Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 шілдеде № 11677 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрі
      Қ.Н. Қасымов____________
      2015 жылғы 10 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Энергетика министрі
      В.С. Школьник______________
      2015 жылғы ________________

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін ақтарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы   
№ 190 бұйрығымен бекітілген 

Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-44) тармақшасына сәйкес сәйкес әзірленген және азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
      2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен Жанар-жағармай материалдары қызметі (бұдан әрі - ЖЖМ қызметі) қамтамасыз етеді, бұлар азаматтық авиация ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе дербес заңды тұлға - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган беретін азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі сертификаты бар жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым болып табылады.
      3. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) азаматтық әуе кемелеріне орталықтандырылған отын құю жүйесі (бұдан әрі - ООЖ жүйесі) - технологиялық құбыр жолдардың бойымен және отын құю агрегаттары арқылы стационарлық сорғылардың көмегімен азаматтық әуе кемелерінің бактарына резервуарлардан отын беруге арналған құрылыстар мен технологиялық жабдық кешені;
      2) авиациялық жанар-жағармай материалдары (бұдан әрі – авиа ЖЖМ) - авиациялық техниканы пайдаланған кезде қолданылатын отындардың, майлардың, жағармай мен арнайы сұйықтықтардың барлық маркаларының жалпы атауы;
      3) авиаЖЖМ сапасы - авиаЖЖМ қасиеттерінің осы материалдардың нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген талаптарды қанағаттандыру қабілетін айқындайтын жиынтығы;
      4) авиаЖЖМ қоймасы - азаматтық әуе кемелеріне отын құю үшін авиаЖЖМ-ды қабылдайтын, сақтайтын және беретін ғимараттар, құрылыстар, қондырғылармен жабдық кешені;
      5) тауар астындағы су - жанар-жағармай материалдарын тұндыру нәтижесінде резервуарларда жинақталатын су.

2. Азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету тәртібі

      4. Азаматтық авиация ұйымдарының күнделікті мұқтажын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ авиаЖЖМ-ның резервтік мөлшерін жасау үшін резервуарлардың саны мен мөлшерін ЖЖМ қызметі айқындайды.
      5. Азаматтық әуе кемелерін қамтамасыз ету кезінде ЖЖМ қызметі:
      1) пайдалануға рұқсат етілген және азаматтық әуе кемелерінің тиісті үлгілерін ұшуда пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттарға енгізілген;
      2) сәйкестік сертификаты бар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификаттауға жататын авиаЖЖМ үшін) авиаЖЖМ-ды пайдаланады.
      6. Азаматтық әуе кемелерінің тиісті үлгілерін ұшуда пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі құжаттарға енгізілмеген авиаЖЖМ-ды пайдалану азаматтық әуе кемелерін шығарушылармен және олардың конструкторларымен келісім бойынша жүзеге асырылады.
      АвиаЖЖМ-ды жеткізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.
      7. АвиаЖЖМ-ды жеткізуге арналған шарт жасасу кезінде өнім беруші мынаған:
      1) жеткізілетін авиаЖЖМ маркасының техникалық регламенттер мен стандарттардың, өндіріс ерекшеліктері мен технологиясының талаптарына сәйкестігіне;
      2) сапасына өндіруші кепілдік берген және авиаЖЖМ-ның сапасы мен мөлшерін растайтын құжаттамасы бар авиаЖЖМ жеткізуге;
      3) тасымалдау кезінде, сондай-ақ авиаЖЖМ-ды алушыға дейін әртүрлі көлік құралдарымен кешенді түрде тасымалдаған жағдайларда авиаЖЖМ сапасын сақтау және оның басқа ЖЖМ маркаларымен араласып кетуін болдырмау жөніндегі талаптардың сақталуына;
      4) авиаЖЖМ-ды тасымалдауға әдейі дайындалған және арналған көлік құралдарымен ыдыстарды пайдалануға;
      5) шығару, сақтау және тасымалдау үдерісінде авиаЖЖМ сапасының осы авиаЖЖМ маркасын алған және пайдаланған кезде авиациялық техника жұмысының сенімділігіне әсерін тигізуі мүмкін қасақана немесе абайсызда нашарлау жағдайының туындағаны және анықталғаны туралы уақтылы хабарлау жөніндегі міндеттемеге кепілдік береді.
      8. Азаматтық әуе кемелеріне авиаЖЖМ құю рейстердің нөмірлері, үлгілер және борт нөмірлері, ұшып шығу уақыты мен олардың әрқайсысына арналған авиаЖЖМ мөлшері көрсетіліп, жоспарлы тәулікке дейін бір тәуліктен кешіктірілмейтін мерзімде авиакомпанияның уәкілетті өкілінен түсетін ұшудың тәуліктік жоспары негізінде жүзеге асырылады. АвиаЖЖМ-ға арналған өтінімдер ЖЖМ қызметіне беріледі.
      9. Азаматтық әуе кемелерінде пайдаланылатын авиаЖЖМ тізбесін авиациялық техниканы әзірлеуші немесе шығарушы зауыт белгілейді.
      Азаматтық әуе кемелерінің үлгілері бойынша пайдаланылатын авиаЖЖМ маркалары азаматтық авиация саласындағы нормативтік-техникалық құжаттармен, азаматтық әуе кемелерін пайдалану жөніндегі нұсқаулықтармен, азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасымен (регламентімен) айқындалады. Азаматтық әуе кемелерінде пайдаланылатын авиаЖЖМ мен арнайы сұйықтықтар номенклатурасы осы Қағидаға 1-қосымшада келтірілген.
      Әуежайларда азаматтық әуе кемелеріне отын құю нормативтік құжаттарға сәйкес және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы мен құюға авиаЖЖМ беруді жүзеге асыратын ЖЖМ қызметінің арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.
      10. Азаматтық әуе кемелеріне отын құю ООЖ жүйесі арқылы, сондай-ақ арнайы көлік құралдары: отын құйғыштарды, май құйғыштарды, отын құю агрегаттарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін.
      11. Ұшудың тәуліктік жоспарындағы азаматтық әуе кемелеріне авиаЖЖМ құюды ұйымдастыруға әсер ететін жедел өзгерістердің барлығы азаматтық әуе кемелері өзгерген жоспар бойынша ұшып келгенге немесе ұшып шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын арнайы көлік қызметінің диспетчеріне хабарланады.
      12. Азаматтық әуе кемелеріне отын құюдың жеделдігін қамтамасыз ету үшін отын құю бригадасының жеке құрамы отын құю орындарына тікелей жақын орналасқан әрі радио және телефон байланысымен жабдықталған үй-жайларға орналастырылады. Арнайы көлікте (отын құйғыш, май құйғыш, отын құю агрегаттары) радиобайланыс орнатылады.
      13. Кезекті резервуарды қосардан бұрын және әр ауысымның басында ЖЖМ қызметінің авиаЖЖМ технигі шығыс резервуарындағы тауар астындағы судың болуын тексереді.
      Шығыс резервуарындағы тауар астындағы судың болуы тексерілгеннен кейін әр резервуар бойынша тарату журналындағы «АвиаЖЖМ технигінің судың болуын тексергені туралы қорытындысы және қолы» деген бағанда «АвиаЖЖМ тазалығының деңгейін бақылау нәтижелері қанағаттанарлық. Беруге рұқсат» деген жазу жазылады.
      Әр резервуар бойынша тарату журналының нысаны осы Қағидаға 2-қосымшада айқындалған.
      14. Арнайы көлік құралдарын азаматтық әуе кемелеріне отын құюға жіберуді кезекті ауысымның басында ЖЖМ қызметінің маманы арнайы көлік қызметінің механигімен (бригадирімен) бірге жүзеге асырып, арнайы көлік құралдарына рұқсат беру журналына белгі қояды. Отын құюға жіберілген арнайы көлік құралдары туралы арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне хабарланады.
      15. Арнайы көлік құралдарын (отын құйғыштарды, май құйғыштарды) әрбір толтырған сайын ЖЖМ қызметінің маманы авиаЖЖМ-ның тазалығын тексереді, азаматтық әуе кемелеріне отын құюға рұқсат беру туралы бақылау талонына белгі қояды және бұл туралы арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне хабарлайды.
      16. Арнайы көлік құралдарының (отын құйғыштың, май құйғыштың, отын құю агрегатының) азаматтық әуе кемелеріне отын құюға шығуы арнайы көлік құралы қызметі және/немесе ЖЖМ қызметі диспетчерінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.
      17. Азаматтық әуе кемесіне отын құю оның қозғалтқыштары тоқтағаннан және бактардан тұрып қалған қалдық төгілгеннен кейін азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету нұсқаулықтары мен бағдарламаларына (регламенттеріне) сәйкес жүргізіледі.
      Отын құю басталғанға дейін азаматтық әуе кемесі тірек қалыптарымен нығайтылып, бекітіледі.
      18. Арнайы көлік құралдарының азаматтық әуе кемелеріне жақындап келуін және оларды орнатуды ЖЖМ қызметінің осыған рұқсат етілген мамандары жүргізеді.
      Азаматтық әуе кемелеріне отын құю кезінде авиаЖЖМ-мен қамтамасыз ету объектілерін техникалық пайдалану жөніндегі талаптар мен өрт қауіпсіздігі қағидалары сақталады.
      19. Отын құюды бастамас бұрын азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік - авиациялық техниканың авиатехнигі):
      1) бақылау талоны бойынша - отын құюға рұқсатты, арнайы көлік құралдары нөмірлерінің талонда көрсетілгендермен сәйкестігін, құюға берілген авиаЖЖМ-ның және судың кристалдануына қарсы сұйықтықтың сәйкестігін, отын құйғыштардан отынның тұрып қалған қалдығы төгілген күні мен уақытын және оның тазалығын;
      2) тұйықтау құралдарының және отын құю құралдары мен азаматтық әуе кемелерінің әлеуетін теңестіруге арналған құрылғылардың сенімділігі мен жарамдылығын;
      3) отын құятын жерде бастапқы өрт сөндіру құралдарының болуын;
      4) отын құйғыштар дөңгелектерінің астына тірек қалыптарының орнатылуын тексереді.
      Тексеру аяқталған соң азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік-авиациялық техниканың авиатехнигі) азаматтық әуе кемесіне отын құюға кірісуге рұқсат береді, отын құю режимін, сондай-ақ бактардың топтары бойынша бөле отырып, құюға арналған авиаЖЖМ-ның нақты мөлшерін көрсетеді.
      20. Азаматтық әуе кемесіне қызмет көрсететін адам (азаматтық әуе кемесі экипажының өкілі, инженерлік-авиациялық техниканың авиатехнигі) азаматтық әуе кемесіне отын құюды, азаматтық әуе кемесіне құйылған авиаЖЖМ-ның іс жүзіндегі мөлшерінің ұшуға арналған тапсырмада көрсетілген мөлшеріне сәйкестігін, авиаЖЖМ-ның азаматтық әуе кемесінің бактары мен отын және май жүйесінің топтарына дұрыс бөлінуін, судың кристалдануына қарсы сұйықтықтың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады.
      21. Арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчері азаматтық әуе кемелерінің үлгілері мен нөмірлері бойынша құйылған авиаЖЖМ-ның мөлшерін тіркейді және ЖЖМ қызметінің уәкілетті адамдарына әрбір азаматтық әуе кемесіне отын құюдың аяқталғаны туралы хабарлайды.
      22. Азаматтық әуе кемесінің багынан авиаЖЖМ-ды төгу авиакомпанияның өтінімдері бойынша жүргізіледі. Өтінім арнайы көлік құралы қызметінің және/немесе ЖЖМ қызметінің диспетчеріне беріледі.
      Төгу авиаЖЖМ-ның әрбір маркасына әдейі бөлінген, төгілетін отынның мөлшерін өлшеу құралдарымен жабдықталған отын құйғыштарға жүргізіледі.
      Азаматтық әуе кемесінің бактарынан авиаЖЖМ-ды азаматтық әуе кемелеріне отын құюға арналған отын құйғышқа төгуге жол берілмейді.
      23. Бортта жолаушылар болған кезде азаматтық әуе кемелеріне отын құю азаматтық әуе кемелерінің ұшып шығуының кідіруін болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің қосымша шаралары сақталған кезде орындалады.
      Мыналар бортта жолаушылар болған кезде азаматтық әуе кемелеріне отын құю кезінде:
      1) өртке қарсы автотехниканың қосымша санын тарту;
      2) азаматтық әуе кемесінің барлық есіктерін ашып тастау өрт қауіпсіздігінің қосымша шаралары болып табылады.

