"Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-43) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К. Сейдахметов):
1) осы бұйрықтың заңнамада бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесі мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Қасымов Қ Н. __________________
2015 жылғы 8 маусым
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлiктің жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көлiктiң жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынымдарын ескере отырып, "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына және азаматтық авиация саласындағы басқа да нормативтiк-құқықтық актiлерге сәйкес әзірленді.
Осы Қағидалар жолаушыға, багажға, жүктерге және әуе кемелеріне қызмет көрсету, сондай-ақ әуеайлақты әуе кемелерінің ұшуына дайындау кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар:
1) әуе кемесінің тұрақ орны – перронда бөлінген, әуе кемесінің тұрағына арналған учаске;
2) ұшып көтерілу-қону жолағы – әуе кемелерiнiң ұшып көтерілуі мен қонуына дайындалған құрлық әуеайлағындағы белгiлi бiр тiк бұрышты учаске;
3) арнайы көлік қызметі – азаматтық авиация ұйымының әуе кемелеріне техникалық және коммерциялық қызмет көрсетуді, әуеайлақты пайдаланып ұстауды, сондай-ақ басқа да шаруашылықішілік жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ететін және осы мақсаттар үшін техниканың қажетті саны, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу үшін өндірістік ғимараттар мен жабдықтары бар құрылымдық бөлімшесі;
4) күрделi жөндеу – бұйымның базалық бөлшектерін қоса алғанда, оның кез келген бөлшегін ауыстырып немесе қалпына келтіріп, оның жарамдылығын қалпына келтіру және ресурстарын толық немесе толық дерлік қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;
5) коммерциялық қызмет көрсету – әуе кемесiмен тасымалдау кезiнде багажға, жүкке, жолаушыларға, авиапоштаға белгіленген төлем үшін қызмет көрсету;
6) құны арзан техникалық мүлiк – негiзгi құралдардан (автокөлiктен, жұмыс машиналары мен механизмдерден) басқа тауарлық-материалдық құндылықтар;
7) иесiздендірілмеген жөндеу әдiсi – қалпына келтiрiлген құрамдас бөлшектердің бұйымның белгiлi бiр данасына тиесілілігі сақталатын жөндеу әдiсi;
8) иесiздендірілген жөндеу әдiсi – қалпына келтiрiлген құрамдас бөлшектердің бұйымның белгiлi бiр данасына тиесілігі сақталмайтын жөндеу әдiсi;
9) шұғыл тұрақ – әуеайлақтағы жасанды жабыны бар, арнайы жабдықталған жұмыс объектілеріне қызмет көрсету үшін қажетті, ақаусыз жүрiп жүрген және май құйылған арнайы көлiктер тұрағына арналған алаң;
10) техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) кезеңділігі – техникалық қызмет көрсетудің (жөндеудің) белгiлi бiр түрi мен келесi немесе бұдан да күрделi басқа түрі арасындағы уақыт немесе атқарылатын жұмыс аралығы. Техникалық қызмет көрсету (жөндеу) түрi деп мына белгiлердiң бiрi: қолданылу кезеңi, кезеңдiлiгi, жұмыс көлемi, пайдалану шарттары, т.б. арқылы ерекшеленетiн техникалық қызмет көрсету (жөндеу) түсініледі;
11) кезеңдiк техникалық қызмет көрсету – пайдалану құжаттарында белгiленген атқарылатын жұмыс мәні немесе уақыт аралығы арқылы орындалатын техникалық қызмет көрсету;
12) өлшеу құралдарын тексеру – өлшеу құралдарының белгiленген техникалық талаптарға сәйкестiгiн айқындау және растау мақсатында мемлекеттiк метрологиялық қызмет немесе соған уәкiлеттiк берілген басқа органдар орындайтын операциялар жиынтығы;
13) толассыз техникалық қызмет көрсету әдiсi – арнаулы жұмыс орындарында белгiлi бiр техникалық дәйектiлiкпен және ырғақпен техникалық қызмет көрсетуді орындау;
14) өндiрiстiк санитария – зиянды өндiрiстiк факторлар әсерінің алдын алатын ұйымдастырушылық, гигиеналық және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар мен құралдар жүйесi;
15) желідегі жұмыс – жұмыс объектілерінде арнайы көліктермен орындалатын жұмыстар кешенi;
16) жөндеу – бұйымның жарамдылығын немесе жұмысқа қабілетін қалпына келтіру және бұйымдардың немесе олардың құрамдас бөлшектерінің ресурстарын қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені;
17) маусымдық техникалық қызмет көрсету – бұйымды күзгі-қысқы немесе көктемгі-жазғы шарттарда пайдалануға дайындау үшін орындалатын техникалық қызмет көрсету;
18) арнайы көлiк қызметi – азаматтық авиация ұйымының әуе кемелерiне техникалық және коммерциялық қызмет көрсетуді, әуеайлақты пайдалану жағдайында күтіп ұстауды, сондай-ақ шаруашылықiшiлік басқа да жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ететін және осы мақсат үшiн қажеттi техника саны, өндiрiстiк ғимараттары мен арнайы көлікке техникалық қызмет көрсетуге және оны жөндеуге арналған жабдығы бар құрылымдық бөлiмшесi;
19) арнайы көлік – әуе кемелерiне техникалық, коммерциялық қызмет көрсету, ұшуды радиомен, жарықпен және техникалық қамтамасыз ету, әуеайлақтарды пайдалану жағдайында күтіп ұстау үшiн және әуежайдағы басқа да жұмыстар үшін жұмыс органдарымен (құрылғылармен) жарақталған, автокөлiк немесе трактор шассиiне орнатылған, өздiгiнен жүретiн техникалық құрал;
20) жөндеудiң агрегаттық әдiсi – жөндеудiң иесiздендірілген әдiсi, мұнда бұзылып қалған агрегаттар жаңасымен немесе алдын ала жөнделгенiмен ауыстырылады. Агрегат дегенiмiз толық өзара алмасу қасиеттерi бар, еркiн құрастырылған және әр түрлi мақсаттағы бұйымдарда белгiлi бiр функцияларды орындайтын құрастыру бiрлiгi;
21) техникалық диагностикалау – диагностикалау объектісінің техникалық жай-күйін белгілі бір дәлдiкпен айқындау үдерісі. Қажет болған жағдайда бұзылған жерлерді, оның түрi мен себептерін көрсете отырып, объектінің техникалық жай-күйі туралы қорытынды (диагностикалау) нәтижесi болып табылады;
22) техникалық қызмет көрсету – арнайы көлікті мақсаты бойынша пайдаланған, күткен, сақтаған және тасымалдаған кезде бұйымның жұмысқа қабілетін немесе жарамдылығын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар кешені немесе операциялар;
23) ағымдағы жөндеу – бұйымның жұмысқа қабілетін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөлшектердi ауыстырудан және (немесе) қалпына келтiруден тұратын жөндеу;
24) қауiпсiздiк техникасы – жұмыс iстеп тұрған қауiптi өндiрiстiк факторларға әсердің алдын алатын ұйымдық және техникалық іс-шаралар мен құралдар жүйесi;
25) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласын тұрақты дамытуды, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 473 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Арнайы көлiк қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
1) технологиялық кестелер бойынша әуе кемелерiне уақтылы әрі сапалы техникалық қызмет көрсетуді жүргізу жөнiндегi жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ету;
2) технологияға сәйкес әуе кемелерiне коммерциялық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ету;
3) әуе кемелерiне авиациялық жанар-жағармай құю, сондай-ақ әуе кемелерiнiң бактарынан жанар-жағармайды құйып алу жөніндегі жұмыстарды арнайы көлікпен қамтамасыз ету;
4) әуеайлақты пайдалану үшін күтіп ұстау жөнiндегi жұмыстарды әуеайлақ механизмдерiмен қамтамасыз ету;
5) авиациялық-техникалық мүлiктi, шаруашылық жүктерін тасымалдауды және азаматтық авиация ұйымындағы көлiк жұмыстарының басқа түрлерiн жүзеге асыру;
6) трассаларда, әуеайлақтарда, авиациялық жұмыстардың, ұшуды авариялық құтқарумен қамтамасыз ету аймақтарында әуе кемелерiмен радиобайланысты ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды арнайы көліктермен, сырқат жолаушыларға шұғыл қызмет көрсетуді жүргізу, ұшу қауiпсiздiгiн медициналық қамтамасыз ету және авиациялық оқиғаларды тергеу үшiн автофургондармен қамтамасыз ету;
7) осы Қағидалардын талаптарына сәйкес өндiрiстiк қызметтi ұйымдастыру және жүзеге асыру;
8) арнайы көлікті, жабдықты, пайдалану және жөндеу материалдарын тiкелей мақсаты бойынша және осы қағидаларға сәйкес тиiмдi әрі ұтымды пайдалануды жүзеге асыру;
9) арнайы көлікті дұрыс техникалық пайдалану мен жөндеудi ұйымдастыру;
10) қызметтегi арнайы көліктердің барлығын техникалық дұрыс пайдалануды, күтіп ұстауды (сақтауды) және жөндеудi ұйымдастыру және жүзеге асыру;
11) арнайы көлiк қызметiнiң жеке құрамын пайдалануға түскен жаңа техниканы игеруге даярлау, арнайы көлікті пайдалану мен жөндеу саласындағы жетістіктерді, өнертабыстарды енгiзу;
12) азаматтық авиация ұйымдарының жоспарлау органдарымен бiрлесіп, арнайы көліктерді пайдалану жоспарларын жасауға және шаруашылықiшілiк есептi арнайы көлiк қызметiнiң барлық салаларына енгiзуге қатысу;
13) арнайы көлікті пайдалану кезiнде осы Қағидаларың және Зауыт қағидаланың талаптарын сақтау, белгiленген есеп пен есептілікті жүргiзу, қосалқы бөлшектердi, автошиналарды, жанар-жағармай материалдарын және басқа автотрактор мүлкін дұрыс пайдалану;
14) арнайы көлікті пайдаланудың өзiндiк құнын азайту, жөндеуаралық мерзiмдi ұлғайту жөнiндегі іс-шараларды өткiзу, белгiленген тәртiппен техниканы күрделi жөндеуге, оларды уақтылы өткiзуді қамтамасыз етуге арналған өтінім-жоспарлар жасау;
15) арнайы көлік жұмысын бақылауды қамтамасыз ету, олардың қауiпсiз жұмыс iстеуiн ұйымдастыру және желідегі жүргiзушiлерге уақтылы техникалық көмек көрсету;
16) арнайы көлiк қызметiнің кiнәсiнен әуе кемелерімен болатын жол-көлiк оқиғаларына, зақымдану жағдайларына және олардың ұшуының кідіруіне қарсы күрес жөнiндегi ұсыныстарды талдау, әзірлеу және іске асыру;
17) арнайы көлiк қызметi жұмыскерлерінің техникалық, экономикалық және мәдени деңгейiн ұдайы арттырып отыру, жеке құрамның белгiленген талаптарды орындауын қамтамасыз ету, еңбек тәртiбiн қатаң сақтау;
18) жеке құрамның абыройлы борыш сезiмi мен сенiп тапсырылған техника үшін жауаптылығын қалыптастыру және өндiрiстiк тапсырмаларды орындау.
