Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 650 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 шілдеде № 11694 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Транзитті және көлік логистикасын дамыту департаменті (Д.Қ. Сәбитов):

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрінің міндетін атқарушы

А.Рау

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 10 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 12 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Е. Досаев

      2015 жылғы 18 маусым



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 650 бұйрығымен
бекітілген

Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Көлік-логистика орталықтарын жайластыру және техникалық жарақтандыру жөніндегі үлгілік талаптар (бұдан әрі - Үлгілік талаптар) "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-2-бабына сәйкес әзірленді және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасау, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін ұлғайту, сауданы дамыту, логистикалық және кедендік операциялардың жүргізілуін жеделдету мақсатында көлік-логистика орталықтарын жобалау, салу (реконструкциялау) және жайластыру кезінде есепке алу үшін арналған.

      2. Көлік-логистика орталығы (бұдан әрі - КЛО) бұл құрылыстар орналастырылған арнайы бөлінген учаскені қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік және өзге де операцияларды қоса алғанда, тасымалдаумен қатар жүргізілетін, жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын дайындау, бөлу және қорытындылау технологиялық операцияларын орындауға, оның ішінде қарап-тексеруге арналған көлік инфрақұрылымы объектісі.

      3. Осы Үлгілік талаптар көлік-логистика қызметін жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруға ниеті бар нарық субъектілері, сондай-ақ кеден ісі, ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар мен ведомстволар үшін арналған.

      4. Осы Үлгілік талаптар КЛО техникалық жарақтандыру деңгейін, олардың жұмыс істеуін және Қазақстан Республикасындағы көлік-логистика қызметтерін көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

      5. КЛО көліктік жүк ағынының қарқындылығына байланысты жұмыс режимі бар автомобиль жолдарына немесе әуежайларға немесе теңіз және өзен порттарына немесе теміржол станцияларына жақын маңда құру қажет.

      6. Қызмет түрі бойынша КЛО мынадай түрлері белгіленеді:

      1) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тасымалданатын тасымалдауларға, жүкті өңдеуге қызмет көрсету және уақытша сақтау орындарында тауарларды орналастыру, кедендік және өзге операцияларды атқару бойынша қызмет көрсету үшін арналған халықаралық КЛО:

      ішкі КЛО клиенттердің орналасу жері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында салынады;

      шекара маңындағы КЛО өткізу пункттерінде немесе Кеден одағының кедендік шекарасындағы қазақстандық учаскеде өткізу пункттерінің аумағына бөлінбей жақын құрылады;

      2) өңірлік КЛО Қазақстан Республикасының аумағында салынады және Кеден одағының кедендік шекарасының шеңберіндегі тасымалдаумен қатар жүргізілетін, жүктермен және көлік құралдарымен жасалатын дайындау, бөлу және қорытындылау технологиялық операцияларын орындауға арналған.

      7. КЛО мынадай аймақтарды қамтиды:

      1) терминалды – тиеу-түсіру операцияларын өткізу үшін арналған аймақ;

      2) қоймалық – қоймалық үй-жайлар, объектілер және құрылғылар орналасқан аймақ;

      3) әкімшілік – КЛО әкімшілігі орналасатын әкімшілік үй-жайларының кешені орналасатын аймақ.

      Халықаралық КЛО Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кеден бекеті немесе кедендік операцияларды өткізу орны құрылатын кедендік бақылау аймағы көзделген.

      8. Осы Үлгілік талаптардың 9-тармағында көрсетілген КЛО аумағының алаңы, сондай-ақ аймақтар, жобалау сатысында көлік саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

2. Өңірлік КЛО жайластыру бойынша талаптар

      9. КЛО алаңы қажеттілік болған жағдайда КЛО жалпы ауданынан кемінде 20 % кеңейту мүмкіндігімен жүк ағынына байланысты. КЛО алаңы мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) қойма аймағы КЛО жалпы алаңының кемінде 40 %;

      2) тұрақ үшін алаң КЛО жалпы алаңының кемінде 15 %;

      3) терминал аймағы КЛО жалпы алаңының кемінде 15 %;

      4) контейнерлік алаң КЛО жалпы алаңының кемінде 15 %.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.01.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Пайдалы қазбалары бар алаңдарда КЛО жобалауға және салуға, жер асты құрылыстары жатқан орындарда орналастыруға жол берілмейді. Айрықша жағдайларда бұларға жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның рұқсаты бойынша жол берiледi.

