

      2015 жылғы 25 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ.Н. Қасымов

      2015 жылғы 11 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 332 бұйрығымен
бекітілген

Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң жете
тексерудi ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң жете тексерудi ұйымдастыруы бойынша Сертификаттық талаптар (бұдан әрі – Сертификаттық талаптар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 1-бабы 41-60) тармақшаларына сәйкес әзірленді және әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметтеріне жете тексеруді ұйымдастыру бойынша сертификаттық талаптарды белгілейді.

      2. Осы Сертификациялық талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкiлеттi орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар – экипаж мүшелерін, жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, оның ішінде жолаушылардың заттарын, жүктерін, пошталарды, борттық қорларды, әуе кемесінің жете тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бір бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы қондырғылар.

2. Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң жете тексерудi
ұйымдастыруы бойынша сертификаттық талаптар

      3. Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметi (бұдан әрі – АҚҚ) сәйкес келетін АҚҚ-ны жете тексерудi ұйымдастыруы бойынша сертификатын алу үшін, сертификаттық талаптар өз ішіне мыналарды қосады:

      1) Заңның 14-бабы 1-тармағының 41-51) тармақшаларына сәйкес бекітілген АҚҚ туралы үлгі ережеге сәйкес әзірленген, бірінші басшымен бекітілген әуежайдың АҚҚ туралы ережені;

      2) әуежайдың бірінші басшысы бекіткен әуежайдың АҚҚ құрылымы мен штат кестесінің бар болуын;

      3) әуежайдың бірінші басшысымен бекітілген әуежайдың авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаны;

      4) Заңның 107-бабының 6 тармағының талаптарына сәйкес жете тексеру кезінде қолданатын техникалық құралдарды;

      5) "Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасына сәйкес әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің авиациялық қауіпсіздігі жайында даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің авиациялық қауіпсіздік жөніндегі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 бұйрығына (№ 9543 нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімдемесінде тіркелген) сәйкес әзірленген әуежайдың АҚҚ даярлау және қайта даярлау бағдарламаны;

      6) жете тексеру инспекторлары және олардың басшыларында кәсіби дайындықты өткені туралы тиісті сертификаттардың болуын;

      7) "Авиациялық қауіпсіздікті сақтау сапасын бақылау жүргізу қағидаларына бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 436-қбп қаулысына сәйкес әзірленген авиациялық қауіпсіздік шараларының сапасын ішкі бақылау бағдарламаны;

      8) қауіптер мен тәуекелдерді бағалау бағдарламаны;

      9) "Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік бойынша Нұсқаулықты (бағдарламаны) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973-қбп қаулысының талаптарына сәйкес әзірленген әуежайлардың АҚҚ-ның қызметтік және тұрмыстық үй-жайларын;

      10) жете тексеру байланыс құралдарымен, жарықпен, турникеттермен, дабыл қағу жүйесімен, жеке тұлғаларды стационарлық техникалық жете тексеру құралдарымен жабдықталған бақылап-өткізу пунктін (бұдан әрі - БӨП);

      11) "Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік бойынша Нұсқаулықты (бағдарламаны) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 тамыздағы № 973-қбп қаулысының талаптарына сәйкес әуе кеменің бортында қару-жарақтарды тасымалдау туралы нұсқаулықты;

      12) әуежайдың бірінші басшысымен бекітілген электрэнергияның өшірілген немесе жете тексеруге арналған жабдығы бұзылған жағдайда, АҚҚ персоналының іс-қимылы жөніндегі ңұсқаулықты;

      13) стационарлық және қол металл іздегіштермен, рентген-телевизиялық қондырғылармен, портативті металл іздегіштермен жабдықталған ұшуалды жете тексеру пунктерді, сондай-ақ бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен жабдықталған жете тексеру пункттерінде жүргізіледі, ондағы ақпарат күнтізбелік 30 күн ішінде сақталады;

      14) дербес жете тексеру жүргізуге арналған үй-жайды (кабина);

      15) жолаушыларға қызмет көрсету үшін ыңғайлы орындауды ұшу алдында жете тексеру пунктерінің маңында орналасқан қару-жарақты, оқ-дәрілерді және оған патрондарды қабылдауға (беруге), тексеруге және ресімдеуге арналған үй-жайды;