2. Арнайы көліктің тұрақ орындары
4. Арнайы көлікті сақтауды жабық үй-жайларда, төбесі қалқаланған немесе ашық алаңдарда жүзеге асыруға болады. Бұл ретте төмендегiдей шарттар сақталуға тиiс:
1) жұмыс сипатына қарай дереу шығуға үнемi әзір тұру талап етілетін автобустар мен жеңiл автомобильдер, сондай-ақ арнайы көлік жабық үй-жайлардағы тұрақ орындарымен бiрiншi кезекте қамтамасыз етілуге тиіс;
2) отын және майқұйғыш көлiктер, жылжымалы отын құю агрегаттары, сондай-ақ сұйық отын тасымалдауға арналған автоцистерналар ашық, төбесі қалқаланған алаңдарда немесе тiкелей сыртқа шығатын есiгi бар бiр қабатты ғимараттардың оқшауланған үй-жайларында сақталуға тиіс;
3) ассенизациялық автомобильдер, сондай-ақ улы заттарды тасымалдайтын арнайы көлік басқа мақсаттағы арнайы көліктен бөлек қойылуға тиiс;
4) ауа және азот құйғыштар, сондай-ақ басқа газ баллонды арнайы көлік төбесi қалқаланған немесе ашық алаңдарда бөлек қойылуға тиiс.
5. Арнайы көлікті сақтау тәсiлдерi жылдың кез келген мезгiлiнде олардың сақталуы мен тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуi тиiс. Осы мақсатта климат жағдайлары осылайша талап ететiн жерлерде арнайы көлікті ашық алаңдарда, төбесі қалқаланған жерлерде немесе от жағылмайтын үй-жайларда сақтаған кезде қозғалтқыштарды iске қосар алдында жылытуға арналған жабдық көзделуге тиiс.
6. Арнайы көлікті тұрақ орындарына орналастырылу тәртiбiн арнайы көлiк қызметiнiң бастығы айқындайды. Тұрақ орындарына және қызмет көрсету бекеттеріне орналастыру кезінде арнайы көлік пен ғимараттардың және үй-жайлардың элементтері арасында құрылыс нормаларында белгiленген аралық сақталуға тиiс.
7. Тұрақ орындарында отын, жағармай, сүрту және басқа материалдарды сақтауға жол берілмейді.
8. Консервациядағы арнайы көліктердің тұратын орны арнайы көлiк қызметiнің өндiрiстiк-техникалық базасының аумағында жабдықталады және ол қоршалып, күзетiлуге тиiс.
9. Шұғыл тұрақтарға тек жарамды, отын құйылған және пайдалануға әзір арнайы көліктер орналастырылады. Қызмет көрсету мен жөндеудi талап ететiн арнайы көлік үшiн бөлек жайлар немесе ашық алаңдар берiлуi тиiс.
10. Шұғыл қызмет көрсету аймағында арнайы көлікті орналастыру схемасы әрбiр әуежайда ұшу-қону жолағының, жерде жүргізу жолының, тұратын орнының, перрондардың, әуеайлақ құрылыстарының аумақтық орналасу ерекшелiгi мен мөлшері жасанды жабыны бар арнайы алаңдардың болуын есепке ала отырып жасалуы тиiс.
11. Арнайы көліктердің қозғалысы үшін қауiптi тұрақтар мен аймақтарда тәулiктiң кез келген уақытында анық көрiнетiн бiрыңғай үлгiдегi жол белгiлерi қойылуы тиiс. Жол белгiлерi әуе кемелерi қозғалысының толық қауiпсiздiгiн сақтауды есепке ала отырып орналастырылады.
12. Арнайы көліктер тұратын жерлер шұғыл байланыс құралдарымен жабдықталуы тиiс.
13. Шұғыл қамтамасыз ету аймағында арнайы көліктер тұратын жерлер құрылыс нормалары мен ережелерге сәйкес жүргiзушiлер құрамына арналған тазалық-тұрмыстық бөлмелермен, сондай-ақ күнделiктi қызмет көрсететiн алаңдармен және арнайы бөлмелермен жабдықталуы тиiс.
14. Арнайы көлік жұмысын шұғыл басқаруды жүргiзушiлермен радио арқылы байланыс жасай алатын қызметтердің диспетчерлерi жүзеге асырады.
3. Арнайы көлікті желіге шығару
15. Арнайы көлікті желіге шығаруға дайындауды арнайы көлiк қызметiнiң инженер-техник және жүргiзушiлер құрамы жүзеге асырады және ол мыналарды қамтиды:
1) күнделiктi техникалық қызмет көрсетудi Зауыт қағидалары мен арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету жөнiндегi қолданыстағы нұсқаулардың талаптарына сәйкес орындау;
2) гаражға келген соң бақылап тексеру кезiнде және желіге шығарда (ауысымды өткiзгенде) анықталған ақауларды жою;
3) арнайы көлікке жанар-жағар май материалдарын және арнайы сұйықтықтар құю;
4) қозғалтқыштар мен арнайы көлік жүйесiн іске қосу және тексеру;
5) белгiленген құжаттаманы ресiмдеу.
16. Осы Қағидалары талаптарына сәйкес қажетті құжаттамасы бар жүргiзушi медициналық байқаудан өткен соң, сондай-ақ арнайы көлікті желіге шығаруға дайындау жұмыстарын орындаған соң оны тексерiп байқауға ұсынады.
17. Арнайы көлікті желіге шығаруды колонна механигi жүзеге асырады, ол арнайы көлікті тексерiп байқайды және оның техникалық жарамдылығын жол парағына немесе формулярға өз қолын қойып куәландырады.
18. Желіге шығар алдында арнайы көліктің техникалық жай-күйін тексеру үшiн қарау шұңқырлары, эстакадалары, жарығы бар арнайы орындар жабдықталады. Колонна механигiнде арнайы көліктің техникалық жай-күйін анықтау және тексеру үшiн қажеттi аспаптар мен керек-жарақтар болуы тиiс (1-қосымша).
19. Желіге шығар алдында арнайы көлікті тексерiп байқау кезiнде әуе кемесiнiң қозғалыс қауiпсiздiгiне және қызмет көрсетуге әсер ететiн агрегаттар мен тораптардың жарамдылығына, сондай-ақ спидометрдiң пломбалану жағдайына және оның көрсеткіштерінің жол қағазындағы жазбаларымен сәйкес келуiне ерекше көңiл бөлiнедi (2-қосымша).
Ақауы бар, әуе кемесiнiң қозғалысы мен техникалық қызмет көрсетуге қауiп төндiретiн арнайы көлікті пайдалануға жол берiлмейдi.
Ұшу-қону жолағындағы және жерде жүру жолдарындағы жұмыстарға арналған арнайы көліктер, егер жарқылдақ оттары, радиостанция және сүйретпелi қондырғылары болмаса, пайдалануға жiберiлмейдi.
20. Арнайы көлік желіден қайтып келгенде және оларды ауысым бойынша өткiзгенде колонна механигi:
1) негiзгi шасси мен арнайы құрал-жабдықтардың жарамдылығын тексередi;
2) жол парағына спидометр көрсеткiшiн және арнайы көліктің жолдан қайтып келген уақытын (ауысым өткiзу) қояды;
3) арнайы көліктерді жөндеуде пайда болған ақауларды жоюды ұйымдастырады және жөндеу аймағына тапсырысты ресiмдейдi;
4) жол парағына арнайы көліктердің жолдан келу (ауысым өткiзу) дерегiн қол қою арқылы бекiтедi. Арнайы көліктердің және арнайы құрал-жабдықтардың барлық ақаулары туралы колонна бастығына баяндайды және ауысым қабылдау-өткiзу журналына жазады.
4. Арнайы көлікті пайдалану
21. Арнайы көлікті пайдалану инженер-техникалық және ұйымдастыру шаралары жүйесiн қамтиды, ол:
1) ең аз еңбек шығындары мен материалдық қорларды қолдана отырып, арнайы көліктерді тиiмдi пайдалануды;
2) белгiленген сақтық қор және жұмысқа жарамды мерзiм барысында арнайы көліктердің берiлген сипатын сақтауды қамтамасыз етедi.
22. Арнайы көліктің нақты түрлерiн пайдалану ерекшелiктерi Шығарушы зауыт қағидаларында, сондай-ақ пайдалану жөнiндегi қолданыстағы нұсқаулықтарда анықталады.
23. Арнайы көлікті пайдалануды жүзеге асыратын адамдардың тиiстi теориялық және практикалық даярлығы болуы, техникалық сипаттаманы, жұмыс қағидалары мен пайдаланылатын техниканың және жекелеген агрегаттардың құрылысын, арнайы көліктерді пайдалану жөнiндегi нұсқауларды, жұмыс тәртiбiн, белгiленген шектеулердi, көктемгi-жазғы және күзгi-қысқы кезеңде, сондай-ақ ерекше жағдайларда пайдалану ерекшелiктерiн бiлуi тиiс.
24. Арнайы көліктерді техникалық пайдалану үдерiсiнде арнайы көлiк қызметiн жөндеу шеберханасының жеке құрамы техникалық қызмет көрсетудi, мерзiмдi жұмыстарды және машиналарды ағымдағы жөндеуден өткiзедi.
Жүргiзушiлер құрамы, механиктер, бригадирлер арнайы көліктерге техникалық қызмет көрсету мен оларды пайдалануды жүзеге асырады, арнайы көліктердің тiкелей мақсатта пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз етедi, әуе кемесiне уақытында және сапалы қызмет көрсетуге жауапты болады.
25. Инженерлiк-техникалық құрам арнайы көлiк қызметiнiң барлық учаскелеріндегі жұмыстарды бақылайды, өндiрiстiк жоспарлар мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етедi.
26. Азаматтық авиация ұйымының арнайы көліктерінің техникалық жағдайы мен пайдаланылуы, олардың мазмұны мен қызмет көрсетуі мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
1) арнайы көлік қызметінің, азаматтық авиация ұйымының басшылары жүргізетін бақылау мақсатындағы тексеру;
2) техникалық қарап-тексеру;
3) уәкілетті ұйымның және/немесе әуежайдың комиссияларының тексеруі.
Арнайы көлікті байқауды жүргiзу жөнiндегi негiзгi ережелер осы Қағидаларының 5, 6-қосымшаларында берiлген.
Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 473 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Жаңа, сондай-ақ күрделi жөндеуден өткен арнайы көліктер мен механизмдер шығарушы зауыт пен жөндеу кәсiпорындарының техникалық шарттарының талаптарына сәйкес жүргiзiп байқаудан өтуi тиiс.
28. Арнайы көлікті жүргiзiп байқау кезiнде оның барлық тораптары мен агрегаттарын бақылау-өлшеу аспаптарының көмегiмен сынап көру жүргiзiледi, оның көрсеткiштерi сол тораптың немесе агрегаттың техникалық пайдалану сипатына сәйкес келуi тиiс.
29. Жүргiзiп байқау кезiнде арнайы көліктер ең төменгі жүктемемен және қозғалыстың төменгi жылдамдығында пайдаланылуы тиiс. Өту қиын жолдарда, көктайғақ кезiнде, сондай-ақ тiркеме жабдықтарымен бiрге жүргiзiп байқауға жол берілмейді.
30. Есептен шығару мерзiмi аяқталмаған құрал-жабдықтарды бөлшектеу арқылы арнайы көліктерді бiр үлгіден (жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге жатпайтын) екiншiсiне қайта жабдықтау және босатылған шассиге немесе басқа арнайы құрал-жабдықтарға орнату ерекше жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен жүргiзiледi.