      11. КЛО аумағында және оларға кіретін және шығатын кірме жолдарда көлденең таңбалауды, тік жол белгілерін, бағдаршамдарды және басқа нұсқамаларды пайдалану арқылы қозғалысты тиімді басқару қамтамасыз етіледі. КЛО аумағында қозғалыс қауіпсіздігін және бақылауды қамтамасыз ету мақсатында арнайы кедергілер, тосқауылдар және басқа да құрылғылар құрылады. Осы жүйе көлік құралдарының КЛО шегінен тыс санкциясыз кету мүмкіндігінің жолын кесуге арналған.

      12. Жол коммуникациялық жүйе КЛО даму перспективасын және көлік құралдарының қозғалыс бағыттарын өзгерту мүмкіндігін ескере отырып, қарбалас сағатта көлік құралдарының ең көп санын өткізу қабілетін есепке ала отырып салынады.

      13. КЛО аумағындағы көлік құралдары үшін өту жолдары бөгетсіз маневр жасауы және тиеу-түсіру пункттеріне кірме жолды қамтамасыз етеді.

      14. Жүк машиналар қозғалысының бақылау белдеуінің ені – 3,5 метр.

      15. Ірі габариттік, ауыр салмақты және арнайы жүктердің өткізілуін қамтамасыз ету үшін ені әрбір бағыт үшін 4,5 метр болуы тиіс қозғалыстың жеке белдеуін қамтуы қажет.

      16. Қозғалыстың белдеу саны көліктік жүк ағынының жиілігіне байланысты анықталады.

      17. КЛО әкімшілік ғимараттарында байланыстың серверлік тораптарын орналастыру үшін үй-жайлар қарастырылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.01.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. КЛО аумағында автокөлік тұрағы үшін күзетілетін алаң қарастырылады.

      19. КЛО қызмет көрсету объектілері де (тамақтану пункттері, банк терминалдары, валюта айырбастау пункттері, пошта және басқа объектілер) орналасуы мүмкін.

      20. Барлық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету, сондай-ақ КЛО аумағында орналасқан ғимараттар мен құрылыстарды күтіп-ұстау жауапкершілігі КЛО әкімшілігіне жүктеледі.

3. Өнірлік КЛО техникалық жабдықталуына қойылатын талаптар

      21. Өңірлік КЛО техникалық жабдықталуы мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) бір немесе бірнеше жер үсті көлік жолдарының болуы;

      2) аумаққа көлік құралдарының кіруі мен аумақтан шығуын бақылайтын автоматтандырылған бақылау жүйесінің болуы;

      3) тауарлар мен көлік құралдарын автоматты түрде есептеу жүйесінің болуы;

      4) әртүрлі типтегі телевизиялық жүйелерді қолданумен құрылған және деректерді сақтай отырып, нақты уақыт режимінде объектілеріне (аумақтарына) бақылауды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, тәулік бойы қызмет ететін, КЛО-да соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде орын алған оқиғалар туралы бейне ақпаратты қарау мүмкіндігі бар, жүйе телекамералары ғимаратта, алаңдарында, сондай-ақ КЛО аумағының периметрі бойынша орналастырылған, бөлігі көрсетіліп немесе жасырын орнатылатын телевизиялық бейнебақылау жүйесі;

      5) орналастырылатын тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы құрылғыларының болуы;

      6) қоймалық аймақтың болуы (тікбұрыш пішінде болуы жөн);

      7) өртті жоюды және адамдарды қауіпсіз жерге көшіруді (ұйғарынды өрт қатерін есепке алып) ұйымдастыру мақсатында өрт туралы хабарландыру жүйелерін және өрт сөндіру қондырғыларын қосу үшін қажетті уақытта өртті автоматты түрде анықтауды, өңдеуді, өрт туралы хабарландыруды белгіленген түрде беруді қамтамасыз ететін, объектілерде монтаждалған және жалпы өрт бекетінен бақыланатын жобалау құжаттамасына сәйкес өрт дабылын, өрт сөндіруді және өрт туралы адамдарды хабарландыру жүйесін орнатудың жиынтығынан тұратын өрт сөндіру автоматикасының жүйесі;

