Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 83 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11653 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 63) тармақшасына, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 52-3-бабына, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 5 қазанда "Заң газеті" газетінде № 144 (1960) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі – жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрi – ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, заемдарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған қымбат металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.

      Осы Нұсқаулықтың 4, 7, 9, 10 және 11-тараулары исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.".

      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 83 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2024 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 68 "Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета отдельными субъектами финансового рынка"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 83. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 июля 2015 года № 11653.

      Сноска. Заголовок - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 24.12.2024 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 63) части второй статьи 15 Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан", статьи 52-3 Закона Республики Казахстан "О страховой деятельности", подпунктом 2) пункта 6 статьи 20 Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности", Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Национального Банка РК от 24.12.2024 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 68 "Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета отдельными субъектами финансового рынка" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7121, опубликованное 5 октября 2011 года в газете "Юридическая газета" № 144 (2134)) следующее изменение:

      в Инструкции по ведению бухгалтерского учета отдельными субъектами финансового рынка, утвержденной указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Настоящая Инструкция детализирует ведение бухгалтерского учета операций по размещению собственных денег во вклады, займы, ценные бумаги, производные инструменты, аффинированные драгоценные металлы, иностранную валюту, операций хеджирования, а также операций РЕПО и обратного РЕПО единым накопительным пенсионным фондом, добровольными накопительными пенсионными фондами (далее – накопительные пенсионные фонды), организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, страховыми (перестраховочными) организациями, исламскими страховыми (перестраховочными) организациями, обществами взаимного страхования, страховыми брокерами, профессиональными участниками рынка ценных бумаг, специальными финансовыми компаниями, акционерными инвестиционными фондами и микрофинансовыми организациями (далее – организация).

      Действие глав 4, 7, 9, 10 и 11 настоящей Инструкции не распространяется на исламские страховые (перестраховочные) организации.".

      2. Исключен постановлением Правления Национального Банка РК от 24.12.2024 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Департаменту бухгалтерского учета (Рахметова С.К.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения

      (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Галиеву Д.Т.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов


  Утверждена постановлением
Правления Национального
Банка Казахстана
Республики Казахстан
от 27 мая 2015 года № 83

Инструкция по ведению бухгалтерского учета операций по страхованию и перестрахованию исламскими страховыми (перестраховочными) организациями и филиалами исламских страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан

      Сноска. Инструкция исключена постановлением Правления Национального Банка РК от 24.12.2024 № 85 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).