                                      Азаматтық әуе кемелерін
                                     авиациялық жанар-жағармай
                                    материалдарымен қамтамасыз
                                           ету қағидасына
                                             1-қосымша

  Қазақстан Республикасының АА ӘК пайдаланылатын авиациялық
       отындардың, майлардың, жағармайлардың және арнайы
                 сұйықтықтардың номенклатурасы

Өнімнің атауы

Өнімнің маркасы

МемСТ (мәтіні бойынша)

1

2

3

БЕНЗИНДЕР

Авиациялық бензин
Авиациялық бензин
Авиациялық бензин
Өндірістік-техникалық мақсатқа арналған бензин

Б-70
Б-91/115
Б-92
Нефрас-С50/170

ТШ 38.101913
МССТ 1012
ТШ 38.401-58-47
МССТ 8505

АВИАЦИЯЛЫҚ КЕРОСИНДЕР

Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын
Газтурбиналы қозғалтқыштарға арналған авиациялық отын

ТС-1.РТ, Т-1.Т-2
Джет А-1 (Jet A-1)

МССТ 10227-86
МССТ Р 52050-2003

АВИАЦИЯЛЫҚ МАЙЛАР

Авиациялық май
"Боинг"
"А-310-300"
Авиациялық май
Май
Авиациялық май
Авиациялық май
Май қоспасы (75% об МС-8П,МС-8РК немесе МК-8П+25% об МС-20)
Синтетикалық май
Синтетикалық май
Синтетикалық май
Синтетикалық май
Авиациялық май
Топса майы
Гипоидты берілістерге арналған май
Май қоспасы (50% об МС-8П,МС-8РК немесе МК-8П-|-50% об МС-20)
Май қоспасы (67% об ТСгип -f33% об АМГ-10)
Майқоспасы (25% об МС-8П, МС-8РК немесе МК-8П-|-75% об МС-20)
Майқоспасы (50% об ТСгип -)- 50%обАМГ-10)
Жағар май