      8) жүкті өңдеу бойынша қазіргі заманғы көліктік-қойма операциялары мен тиеу-түсіру жұмыстарын механизациялау құралдарының болуы;

      9) автоматты телефон станциялары, коммутаторлары (қызметтік үй-жайлардың санына байланысты) негізінде құрылған ішкі телефон байланысы жүйесі;

      10) барлық орынжайларда және құрылыстарда орнатылған құрылғылардың қажет санын қосуға мүмкіндік беретін стационарлық аппаратураларды қолдану арқылы жабдықталған күзет дабылының жүйесі;

      11) инженерлік желілер мен коммуникация жүйесімен біріктірілген, бірлесіп қолданылатын күзеттің техникалық құралдарын қолдана отырып жабдықталған және аумаққа рұқсатсыз кіріп кетуді (кіріп кетуге әрекет етуді) анықтауға, ақпаратты берілген түрінде оператор пультіне жинауға, өңдеу мен ұсынуға арналған күзет, кіруді бақылау және күзет дабыл беру инженерлік құралдары жүйесі;

      12) ғимараттарды, үй-жайларды, құрылыстарды, жабдықтарды техникалық бақылау құралдарын электрмен жабдықтау жүйесін авариялық ажырату кезінде электрмен қоректендіруді қамтамасыз етуге арналған және электрмен қоректендірудің балама көздерінің көмегімен құрылған, бұл ретте КЛО электр энергиясын үздіксіз берумен қамтамасыз етілген резервтік электрмен қоректендіру жүйесі.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.01.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Халықаралық КЛО жайластыруға қойылатын талаптар

      22. Халықаралық КЛО-да сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында бір әкімшілік ғимаратта кедендік және өзге де операцияларды орындау, қажетті рұқсат беру құжаттарын беру үшін кеден ісі, ветеринариялық-санитариялық бақылау мен өсімдіктер карантині бойынша бақылау, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдар мен ведомстволарға және өзге де ұйымдар орналастырылатын ресімдеудің операциялық залы мен қызметтік үй-жайларды орналастыру қажет. Үй-жайлардың саны мен олардың алаңдары әрбір қызмет үшін жобалау сатысында сәйкес уәкілетті органдармен келісіледі.

      23. Халықаралық КЛО-да тәулік бойы қызмет ететін жасанды жарық пен соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауға мүмкіндік беретін рұқсат мүмкіндігі 1920х1080 пиксель болатын бейнебақылау құралдарымен жабдықталған тауарларды тексеру, оның ішінде көлік құралдарын жан-жақты тексеру орындарын қарастыру қажет.

      24. Бөгде тұлғалардың кедендік бақылау орындарына өтуін болдырмау мақсатында кедендік бақылау аймақтары қоршаумен жабдықталады. Бұл ретте, тексеру алаңдарында, кіретін және шығатын жерлерде, көлік құралдарын қайта тиеу орындарында максималды қарқындылықпен жарық, сондай-ақ бейнебақылау жүйесі көзделеді.

      25. КЛО жобалау және салу кезеңдерінде іске асырылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының кедендік бақылаудың режимдік аймақтары туралы талаптарының сақталуымен қызмет көрсету объектілері (тамақтану пункттері, банк терминалдары, валюта айырбастау пункттері, пошта және басқа объектілер) орналастырылады.

      26. КЛО әкімшілігі кеден ісі, ветеринариялық-санитариялық бақылау және өсімдіктер карантині бойынша бақылау, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органды және ведомстволарды кедендік және бақылаудың басқа түрлерін жүзеге асыру үшін өтеусіз негізде қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді және коммуналдық қызмет, байланыс арналары бойынша шығыстарды төлейді.

      27. Теміржол жолдары бар халықаралық КЛО-да:

      1) толассыз түрде жобаланған, техникалық жарамды бір немесе бірнеше көліктің кірме жолдары бар КЛО-ның жолдық дамуымен;

      2) жоспарланған жүк тасымалдау көлемін ескере отырып өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін КЛО кірме жолдарының жанасу станциялары мен КЛО аумағындағы алаңішілік теміржолдардың, сондай-ақ қазіргі заманғы тиеу-түсіру жұмыстарының механизациялау құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

      28. Теңіз және өзен жолдары бар халықаралық КЛО:

      1) бөгетсіз маневр жасау мен тиеу-түсіру пункттеріне кіруін;

      2) Қазақстан Республикасының теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.