31. Амортизациялық ресурсын аяқтаған арнайы жабдықты есептен шығару және бөлшектеуден кейін арнайы көліктердің бір үлгісін екіншісіне қайта жабдықтау (жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге жатпайтын) заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
5. Арнайы көліктерді пайдалану тәртiбi
32. Әуе кемелерiн пайдалануға және әуеайлақты күтіп ұстауға байланысты азаматтық авиация ұйымының қызметтерiн арнайы көліктермен қамтамасыз ету жоспарланған жұмыс көлемiн есепке ала отырып жасалатын Арнайы көліктерді бөлу табелiне сәйкес, сондай-ақ арнайы көліктер мен жүргiзушiлер құрамының нақты санына байланысты жүргiзiледi. Арнайы көліктерді бөлу табелi жылына екi рет көктемгi-жазғы және күзгi-қысқы дайындық кездерiнде жасалады, оны азаматтық авиация ұйымының жетекшiсi бекiтедi.
33. Азаматтық авиация ұйымының шаруашылық мұқтаждары үшін арнайы көлік қажеттілігі арнайы көлік қызметіне алдыңғы күнгі сағат 15.00-ден кешiктiрiлмей берiлген өтінім хаттардың негiзiнде қанағаттандырылады. Өтінімдердің негiзiнде арнайы көлік қызметінің мүмкiндiктерiн есепке ала отырып шаруашылық тасымалдаудың әр күнiне машина бөлу жоспары жасалады, оған арнайы көлiк қызметiнің бастығы қол қояды және әуежайдың бас инженерi (бастықтың жердегi қызмет жөнiндегi орынбасары) бекiтедi.
34. Ерекше жағдайларда (авариялар, дүлей апаттар және т.б.) арнайы көлік жұмыстардың жүргізілуі үшін жауапты лауазымды адамның талабы бойынша арнайы көлiк қызметiнің бастығына баяндай отырып, арнайы көлiк қызметiнің диспетчерi арқылы бөлiнедi.
35. Арнайы көліктің желіге уақытында шығуын бақылауды арнайы көлiк қызметiнің диспетчерi, ауысым бастығы (ауысым инженерi) жүзеге асырады (5-қосымша).
36. Әуежайдың басқа қызметiне бөлiнетін арнайы көлік олардың жұмысын ұйымдастыруға, мақсатына орай бағыт бойынша уақытында және ұтымды пайдалануға, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға бақылау жасайтын қызметке тiкелей бағынысты болады. Азаматтық авиация ұйымының жүргiзушiлерi мен машиналарын iссапарға жiберу тәртiбiн азаматтық авиация ұйымының бастығы белгiлейдi.
37. Пайдаланушы қызмет кiнәсiнен агрегаттар, арнайы құрал-жабдықтар және керек-жарақтар сынған жағдайда осы қызмет өкiлi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
38. Арнайы көлiк қызметi:
1) арнайы көлік бөлудiң бекiтiлген табелiне сәйкес басқа қызмет өтінімдерінің уақытында және толық орындалуын;
2) әуе кемесiне техникалық және коммерциялық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстардың сапалы және уақытында орындалуын әрі авиажолаушыларға жоғары мәдени қызмет көрсетудiң қамтамасыз етілуін;
3) арнайы көліктің техникалық жарамдылығын және олардың қосымша құралдармен жарақталуын;
4) жүргiзушiлер құрамының арнайы көліктің осы үлгісіндегі жұмысқа даярлығын;
5) жүргізушілер құрамы мен тракторшылардың арнайы көлік пен механизмдердің бекiтiлген үлгілерінде жұмыс iстеуге, әуе кемесi мен авиажолаушыларға қызмет көрсетуге, әуеайлақтарды пайдалану жағдайында күтіп ұстауға даярлығын бақылайды.
39. Барлық арнайы көліктерді әуежай қызметтерi аса тиiмдi және тек тiкелей мақсатта белгiленген жұмыс көлемi шеңберiнде ғана пайдалануы тиiс.
6. Арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру, әуе кемелерінің
бұзылуын және жол-көлiк оқиғаларын болдырмау жөніндегі
іс-шаралар
40. Әуежайлардағы арнайы көліктер жұмысын ұйымдастыру әуе кемесiне уақытында әрi сапалы қызмет көрсетуге, жерде олардың бұзылуын болдырмауға, әуеайлақтарды пайдалануға әзір ұстауға және жол-көлiк апатының алдын алуды қамтамасыз етуге бағытталған.
41. Арнайы көлікпен әуе кемесiне қызмет көрсету және әуеайлақты дайындау жұмыстарын орындау кезінде азаматтық авиация саласындағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық құжаттар мен осы Қағидалары азаматтық авиация ұйымдарының жұмыстарды жүргізу тәртiбi мен өзара iс қимылын, әуеайлақтағы арнайы көлік қозғалысын ұйымдастыру, әуе кемесiнiң ақауы мен жол-көлiк оқиғасының алдын алу жөнiндегi шаралар айқындалған талаптары қатаң сақталуы тиiс.
42. Әуеайлақтағы арнайы көліктердің пайдаланылуын ұйымдастыруды және ұшу алаңындағы жұмыстарды орындау кезiнде ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуді бақылау әуежайдың жердегi құрылысты пайдалану және құрылыс жөнiндегi бастығының орынбасарына жүктеледi.
43. Азаматтық авиация ұйымы қызметiне бөлiнген арнайы көлік жұмысын ұйымдастыруды және оның қауiпсiздiгiн бақылау арнайы көліктерді пайдаланатын қызмет бастықтарына жүктеледi.
44. Бекiтiлген тiзiм бойынша техникалық жарамды арнайы көліктерді өз уақытында бөлу мен олардың авариясыз жұмысын қамтамасыз етудi бақылау арнайы көлiк қызметiнің бастығына жүктеледi.
45. Әуеайлақта жұмыс iстеуге тек сыртқы түрi қанағаттанарлық әрі өрт сөндiру және медициналық қобдиша заттарымен жабдықталған техникалық жарамды арнайы көліктер жiберiледi. Бұдан басқа, ұшу жолы мен жүру жолында жұмыс iстейтiн машиналар радиобайланыс құралдарымен, қуатты және жарқылдақ оттармен, сүйреткіш қондырғылармен жабдықталуға тиiс (2-қосымша).
Әуе кемесiне қызмет көрсететiн машиналар радиобайланыс құралдарымен және тірек қалыптармен, ал жүк тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзетiн машиналар, траптар, жүк автомобильдерi амортизаторлық қондырғылармен жабдықталуы тиiс.
46. Арнайы көліктің техникалық жай-күйі Шығарушы зауыттар қағидаларының талаптарына сәйкес келуi тиiс және азаматтық авиация ұйымдарындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң талаптары мен ережелерiне жауап беруi тиiс.
47. Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету кезiнде пайдаланатын машиналардың арнайы құрал-жабдықтарының техникалық жағдайы әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге арналған арнайы көліктерді пайдалану талаптарына сәйкес келуi тиiс.
48. Әуеайлақтағы барлық үлгiдегi арнайы көліктердің қозғалысы белгiленген бағытта ғана азаматтық авиация ұйымының бастығы бекiткен жердегi техника қозғалысын ұйымдастыру мен орналастыру схемасы бойынша жүзеге асырылуы тиiс.
7. Әуе кемелерiне техникалық және коммерциялық қызмет
көрсету кезінде арнайы көліктердің жұмысын ұйымдастыру
49. Әуе кемелерiне қызмет көрсету жөнiндегi жұмыстарды атқару үшiн арнайы көлiк қызметi азаматтық авиация ұйымының бастығы (әуежай бастығы) бекiткен тiзiмге сәйкес арнайы көліктерді азаматтық авиация ұйымы қызметiнiң қарамағына бөледi, олар өз қарамағына бөлiнген арнайы көліктердің жұмысын ұйымдастыруға бақылау жасайды және қамтамасыз етедi.
50. Әуе кемесiне қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру авиациялық техниканы жөндеу мен пайдалану жөнiндегi қолданыстағы құжат талаптарына және берiлген үлгiдегi әуе кемесiне пайдалану жөнiндегi нұсқауға сәйкес жүргiзiледi.
Әуе кемелеріне жанармай құю "Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы №190 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11677 болып тіркелген) көзделген отынмен және маймен жүзеге асырылады.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.51. Әуе кемесiне қызмет көрсету үшiн арнайы көліктерді беру кезегi мен тәртiбi азаматтық авиация ұйымының бастығы бекiтетін технологиялық кесте бойынша жүзеге асырылады.
52. Әуе кемесiне қызмет көрсету жұмыстарына басшылық жасауды инженер, бригадир авиатехник, авиатехниктер жүзеге асырады.
53. Әуе кемесiне қызмет көрсету кезiнде арнайы көліктерді жұмыс жағдайына қою, олардың келуі және кетуі әуежай бастығы бекiткен келу (кету) схемасына сәйкес және арнайы көліктерді келуге (кетуге) басшылық жасауға жауапты адамдардың басшылығымен жүргiзiледi.
54. Әуе кемесiне қызмет көрсету аймағындағы жұмыс кезiнде арнайы көліктердің жүргiзушiлерi:
1) қызмет көрсету аймағына кiре берiсте арнайы көлікті ақ бояумен белгiленiп, қызмет көрсету аймағының шекарасында орналасқан "Т" белгiсiнiң жанында әуе кемесiнiң шеткi нүктелерiнен кем дегенде 10 м қашықтықта сегiзбұрыш түрiндегi қызыл жолақтармен боялған жерге тоқтату;
2) қызмет көрсету аймағына тек келуге жауапты қызметкердiң рұқсатымен және басшылығымен кiру;
3) қызмет көрсету аймағында арнайы көліктер қозғалысын келу (кету) схемаларына сәйкес жүзеге асыру;
4) келудi басқаратын қызметкердiң сигнал белгiлерiн мұқият қадағалау және дәл орындау;
5) әуе кемесiне келу кезiнде арнайы көліктерді тоқтатуды қауiпсiз жерге, оның бұзылуын болдырмайтындай етiп орналастыру;
6) келудi басқаратын лауазымды адамның, әуе кемесi экипажы мүшесiнiң немесе инженерлiк авиациялық қызмет технигiнiң бiрiншi талабы бойынша арнайы көліктерді тоқтату және қызмет көрсету аймағынан шығып кету;
7) қызмет көрсету аймағынан, перроннан және тұратын жерден арнайы көліктерді олар бұзылып қалған жағдайда тез арада алып кету шараларын жасау және ол туралы арнайы көлiк қызметi бригадирiне немесе диспетчерге хабарлау;
8) әуеайлақта арнайы көліктерді жүргiзу және әуе кемесiне қызмет көрсету құқығы берiлген талон әрқашан өзiнде болуы және оны бiрiншi талап бойынша әуеайлақтағы қауiпсiз қозғалысты ұйымдастыру мен әуе кемесiнiң сақталуына жауапты адамдарға көрсету үшін шараларды қабылдайды.
