Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 7-1/273 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 шілдеде № 11699 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 18 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 7-1/273 бұйрығымен бекітілген

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ереже

      Ескерту. Ереженің тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің міндеттерін, функцияларын, өкілеттіктерін және өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелері (бұдан әрі – ЖАО бөлімшелері) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. ЖАО бөлімшелері Заңның 9-бабы 2-тармағына сәйкес дербес бөлімшелер нысанында құрылады.

      Облыстардың ЖАО бөлімшелерінің аудандар, облыстық маңызы бар қалалар деңгейінде бекітіліп берілген өкілдерінің болуына жол беріледі.

      ЖАО бөлімшесінің басшысы бас мемлекеттік ветеринариялық дәрігер болып табылады, ал өзге лауазымды адамдар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. ЖАО бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерін ұстауға жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      5. ЖАО бөлімшелерінің құрылымын, штат санын штат санының белгіленген лимиті шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдары бекітеді.

      ЖАО бөлімшелері қызметкерлерінің лауазымдық өкілеттіктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында анықталған ЖАО бөлімшелерінің міндеттері мен функциялары негізінде белгіленеді.

      6. ЖАО бөлімшелерінің өзінің атауы жазылған дөңгелек мөрі және мөртабаны бар.

      7. ЖАО бөлімшелері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізеді және оларды ұсынады.

2-тарау. Негізгі міндеттері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. ЖАО бөлімшелерінің негізгі міндеттері:

      1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;

      2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу;

      3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;

      5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.

3-тарау. Негізгі қызметтері

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Облыстардың ЖАО бөлімшелері мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      2) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

      3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

      4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6027 болып тіркелген) бекітілген Өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу қағидаларына (бұдан әрі – Өңірлендіру қағидалары) сәйкес аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;

      5) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      6) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын лицензиялау үшін құжаттар дайындау;

      7) ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар ұйымдастыруды және жүргізуді үйлестіру;

      9) ветеринариялық препараттардың республикалық запасын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

      10) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      11) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

      13) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      14) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      15) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      16) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      17) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      18) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу;

      19) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      20) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      21) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      22) эпизоотологиялық ошақтар пайда болған жағдайда, оларға зерттеп-қарау жүргізу;

      23) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинақтауды ұйымдастыру;

      24) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

      25) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, ветеринариялық препараттарды сақтауды, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру;

      26) "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9891 болып тіркелген) бекітілген Жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты міндетті түрде алып қою және жою жүргізілетін кездегі жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесіне (бұдан әрі – Жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесі) енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзотиялық және басқа ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      27) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      28) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

      29) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

      30) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу;

      31) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.03.2021 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ЖАО бөлімшелері мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      2) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

      4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімнің жобасын әзірлеу;

      5) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық сараптамасын лицензиялау үшін құжаттар әзірлеу;

      6) Өңірлендіру қағидаларына сәйкес аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;

      7) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңға сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      8) ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізуді үйлестіру;

      10) ветеринариялық препараттардың республикалық запасын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды сақтауды, тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

      11) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу) жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      12) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

      13) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) жинақтауды ұйымдастыру;

      14) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;

      15) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды ветеринария саласындағы уәкілетті органға ұсыну;

      16) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы және диагностикасы жөніндегі ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      17) ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;

      18) Жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесі бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

      19) ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;

      20) ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;

      21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;

      22) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;

      23) республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      24) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      25) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;

      26) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай зарарсыздандыру (залалсыздандыру) және өңдеу;

      27) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай зарарсыздандырылған (залалсыздандырылған) және өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;

      28) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, азық пен азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

      29) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу;

      30) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

      31) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

      32) эпизоотологиялық ошақтар пайда болған жағдайда, оларға зерттеп-қарау жүргізу.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.03.2021 № 79 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      11. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Негізгі құқықтары

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. ЖАО бөлімшелері:

      1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың лицензияларын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен тоқтату туралы ұсыныс шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;

      3) Заңмен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.

5-тарау. ЖАО бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.02.2020 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. ЖАО бөлімшесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

      14. ЖАО бөлімшесін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

      15. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда ЖАО бөлімшесі басшысының орынбасары (орынбасарлары) болады.