      29. Халықаралық КЛО осы Үлгілік талаптардың 9-18, 20-тармақтарында көрсетілген талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      30. Халықаралық шекара маңындағы КЛО-да өткізу пунктінен КЛО-ға дейінгі аумақта қоршау, бейнебақылау мен жарықтандыру және көлік ағындарын шығу мен кіруге бөлу қарастырылады. Халықаралық шекара маңындағы КЛО аумағының орналасуы кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.

5. Халықаралық КЛО техникалық жабдықтандыруға қойылатын талаптар

      31. Жобалау кезеңінде көлік құралдарын және тауарларды өткізуді ұйымдастырудың технологиялық схемасын, өткізу қабілетін (қозғалыстың, көлік құралдарының тәуліктегі, сағаттағы қарқындылығы) көлік ағынының кіру және шығу жолдарына бөлінуін, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарын қарау (қарап тексеру) орнының аумағын және санын ескере отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мынадай жүйелермен қамтамасыз етіледі:

      1) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ықпалдасудың техникалық мүмкіндіктері бар, автоматты режимде көлік құралдарының салмақтық параметрлерін анықтауға мүмкіндік беретін көлік құралдарының салмақтық параметрлерін автоматты түрде анықтау жүйесі;

      2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның және жоғары тұрған басқару органдарымен өзара іс-қимылын және үздіксіз тұрақты байланысын қамтамасыз ететін кемінде 8 Мбит/сек өткізу қабілеті бар телекоммуникациялық инфрақұрылымды қоса алғанда байланыс жүйесі;

      3) кеден ісі саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен ықпалдасудың техникалық мүмкіндіктері бар автокөлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін оқуды, сақтауды, мемлекеттік тіркеу нөмірлерінің дерекқорын жүргізуді қамтамасыз ететін көлік құралдарын электрондық есепке алу жүйелері.

      32. Халықаралық КЛО осы Үлгілік талаптардың 21-тармағының 1), 3), 4), 6-12) тармақшаларында көрсетілген талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

6. КЛО аумағындағы қоймалық үй-жайлар

      33. КЛО аумағында орналасқан қоймалық үй-жайлардың жобалануы мен құрылысы Қазақстан Республикасы заңнамасының құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      34. Өңірлік КЛО қоймалық үй-жайлары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) тікбұрышты пішінде болуы жөн бір қабатты қоймалық ғимарат;

      2) шаңға қарсы жамылғысы бар, 5т/ш.м. кем емес жүктемесі бар, жер деңгейінен 1,20 м. деңгейінде орналасқан тегіс бетонды еден;

      3) төбенің биіктігі 8 метрден бастап;

      4) реттелетін температуралық режим;

      5) жобалау құжаттамасына сәйкес өрт дабылы жүйесінің мен автоматты өрт сөндіру жүйесінің болуы;

      6) тиеу-түсіру алаңдары бар автоматты қақпалардың жеткілікті санының болуы (500 ш.м.-ге 1-ден кем емес);

      7) желдету жүйесі;

      8) көліктен түсіру үшін пандус;

      9) үлкен жүкті автомобильдердің тұруы мен маневр жасауы үшін алаңдардың болуы;

      10) қойманың жанындағы қосалқы үй-жайлардың болуы (дәретхана, душ, қосымша үй-жайлар, персонал үшін шешінетін жерлер).

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.01.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Халықаралық КЛО қоймалық үй-жайлары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) тікбұрыш пішінде болуы жөн колоннасыз немесе колонналар арасы кемінде 12 м және аралықтары кемінде 24 м құрайтын заманауи бір қабатты қоймалық ғимарат;

      2) шаңға қарсы жамылғысы бар, 5т/ш.м. кем емес жүктемесі бар, жер деңгейінен 1,20 м. деңгейінде орналасқан тегіс бетонды еден;

      3) көп деңгейлі (6-7 ярус) стеллаж жабдықты орнатуға мүмкіндік беретін төбелердің биіктігі 13 метрден кем емес;

      4) реттелетін температуралық режим;

      5) жобалау құжаттамасына сәйкес өрт дабылы жүйесі мен автоматты өрт сөндіру жүйесінің болуы;

      6) желдету жүйесінің болуы;

      7) биіктігі реттелетін (500 ш.м-ге 1-ден кем емес) тиеу-түсіру алаңдары бар автоматты қақпалардың жеткілікті санының болуы;

      8) үлкен жүкті көліктердің және жеңіл автомобильдердің тұруы үшін алаңдардың болуы;

      9) үлкен жүкті көліктердің маневр жасауы үшін алаңдардың болуы;

      10) қойманың жанындағы қосалқы үй-жайлардың болуы (дәретхана, душ, қосымша үй-жайлар, персонал үшін шешінетін жерлер).