55. Әуе кемесiне арнайы көліктердің жақын келуiн (кетуiн) басқаратын қызметкерлер мыналарды қамтамасыз етуге тиiс:
1) әуе кемесiне қызмет көрсету аймағында арнайы көліктер қозғалысын Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының әуеайлақтарында әуе кемелерi, арнайы автокөлiк және механизация құралдары қозғалысын ұйымдастыру жөнiндегi нормативтi актiде белгiленген келу схемасына сәйкес дәл сигнал беру көмегiмен басқару;
2) арнайы көліктердің келуiн әуе кемесiнiң оған жақын орналасқан бөлiктерiнде тұрып, жүргiзушiнiң көз алдында басқару;
3) жүргiзушiге сигнал берер алдында әуе кемесi жанындағы арнайы көліктердің жүруiне, сондай-ақ шанақты немесе жұмыс органын көтеруге (түсiруге) кедергi жоқтығына көз жеткiзуі;
4) әуе кемесiне келу кезiнде арнайы көліктерді олар бұзылмайтын жерге тоқтату ("тоқтаңыз" сигналын беру уақыты арнайы көліктің үлгiсiне, олардың әуе кемесiне келу схемасына және тежеу жолдары шамасына байланысты таңдалады);
5) арнайы көліктер әуе кемесiнен кететiн кезде "жүрiңiз" сигналын берер алдында әуе кемесi бортынан сымдардың, ажыратқыштардың, шлангiлер мен жермен байланыстыратын тростардың ағытылуын тексеру;
6) әуе кемесiнiң жанына арнайы көліктер тоқтаған кезде әуе кемесiне қозғалыс жақтағы артқы жетекшi дөңгелектердiң бiрiнiң астына тез арада тірек қалыптар қою, содан кейiн дөңгелектiң басқа жағына екiншi қалыпты орнату;
7) жұмыс аяқталған соң қалыптарды арнайы көліктердің кету жағынан алып тастау, ал ол кеткен соң әуе кемесiнен 5 метр қашықтықтағы екiншi қалыпты алу;
8) "Әуе кемесiне арнайы көліктердің келуiне басшылық ету құқығын беретiн куәлiк" арқашан өзiнде болуы керек және бiрiншi талап бойынша оны әуеайлақта қауiпсiз қозғалысты ұйымдастыру және әуе кемесiн сақтауға жауапты адамға көрсету (6-қосымша).
56. Келудi (кетудi) басқаратын қызметкердiң әуе кемесi жанындағы арнайы көліктер жұмысын аяқтағанға дейiн өз орнын тастап кетуiне болмайды.
57. Арнайы көлік маневрді дұрыс жасамаған кезде келуге басшылық етушi адам "тоқтаңыз" сигналын беруi тиiс, ал содан кейiн әуе кемесi зақымдалуын болдырмайтын маневрдi орындауға белгi берiледi.
58. Қазақстан Республикасының заңдарына сайкес әуе кемесiне қызмет көрсету аймағында келу (кету) және жүру ережелерiн бұзған үшiн жауапкершiлiк:
1) басшының келу белгiсiн дұрыс орындамағаны үшiн, сондай-ақ оның рұқсатынсыз өздiгiнен жүргенi үшiн арнайы көлік жүргiзушiсiне;
2) жүргiзушiге жүру кезiнде дұрыс емес немесе мезгiлсiз белгi бергенi үшiн, сондай-ақ тірек қалыптарды дер кезiнде немесе дұрыс орнатпағаны үшiн келудi басқаратын қызметкерге жүктеледi.
59. Арнайы көліктердің жүргiзушiлерi мен әуе кемесiне қызмет көрсету аймағында басшылық ететін адамдардың осы Қағидалар талаптарын бұзғандығы туралы жүргiзушiлер талоны мен жақындап келуге жетекшiлiк ететiн бастықтардың куәлiктерiне әуеайлақтағы қауiпсiз қозғалысты ұйымдастыруға және әуе кемесiнiң сақталуына жауап беретiн лауазымды адам белгi жасайды. Тәртiп бұзушылық туралы белгiнi әуежай жұмыстарына нұсқау берушi адам, әуежай бастығы және оның орынбасарлары, әуежайдың аға (ауысым) кезекшiсi, қоғамдық инспекторлар, арнайы көлiк қызметiнің бастығы, қарамағына арнайы көліктер берiлген қызмет бастықтары, арнайы көліктердің колонна бастығы, әуеайлақтағы қозғалыс қауiпсiздiгi жөніндегі инженерлер жасай алады.
60. Талонда (куәлiкте) қызмет көрсету аймағында жұмыс iстеу кезiнде үш рет тәртiп бұзушылық белгiсi бар адамдар әрi қарай жұмыс iстеуге тек қызмет көрсету аймағындағы жұмыс ережесiн білуі бойынша бiлiктiлiк комиссиясының қайта тексеруiнен кейiн және әуежай бастығының бұйрығы шыққан соң ғана жiберiледi.
8. Әуеайлақты пайдаланып ұстау кезінде арнайы
көліктің жұмыстарын ұйымдастыру
61. Әуеайлақта пайдалану жөнiндегi операциялар кешенiн орындау үшiн арнайы көлiк қызметi әуеайлақ қызметiнiң қарамағына (немесе басқа жердегi жұмыстарды орындайтын қызметке) арнайы көлік бөледi, олар арнайы көліктердің жұмысын ұйымдастыруды, қозғалыс қызметiмен өзара iс-әрекетiн жүзеге асырады және ұшу алаңында жұмыс кезiнде ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi бақылайды.
62. Әуеайлақты күтіп ұстау жөніндегі технологиялық операциялар "Азаматтық авиациядағы әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12360 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиациядағы әуеайлақтық күтіп ұстау қағидалары) сәйкес орындалуы тиіс.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.63. Әуежайдың барлық қызмет орындары әуе кемесiнiң ұшуы үшiн әуеайлақты дайындау жөнiндегi жұмыстарды тек әуеайлақтың ұшу бастығының рұқсатымен және әуеайлақ қызметiнiң жауапты адамдарымен оны жүргiзу туралы келiсiлген соң ғана жүргiзе алады.
64. Арнайы көліктердің әуеайлақ жабындары мен қондыру құралдарына қызмет көрсету үшiн ұшу алаңы мен жүргiзiп әкелу жолдарына шығуы диспетчердiң рұқсаты бойынша әуеайлақ басшысының нұсқауымен жүргiзiледi.
65. Ұшу алаңында жұмыс iстеу кезiнде арнайы көліктердің қозғалыс қауiпсiздiгiн ұйымдастыру, жұмысты басқару және оларды жүргiзуге бақылау жасауды әуеайлақ қызметiнің (немесе ұшу алаңында басқа да жұмыстар атқаратын жердегi қызметтердің) бастығы (жұмысты жүргiзуге жауапты адам) қамтамасыз етедi, ол старттық диспетчер пунктiнiң диспетчерi немесе әуеайлақтағы ұшу жетекшiсiнiң көрсетуi бойынша керек болған жағдайда өздiгiнен апат аймағының шегінен тыс белгiленген жерге тез арада ұшу жолдарынан машиналарды, механизмдердi және адамдарды алып кету шараларын қабылдауға мiндеттi. Барлық жағдайда ұшу жолдары әуеайлақ техникасынан әуе кемесiнiң қонуы (ұшуы) есептелген (белгiленген) уақытынан кем дегенде 5 минут бұрын босатылуы тиiс.
66. Ұшу және жүру жолдарында жұмыс iстеу кезiнде жауапты адам старттық диспетчер пунктiнiң диспетчерiмен тұрақты түрде радиобайланыс жасауға және әрбiр 15 минут сайын радиобайланысты бақылап отыруға мiндеттi. Радиобайланыс iстен шыққан кезде немесе ол дұрыс жұмыс iстемесе, жұмысты тоқтату қажет және ұшу-қону жолынан техника мен адамдарды алып кету үшiн төтенше шаралар қабылдау қажет.
Радиобайланыс үзiлген кезде ұшу жолынан босату белгiсi ретiнде ұшу-қону жолдарындағы оттарды үш рет өшiрiп-жағу (жоғары қарқынды оттар жүйесі жарықтарының "І" тетігін қосқан кезде) және жұмыс iстеп тұрған техника жаққа екi қызыл ракета жiберу керек.
67. Егер жұмыс iстеп тұрған техника істен шығып қалса, бұл туралы диспетчерлiк орын қызметi диспетчерiне тез арада баяндалуға тиiс және радиомаяк станциясы апатты аймақ сыртына белгiленген жерге жарамсыз техниканы алып кету үшiн жедел шаралар қабылдайды.
68. Ұшу алаңында жұмыстар орындалған соң әуеайлақ қызметi үшiн жауапты адам арнайы көліктер жұмысы барысында ұшуды орындауға кедергi келтiретiн ешқандай ауытқулардың жiберiлмеуiн бақылайды және әуеайлақтың ұшу жетекшiсi жұмыстың аяқталғаны туралы және техника мен адамдардың белгiленген орынға әкетiлгенi туралы хабарлайды.
69. Ұшу және жүргiзу жолдарында жұмыс iстейтiн барлық арнайы көліктер ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында тәулiк уақытына қарамастан жұмыс кезiнде жанып тұратын қуатты және жарқылдақ оттармен, сондай-ақ диспетчерлiк орын қызметi диспетчерiмен және ұшу бастығымен байланысатын iшкi әуежай құралдарымен жабдықталуы тиiс.
Арнайы көліктерде орнатылған жарқылдақ оттар сары түстi болуы, жарық күшiнiң әсерi минутына 75 ± 15 жарқыл жиiлiгi бар 40-тан кем емес, бiрақ 400-ден аспайтын кандел болуы тиiс. Бұл оттар кабинаның үстiне немесе қораптың жоғарғы жағына арнайы көліктердің бiлiгi (ось) бойымен айналаға түгел жарық беретiндей етiп және оны машинадағы құрылғылар көлегелемейтiндей орналастырылуы тиiс. Оттың тiрек алаңы көлденең орналасуы керек. Ұшу және жүргiзу жолдарында жұмыс iстеу үшiн қосымша қону диспетчерi жиiлiгiнде радиобайланысты тыңдайтын жауапты адам машинасына радиоқабылдағыш орнатылады. Ұшу және жүргiзу жолдарында жұмыс iстейтiн әрбiр арнайы көлік радиомаяк станциясы iстен шыққан жағдайда апат аймағынан сыртқа кетiп қалуға арналған сүйрету қондырғыларымен жабдықталуы тиiс.
70. Ұшу және жүргiзу жолдарында әуеайлақтың ұшу жетекшiсiнiң рұқсатынсыз және жұмыс жүргiзуге жауапты адамның басқаруынсыз радио және жарық сигналдары бар құрал-жабдықтармен, сүйретпе қондырғылармен, өрт сөндiргiш құралдармен жабдықталмаған арнайы көліктердің шығуына тыйым салынады.
71. Ұшу және жүргiзу жолдарындағы жұмыс кезiнде машиналарда орнатылған радиобайланыс құралдарын, қуатты және жарқылдақ оттарды өшiруге тыйым салынады.
72. Радио орнатылған машина жүргiзушiлерi iшкi әуежай радиобайланысы ережелерiн жақсы бiлуi тиiс. Қызметкерлердiң (машина жүргiзушiлердiң) әуеайлақтың ұшу жетекшiсiмен (диспетчерiмен) радиотелефон арқылы байланысы автоматты бақылау дыбысжазғыш аспабына жазылады.
73. Ұшу жолдарында жұмыс iстеу кезiнде арнайы көліктердің жүргiзушiлерi рация бойынша жарық және дыбыс сигналдары мен бұйрықтарды үнемi қадағалап отыруы тиiс. Байланыс арналары немесе белгiленген сигнал бойынша ұшу және жүргiзу жолдарында жұмыс iстейтiн жүргiзушiлер тиiстi бұйрықтарды алған кезде жұмысты тоқтатуға және тез арада техниканы апат аймағының сыртындағы белгiленген жерге алып кетуi қажет.