      16) жете тексеру кезінде жолаушылардан алынған әуемен тасымалдауға тыйым салынған қауіпті құралдар мен заттарды уақытша сақтауға арналған үй-жайды;

      17) оған қатынау қатаң бақыланатын жолаушыларды ұшуалды жете тексеру пункті мен әуе кемесі арасындағы аймақты;

      18) жолаушыларды тіркеу аймақтарында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі арнайы ақпараты бар плакаттар ілінеді, онда мыналар көрсетіледі:

      әуе көлігінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен құралдардың тізбесі;

      әуе кемелерінде қару-жарақты, оқ-дәрілерді, арнайы құралдарды, радио, фото және бейне аппаратураны, электрондық-есептеу және теледидар техникасын тасымалдау тәртібі, сондай-ақ қол жүгін тасымалдаудың шекті нормалары;

      19) жете тексерістен өтпеген жолаушылардан және шығарып салушылардан тексеруден өткен жолаушылармен қарым қатынасты болдырмау үшін жете тексеру қоршалған пункттері;

      20) әуежайдың бірінші басшысымен жолаушыларды, қол жүгін, әуе кемелерін экипаждарының мүшелерін және авиаперсоналды ұшу алды жете тексерудің бекітілген технологиясы, ол мыналарды қамтиды:

      әрбір жете тексеру пунктін персоналмен жабдықтау (жолаушыларды ұшу алды жете тексеру пунктінде персонал саны кемінде 4 маман болуы тиіс), ауысым ішінде жұмыс орындарында тұрақты орын ауыстыруын жүзеге асыру;

      жолаушының жеке заттарын жете тексеру тәртібі (техникалық құралдарды пайдалана отырып, жолаушылардың сырт киімін, бас киімдерін, аяқ киімін, белбеулерін, соңғысының жұмысқа қабілеттілігін келтіре отырып, компьютерлік және тұрмыстық техниканы міндетті жете тексеру);

      сұйықтықтарды, аэрозольдер мен гельдерді жете тексеру тәртібі;

      заттарды жете тексеру немесе қолмен жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану кезінде күдікті заттар табылған кездегі іс-әрекеттер тәртібі;

      іріктеу тексерулеріне қатысты талаптар (жолаушылардың кемінде 10 % іріктеп қолмен жете тексеруге тартылады);

      ішкі істер органдармен өзара іс-қимыл тәртібі;

      ресми делегациялар залы арқылы өтетін жолаушыларды жете тексеру рәсімдері;

      транзитпен немесе тарнсферлік рейспен өтетін жолаушыларды жете тексеру тәртібі;

      жолаушыларды жете тексеру карталарын ресімдеу тәртібі;

      заттарды жете тексеру пунктінде тәркіленген заттарды ресімдеу, сақтау, иесіне қайтару және жою қағидалары;

      заңсыз араласу актісін жасау қауіптілігінің жоғары деңгейінің кезеңінде жете тексеруді жүргізу тәртібі;

      21) әуежайдың бірінші басшысымен бекітілген қолжүкті, жүкті, поштаны және борт қорларын жете тексеру технологиясы, ол мыналарды қамтиды:

      әуе кемесінің бортына орналастырылатын барлық заттарды толық жете тексеру талабы;

      рентген жабдығында немесе багажды, жүкті, поштаны жеке жете тексеруде күдікті заттар табылған кезде іс-қимыл тәртібі;

      жүк бөлігінде тасымалданатын трансферттік жүкке қатысты қағидалар;

      багаждың жолаушыларға тиістілігін белгілеу тәртібі;

      багажды, жүкті және борт жабдығын (борт қорларын) жете тексеру карталарын ресімдеу және олардың қозғалу тәртібі;

      жете тексеруден өткен жүктерді нөмір жапсырмаларымен таңбалау тәртібі;

      жете тексеру рәсімінен өткен борттағы бажсыз сауда-саттық үшін борт жабдығы және тауарлары бар контейнерлерді жеткізу тәртібі;

      22) әуежайдың бірінші басшысымен бекітілген әуежайдың зарарсыздандырылған аймағында тұрған бажсыз сауда-саттық дүкендеріне түсетін тауарларды жете тексеру жөніндегі нұсқаулық;

      23) багажды, жүкті, поштаны және борт қорларын жете тексеру байланыс құралдарымен, ескерту дабылымен, апатты жарықпен және электр жабдығымен, стационарлық техникалық жете тексеру құралдарымен, рентгентеледидар интроскоптарымен, сондай-ақ бейнебақылау және бейнежазба жүйесімен жабдықталған жете тексеру пункттерінде жүргізіледі, ондағы ақпарат күнтізбелік 30 күн ішінде сақталады.