      16. ЖАО бөлімшесінің басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және ЖАО бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      17. ЖАО бөлімше басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      18. Басшы осы мақсатта:

      1) өзінің орынбасары (орынбасарлары) болған жағдайда, олардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) ЖАО бөлімшесінің құрамына кіретін құрылымдық бөлімшелер болған жағдайда басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      19. ЖАО бөлімшесі басшысының орынбасары (орынбасарлары):

      1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшенің қызметін үлестіреді;

      2) ЖАО бөлімшесінің басшысы болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      3) ЖАО бөлімшесінің басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      20. ЖАО бөлімшесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ЖАО бөлімшесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға ЖАО бөлімше басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

Об утверждении Типового положения о подразделениях местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 7-1/273. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июля 2015 года № 11699.

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется приказом Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 37) статьи 8 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемое Типовое положение о подразделениях местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется приказом Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Департаменту ветеринарной и пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Министр сельского хозяйства


Республики Казахстан

А. Мамытбеков

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казазахстан

      ______________ Е. Досаев

      18 июня 2015 года

  Утверждено
приказом Министра сельского
хозяйства Республики Казахстан
от 30 марта 2015 года № 7-1/273

Типовое положение
о подразделениях местных исполнительных органов,
осуществляющих деятельность в области ветеринарии

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется приказом Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящее Типовое положение о подразделениях местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии (далее – Положение) разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" (далее – Закон) и определяет задачи, функции, полномочия и порядок взаимодействия подразделений местных исполнительных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не изменяется приказом Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Подразделения местных исполнительных органов областей, городов республиканского значения, столицы, осуществляющие деятельность в области ветеринарии (далее – подразделения МИО), в своей деятельности руководствуются Конституцией Республики Казахстан, Законом и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан в области ветеринарии, а также настоящим Положением.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Подразделения МИО в соответствии с пунктом 2 статьи 9 Закона создаются в форме самостоятельных подразделений.

      Подразделениям МИО областей, осуществляющим деятельность в области ветеринарии, допускается иметь закрепленных представителей на уровне районов, городов областного значения.

      Руководитель подразделения МИО является главным государственным ветеринарным врачом, а иные должностные лица являются государственными ветеринарными врачами.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Подразделения МИО финансируются из средств местных бюджетов на содержание подразделений государственных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.

      5. Структура, штатная численность подразделения МИО утверждаются местными исполнительными органами соответствующих административно-территориальных единиц в пределах установленного лимита штатной численности.

      Должностные полномочия работников подразделений МИО определяются на основе задач и функции подразделений МИО, определенных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии.

      6. Подразделения МИО имеют круглую печать и штамп со своими наименованиями.

      7. Подразделения МИО ведут ветеринарный учет и отчетность и представляют их в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии.

Глава 2. Основные задачи

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Основными задачами подразделений МИО являются:

      1) охрана здоровья населения от болезней общих для человека и животных;

      2) защита животных от болезней и их лечение;

      3) обеспечение ветеринарно-санитарной безопасности;

      4) охрана территории соответствующей административно-территориальной единицы от заноса и распространения заразных и экзотических болезней из других государств;

      5) предупреждение и ликвидация загрязнения окружающей среды при осуществлении физическими и юридическими лицами деятельности в области ветеринарии.

Глава 3. Основные функции

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Подразделения МИО областей осуществляют следующие функции:

      1) организация охраны здоровья населения от болезней, общих для животных и человека, совместно с уполномоченным государственным органом в области здравоохранения и осуществление взаимного обмена информацией;

      2) разработка проекта решения об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории в случае возникновения заразных болезней животных в двух и более районах, расположенных на территории области;

      3) разработка проекта решения о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора соответствующей территории после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных, возникших в двух и более районах, расположенных на территории данной области;

      4) вынесение решения о делении территории на зоны в соответствии с Правилами регионализации, деления территории на зоны, компартмент", утвержденными приказом исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 767 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6027) (далее – Правила регионализации);

      5) реализация государственной политики в области ветеринарии;