74. Ұшу және жүргiзу жолдарына кiру және қиып өту диспетчерлiк орын қызметi диспетчерiнiң рұқсатынан кейiн тек жарқылдақ және қуатты оттармен, сүйретпе қондырғылармен және радиостанциялармен жабдықталған машиналарға ғана рұқсат етiледi.
75. Арнайы көлік жүргiзушiсi (қызмет өкiлi) ұшу жолын қиып өтер алдында бүйiрдегi қауiпсiз жолға жетпей тұрып (радиомаяк станциясының апат аймағы шекарасы), диспетчерлiк орын қызметi диспетчерiнен ұшу жолын қиып өтуге рұқсат сұрауға тиiс.
76. Диспетчер арнайы техниканың ұшу жолағын қиып өтуiне мына жағдайда ғана рұқсат бередi, егер қонуға келе жатқан әуе кемесiнiң кем дегенде 5 минут уақыт ара қашықтығы болса, немесе қонып тоқтағаннан кейiн ғана рұқсат етедi.
77. Ұшу жолағын қиып өткен соң жүргiзушi (арнайы көлік қызметінің өкілі) бастапқы диспетчерлік пункттің диспетчеріне жолдың босағаны туралы хабарлайды. Егер арнайы көлік қауiпсiз жолағының (қонудың радиомаяктық жүйесінің ықтимал дағдарысты аймағының шекарасы) сыртына шығып кетсе, ұшу жолағы бос деп саналады.
78. Әуе кемелерiнiң кесте бойынша тұрақты ұшып шығуы әуежайдың жердегi қызметi мына шарттарды орындағанда мүмкiн:
1) әуе кемелерiне уақтылы және сапалы қызмет көрсету;
2) жердегi техниканың авариясыз жұмыс iстеуi;
3) әуе кемесіне қызмет көрсету мен әуеайлақ жамылғысын пайдаланып ұстау кезінде арнайы көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету;
4) арнайы көліктер паркiн үнемi техникалық дайындық жағдайында ұстау;
5) ӘК-не қызмет көрсетуге және ұшу алаңын дайындауға қатысатын әуежай қызметімен жұмыста нақты келісімге қол жеткiзу;
6) ұшу жиiлiгi аса жоғары "қарбалас" уақытта арнайы көліктердің қорын қамтамасыз ету;
7) арнайы көліктердің техникалық жай-күйін тексеретін қоғамдық бақылау комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
8) әуе кемесiнiң ұшып шығуға кешiгу себептерiн мұқият талдау, кедергi себептерi туралы жүргiзушiлер құрамына үнемi хабарлау және оларды болдырмауға шұғыл шаралар қабылдау;
9) әуе кемесiне қызмет көрсетуде кедергiсiз жұмыс iстейтiн арнайы көлiк қызметiнiң, колоннаның, ең жақсы ауысымдардың жұмыс тәжiрибесiн тарату және қорыту;
10) жүргiзушiлер ауысымға шығар алдында әуе кемесiне қызмет көрсеткен алдыңғы ауысым жұмыстарының кемшiлiктерiн талдай отырып және әуе кемесiнiң ұшуына жолдарды дайындауда нақты метеорологиялық жағдай мен өндiрiстiк ерекшелiктердi есепке ала отырып нұсқау жүргiзу;
11) әуеайлақты дайындау мен әуе кемесiне уақытында қызмет көрсетудi қамтамасыз етуге бағытталған өнертапқыштық ұсыныстар мен жаңалықтарды енгiзу;
12) жыл сайын "Автокөлiктiң авариясыз жұмысы үшін, әуе кемесiне уақтылы және қауiпсiз қызмет көрсеткені үшiн" байқауын өткiзу.
9. Әуе кемелерiнің зақымдануының алдын алу жөніндегі
іс-шаралар
79. Әуе кемелерi зақымдануының алдын алу үшiн әуеайлақта әсiресе әуе кемелерiне қызмет көрсету аймағында арнайы көліктердің қауiпсiз жұмыс iстеуiнің ішкі инструкцияларын қатаң сақтау, сондай-ақ арнайы көліктің авариясыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Көлiк құралдарын жүргiзушiлер барлық жағдайда әуе кемелерiне жол береді.
80. Әуе кемелерiне қызмет көрсету аймағында арнайы көліктің қозғалысы тек келуге басшылық ететiн жауапты адам басшылығымен және келу (кету) схемаларына сәйкес жүргiзiледі. Келудi (кетудi) басқаратын лауазымды адамдардың жоқтығынан әуе кемелерiнiң ұшып шығуын кідіртулер келуге/кетуге басшылық етуді қамтамасыз етпеген қызметке жатады (1-қосымша).
81. Әуе кемелерiне қызмет көрсету аймағында арнайы көліктің қозғалыс жылдамдығы сағатына 5 км аспауы тиiс. Арнайы көліктің перронда және тұратын жерiнде қозғалыс жылдамдығы сағатына 30 км, әуеайлақтың қалған аймақтарындағы қозғалыс жылдамдығы - сағатына 50 км аспауы тиiс. Көрсетiлген қозғалыс жылдамдығының шектеулiктері жамылғыларға қызмет көрсету және жалғасу коэффициентiн өлшеу жөнiндегi жұмыстарды орындалған кезде әуеайлақ машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ өрт сөндiру, санитарлық және басқа қауiптi жағдайда шақырылған машиналарға қолданылмайды.
82. Әуеайлақтағы барлық үлгiдегi арнайы көліктер қозғалысы тек жердегi техника қозғалысын ұйымдастыру мен орналастыру схемасы бойынша белгi соғылған арнайы бағытпен жүзеге асуы тиiс. Қозғалыс бағытын белгiлеу әуеайлақ қызметi жөнiндегi қолданыстағы нормативтiк акт талаптарына сәйкес келуi тиiс.
83. Амортизаторлық тежегiштермен, өрт сөндiру құралдарымен жабдықталмаған берiк тежегiш қалыптары жоқ және жарамсыз арнайы жабдығы бар арнайы көліктің әуе кемелеріне келуiне тыйым салынады.
84. Әуеайлақта нашар көрiну жағдайында (түнде, тұман кезiнде, қар жауғанда және авария жағдайында) арнайы көліктерде дыбыс сигналдарын қолдануға рұқсат етiледi. Трейлерде (ТЗ-22, АК-6, АППА-4 үлгісіндегі автомашиналар және басқалар) шанағының артқы бөлігінде және бүйiрiнде қызыл рефлекторлары болуы тиiс.
85. Әуе кемелерін перронға және тұрақ орындарына орналастыру Азаматтық авиациядағы әуеайлақтық күтіп ұстау қағидаларына сәйкес әзірленетін және бекітілетін перронға әуе кемелерін орналастыру және олардың қозғалысы схемасына сәйкес жүргізіледі. Әуе кемелерін орналастыру оған келу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпейтін жағдайларда, әуе кемелеріне арнайы көліктің келуiне рұқсат етілмейді.
Ескерту. 85-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 07.04.2023 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.86. Әуе кемелерiнің тұратын жерлерi мен перронда белгiленген нормативтер бойынша жарық болуы тиiс. Жарық машина жүргiзушiлерiнiң әуе кемелеріне жақын келуi кезiнде және перрон мен тұратын жерлері бойынша қозғалысы кезiнде көзiне шағылыспау керек.
87. Арнайы көліктің тұратын жерлерiнде, оқу сыныптарында және гараждарда әуеайлық және әуе кемелеріне келу (кету) бойынша арнайы көлік қозғалысының схемасы бар плакаттар iлiнуi тиiс.
88. Арнайы көліктің жүргiзушiлерi ауысымда (бригадада) жұмыс басталар алдында азаматтық авиация ұйымдарының медперсоналы жүргiзетiн медициналық тексеруден өтеді және жұмысқа жiберiлгені туралы жол қағазына, медициналық бақылау кiтапшасына немесе жүргiзушiнiң арнайы журналына белгi алады. Алкогольдік ішiмдiкті пайдаланғаны туралы факт дәлелденген жүргiзушiлер жұмысқа жiберiлмейдi.
Ауысым соңында жүргiзушiлер мiндеттi түрде қосымша медициналық тексеруден өтедi. Жүргiзушiлердiң медициналық тексеруге келуiн өздерi штатта тұрған қызмет бастықтары қамтамасыз етедi.
10. Жол-көлiк оқиғалары, олардың жіктелуі, алдын алу және
есепке алу
89. Жол-көлiк оқиғаларына мыналар жатпайды:
1) пайдалану қағидалары мен еңбек қауiпсізiздiгi талаптарын бұзу салдарынан олар орындауға арналған (жер жырту, траншея қазу және тағы басқа) негiзгi өндiрiстiк операцияларды жасау кезiнде пайда болған өздігінен жүретін механизмдер оқиғалары (бульдозерлер, тракторлар, арық қазушылар және тағы басқа);
2) қозғалмалы көлік механикалық құралдарындағы олардың техникалық жарамсыздығына байланысты емес өрттер.
90. Жол-көлiк оқиғалары кезінде қаза тапқандар қатарына оқиға болған жерде немесе оқиға нәтижесінде алған жарақаттан қайтыс болған адамдар жатады; жаралылар санына дене жарақатын алғандар, алғашқы медициналық көмек көрсетiлгеннен кейін ауруханаға жөнелту немесе емханалық емдеу қажеттігін туындатқан дене жарақатын алған адамдар жатады.
91. Жол-көлiк оқиғаларының алдын алу үшiн мыналар қажет:
1) жолда жұмыс iстеуге техникалық жарамды көлiк құралдарының тежегiштерiн, рульдік басқару және жарық беретiн аспаптардың қызметін тексергеннен кейін ғана рұқсат беру;
2) қауiптi жағдайларда қозғалыс кезiнде (жолдың тар учаскелері, жол жабынының нашар жай-күйі, көктайғақ, шектеулi көрiнiс) жылдамдықты қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шегiне дейiн түсiру;
3) жарық аспаптары жағылған қозғалыс кезінде қарсы шыққан көлiк жүргiзушiсiнiң көзiне жарықты шағылыстыруға болмайды;
4) басып озу және қиылыстардан өту қағидаларын қатаң сақтау;
5) бөтен адамдардың көлiк құралдарын ұрлап кету және жүргізу жағдайларын болдырмау;
6) көлiк құралдарын басқаруға жүргiзушiлердi мас күйiнде жiбермеу;
7) көлiк құралдарының жүргiзушiлерiмен жол қозғалысы қағидалары және жылдың көктемгi-жазғы, күзгi-қысқы маусымдарында көлiк құралдарын пайдалану ерекшелiктерi бойынша тұрақты түрде сабақтар өткiзу, көрсетілген сабақтарға жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі уәкілетті органның мамандарын тартуды практикаға енгізу;
8) арнайы көлiк қызметiнде қозғалыс қауiпсiздiгi бөлмелерiн, сыныптар мен бұрыштарды жабдықтау;
9) жол және әуеайлақ жабындарының (көктайғақ, қар, жаңбыр, бұршақ, батпақ) жай-күйі туралы ескерту жазбалар мен плакаттарды iлiп қою;
10) арнайы көлiк қызметi басшылары мен инженер-техникалық құрамына жүргiзушiлермен еңбек тәртiбiн күшейтуге бағытталған тәрбие жұмыстарын үнемi жүргiзу;
11) алдыңғы қатарлы жүргiзушiлердiң авариясыз және жол қозғалысы қағидаларын бұзбай жұмыс iстейтiн тәжiрибесiн қабырға газеттерінде, брошюраларда, оқу құралдарында кеңiнен тарату.