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.01.2023 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Халықаралық КЛО-да Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының талаптарына сәйкес уақытша сақтау қоймаларын қарастыру қажет.

Об утверждении Типовых требований по обустройству и техническому оснащению транспортно-логистических центров

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 мая 2015 года № 650. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 июля 2015 года № 11694.

      В соответствии со статьей 15-2 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Типовые требования по обустройству и техническому оснащению транспортно-логистических центров.

      2. Департаменту развития транзита и транспортной логистики Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Сабитов Д.К.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнения настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Министра по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Рау

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр сельского хозяйства

      Республики Казахстан

      _____________ А. Мамытбеков

      10 июня 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр финансов

      Республики Казахстан

      _____________ Б. Султанов

      18 июня 2015 года

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      _____________ Е. Досаев

      18 июня 2015 года


  Утверждены
приказом исполняющего
обязанности Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 28 мая 2015 года № 650

Типовые требования к обустройству и техническому
оснащению транспортно-логистических центров
1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые требования к обустройству и техническому оснащению транспортно-логистических центров (далее - Типовые требования) разработаны в соответствии со статьей 15-2 Закона Республики Казахстан от 21 сентября 1994 года "О транспорте в Республике Казахстан" и предназначены для учета при проектировании, строительстве (реконструкции) и обустройстве транспортно-логистических центров, в целях создания благоприятных условий для участников внешнеэкономической деятельности, увеличения транзитного потенциала Республики Казахстан, развития торговли, ускорение проведения логистических и таможенных операций.

      2. Транспортно-логистический центр (далее - ТЛЦ) – это объект транспортной инфраструктуры, включающий специально отведенный участок с расположенными на нем сооружениями, предназначенный для выполнения сопутствующих перевозке подготовительных, распределительных и заключительных технологических операций с грузами и транспортными средствами, в том числе осмотр, включая таможенные и иные операции в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      3. Настоящие Типовые требования предназначены для субъектов рынка, осуществляющих или намеренных осуществлять транспортно-логистическую деятельность, уполномоченных органов и ведомств в сфере таможенного дела, ветеринарно-санитарного контроля и контроля по карантину растений, а также санитарно-эпидемиологического благополучия населения.

      4. Настоящие Типовые требования направлены на повышение уровня технического оснащения ТЛЦ, эффективности их функционирования и качества оказания транспортно-логистических услуг в Республике Казахстан.

      5. ТЛЦ необходимо создавать вблизи автомобильных дорог или аэропортов или морских и речных портов или железнодорожных станциях, с режимом работы в зависимости от интенсивности транспортного грузопотока.

      6. По виду деятельности устанавливаются следующие виды ТЛЦ:

      1) международные ТЛЦ, которые предназначены для обслуживания перевозок, обработки грузов, перемещаемых через таможенную границу Таможенного союза, и оказания услуг по размещению товаров в местах временного хранения, совершения таможенных и иных операций:

      внутренние ТЛЦ сооружаются на территории Республики Казахстан по месту нахождения клиентов;

      приграничные ТЛЦ сооружаются при пунктах пропуска или в безразрывной близости к территории пунктов пропуска на казахстанском участке таможенной границы Таможенного союза;

      2) региональные ТЛЦ сооружаются на территории Республики Казахстан и предназначены для выполнения сопутствующих перевозке подготовительных, распределительных и заключительных технологических операций с грузами и транспортными средствами в пределах таможенной границы Таможенного союза.

      7. ТЛЦ предусматривают следующие зоны:

      1) терминальная – зона, предназначенная для проведения разгрузочно-погрузочных операций;

      2) складская – зона, где расположены складские помещения, объекты и устройства;

      3) административная – зона, где расположен комплекс административных помещений, в которых размещается администрация ТЛЦ.