МС-14
ЕТО 2380, MJ02
Mobil Jet Oil II
МС-20
МК-8П
МС-8П
МН-7,5У
СМ-4,5
ВНИИНП-50-1-4ф
ВНИИНП-50-1-4у
Б-ЗВ
Лз-240
ИПМ-10
ВНИИНП-25
Тсгип
СМ-8
СМ-9
СМ-11,5
50/50
132-08

МССТ 21743-76
СР2442
MIL-L-23699
МССТ 21743-76
МССТ 6457
ССТ 38.01163-78
ТШ 38.101722-85
ССТ 54-3-175-72- 99
МССТ 13076-86
ТШ 38.401-58-12-91
ТШ 38.101295-85
ТШ 301-04-010-92
ТШ 38.1011299-90
МССТ 11122
ТШ 38.01260
-
-
-
МССТ 18375-73

ЖҰМЫС СҰЙЫҚТЫҚТАРЫ

Жұмыс сұйықтығы
Жұмыс сұйықтығы
Жұмыс сұйықтығы
Гидросұйықтық
Жұмыс сұйықтығы

АМГ-10
НГЖ-4, 4у
НГЖ-5у
SKYDROL500B4 FH-51 (АМГ-10)

МССТ 6794
ТШ 38.401891
ТШ 38.401-58-57-93
-
MIL-L-5606

КОНСЕРВАЦИЯЛЫҚ МАЙЛАР МЕН ТҰНБАЛАР

Консервациялық май
Консервациялық жұмыс майы
Тұнба

К-17
МС-8РК
АКОР-1

МССТ 10877-76
ТШ 38.1011181-88
МССТ 15171-78

ПЛАСТИКАЛЫҚ ЖАҒАРМАЙЛАР

Пластикалық жағармай
Пластикалық жағармай
Пластикалық жағармай
Пластикалық жағармай
Пластикалық жағармай
Пластикалық жағармай
Баяу балқитын жағармай
Бензинге төзімді жағармай
Жағармай
Жағармай
Жағармай
Жағармай
Жағармай
Жағармай
Жағармай
Жағармай

ЦИАТИМ-201
Mobil 28
Aeroshell 22
ЦИАТИМ-203
ЦИАТИМ-221
Пушечная (ПВК)
НК-50
БУ
АМС-З
ВНИИНП-207
ОКБ-122-7
Эра
(ВНИИНП-286М)
Сапфир
(ВНИИНП-261)
Атланта
(ВНИИНП-254)
ВНИИНП-246
ВНИИНП-282

ГОСТ 6267-74
MIL-PFR-81322
MIL-PRF-81322
МССТ 8773-73
МССТ 9433-80
МССТ 19537
ТШ 38.01355
МССТ 7171
МССТ 2712
МССТ 19774-74
МССТ 18179
ТШ 38.101950-2000
ТШ 38.1011051-87
ТШ 38.1011048-85
МССТ 18852-73
ТШ 38.1011261-89

БАСҚА ЖАҒАРМАЙ МАТЕРИАЛДАРЫ

Форвакуумды сорғыларға арналған май
Төмен температуралы сағаттық май
Аспап майы

ВМ-4
НИИЧП-МН-60У
МП-601

МССТ 23013
ТШ 18-2/19-76
ТШ 38.101787-79

ПАСТАЛАР

Паста
Паста
Паста

ВНИИНП-225
ВНИИНП-232
ПФМС-4с

МССТ 19782-74
МССТ 14068-79
ТШ 6-02-917-79

АРНАЙЫ СҰЙЫҚТЫҚТАР

Мұздануға қарсы сұйықтық
Мұздануға қарсы сұйықтық
Мұздануға қарсы сұйықтық
Техникалық этилцеллозольв
Тетранидрофурфурилді спирт
Сұйықтық
Сұйықтық
Мұздануға қарсы сұйықтық
Техникалық этил спирті
Синтетикалық этил спирті
Техникалық ректификатталған этил спирті
Этил спирті (басты фракция)
Ректификатталған этил спирті (тағамдық шикізаттан)

"Арктика"
Арктика ДГ
Арктика-200"
Жидкость "И"
ТГФ
ТГФ-М
И-М
Type I, Type
II,
Type IV
A

ТШ 6-00-5763445-10-89
ТШ 2422-003-26759308-2005
ТШ 6-00-5763445-5-88
МССТ 8313-88
МССТ 17477-86
ТШ 6-10-1457
ССТ 54-3-175-73-99
Классификация
А.Е.А.
МССТ 17299-78
МССТ 11547
МССТ 18300-87
ССТ 18.121-73
МССТ 5962