92. Жол-көлiк оқиғаларын тудыратын себептердi зерттеу мен жою мақсатында азаматтық авиация ұйымдарында барлық бұрын келтірілген жол-көлiк оқиғаларының, оның iшiнде жабық аумақта болған түрлерінің мiндеттi есебi жүргiзiлуге тиiс. Азаматтық авиация ұйымдарындағы Жол-көлiк оқиғалары есебi журналының үлгісі 17-қосымшада көрсетiлген.
93. Ауыр салдарлы жол-көлік оқиғалары (өлім-жітім, зақымдану, адамдардың ауыр жарақаты) туралы азаматтық авиация ұйымдары көліктегі ішкі істер органдарына хабарлайды және оқиға болған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей уәкілетті ұйымға хабар жібереді (8-қосымша).
Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 473 (01.08.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету
94. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесi өзара байланысты құралдардың жиынтығынан, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу және орындаушылардың арнайы көліктің сапасын сақтау мен қалпына келтiруге қажеттi құжаттамалардан тұрады.
95. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі шеңберiнде арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету жүзеге асырылады, оларды жұмысқа пайдалану, сақтау және тасымалдау кезiнде жұмысқа қабiлеттiлiгiн немесе жарамдылығын сақтау жөнiндегi операциялар кешенін білдіреді.
96. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету негiзiне жоспарлау-ескерту жүйесi жатады, онда техникалық қызмет көрсетудi жоспарлау арнайы көліктің жүрiп өткен жолы мен атқаратын жұмысына және тораптар мен агрегаттардың жай-күйіне қарамастан, арнайы көліктің белгiлi бiр ресурсты игергенiнен кейiн мiндеттi түрде жүргiзiледi.
97. Техникалық қызмет көрсету арнайы көлікті пайдаланудың құрамдас бөлiгi болып табылады және мыналарға:
1) әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге тiкелей байланысты арнайы көлікті тұрақты техникалық дайындықта ұстауға;
2) арнайы көліктің өз бағытында және пайдалану үдерісінде жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
3) нақты пайдалану жағдайларында арнайы көліктің сенiмдiлiгiн арттыруға бағытталған.
98. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету жинау-жуу, құю, майлау, бақылау-диагностикалық, бекiту, реттеу, iстен шығу мен жарамсыздықты анықтау операцияларын қамтиды. Жинау-жуу, майлау, бақылау, диагностикалық жұмыстар мiндеттi түрде орындалады, ал құю, реттеу және жарамсыздықты жою жөніндегі жұмыстарды тексеру нәтижесiнде қажеттiлiк болған кезде жүргiзiледi.
99. Арнайы көліктің техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар осы Қағидаларда, шығарушы зауыттың нормативтік техникалық құжаттарында белгіленеді.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 12. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсетудің түрлерi,
кезеңдерi және еңбекті қажет етуі
100. Арнайы көліктерге техникалық қызмет көрсету жұмыстарын пайдалану шарттарына, кезеңдерiне және көлемiне сәйкес мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) күнделiктi техникалық қызмет көрсету;
2) бiрiншi техникалық қызмет көрсету;
3) екiншi техникалық қызмет көрсету;
4) маусымдық техникалық қызмет көрсету.
101. Техникалық қызмет көрсетудiң негiзгi мақсаты арнайы көліктің сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге, оның сыртқы түрiн тиісті жай-күйде ұстауға, отын, май, суытатын сұйықтық құюды қамтамасыз етуге бағытталған жалпы бақылау болып табылады. Пайдаланушылық қызмет көрсету арнайы көлікті пайдалану мен қозғалыс қауiпсiздiгiн анықтайтын агрегаттар мен жүйелердiң жай-күйін тексерудi көздейді (рульдi басқару, тежегiш, шина, сыртқы жарықтандыру аспаптары, жарық және дыбыстық сигнал беру, әйнек тазалағыш, жарықпен сигнал беру, радиостанциялар және тағы басқа).
102. Бiрiншi және екiншi техникалық қызмет көрсетудiң негiзгi мақсаты бөлшектердiң тозу қарқынын азайту, бақылау-диагностикалық, майлау, бекiту, реттеу және тағы басқа жұмыстарды уақтылы орындау арқылы iстен шығу мен жарамсыздықты анықтау мен алдын алу болып табылады. Бірінші техникалық қызмет көрсету кезiнде жұмыстар әдетте қызмет көрсететiн аспаптарды, тораптарды, механизмдердi арнайы көліктен алмай ішінара бөлшектеусіз (ашу) жүргiзiледi.
Екінші техникалық қызмет көрсету кезiнде осы операциялар үлкен көлемде орындалады, ал қажет болған жағдайда қызмет көрсететiн аспаптарды (тораптар, механизмдер) ашады немесе машинадан алады.
103. Арнайы көлікке маусымдық қызмет көрсетудiң негiзгi мақсаты оларды күзгi-қысқы және көктемгi-жазғы маусымда пайдалануға дайындау болып табылады. Маусымдық қызмет көрсету жылына екi рет өткiзiледi және әдетте кезектегi бiрiншi техникалық қызмет көрсету немесе екiншi техникалық қызмет көрсетумен алмастырылады, оған қосымша арнайы көлікті тиісті пайдалану кезеңiне дайындауға байланысты (май ауыстыру, арнайы сұйықтықтарды, электролиттi ауыстыру, жылу құралдарын қамтамасыз ету, жылыту және тағы басқа) бірқатар жұмыстар орындалады.
104. Осы техникалық қызмет көрсету түрi мен келесi түрi немесе басқа күрделi жұмыстар арасындағы жұмыс істеу (жүру) арақашықтығы арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету кезеңi деп аталады.
105. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету кезеңділігі негізгі автомобильдің жүріп өткен жолына немесе арнайы жабдықтың пайдаланылуына байланысты шығарушы зауыттың нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.106. Пайдалану шарттарына байланысты негізгі автомобильдер мен арнайы көліктің арнайы жабдығына техникалық қызмет көрсету кезеңділігіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Негізгі автомобильдер мен арнайы көліктің арнайы жабдықтары мен техникалық қызмет көрсету кезеңін өзгерту коэффициентінің мәні шығарушы зауыттың нормативтік-техникалық құжаттарында белгіленеді.
Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.07.2019 № 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.107. Арнайы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету әдетте негiзгi автомобильге техникалық қызмет көрсетумен бiрге жүргiзiледi. Техникалық қызмет көрсету кезеңi негiзгi автомобильдерге техникалық қызмет көрсету кезеңіне сәйкес келмейтiн арнайы жабдықтардың жеке агрегаттарына шығарушы зауыт қағидаларына қатаң сәйкес қызмет көрсетiледi, жүргiзiлген операциялар туралы формулярға жазылып, жауапты адамның қолы қойылады.
108. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсетудiң қаншалықты еңбектi көп қажет ететінi негiзгi автомобильдер мен онда орнатылған жабдықтарға техникалық қызмет көрсетудің жалпы еңбекті қажет етуімен анықталады.
109. Арнайы көліктің негiзгi автомобильдерiне техникалық қызмет көрсету жұмыстарының тiзбесі, сондай-ақ арнайы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету технологиясы уәкiлеттi органдардың нормативтiк-техникалық құжаттары және Шығарушы зауыт қағидаларымен анықталады.
110. Арнайы көлікке техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жұмыс көлемiн азайтуға, сондай-ақ қызмет көрсету сапасына зиян келтіруге, оған кеткен уақытты қысқартуға жол берілмейді.
111. Жабдықталған және толық жабдықталмаған техникалық қызмет көрсету бекеттерінің болмауы арнайы көлікке тұрақты түрде қызмет көрсету кезеңділігі мен жұмыс көлемiн өзгертуге негiз бола алмайды.
13. Арнайы көлікті жөндеу
112. Жөндеудiң мақсаты – арнайы көліктің жарамдылығын немесе жұмысқа қабiлетiн қалпына келтiру және арнайы көліктің ресурстарын немесе олардың құрамдас бөлiктерiн қалпына келтiру болып табылады. Арнайы көлікке сапалы жөндеу жүргiзу оларды жоғары техникалық дайындық жай-күйінде ұстаудың негiзгi шарты болып келедi және ол мыналармен:
1) арнайы көліктің техникалық жай-күйін жүйелi түрде бақылаумен және оларды уақытында жөндеуге тапсырумен;
2) технологиялық жабдықтармен жабдықталған жөндеу шеберханаларының және бiлiктi орындаушылардың болуымен;
3) жөндеу өндiрiсiн дұрыс ұйымдастырумен;
4) жөндеу шеберханаларын уақытында шығыс материалдарымен, қосалқы бөлшектермен және мүлiкпен қамтамасыз етумен;
5) арнайы көлікті жөндеудің техникалық үдерісін жетiлдiру мен жөндеудiң озат әдiстерiн тұрақты түрде енгiзумен қамтамасыз етіледі.
113. Арнайы көлікті жөндеу атқарылатын жұмыстардың мақсаты мен сапасына сәйкес күрделi және ағымдағы жөндеу деп бөлiнедi. Жөндеудiң көрсетiлетiн түрлерi атқарылатын жұмыс бойынша немесе арнайы көліктің нақты жай-күйі бойынша жүзеге асырылады.
114. Арнайы көлікті жөндеу учаскелері (бекеттері) тазалық нормалары мен қағидаларының талаптарына сай негiзгi және қосалқы өндiрiстік үй-жайларда орналасқан жөндеу шеберханаларында жүргiзiледi.
115. Арнайы көлік қызметінің жөндеу шеберханаларында әдетте ағымдағы жөндеу жүргiзiледi.
116. Жөндеу шеберханаларының учаскелерінде (бекеттерінде) арнайы көлікті жөндеуге арналған техникалық шарттар мен технологиялық карталар, сондай-ақ заңнамалық тәртіппен бекітілген азаматтық авиация кәсіпорындары мен ұйымдарының арнайы көлiк қызметтерi үшiн технологиялық және мамандырылған аспаптар табеліне сәйкес құрал-жабдықтар мен аспаптар болуы керек.
117. Учаскелерде (бекеттерде) арнайы көлікті жөндеу мынадай әдiстермен ұйымдастырылуы мүмкін:
1) иесiздендірілген;
2) иесiздендірілмеген;
3) агрегатты.
118. Арнайы көлікті жөндеу шеберханалары қызметтерінде арнайы көлікті жөндеу кезінде орындаушылар операциялары бойынша мамандандырылған бригада орындайтын бригадалық жөндеу әдiсiн қолдану ұсынылады.
119. Жекелеген жағдайларда арнайы көлікті жөндеудің барлық операцияларын бiр орындаушы iстейтiн жеке жөндеу әдiсi қолданылады.
120. Жөндеу шеберханаларында арнайы көліктің жөндеу сапасын бақылауды шеберханалар бастықтарына (жөндеу жөнiндегi инженерге) жүзеге асырады.
121. Арнайы көліктің жөнделуiн ұйымдастыруды, технологиялық жабдықтардың техникалық жай-күйін, қосалқы бөлшектердi жөндеу мен олардың шығысын есепке алу мен есеп берудi бақылау арнайы көлiк қызметiнiң бас инженерiне (бас инженерге) жүктеледi.