      В международных ТЛЦ предусматривается зона таможенного контроля, в которой в соответствии с законодательством Республики Казахстан создается таможенный пост или место проведения таможенных операций в целях осуществления таможенного контроля.

      8. Площадь территорий ТЛЦ, а также зоны, указанные в пункте 9 настоящих Типовых требований, на стадии проектирования согласовываются с уполномоченным органом в сфере транспорта.

2. Требования по обустройству региональных ТЛЦ

      9. Площадь ТЛЦ зависит от грузопотока, с возможностью ее расширения при необходимости не менее чем на 20 % от общей площади ТЛЦ. Площадь ТЛЦ соответствует следующим требованиям:

      1) складская зона не менее 40 % от общей площади ТЛЦ;

      2) площадь для парковки не менее 15 % от общей площади ТЛЦ;

      3) терминальная зона не менее 15 % от общей площади ТЛЦ;

      4) контейнерная площадка не менее 15 % от общей площади ТЛЦ.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 20.01.2023 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Не допускается проектирование и строительство ТЛЦ на площадях залегания полезных ископаемых, размещение в местах их залегания подземных сооружений. В исключительных случаях они допускаются по разрешению уполномоченного органа по изучению и использованию недр.

      11. На территории ТЛЦ и подъездных дорогах к ним при въезде и выезде обеспечивается эффективное управление движением путем использования горизонтальной маркировки, вертикальных дорожных знаков, светофоров и других указателей. В целях обеспечения безопасности и контроля движения на территории ТЛЦ создается система специальных преград, барьеров и других устройств. Данная система призвана пресекать возможность несанкционированного убытия транспортного средства за пределы ТЛЦ.

      12. Дорожная коммуникационная система строится с учетом перспектив развития ТЛЦ и обеспечения пропуска максимального количества транспортных средств в часы пик, с учетом возможности изменения направления движения транспортных средств.

      13. Проезды для транспортных средств на территории ТЛЦ должны обеспечивать беспрепятственное маневрирование и подъезд к пунктам погрузки-разгрузки.

      14. Ширина контрольных полос движения грузовых машин - 3,5 метра.

      15. Для обеспечения пропуска крупногабаритных, тяжеловесных и специальных грузов необходимо предусмотреть отдельную полосу движения, ширина которой должна быть 4,5 метра для каждого направления.

      16. Количество полос движения определяется в зависимости от интенсивности транспортного грузопотока.

      17. В административных зданиях ТЛЦ предусматриваются помещения для размещения серверных узлов связи.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 20.01.2023 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      18. На территории ТЛЦ предусматривается охраняемая площадь для парковки автотранспорта.

      19. В ТЛЦ также могут находиться объекты обслуживания (пункты питания, банковские терминалы, пункты обмена валюты, почта и иные объекты).

      20. Ответственность за обеспечение бесперебойной работы всех систем, их обслуживание, а также содержание зданий и сооружений, находящихся на территории ТЛЦ возлагается на администрацию ТЛЦ.

3. Требования к техническому оснащению региональных ТЛЦ

      21. Техническое оснащение региональных ТЛЦ должно соответствовать следующим требованиям:

      1) наличие подъездных дорог одного или нескольких видов наземного транспорта;

      2) наличие автоматизированных систем контроля въезда транспортных средств на территорию и выезда с территории;

      3) наличие автоматизированной системы учета товаров и транспортных средств;

      4) система видеонаблюдения созданная с применением телевизионных систем различных типов и обеспечивающая возможность ведения наблюдения за объектами (территорией) в режиме реального времени с сохранением данных, размещаемая в зданиях, на площадках, а также по всему периметру ТЛЦ, функционирующих в круглосуточном режиме, позволяющих осуществлять просмотр видеоинформации о происшедших событиях в течение последних тридцати календарных дней на ТЛЦ, при этом часть из них устанавливается демонстративно, а часть скрытно;

      5) наличие сертифицированного весового оборудования, соответствующего характеру помещаемых товаров и транспортных средств;

      6) наличие складской зоны (предпочтительно прямоугольной формы);

      7) система пожарной автоматики, состоящая из совокупности установок пожарной сигнализации, пожаротушения и оповещения людей о пожаре, в соответствии с проектной документацией, смонтированных на объектах и контролируемых с общего пожарного поста, обеспечивающая автоматическое обнаружение пожара, обработку, передачу в заданном виде извещения о пожаре за время, необходимое для включения систем оповещения о пожаре и установок пожаротушения в целях организации ликвидации пожара и безопасной (с учетом допустимого пожарного риска) эвакуации людей;