      6) подготовка документов для лицензирования ветеринарно-санитарной экспертизы продукции и сырья животного происхождения в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях" (далее – Закон о разрешениях и уведомлениях);

      7) разработка плана ветеринарных мероприятий по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы по согласованию с уполномоченным органом в области ветеринарии;

      8) координация организации и проведения ветеринарных мероприятий по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      9) организация хранения, транспортировки (доставки) ветеринарных препаратов по профилактике особо опасных болезней животных, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;

      10) осуществление государственного закупа услуг по транспортировке (доставке) изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных;

      11) определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в процессинговый центр;

      12) организация ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;

      13) прием уведомлений от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в области ветеринарии, а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом о разрешениях и уведомлениях;

      14) организация строительства, реконструкции скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания;

      15) внесение в местный представительный орган области для утверждения правил содержания животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, предложений по установлению границ санитарных зон содержания животных;

      16) организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;

      17) организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;

      18) обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;

      19) возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;

      20) организация санитарного убоя больных животных;

      21) организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;

      22) проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;

      23) организация сбора и свод данных (сведений) о скотомогильниках (биотермических ямах) для включения их в реестр скотомогильников (биотермических ям);

      24) свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в уполномоченный орган в области ветеринарии;

      25) осуществление государственного закупа ветеринарных препаратов по профилактике и диагностике энзоотических болезней животных, услуг по их профилактике и диагностике, организация хранения и транспортировки (доставки) ветеринарных препаратов, проведения ветеринарных мероприятий по профилактике и диагностике энзоотических болезней животных;

      26) обеспечение выполнения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных, включенных в Перечень особо опасных болезней животных, при которых проводятся обязательное изъятие и уничтожение животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека, утвержденным приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 30 октября 2014 года № 7-1/559 "Об утверждении нормативных правовых актов в области ветеринарии" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9891) (далее – Перечень особо опасных болезней животных), а также энзоотических и других болезней животных;

      27) организация и проведение просветительской работы среди населения по вопросам ветеринарии;

      28) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных;

      29) участие в государственных комиссиях по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;

      30) разработка перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;

      31) выдача акта эпизоотологического обследования.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными приказом Министра сельского хозяйства РК от 16.03.2021 № 79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Подразделения МИО городов республиканского значения, столицы осуществляют следующие функции:

      1) организация охраны здоровья населения от болезней, общих для животных и человека, совместно с уполномоченным государственным органом в области здравоохранения и осуществление взаимного обмена информацией;

      2) реализация государственной политики в области ветеринарии;

      3) разработка проекта решения об установлении карантина или ограничительных мероприятий по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора в случае возникновения заразных болезней животных на территории города республиканского значения, столицы;

      4) разработка проекта решения о снятии ограничительных мероприятий или карантина по представлению главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора после проведения комплекса ветеринарных мероприятий по ликвидации очагов заразных болезней животных, возникших на территории города республиканского значения, столицы;

      5) подготовка документов для лицензирования ветеринарно-санитарной экспертизы продукции и сырья животного происхождения в соответствии с Законом о разрешениях и уведомлениях;

      6) вынесение решения о делении территории на зоны в соответствии с Правилами регионализации;

      7) прием уведомлений от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в области ветеринарии, а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом о разрешениях и уведомлениях;

      8) разработка плана ветеринарных мероприятий по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы по согласованию с уполномоченным органом в области ветеринарии;

      9) координация организации и проведения ветеринарных мероприятий по обеспечению ветеринарно-санитарной безопасности на территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      10) организация хранения, транспортировки (доставки) ветеринарных препаратов по профилактике особо опасных болезней животных, за исключением республиканского запаса ветеринарных препаратов;

      11) осуществление государственного закупа услуг по транспортировке (доставке) изделий (средств) и атрибутов для проведения идентификации сельскохозяйственных животных;

      12) организация ведения базы данных по идентификации сельскохозяйственных животных;

      13) организация сбора и свод данных (сведений) о скотомогильниках (биотермических ямах) для включения их в реестр скотомогильников (биотермических ям);

      14) организация строительства скотомогильников (биотермических ям) и обеспечение их содержания;