Қазақстан Республикасының әуежайында арнайы көлiктің жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi қағидаларға 1-қосымша |
Арнайы машиналар мен олардың арнайы жабдықтарының техникалық
жарамдылығын тексерудiң үлгі картасы
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық авиацияда пайдаланылатын арнайы машиналар Жол полициясы органдарында тiркеледі (есепте тұрады) және мемлекеттік нөмірлік белгілері болады. Әуеайлақтың тек жабық аумағында пайдаланылатын және Жол полициясы органдарында есепке алуға жатпайтын тракторлардың, бульдозерлердің, автогрейдерлердің және басқа да арнайы машиналардың ведомстволық нөмiрлiк белгiлерi болады.
2. Әуеайлақтық арнайы машиналарды жолға шығаруға дайындауды инженер-техниктер және арнайы қызмет көлiк қызметтерінің жүргiзушiлер құрамы жүзеге асырады.
3. Қалыпты жағдайы жоқ, жарық сигналдарымен және радио-байланыспен жабдықталған, өрт сөндіру құралдарымен, медициналық қорапшалармен және тіркеп сүйреу сым арқандармен жабдықталмаған техникалық жарамсыз арнайы машиналарды жолға шығаруға тыйым салынады.
4. Арнайы машиналардың техникалық жай-күйі мен механизмдерi шығарушы зауыттар нұсқаулықтарының талаптарына, стандарттау жөніндегі тиісті нормативтік құжаттарға сәйкес келуі және азаматтық авиация ұйымдарындағы еңбек қауiпсiздiгi ережелерiне жауап беруi тиiстi. Машиналарды бояу тиісті нормативтік-құқықтық құжаттар талаптарына сәйкес келуі тиіс.
5. Әуеайлақта жұмыс iстеуге арнайы дайындығы жоқ, медициналық тексеруден өтпеген, радиостанциялармен жұмыс iстеудi үйренбеген жүргiзушiлердi жiберуге тыйым салынады.
6. Жол жүру қағидаларын және "Қозғалыс қызметтерінің азаматтық авиация ұйымдарының әуеайлақтық және басқа да жердегі қызметтердің өзара іс-қимыл үлгі технологияларының" талаптарын бұзғандығы туралы талонда үш белгiсi бар жүргiзушiлер тек бiлiктiлiк комиссиясының олардың жол жүру қағидаларын, әуеайлақта арнайы машиналарды пайдалану жөнiндегi бiлiмдерiн қайта тексеруден кейiн ғана азаматтық авиация ұйымы басшысының бұйрығымен жұмысқа жiберiлуі мүмкін.
2. Әуеайлақтық арнайы машиналарды жолға шығару және
олардың техникалық жарамдылығын тексеру тәртiбi
Желіге шығатын жүргiзушіге мыналар:
1) ауысымда (бригадада) жұмыс басталар алдында жүргiзушiлер медицина персоналы жүргiзетiн медициналық тексеруден өтуі және жол парағында немесе медициналық кiтапшаға немесе жүргiзушiнiң арнайы журналына жұмысқа жіберілгені, сондай-ақ жүргізушілер ауысым соңында қосымша медициналық тексеруден өтуi тиiс. Жүргiзушiлердiң медициналық тексеруге келуiн өздерi штатта тұрған қызмет бастықтары қамтамасыз етедi;
2) машинаға жанармай, май, арнайы сұйықтық пен суды құю;
3) машинаның техникалық жарамдылығын, жабдықталғандығын тексеру, анықталған ақауларды жою қажет. Машиналардың техникалық жарамдығын, жабдықталғандығын тексеру кезiнде мыналарды орындау керек.
7. Машинаның сыртын, сыртқы түрiн қарап тексеру, ақаулардың жоқтығына көз жеткiзу, жұмыс жабдығының жай-күйін, базалық қозғалтқышын және жұмыс жабдығы жетегінің қозғалтқышын, трансмиссия бөлшектерiн, қозғалыс бөлiгi мен жүргiзушi кабинасын тексеру, жанармайдың, майдың, арнайы сұйықтықтың, судың ақпай тұрғандығына көз жеткiзу.
8. Машинаның өрт сөндiру жабдықтарымен, медициналық қобдишалармен, тіркеп сүйреу арқанымен жабдықталғандығын тексеру. Желіге колоннада жұмыс iстеуге арналған арнайы машиналарды жiберген кезде үш машинаның бiрi "штанга" үлгісіндегi қосымша қатты сүйреуiшпен жабдықталады.
9. Арнайы машиналардың тіркеп сүйреу құралғыларының жай-күйін тексеру:
машинаның алдыңғы бамперіндегі шкворнямен бірге ілмектерді немесе тіркеп сүйреу айырларын және форкоптағы тартқыш ілмекті. Алдыңғы бамперіндегі iлмектер және форкоптағы тартқыш ілмекті зауыттан дайындалған болуы және стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс. Шаншылатын сүйреуiш iлмек стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиiс.
10. Жарықпен сигнал беру жабдығының жұмысын тексеру: алдыңғы шамдардың, үлкен шамдардың, бұрылыс сигналдарының, тоқтау сигналдардың, ескертуші таңбалаудың жарқылдаушы (импульстi) оттарының жұмысын тексеру.
11. Радиобайланыс құралдарының жұмысын тексеру. Сыртқы қарап тексеру және жұмыс қабiлетiн тексеру негiзiнде радиостанциялардың жай-күйін анықтау; радиостанция жұмысына байланысты ескертулер болған жағдайда ол жөнiнде колонна механигiне (бригадирiне) хабарлау керек.
12. Арнайы машиналардың пневматикалық дөңгелектерiндегi ауа қысымын тексеру.
13. Базалық шасси қозғалтқышының картерiндегi және жұмыс iстеу жабдығының жетегі қозғалтқышындағы майдың деңгейiн тексеру.
14. Арнайы машинаның кабинасындағы бақылаушы аспаптарын және аспаптық қалқандардағы көрсеткіштерді, машина мен жұмыс жабдығының басқару органдарын тексеру:
1) спидометрдiң пломбалануы және оның жарамдылығы;
2) басқару орындарындағы ақаулардың жоқтығын;
3) рульдiк доңғалақтың еркiн айналуы;
4) қосқыш және тежегiш басқыштарының еркiн жұмыс iстеуi;
5) тұрақ тежегiштерінiң дұрыс жұмыс iстеуi;
6) бақылау аспаптары мен аспаптар тақтасындағы көрсеткiштердiң жұмысы.
15. Қозғалтқышты қосу және оның жұмысын әртүрлi айналымдарда тыңдап көру.
16. Жұмыс жабдығының дұрыс жұмыс iстеуiн (көтеру, түсiру, бұру, айналдыру) тексеру.
17. Машинаны жүргiзу кезінде:
1) рульдiк басқаруды;
2) қосқыш басқышты;
3) дөңгелек тежегiштерiн тексеру керек.
18. Арнайы машинаны соңғы тексеру үшiн колонна механигiне (бригадирiне), сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсыну:
1) Жол полициясы берген автомобильдi басқару құқығына куәлiк (трактор жүргiзушiлерiне, өздігінен жүретін жол құрылыс және әуеайлақ машиналары мен механизмдерiн жүргiзушiлерге - азаматтық авиация ұйымдарының немесе басқа да ведомствоның бiлiктiлiк комиссиясы берген куәлiгі);
2) әуеайлақта (перронда) жұмыс iстеуге құқық беретiн талон;
3) жүргiзушiнiң өз қолы қойылған жұмысқа рұқсат берiлгені туралы белгісі бар жол парағы.
19. Соңғы қарап тексеру кезінде анықталған арнайы машинаның ақауларын ұшу жолына шығар алдында жою.
Арнайы машиналарды ұшу жолына жiберу кезiнде колонна механигi (бригадирi):
жүргiзушiнiң белгiленген құжаттамаларының және ондағы медициналық тексеруден өткендiгi туралы ұшу жолына шығар алдында және ауысым соңында белгiнiң болуын тексеру.
арнайы машиналарды соңғы қарап тексеруден өткiзу және олардың техникалық жарамдық деңгейiн белгiлеу қажет. Бұл ретте мыналарды орындау қажет:
1) машинаны сырттан қарап тексеру және ақаулардың жоқ екендiгiне көз жеткiзу, жұмыс жабдығының, шасси қозғалтқышының және жұмыс қозғалтқышының, трансмиссия бөлшектерiнiң, қозғалыс бөлiгiнiң, жүргiзушi кабинасының жай-күйін тексеру; жанармайдың, майдың, арнайы сұйықтықтар мен судың ақпайтынына көз жеткiзу;
2) машинаның өрт сөндiру жабдығымен, медициналық қобдишаларымен, тіркеп сүйреу арқандарымен жабдықталғандығын тексеру. Ұшу жолына колоннада жұмыс iстеуге арналған арнайы машиналарды шығару кезiнде үш машинаның бiрi қосымша қатты "штанга" үлгісіндегі тіркеп сүйреуiшпен жабдықталуы тиіс;
3) алдыңғы бампердегі iлмектер, шкворы бар тіркеп сүйреуіш айыры және форкоптағы тартқыш ілмегі зауытта жасалған болуы және стандарттау бойынша тиісті нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс;
4) жарық беретiн сигнал беру жабдығының жұмысы - шамдарды, үлкен жарық шамдарды, бұрылыс сигналдарын, тоқтау сигналдарды таңбалауды ескертуші жарқылдайтын, импульстi оттарды тексеру;
5) радиобайланыс құралдарының жұмысын тексеру. Радиостанция жұмысы бойынша барлық ескертулерді автомобиль радиостанцияларына техникалық қызмет көрсету мiндетi жүктелген электромеханикке хабарлау керек;
6) жүргiзушiнiң кабинасындағы бақылау аспаптарын және аспаптық қалқандардағы көрсеткіштерді, машинаны басқару органдарын және жұмыс жабдықтарын тексеру:
пидометр көрсеткiшi, оның пломбалануы, жарамдылығы;
бақылау аспаптарының, аспаптық қалқандардағы көрсеткiштердiң жұмысын;
7) жұмыс құралдарының дұрыстығын тексеру (көтеру, түсiру, бұрылысы, айналуы);
8) машина жүргiзе отырып мыналарды тексеру керек:
рульдiк басқаруды;
қосушы басқышты;
дөңгелек тежегiштерiн.
20. Жол парағында желіге шығатын арнайы машинаның техникалық жарамдылығын және жабдықталғандығын, бактағы отын мөлшерiн, спидометр жабдығының көрсеткiшiн растап қол қою керек.
Ауысым аяқталған соң
Жүргiзушi:
1) арнайы машинаны колонна механигiне (бригадирiне) тапсыру және оған машина мен арнайы жабдықтардың техникалық жай-күйі туралы баяндау;
2) арнайы көлiк қызметіне жүргiзушi мен механик (бригадир) қол қойған ресімделген жол парағын өткiзу;
3) бактағы отын мөлшерiн және спидометр жабдығының көрсеткiшiн көрсетiлу белгілерімен өткізу қажет.
Колонна механигi (бригадир):
1) жүргiзушiден машинаны қабылдап алып, жол парағына қол қоюы;
2) машинадағы және арнайы жабдықтың барлық ақаулықтары туралы колонна бастығына баяндап, ауысымды қабылдау-өткiзу журналына жазып қоюы қажет.