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

Арнайы сұйықтық концентраты
Техникалық жуу құралы

CT-2 Вертолин-74

ТШ 38.101318-77 ТШ 38.10960

                                      Азаматтық әуе кемелерін
                                     авиациялық жанар-жағармай
                                     материалдарымен қамтамасыз
                                           ету қағидасына
                                           2-қосымша

           Резервуар бойынша тапсыру журналы

Ауысымды қабылдап-тапсыру

ЖЖМ атауы

Резервуар нөмірі

Резервуардағы ЖЖМ деңгейі, см

Резервуардағы ЖЖМ мөлшері, л

Паспорт нөмірі

Есептеуіш көрсеткіші

Берілген ЖЖМ мөлшері

Судың болуын тексеру туралы ЖЖМ технигінің қорытындысы мен қолы

қабылдау кезінде

тапсыру кезінде

Резервуардағы өлшем бойынша

Есептеуіштер бойынша












Журналдың барлық бағандары толтырылғаннан және берілген ЖЖМ мөлшері
жазылғаннан кейін қол қойылады:

Тапсырды                                             ________________
                                                          (қолы)
Қабылдады                                            ________________
                                                          (қолы)

Об утверждении Правил обеспечения авиационными горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 190. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 июля 2015 года № 11677

      В соответствии с подпунктам 41-44) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года «Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила обеспечения авиационными горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов.
      2. Комитету гражданской авиации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Сейдахметов Б.К.) обеспечить:
      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет» республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      Министра по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       Ж. Касымбек

      «СОГЛАСОВАНО»
      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      Касымов К.Н. ____________
      10 июня 2015 года

      «СОГЛАСОВАНО»
      Министр энергетики
      Республики Казахстан
      Школьник В.С. ___________
      «__» _________ 2015 года

Утверждены       
приказом исполняющего  
обязанности Министра   
по инвестициям и развитию 
Республики Казахстан   
от 24 февраля 2015 года № 190

Правила
обеспечения авиационными горюче-смазочными материалами
гражданских воздушных судов

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обеспечения авиационными горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктами 41-44) пункта 1 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2010 года «Об использовании воздушного пространства Республики Казахстан и деятельности авиации» и определяют порядок обеспечения авиационными горюче-смазочными материалами гражданских воздушных судов.
      2. Гражданские воздушные суда обеспечиваются авиационными горюче-смазочными материалами Службой горюче-смазочных материалов (далее – Служба ГСМ), которыми являются структурное подразделение организации гражданской авиации или самостоятельное юридическое лицо – организация по обеспечению горюче-смазочными материалами.
      3. Термины и определения, используемые в настоящих Правилах:
      1) система централизованной заправки гражданских воздушных судов топливом (далее – система ЦЗC) – комплекс сооружений и технологического оборудования для подачи топлива из резервуаров в баки гражданских воздушных судов с помощью стационарных насосов по технологическим трубопроводам и через заправочные агрегаты;
      2) авиационные горюче-смазочные материалы (далее – авиаГСМ) – общее наименование топлив, масел, смазок и специальных жидкостей всех марок, применяемых при эксплуатации авиационной техники;
      3) качество авиаГСМ – совокупность свойств авиаГСМ, определяющая способность этих материалов удовлетворять требованиям установленным в нормативно-технической документации;
      4) склад авиаГСМ – комплекс зданий, сооружений, установок и оборудования приема, хранения и выдачи авиаГСМ для заправки гражданских воздушных судов;
      5) подтоварная вода – вода, образующаяся в резервуарах в результате отстаивания горюче-смазочных материалов.

2. Порядок обеспечения авиационными горюче-смазочными
материалами гражданских воздушных судов