Об утверждении сертификационных требований по организации досмотра службой авиационной безопасности аэропорта

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 332. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 8 июля 2015 года № 11588. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 30 марта 2023 года № 192.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 30.03.2023 № 192 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 41-60) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые сертификационные требования по организации досмотра службой авиационной безопасности аэропорта.

      2. Комитету гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

Ж. Касымбек

      "СОГЛАСОВАНО"

      Председатель Комитета

      национальной безопасности

      Республики Казахстан

      ___________ Абыкаев Н.А.

      13 мая 2015 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      ___________ Досаев Е.А.

      25 мая 2015 года

      СОГЛАСОВАНО"

      Министр внутренних дел

      Республики Казахстан

      ___________ Касымов К.Н.

      11 июня 2015 года



  Утверждены
приказом исполняющего обязанности
Министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 26 марта 2015 года № 332

Сертификационные требования
по организации досмотра службой авиационной безопасности
аэропорта
1. Общие положения

      1. Настоящие Сертификационные требования по организации досмотра службой авиационной безопасности аэропорта (далее - Сертификационные требования) разработаны в соответствии с подпунктом 41-60) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года "Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации" (далее - Закон) и устанавливают сертификационные требования по организации досмотра к службам авиационной безопасности аэропортов.

      2. Термины и определения, используемые в настоящих сертификационных требованиях:

      1) уполномоченный орган в сфере гражданской авиации (далее – уполномоченный орган) - центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство в области использования воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности гражданской и экспериментальной авиации;

      2) технические средства, применяемые при досмотре - специальные устройства, предназначенные для использования самостоятельно или как часть какой-либо системы при осуществлении досмотра пассажиров, ручной клади, груза, багажа, почты, бортовых запасов, членов экипажей воздушных судов, авиационного персонала.

2. Сертификационные требования по организации досмотра службой
авиационной безопасности аэропорта

      3. Сертификационные требования, которым должна соответствовать служба авиационной безопасности аэропорта (далее – САБ аэропорта) для получения сертификата по организации досмотра САБ аэропорта, включает наличие:

      1) положения о САБ аэропорта, утвержденное первым руководителем и разработанное в соответствии с типовым положением о службе авиационной безопасности, утверждаемым в соответствии с подпунктом 41-51) пункта 1 статьи 14 Закона;

      2) структуры и штатного расписания САБ аэропорта, утвержденных первым руководителем аэропорта;

      3) программы по авиационной безопасности аэропорта, утвержденной первым руководителем аэропорта;

      4) технических средств, применяемых при досмотре в соответствии с требованиями пункта 6 статьи 107 Закона;

      5) программы подготовки и переподготовки по авиационной безопасности САБ аэропорта, разработанной согласно приказа исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 3 июня 2014 года № 347 "Об утверждении Программы подготовки и переподготовки специалистов служб авиационной безопасности, должностных лиц уполномоченного органа в сфере гражданской авиации по вопросам авиационной безопасности и безопасности полетов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9543);

      6) сертификатов о прохождении профессиональной подготовки у инспекторов досмотра и их руководителей;

      7) программы внутреннего контроля качества мер авиационной безопасности, разработанной в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 апреля 2011 года № 436 дсп "Об утверждении Правил проведения контроля качества за соблюдением авиационной безопасности";

      8) программы оценки угроз и рисков;

      9) служебных и бытовых помещений САБ аэропорта в соответствии с требованиями постановления Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2011 года № 973 дсп "Об утверждении Инструкции (программы) по авиационной безопасности Республики Казахстан";

      10) контрольно-пропускных пунктов (далее - КПП), оборудованных средствами связи, освещением, турникетами, системой тревожной сигнализации, стационарными техническими средствами досмотра, рентгено-телевизионными установками;

      11) инструкции по перевозке на борту воздушного судна оружия, боеприпасов в соответствии с требованиями постановления Правительства Республики Казахстан от 27 августа 2011 года № 973 дсп "Об утверждении Инструкции (программы) по авиационной безопасности Республики Казахстан";