      8) наличие современных средств механизации погрузочно-разгрузочных работ и транспортно-складских операций по переработке грузов;

      9) система внутренней телефонной связи строящаяся на базе автоматических телефонных станций, коммутаторов (в зависимости от количества служебных помещений);

      10) система охранной сигнализации, оборудованная с применением стационарной аппаратуры, позволяющей подключить к ней необходимое количество датчиков, устанавливаемых во всех помещениях и сооружениях;

      11) система инженерных средств охраны, контроля доступа и охранной сигнализации оборудованная с применением совместно действующих технических средств охраны, объединенных системой инженерных сетей и коммуникаций, и предназначена для обнаружения несанкционированного проникновения (попытки проникновения) на территорию, сбора, обработки и представления в заданном виде информации на пульт оператора;

      12) система резервного электроснабжения предназначенная для обеспечения зданий, помещений, сооружений, оборудования, средств технического контроля электропитанием при аварийном отключении системы электроснабжения и создается при помощи альтернативных источников электроснабжения, при этом ТЛЦ обеспечиваются бесперебойной подачей электроэнергии.

      Сноска. Пункт 21 с изменением, внесенным приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 20.01.2023 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Требования по обустройству международных ТЛЦ

      22. В международных ТЛЦ, в целях создания благоприятных условий для участников внешнеэкономической деятельности, необходимо в одном административном здании разместить операционный зал оформления и служебные помещения, в которых размещаются уполномоченные органы и ведомства в сфере таможенного дела, ветеринарно-санитарного контроля и контроля по карантину растений, а также санитарно-эпидемиологического благополучия населения и другие организации для осуществления таможенных и иных операций, а также выдачи необходимых разрешительных документов. Количество помещений и их площади для каждой из служб согласовываются на стадии проектирования с соответствующими уполномоченными органами.

      23. В международных ТЛЦ необходимо предусмотреть наличие мест для досмотра товаров, в том числе пункта углубленного досмотра для транспортных средств, оснащенных искусственным освещением и оборудованных средствами видеонаблюдения, функционирующих в круглосуточном режиме, позволяющих осуществлять просмотр видеоинформации о происшедших событиях в течение последних тридцати календарных дней с разрешающей способностью не менее 1920х1080 пикселей.

      24. С целью исключения доступа посторонних лиц к местам проведения таможенного контроля, зоны таможенного контроля оборудуются ограждением. При этом на досмотровых площадках, въездах и выездах, местах перегруза транспортных средств, предусматривается освещение с максимальной интенсивностью, а также система видеонаблюдения.

      25. Объекты обслуживания (пункты питания, банковские терминалы, пункты обмена валюты, почта и иные объекты) размещаются на территории ТЛЦ с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан о режимных зонах таможенного контроля, которые реализуются на этапе проектирования и строительства ТЛЦ.

      26. Администрация ТЛЦ обеспечивает на безвозмездной основе служебными помещениями уполномоченные органы и ведомства в сфере таможенного дела, ветеринарно-санитарного контроля и контроля по карантину растений, а также санитарно-эпидемиологического благополучия населения для осуществления таможенного и других видов контроля, а также несет все расходы по коммунальным услугам, каналам связи.

      27. Международные ТЛЦ, имеющие железнодорожные пути, должны быть обеспечены:

      1) путевым развитием ТЛЦ, спроектированным сквозным типом, с наличием технически исправных подъездных путей одного или нескольких видов транспорта;

      2) станциями примыкания подъездных путей ТЛЦ и внутриплощадочными железнодорожными путями на территории ТЛЦ для обеспечения пропускной способности с учетом планируемых объемов грузоперевозок, а также наличие современных средств механизации подъемно-разгрузочных работ.

      28. Международные ТЛЦ, имеющие морские и речные пути, должны обеспечить:

      1) беспрепятственное маневрирование и подъезд к пунктам погрузки-разгрузки;

      2) соблюдение законодательства Республики Казахстан в сфере торгового мореплавания и внутреннего водного транспорта.

      29. В международных ТЛЦ, также обеспечивается соблюдение требований, указанных в пунктах 9- 18, 20 настоящих Типовых требований.