      4. Количество и размеры резервуаров определяются Службой ГСМ для обеспечения повседневных нужд организаций гражданской авиации, а также для создания резервного количества авиаГСМ.
      5. При обеспечении гражданских воздушных судов Служба ГСМ использует авиаГСМ:
      1) допущенные к применению и внесенный в документы по летной эксплуатации и техническому обслуживанию соответствующих типов гражданских воздушных судов;
      2) имеющие сертификат соответствия (для авиаГСМ, подлежащих сертификации в соответствии с законодательством Республики Казахстан).
      6. Использование авиаГСМ, не внесенные в документы по летной эксплуатации и техническому обслуживанию гражданских воздушных судов, осуществляется по согласованию с производителями и конструкторами гражданских воздушных судов.
      Договор на поставку авиаГСМ заключается в соответствии с гражданским законодательством Республики Казахстан.
      7. При заключении договоров на поставку авиаГСМ поставщик гарантирует:
      1) соответствие поставляемой марки авиаГСМ требованиям технических регламентов и стандартов, спецификаций и технологий производства;
      2) поставку авиаГСМ с гарантией качества производителя и документацией, подтверждающей качество и количество авиаГСМ;
      3) соблюдение требований по сохранности качества и исключению смешения авиаГСМ с другими марками ГСМ при транспортировке, а также в случаях комплексной транспортировки авиаГСМ различными транспортными средствами до получателя;
      4) использование транспортных средств и емкостей специально подготовленных и предназначенных для транспортировки авиаГСМ;
      5) обязательства по своевременному информированию о возникшем и выявленном случае умышленного или неумышленного ухудшения качества авиаГСМ в процессе производства, хранения и транспортировки, которые могут повлиять на надежность работы авиационной техники при получении и использовании данной марки авиаГСМ.
      8. Заправка гражданских воздушных судов авиаГСМ осуществляется на основании суточных планов полетов, которые поступают от уполномоченного представителя авиакомпании в срок не позднее одних суток до планируемых суток с указанием номеров рейсов, типов и бортовых номеров, времени вылетов и количества авиаГСМ для каждого из них. Заявки на авиаГСМ передаются в Службу ГСМ.
      9. Перечень авиаГСМ, применяемых на гражданских воздушных судах, определяется разработчиком или заводом-изготовителем авиационной техники.
      Марки применяемых авиаГСМ по типам гражданских воздушных судов определяются нормативно-техническими документами в области гражданской авиации, инструкциями по эксплуатации гражданских воздушных судов, программой (регламентом) технического обслуживания гражданских воздушных судов. Номенклатура авиаГСМ и специальных жидкостей, применяемых на гражданских воздушных судах приведена в приложении 1 к настоящим Правилам.
      Заправка воздушных судов в аэропортах осуществляется на основании договоров, заключенных между организацией по обеспечению горюче-смазочных материалов и эксплуатантом воздушных судов.
      10. Заправка гражданских воздушных судов может производиться через систему ЦЗС, а также с применением специальных транспортных средств: топливозаправщиков, маслозаправщиков, заправочных агрегатов.
      11. Все оперативные изменения в суточном плане полетов, влияющие на организацию заправки гражданских воздушных судов авиаГСМ, сообщаются диспетчеру службы специального транспорта не позднее, чем за 2 часа до прилета или вылета гражданских воздушных судов по измененному плану.
      12. Для обеспечения оперативности заправки гражданских воздушных судов личный состав заправочной бригады размещается в помещениях, расположенных в непосредственной близости к местам заправки и оборудованных радио и телефонной связью. Радиосвязь устанавливается и в специальном транспорте (топливозаправщик, маслозаправщик, заправочный агрегат).
      13. Перед подключением очередного резервуара и в начале каждой смены техником авиаГСМ Службы ГСМ проверяется наличие подтоварной воды в расходном резервуаре.
      После проверки наличия подтоварной воды в расходном резервуаре, в по резервуарном передаточном журнале в графе "Заключение и подпись техника авиаГСМ о проверке наличия воды" делается запись "Результаты контроля уровня чистоты авиаГСМ удовлетворительные. Выдачу разрешаю".
      При неудовлетворительных результатах проверки, расходный резервуар исключается из системы топливообеспечения, производится отбор проб для проведения анализа и выявления условий применения авиатоплива. При необходимости пробы направляются в независимую лабораторию для проведения анализа.
      Форма по резервуарного передаточного журнала определена в приложении 2 к настоящим Правилам.
      14. Допуск специальных транспортных средств к заправке гражданских воздушных судов осуществляется в начале очередной смены специалистом Службы ГСМ совместно с механиком (бригадиром) службы специального транспорта, с отметкой в журнале допуска специальных транспортных средств. О специальных транспортных средствах, допущенных к заправке, сообщается диспетчеру службы специального транспорта и/или Службы ГСМ.
      15. После каждого наполнения специальных транспортных средств (топливозаправщиков, маслозаправщиков) специалист Службы ГСМ проверяет чистоту авиаГСМ, делает отметку в контрольном талоне о допуске к заправке гражданских воздушных судов и сообщает об этом диспетчеру службы специального транспорта и/или Службы ГСМ.
      16. Выезд специальных транспортных средств (топливозаправщика, маслозаправщика, заправочного агрегата) на заправку гражданских воздушных судов производится по указанию диспетчера службы специального транспорта и/или Службы ГСМ.
      17. Заправка гражданского воздушного судна производится после остановки его двигателей и слива отстоя из топливных баков согласно инструкциям и программам (регламентам) технического обслуживания по типам воздушных судов.
      До начала заправки воздушное судно закрепляется и фиксируется упорными колодками.
      18. Подъезд заправочных специальных транспортных средств к гражданским воздушным судам и их установка осуществляется специалистами Службы ГСМ допущенных приказом руководителя организации гражданской авиации к руководству подъездом и отъездом спецтранспорта к воздушным судам.
      19. Перед началом заправки лицо, обслуживающее гражданское воздушное судно (представитель экипажа гражданского воздушного судна, авиатехник инженерно-авиационной техники), проверяет:
      1) по контрольному талону – разрешение на заправку, соответствие номеров специальных транспортных средств указанных в талоне, соответствие поданных на заправку авиаГСМ и процентное содержание противоводокристаллизацонной жидкости, дату и время проверки слива отстоя топлива из топливозаправщиков, и его чистоту;
      2) надежность и исправность средств заземления и устройств для выравнивания потенциалов средств заправки и гражданских воздушных судов;
      3) наличие на месте заправки первичных средств пожаротушения;
      4) установку упорных колодок под колеса топливозаправщиков.
      По окончании проверки лицо, обслуживающее гражданское воздушное судно (представитель экипажа гражданского воздушного судна, авиатехник инженерно-авиационной техники), дает разрешение к заправке воздушного судна, указывает режим заправки, а также конкретное количество авиаГСМ для заправки с распределением по группам топливных баков.
      20. Лицо, обслуживающее гражданское воздушное судно (представитель экипажа гражданского воздушного судна, авиатехник инженерно-авиационной службы), осуществляет контроль за заправкой гражданского воздушного судна, соответствием фактического количества авиаГСМ, заправленного в гражданское воздушное судно, указанному в задании на полет, правильным распределением авиаГСМ по топливным бакам и группам топливной и масляной системы гражданского воздушного судна, за использованием противоводокристаллизацонной жидкости.
      21. Диспетчер службы специального транспорта и/или Службы ГСМ фиксирует количество авиаГСМ, заправленных по типам и номерам гражданских воздушных судов, и информирует уполномоченных лиц Службы ГСМ об окончании заправки каждого гражданского воздушного судна.
      22. Слив авиаГСМ из топливных баков гражданского воздушного судна производится по заявкам авиакомпании. Заявка подается диспетчеру службы специального транспорта и/или Службы ГСМ.
      Слив производится в специально выделенные под каждую марку авиаГСМ топливозаправщики, которые оборудованы средствами измерения количества сливаемого топлива.
      Слив авиаГСМ из топливных баков гражданского воздушного судна в топливозаправщик, предназначенный для заправки гражданских воздушных судов, не допускается.
      23. Заправка гражданских воздушных судов при наличии пассажиров на борту выполняется для предотвращения задержки вылетов гражданских воздушных судов при соблюдении дополнительных мер для обеспечения пожарной безопасности.
      Дополнительными мерами пожарной безопасности при заправке гражданских воздушных судов при наличии пассажиров на борту являются:
      1) привлечение дополнительного количества пожарной автотехники;
      2) открытие всех дверей гражданского воздушного судна;
      3) установка пассажирских трапов.