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 2-қосымша |
40-тан 400 кандельге дейiнгi әсерлi жарық күшi бар жарқылдайтын отпен және әуежай iшiндегi байланыс радиостанциясымен жабдықталатын әуеайлақ жабындарын пайдалану үшін күтіп ұстауға арналған арнайы машиналар тiзбесі
ЭМО-2 үлгідегі электромагниттi тазалағышымен жұмыс iстеу кезінде пайдаланылатын әуеайлақтың жылжымалы электроагрегаттары;
ПМ-130 үлгідегі су шашатын және жуатын машиналар;
ДЭ-7, ДЭ-224, ДЭ-235 үлгідегі әуеайлақ тазалаушы машиналары;
роторлық қар тазалағыштар;
ПР-130, Д-307, ПР-53А үлгідегі құм шашқыштар;
ПУ-53, КО-304 үлгідегі сыпыру-жинау машиналары;
автогрейдерлер;
бульдозерлер;
МТЭ-50 үлгідегі және басқа химиялық реагенттерді шашатын тракторлар;
жылу машиналары;
желдеткiш машиналары;
ДЭ-18А, ДЭ-21 үлгідегі таңбалау машиналары;
ДС-67 жарықтарды бiтеп құюшы;
қапталдағы және тереңдi оттарды тазалауға арналған машиналар;
жабуларды фрезермен өңдеушi машиналар;
АЛМИ-1 инфрақызыл сәуле таратқышы бар әуеайлақ мұзын тазалаушы машиналар.
Әуеайлақта жұмыс өндiрiсiн бақылайтын машинасы қондыру диспетчерi және ұшу жетекшiсiмен (диспетчермен) экипаждың жиiлiгінде радиоалмасуды тыңдау үшiн радиоқабылдағышпен қосымша жабықталады.
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 3-қосымша |
Азаматтық авиация әуежайларында арнайы машиналарға
тексеру жүргiзу жөніндегi жалпы ережелер
Арнайы машиналарды және арнайы көлiк қызметi өндiрiстiк-техникалық базаларын тексерудi алдын-ала бекiтiлген жоспар бойынша жылына бiр рет күзгi-қысқы навигация алдында азаматтық авиация ұйымының басшысы жүргізеді. Әуеайлақтарда пайдалану үшін күтіп ұстау және күзгi-қысқы кезеңде әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындайтын барлық арнайы машиналар тексеруден өтедi.
Тексеру жоспарын азаматтық авиация ұйымы штабының бастығы немесе әуежайларда пайдалану және салу жөнiндегi бастықтың орынбасары (бас инженер) жасайды. Ол арнайы көлiк қызметi бастығының қатысуымен жасалады және азаматтық авиация ұйымының басшысы бекiтедi.
Тексеру жоспарында мыналар көзделеді:
1) тексеру жүргізілетін уақыт пен орын;
2) қажеттi техникалық және материалдық қамтамасыз ету;
3) жоспардың жекелеген іс-шараларын орындауды бақылайтын лауазымды адамдар;
4) арнайы жабдықтардың және базалық шассидiң күзгi-қысқы кезеңге дайындық сапасын және техникалық жай-күйін тексеруге арналған авиатехника базасы мен арнайы көлiк қызметiнің тәжiрибелi мамандарының саны;
Арнайы көлiк қызметi тексеру алдында мыналарды дайындайды:
1) тексеру жүргiзуге қажеттi аспаптар, құрал-саймандар мен арнайы заттар;
2) арнайы машиналардың жұмысын тексеру жүргiзуге және тексеруге қажеттi арнайы алаңдар.
Арнайы машиналардың техникалық жай-күйі:
1) барлық агрегаттардың, жүйелердiң, арнайы жабдықтың аспаптары мен механизмдердiң сыртын тексеру арқылы;
2) арнайы машиналар жұмыс iстейтін кездегi жекелеген агрегаттар мен механизмдердi тыңдау және тексеру арқылы;
3) қажет болған жағдайда арнайы машиналарды қысқа жолға жүргiзу және оның механизмдерiнiң жұмысын тексеру арқылы айқындалады.
Тексеру үдерісінде мыналар тексерiледi:
1) арнайы машиналардың сыртқы қалпы, олардың техникалық жай-күйі және жабдықталуы, алдағы жұмыстарды орындауға жарамдылығы;
2) арнайы машиналарды, өндiрiстік үй-жайларды дайындау бойынша өткізілетін жұмыс сапасы мен жұмыс көлемi, жұмысшылар үшін қалыпты санитарлық-техникалық жағдайдың болуы;
3) арнайы машинаға қосымша қажетті жабдықтардың, құралдар мен қондырғылардың (радиостанция, габаритті және сигнал беру оттары, тіркеп сүйреуiштер) болуы, олардың салынуы, бекiтiлуi және жарамдылығы;
4) жұмыстарды ұйымдастыру, арнайы көлiк қызметi аумағындағы тәртiп пен тазалықтың болуы;
5) кiреберіс жолдардың болуы мен жай-күйі және аумақтың қоршалуы.
Тексерудi аяқтағаннан кейiн комиссия арнайы машиналардың және өндiрiстiк-техникалық базалардың нақты жай-күйі туралы акт жасап
(6-қосымша), оны азаматтық авиация ұйымының басшысы немесе жердегi қызметтер жөнiндегi орынбасары бекiтедi және тексеру қорытындысы талқыланады.
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 4-қосымша |
_____________________________________
(азаматтық авиация ұйымының атауы)
"Бекiтемiн"
___________________________________
(азаматтық авиация ұйымының атауы)
бастығы ___________________________
(Т.А.Ә.)
___________________________________
(қолы)
"____" __________20 ж.
Арнайы машиналар мен өндiрiстiк-техникалық
базаны тексергендiгi
туралы __________ № __________
АКТ
Негiзi ______________________________________________________________
Комиссия құрамы:
Төрағасы ____________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөнi)
Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты-жөнi)
_____________________________________________________________________
(комиссия мүшелерi алфавит тәртібінде берiледi)
_____________________________________________________________________
______________________________________________________________ арнайы
машиналардың жай-күйіне, олардың жабдықталуына, жарамдылығына
___________________20____ж. ____________________ жұмыстарды орындауға
(пайдалану кезеңі)
жарамдылығына тексеру жүргiздi, сондай-ақ өндiрiстiк-техникалық
базаның жай-күйіне тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесiнде мыналар анықталды:_______________________________
Комиссия қорытындысы:________________________________________________
Комиссия төрағасы: __________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөнi)
Комиссия мүшелерi: __________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөнi)
Қазақстан Республикасының
әуежайларында арнайы көліктің
жұмысын ұйымдастыру
жөніндегі қағидаларға
5-қосымшаi0Арнайы көлiк қызметi _____________________________________
(азаматтық авиация ұйымының атауы)
Арнайы машиналар мен автомобильдерді ұшу
жолағына шығару журналы
"____" _____________ 20 __ж.
№ жол қағазы | Автомобиль маркасы (арнайы машина) | Автомобиль маркасы (арнайы машина) | Жүргiзушінің аты-жөнi | Жол қағазын алған жүргiзушiнің қолы | Арнайы машина кiмге бөлiндi | Қозғалыс маршруты | Уақыты | Спидометр көрсеткiшi | Отын қалдығы | Диспетчердің қолы | Ескертпе | ||||
Шығатын жері | Баратын жері | Шығу | Келу | шыққанда | келгенде | шыққанда | келгенде | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 6-қосымша |
(алдыңғы беті)
___________________________________________________________
(азаматтық авиация ұйымы)
Арнайы машиналардың әуе кемелерiне
келетiн жолына (кететiн жолына)
басшылық ету құқығына куәлік
____________________________________________________ жұмыс iстейтiн
(азаматтық авиация ұйымы және атқаратын лауазымы)
_____________________________________________________________ мырза
(Т.А.Ә.)
әуе кемелерiне қызмет көрсету кезінде арнайы машиналардың келуiне
(кетуiне) басшылық ету жөніндегі нұсқаулықпен танысты және келуiне
(кетуiне) басшылық етуі үшін практикалық сигналдарды меңгердi.
Азаматтық авиация ұйымы басшысының (әуежай бастығының) 20___ жылғы
"___" _______№ __ бұйрығымен __________________________________
түрдегі _______________________________________ үлгісіндегі арнайы
машинамен үлгісіндегі әуе кемелерiне келуге (кетуге) басшылық ету
жөніндегі жұмысқа жiберiлдi.
Азаматтық авиация ұйымы бастығының
орынбасары (әуежай бастығы)
____________________________________
(қолы)
М.О.
20 жылғы "___" ___________
Куәлiктi алып қойған немесе жоғалтқан жағдайда жүргiзушiнiң
арнайы машиналармен әуе кемелерiне келуi (кетуi) жөніндегі
нұсқаулықты бiлуiн тексергеннен кейiн жаңартылады.(артқы бетi)
Бұзушылықтар туралы белгi
Р/с № | Күнi (күнi, айы, жылы) | Бұзушылықтың түрі | Ескерту жасаған адамның лауазымы, Т.А.Ә. |
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 7-қосымша |
Азаматтық авиация ұйымдарындағы жол-көлiк оқиғаларын
тiркеу журналы
Р/с № | Оқиғаның күнi мен уақыты | Жүргiзушi туралы деректер: 1) Т.А.Ә.; 2) класы мен жұмыс өтілі; 3) жұмыстың қай сағатында оқиға болды | Көлiк құралының моделi және оның нөмiрлiк белгiсi | Оқиға түрi | Оқиға орны | Оқиға жағдайы | Зардаптары | Оқиға себептерi | Қабылданған шаралар | Жiберiлу мерзiмi және хабарлама № | Ескертпе | |||
Қайтыс болған (адам) | Жарақаттанған (адам) | Материалдық шығын теңгемен | ||||||||||||
Жылжымалы құрам бойынша | Жүк бойынша | |||||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға 8-қосымша |
_____________________________________________________________________
(азаматтық авиация ұйымының атауы)
Жол-көлiк оқиғасы туралы хабарлама
1. Оқиға болған күн, уақыт және орын ________________________________
_____________________________________________________________________
2. Арнайы машинаның түрi (маркасы) және нөмiрлiк белгiсi ____________
_____________________________________________________________________
3. Арнайы машинаны кім жүргiзді _____________________________________
_____________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________
(жүргізушінің класы, жұмыс өтілі)
4. Оқиға жүргiзушi жұмысының қай сағатында болды, жүргiзушiнiң
жай-күйі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жол-көлiк оқиғасының түрi ________________________________________
_____________________________________________________________________
6. Оқиғаның қысқаша сипаттамасы _____________________________________
_____________________________________________________________________
7. Ауа райы, көрiну деңгейi _________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Оқиға себептерi __________________________________________________
9. Оқиға зардаптары _________________________________________________
а) қайтыс болды, жарақаттан қаза тапты (адам) оның iшiнде:
жүргiзушi, жолаушылар _______________________________________________
жүргінші ____________________________________________________________
б) дене жарақатын алды (адам)
оның iшiнде:
жүргiзушi, жолаушылар _______________________________________________
жаяу жүрушілер ______________________________________________________
в) оқиғадан кейiнгi арнайы машинаның техникалық жай-күйі, теңгемен
материалдық шығыны __________________________________________________
_____________________________________________________________________
г) басқа да шығындар (жүк шығыны) ___________________________________
_____________________________________________________________________
10. Оқиға орнына ұйым, басқарма қызметкерлерінен кім барды __________
_____________________________________________________________________
11. Оқиғаға кiнәлi адамға қабылданған шаралар _______________________
_____________________________________________________________________
12. Осындай оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Азаматтық авиация ұйымының бастығы
____________________________
(қолы)
20 ___ жылғы "___"_________________