      30. В международных приграничных ТЛЦ предусматривается ограждение, видеонаблюдение и освещение территории от пункта пропуска до ТЛЦ и разделение потоков транспорта на въезд и выезд. Расположение территории международного приграничного ТЛЦ согласовывается с уполномоченным органом в сфере таможенного дела.

5. Требования к техническому оснащению международных ТЛЦ

      31. На этапе проектирования с учетом технологической схемы организации пропуска транспортных средств и товаров, пропускной способности (интенсивности движения, транспортных средств в сутки, час), разделения потоков транспорта на въезд и выезд, а также территории и количества мест осмотра (досмотра) товаров и транспортных средств, по согласованию с уполномоченным органом в сфере таможенного дела международные ТЛЦ обеспечиваются следующими системами:

      1) система автоматического определения весовых параметров транспортных средств позволяющая в автоматическом режиме определять весовые параметры транспортных средств, с наличием технической возможности интеграции с информационной системой уполномоченного органа в сфере таможенного дела;

      2) система связи, включая телекоммуникационную инфраструктуру, обеспечивающая взаимодействие и бесперебойную устойчивую связь уполномоченного органа в сфере таможенного дела с взаимодействующими структурами и вышестоящими органами управления, с пропускной способностью не менее 8 Мбит/сек;

      3) системы электронного учета транспортных средств обеспечивающая считывание государственных регистрационных номеров, сохранение, ведение базы данных государственных регистрационных знаков автотранспортных средств, с наличием технической возможности интеграции с информационной системой уполномоченного органа в сфере таможенного дела.

      32. В международных ТЛЦ также обеспечивается соблюдение требований, указанных в подпунктах 1), 3), 4), 6-12) пункта 21 настоящих Типовых требований.

6. Складские помещения на территории ТЛЦ

      33. Проектирование и стоительство складских помещений, расположенных на территории ТЛЦ, должны соответствовать строительным нормам и требованиям законодательства Республики Казахстан.

      34. Складские помещения региональных ТЛЦ должны соответствовать следующим требованиям:

      1) одноэтажное складское здание, предпочтительно прямоугольной формы;

      2) ровный бетонный пол с антипылевым покрытием, с нагрузкой не менее 5 т/кв. м на уровне 1,20 м. от земли;

      3) высота потолков от 8 метров;

      4) регулируемый температурный режим;

      5) наличие системы пожарной сигнализации и автоматической системы пожаротушения, в соответствии с проектной документацией;

      6) наличие достаточного количества автоматических ворот с погрузочно-разгрузочными площадками (не менее 1 на 500 кв. м);

      7) система вентиляции;

      8) пандус для разгрузки транспорта;

      9) наличие площадок для отстоя и маневрирования большегрузных автомобилей;

      10) наличие вспомогательных помещений при складе (туалеты, душевые, подсобные помещения, раздевалки для персонала).

      Сноска. Пункт 34 с изменением, внесенным приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 20.01.2023 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      35. Складские помещения международных ТЛЦ должны соответствовать следующим требованиям:

      1) современное одноэтажное складское здание, предпочтительно прямоугольной формы без колонн или с шагом колонн не менее 12 м и с расстоянием между пролетами не менее 24 м;

      2) ровный бетонный пол с антипылевым покрытием, с нагрузкой не менее 5 т/кв. м на уровне 1,20 м от земли;

      3) высота потолков не менее 13 метров, позволяющие установку многоуровневого стеллажного оборудования (6-7 ярусов);

      4) регулируемый температурный режим;

      5) наличие системы пожарной сигнализации и автоматической системы пожаротушения, в соответствии с проектной документацией;

      6) наличие системы вентиляции;

      7) наличие достаточного количества автоматических ворот с погрузочно-разгрузочными площадками регулируемой высоты (не менее 1 на 500 кв. м);

      8) наличие площадок для отстоя большегрузного транспорта и парковки легковых автомобилей;

      9) наличие площадок для маневрирования большегрузного транспорта;

      10) наличие вспомогательных помещений при складе (туалеты, душевые, подсобные помещения, раздевалки для персонала).

      Сноска. Пункт 35 с изменением, внесенным приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 20.01.2023 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      36. В международных ТЛЦ необходимо предусмотреть наличие складов временного хранения, в соответствии с требованиями таможенного законодательства Республики Казахстан.