Приложение 1               
к Правилам обеспечения авиационными  
горюче-смазочными материалами гражданских
воздушных судов             

                          Номенклатура
   авиационных топлива, масел, смазок и специальных жидкостей,
       применяемых на воздушных судах гражданской авиации
                      Республики Казахстан

Наименование продукта

Марка продукта

ГОСТ (ТУ)

1

2

3

БЕНЗИНЫ

Бензин авиационный
Бензин авиационный
Бензин авиационный
Бензин для промышленно-технических целей

Б-70
Б-91/115
Б-92
Нефрас-С50/170

ТУ 38.101913
ГОСТ 1012
ТУ 38.401-58-47
ГОСТ 8505

АВИАКЕРОСИНЫ

Топливо для реактивных двигателей
Авиационное топливо для газотурбинных двигателей

ТС-1, РТ, Т-1, Т-2
Джет А-1 (Jet A-1)

ГОСТ 10227-86
ГОСТ Р 52050-2003

МАСЛА АВИАЦИОННЫЕ

Масло авиационное
"Боинг"
"А-310-300"
Масло авиационное
Масло
Масло авиационное
Масло авиационное
Маслосмесь (75% об МС-8П, МС-8РК или
МК-8П+25 % об МС-20)
Масло синтетическое
Масло синтетическое
Масло синтетическое
Масло синтетическое
Масло авиационное
Масло шарнирное
Масло для гипоидных передач
Маслосмесь (50% об МС-8П,
МС-8РК или МК-8П+50% об МС-20)
Маслосмесь (67% об ТСгип+33% об
АМГ-10)
Маслосмесь (25% об МС-8П, МС-8РК
или МК-8П+75% об МС-20)
Маслосмесь (50% об ТСгип + 50% об
АМГ-10)
Масло смазочное

МС-14
ETO 2380, MJ02
Mobil Jet Oil II
МС-20
МК-8П
МС-8П
МН-7,5У

СМ-4,5
ВНИИНП-50-1-4ф
ВНИИНП-50-1-4у
Б-3В
Лз-240
ИПМ-10
ВНИИНП-25
Тсгип
СМ-8
СМ-9
СМ-11,5

50/50
132-08

ГОСТ 21743-76
СР2442
MIL-L-23699
ГОСТ 21743-76
ГОСТ 6457
ОСТ 38.01163-78
ТУ 38.101722-85

ОСТ 54-3-175-72-99
ГОСТ 13076-86
ТУ 38.401-58-12-91
ТУ 38.101295-85
ТУ 301-04-010-92
ТУ 38.1011299-90
ГОСТ 11122
ТУ 38.01260
-
-