      15) свод, анализ ветеринарного учета и отчетности и их представление в уполномоченный орган в области ветеринарии;

      16) осуществление государственного закупа ветеринарных препаратов по профилактике и диагностике энзоотических болезней животных;

      17) организация хранения и транспортировки (доставки) ветеринарных препаратов, проведение ветеринарных мероприятий по профилактике и диагностике энзоотических болезней животных;

      18) обеспечение выполнения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по Перечню особо опасных болезней животных, а также энзоотических и других болезней животных;

      19) организация и проведение просветительской работы среди населения по вопросам ветеринарии;

      20) определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в процессинговый центр;

      21) организация проведения мероприятий по идентификации сельскохозяйственных животных;

      22) организация отлова и уничтожения бродячих собак и кошек;

      23) внесение в местный представительный орган городов республиканского значения, столицы для утверждения правил содержания животных, правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек, предложений по установлению границ санитарных зон содержания животных;

      24) организация и обеспечение предоставления заинтересованным лицам информации о проводимых ветеринарных мероприятиях;

      25) организация государственных комиссий по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;

      26) обезвреживание (обеззараживание) и переработка без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;

      27) возмещение владельцам стоимости обезвреженных (обеззараженных) и переработанных без изъятия животных, продукции и сырья животного происхождения, представляющих опасность для здоровья животных и человека;

      28) участие в государственных комиссиях по приему в эксплуатацию объектов производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организаций по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок;

      29) разработка перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляются за счет бюджетных средств;

      30) организация санитарного убоя больных животных;

      31) выдача акта эпизоотологического обследования;

      32) проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменениями, внесенными приказом Министра сельского хозяйства РК от 16.03.2021 № 79 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      11. Исключен приказом Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 4. Основные права

      Сноска. Заголовок главы 4 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Подразделения МИО имеют право:

      1) запрашивать и получать необходимую информацию от уполномоченного органа в области ветеринарии и иных государственных органов и организаций для осуществления возложенных на него задач;

      2) вносить предложение о приостановлении или инициировать отзыв лицензий физических и юридических лиц, осуществляющих ветеринарно-санитарную экспертизу продукции и сырья животного происхождения, в порядке установленном Законом Республики Казахстан от 16 мая 2014 года "О разрешениях и уведомлениях";

      3) осуществлять иные права и обязанности, предусмотренные Законом.

Глава 5. Организация деятельности подразделения МИО

      Сноска. Заголовок главы 5 - в редакции приказа Министра сельского хозяйства РК от 18.02.2020 № 55 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Подразделение МИО обладает полномочиями, необходимыми для реализации его основных задач и функций, в соответствии с законодательными актами, актами Президента Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.

      14. Подразделение МИО возглавляет руководитель, назначаемый на должность и освобождаемый от должности в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

      15. Руководитель подразделения МИО в случаях, установленных законодательством Республики Казахстан, имеет заместителя (заместителей).

      16. Руководитель подразделения МИО осуществляет общее руководство деятельностью подразделения МИО и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на подразделение МИО задач и осуществление им своих функций.

      17. Руководитель подразделения МИО представляет руководству государственного органа предложения по структуре и штатному расписанию подразделения.

      18. В этих целях руководитель:

      1) определяет обязанности и полномочия своего заместителя (заместителей), при их наличии;

      2) определяет обязанности и полномочия руководителей структурных подразделений, входящих в состав подразделения МИО, при их наличии;

      3) осуществляет иные полномочия в соответствии с законами и актами Президента Республики Казахстан.

      19. Заместитель (заместители) руководителя подразделения МИО:

      1) координирует деятельность структурного подразделения в пределах своих полномочий;

      2) в период отсутствия руководителя подразделения МИО осуществляет общее руководство деятельностью структурного подразделения и несет персональную ответственность за выполнение возложенных на структурное подразделение задач и осуществление им своих функций;

      3) осуществляет иные функции, возложенные руководством подразделения МИО.

      20. Документы, направляемые от имени подразделения МИО в другие структурные подразделения по вопросам, входящим в компетенцию подразделения МИО, подписываются руководителем подразделения МИО, а в случае отсутствия - лицом его замещающим.