      12) инструкции по действиям персонала САБ в случае отключения электроэнергии или поломки оборудования для досмотра, утвержденной первым руководителем аэропорта;

      13) пунктов предполетного досмотра, оборудованных стационарными металлоискателями, рентгено – телевизионными установками, портативными металлоискателями, а также системой видеонаблюдения и видеозаписи, информация на которых сохраняется в течение 30 календарных дней;

      14) помещений (комнат) для проведения личного досмотра;

      15) помещения (комнаты) для приема (выдачи), проверки и оформления оружия, боеприпасов и патронов к нему, которое располагается вблизи пунктов предполетного досмотра в местах, удобных для обслуживания пассажиров;

      16) помещения для временного хранения изъятых у пассажиров при досмотре запрещенных к воздушной перевозке опасных предметов и веществ;

      17) зон между пунктами предполетного досмотра пассажиров и воздушными суднами, доступ к которым строго контролируется;

      18) плакатов со специальной информацией по авиационной безопасности в зонах регистрации пассажиров, в которых указываются:

      перечень опасных веществ и предметов, запрещенных к перевозке на воздушном транспорте;

      порядок перевозки на воздушных судах оружия, боеприпасов, специальных средств, радио-, фото- и видеоаппаратуры, электронно-вычислительной и телевизионной техники, а также допустимые нормы провоза ручной клади;

      19) ограждения на пунктах досмотра, для исключения контактов пассажиров, прошедших досмотр с пассажирами, не прошедшими досмотр, или провожающими;

      20) технологии предполетного досмотра пассажиров, ручной клади, членов экипажей воздушных судов и авиационного персонала, утвержденной первым руководителем аэропорта, которая включает:

      укомплектованность персонала каждого пункта досмотра (численность персонала на пункте предполетного досмотра пассажиров должна быть не менее 4 специалистов), порядок регулярной ротации на рабочих местах в течение смены;

      порядок досмотра личных вещей пассажира (обязательный досмотр верхней одежды, головных уборов, обуви, ремней пассажиров, компьютерной и бытовой техники с имитацией работоспособности с использованием технических средств);

      порядок досмотра жидкостей, аэрозолей и гелей;

      порядок действий при обнаружении подозрительных предметов с использованием технических средств, применяемых при досмотре или ручном досмотре вещей;

      требования в отношении выборочных проверок (не менее 10 % пассажиров подвергаются выборочному ручному досмотру);

      порядок взаимодействия с органами внутренних дел;

      процедуры досмотра пассажиров, следующих через зал официальных делегаций;

      порядок досмотра пассажиров, следующих транзитом или трансфертными рейсами;

      порядок оформления карт досмотра пассажиров;

      правила оформления, хранения, возврата владельцу и уничтожения, конфискованных на пункте досмотра предметов;

      порядок проведения досмотра в период повышенной степени риска совершения акта незаконного вмешательства;

      21) технологии досмотра багажа, груза, почты и бортовых запасов, утвержденной первым руководителем аэропорта, которая включает:

      требование полного досмотра всех предметов, помещаемых на борт воздушного судна;

      порядок действий при обнаружении подозрительных предметов на рентгеновском оборудовании или физическом досмотре багажа, груза, почты;

      правила, касающиеся перевозимого в грузовом отсеке трансфертного багажа;

      порядок установления принадлежности багажа пассажирам;

      порядок оформления и движения карт досмотра багажа, груза и бортового питания (бортовых запасов);

      порядок маркировки номерными стикерами грузов, прошедших досмотр;

      порядок доставки на борт воздушного судна контейнеров с бортовым питанием и товарами для беспошлинной торговли, прошедших процедуры досмотра;

      22) инструкции по досмотру товаров, поступающих в магазины беспошлинной торговли, находящихся в стерильной зоне аэропорта, утвержденной первым руководителем аэропорта;

      23) пунктов досмотра багажа, груза, почты и бортовых запасов, оборудованных средствами связи, тревожной сигнализацией, аварийным освещением и электроснабжением, стационарными техническими средствами досмотра, рентгено – телевизионными установками, а также системой видеонаблюдения и видеозаписи, информация на которых сохраняется в течение 30 календарных дней.