-
-
ГОСТ 18375-73

РАБОЧИЕ ЖИДКОСТИ

Рабочая жидкость
Рабочая жидкость
Рабочая жидкость
Гидрожидкость
Рабочая жидкость

АМГ-10
НГЖ-4, 4у
НГЖ-5у
SKYDROL 500B4 FH-51 (АМГ-10)

ГОСТ 6794
ТУ 38.401891
ТУ 38.401-58-57-93
-
MIL-L-5606

КОНСЕРВАЦИОННЫЕ МАСЛА И ПРИСАДКИ

Масло консервационное
Масло рабочее консервационное
Присадка

К-17
МС-8РК
АКОР-1

ГОСТ 10877-76
ТУ 38.1011181-88
ГОСТ 15171-78

ПЛАСТИЧЕСКИЕ СМАЗКИ



Смазка пластическая
Смазка пластическая
Смазка пластическая
Смазка пластическая
Смазка пластическая
Смазка пластическая
Смазка тугоплавкая
Смазка бензиноупорная
Смазка
Смазка
Смазка
Смазка
Смазка

Смазка

Смазка
Смазка

ЦИАТИМ-201
Mobil 28
Aeroshell 22
ЦИАТИМ-203
ЦИАТИМ-221
Пушечная (ПВК)
НК-50
БУ
АМС-3
ВНИИНП-207
ОКБ-122-7
Эра (ВНИИНП-
286М)
Сапфир
(ВНИИНП-261)
Атланта
(ВНИИНП-254)
ВНИИНП-246
ВНИИНП-282

ГОСТ 6267-74
MIL-PFR-81322
MIL-PRF-81322
ГОСТ 8773-73
ГОСТ 9433-80
ГОСТ 19537
ТУ 38.01355
ГОСТ 7171
ГОСТ 2712
ГОСТ 19774-74
ГОСТ 18179
ТУ 38.101950-2000

ТУ 38.1011051-87
 
ТУ 38.1011048-85
ГОСТ 18852-73
ТУ 38.1011261-89

ПРОЧИЕ СМАЗОЧНЫЕ МАТЕРИАЛЫ

Масло для форвакуумных насосов
Масло часовое низкотемпературное
Масло приборное

ВМ-4
НИИЧП-МН-60У
МП-601

ГОСТ 23013
ТУ 18-2/19-76
ТУ 38.101787-79

ПАСТЫ

Паста
Паста
Паста

ВНИИНП-225
ВНИИНП-232
ПФМС-4с

ГОСТ 19782-74
ГОСТ 14068-79
ТУ 6-02-917-79

СПЕЦИАЛЬНЫЕ ЖИДКОСТИ

Жидкость противообледенительная
Жидкость противообледенительная
Жидкость противообледенительная
Этилцеллозольв технический
Тетранидрофурфуриловый спирт
Жидкость
Жидкость
Жидкость противообледенительная

Спирт этиловый технический
Спирт этиловый синтетический
Спирт этиловый ректификованный технический
Спирт этиловый (головная фракция)
Спирт этиловый ректификованный
(из пищевого сырья)

"Арктика"
Арктика ДГ
"Арктика-200"
Жидкость "И"
ТГФ
ТГФ-М
И-М
Type I, Type II,
Type IV
A
-

-
-

-

ТУ 6-00-5763445-10-89
ТУ 2422-003-26759308-2005 ТУ 6-00-5763445-5-88
ГОСТ 8313-88
ГОСТ 17477-86
ТУ 6-10-1457
ОСТ 54-3-175-73-99
Классификация
А.Е.А.
ГОСТ 17299-78
ГОСТ 11547
 
ГОСТ 18300-87
ОСТ 18.121-73

ГОСТ 5962

ТЕХНИЧЕСКИЕ СРЕДСТВА

Концентрат специальной жидкости
Средство моющее техническое

СТ-2
Вертолин-74

ТУ 38.101318-77
ТУ 38.10960

Приложение 2               
к Правилам обеспечения авиационными  
горюче-смазочными материалами гражданских
воздушных судов             

                  Порезервуарный передаточный журнал

Дата приема-сдачи смены

Наименование ГСМ

Номер резервуара

Уровень ГСМ в резервуаре, см

Количество ГСМ врезервуаре, л

Номерпаспорта

Показания счетчиков

Количество выданного ГСМ

Заключение и подписьтехника СМ о проверкеналичияводы

приприеме

присдаче

по замерам врезервуарах

по счетчикам












После заполнения всех граф журнала и записи количества выданного ГСМ
ставятся подписи:

Сдал                                             ____________________
                                                      (подпись)

Принял                                           ____________________
                                                      (подпись)