Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 526 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11761 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 525 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.06.2016 № 525 бұйрығымен.

      «Ғарыш қызметi туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ______________________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 16 маусым

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 сәуірдегі    
№ 526 бұйрығымен бекітілген  

Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының
ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау
деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) ғарыш түсірілімдері – Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш аппараттарымен жүзеге асыратын түсірілімдер;
      2) Жерді қашықтықтан зондтау деректері – Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратынан тікелей алынған алғашқы деректер, сондай-ақ оларды алдын ала өңдеу (радиометриялық және геометриялық коррекция)нәтижесінде алынған материалдар;
      3) Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесінің ұлттық операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін басқаруды және оны пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      4) қазақстандық пайдаланушылар – ЖҚЗ деректерін өз мүддесінде пайдаланатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары;
      5) шетелдік пайдаланушылар – ЖҚЗ деректерін пайдаланатын шетелдік жеке және заңды тұлғалар.
      3. Ғарыш түсірілімдерін жоспарлау және Жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) деректерін кейіннен таратумен байланысты қызмет Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы (бұдан әрі – Заң), «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңдарының, Қазақстан Республикасының халықаралық құқық келісімшарттардың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. ЖҚЗ ҒЖ операторы ЖҚЗ деректерін ұсыну бойынша көрсетілген қызметтер туралы ақпаратты ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға жылына бір реттен сиретпей ұсынады.

2. Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының
ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді қашықтықтан зондтау
деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібі 1–параграф. Ғарыш түсірілімдерін жоспарлау

      5. ЖҚЗ деректерін тақырыптық өңдеу нәтижелерінің құпиялылық дәрежесі Заңға сәйкес айқындалады.
      6. ЖҚЗ деректерін алуды жоспарлау мақсатында жыл сайын, жоспарланған жылдың алдындағы 1 желтоқсанға дейін пайдаланушылардың ЖҚЗ деректерін алуға өтінімдерінің негізінде қалыптастырылған ғарыштық түсірілімдер жоспарының жобасы құрылады.
      Осы тармақта көрсетілге ЖҚЗ деректерін алуға өтінім осы Қағидаларға қосымшадаға нысанға сәйкес ресімделеді және ЖҚЗ ҒЖ операторының геопорталы арқылы қабылдануы мүмкін.
      7. Ғарыш түсірілімдері жоспары бір жылға жоспарланған жылдың алдында жылдың отызыншы желтоқсанынан кешіктірмей ЖҚЗ ҒЖ операторы бекітеді.
      8. Ғарыш түсірілімдері жоспары ай сайын, ал мемлекеттік органдар үшін жедел түсірілімдер жүргізу қажет болған кезде, түсірілімдердің көрсетілген мерзіміне дейін кемінде бір аптадан кешіктірмей нақтылануы мүмкін.

2–параграф. Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату

      9. ЖҚЗ деректерін алумен, өңдеумен және таратумен байланысты қызмет ғарыш түсірілімдері жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      10. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету мүддесінде жедел түсірілімдерді жүргізуге қатысты ЖҚЗ деректерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары алуына арналған өтінімдер басым тәртіппен орындалады.
      11. Табиғи және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган ұсынған ЖҚЗ ҒЖ-нің ЖҚЗ деректерін алуға өтінімдер басым тәртіппен орындалады.
      12. ЖҚЗ деректерін алуға арналған өтінімдерді орындау, егер олар өтініштерде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келсе, ЖҚЗ мұрағаттық деректерін пайдаланумен жүзеге асырылуы мүмкін.
      13. ЖҚЗ ғарыш аппаратынан тікелей алынған алғашқы деректер автоматты режимде алдын ала өңдеуден өтеді. Ол өңдеу радиометриялық және геометриялық коррекция болып табылады.
      14. ЖҚЗ ҒЖ операторы алынған ЖҚЗ деректерінің ғарыш түсірілімдері жоспарына сәйкестігіне алдын ала бағалау жүргізгеннен кейін қазақстандық және шетелдік пайдаланушыларға ЖҚЗ деректерін жеткізуге арналған шарттарды іске асырады.
      15. ЖҚЗ ҒЖ операторы ғарыш түсірілімдері жоспары орындалуының есебін жүргізеді, ЖҚЗ деректерінің, олардың сараптама нәтижелерінің, қазақстандық және шетелдік пайдаланушылардың ЖҚЗ деректерімен айналым процесі мониторингінің нәтижелерімен материалдардың мұрағаттарын (қорларын) қалыптастырады.

Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш
жүйесінің ұлттық операторы Жерді
қашықтықтан зондтау деректерін
алу, өңдеу және тарату, ғарыш 
түсірілімдерін жоспарлау   
қағидаларына қосымша     

Нысан

    Жерді қашықтықтан зондтау деректерін алуға арналған өтінім

ЖҚЗ деректеріне Тапсырыс берушінің ұйым атауы _______________________
ЖҚЗ соңғы тұтынушысы ________________________________________________
ЖҚЗ деректерін қолдану мақсаты ______________________________________

Атауы

Деректер

Белгі

1.

Түсірілім орны (ел, облыс, қала, аудан және т.б.)



2.

Ғарыш түсірілімі ауданының географиялық координаттары
(екі немесе төрттен аса нүктелердің ғарыш түсірілімі қажет болған жағдайда төменде тиісті қатарлар қосу керек)

1-нүкте


Ендік

Бойлық


2-нүкте


Ендік

Бойлық


3-нүкте


Ендік

Бойлық


4-нүкте


Ендік

Бойлық


3.

Түсірілімдерді жүргізу мерзімдері



4.

Басымдық

Қарапайым


Жедел


5.

Қолдану аясы

Ауыл шаруашылығы


Картаға түсіру және жерге орналастыру


Орман шаруашылығы


Теңіз және жағалау аумақтары


Табиғи ресурстар және инженерлік желілер


ТЖ қауіптері


Қалалық жоспарлау


Басқа


6.

Өнім түрі

1 м/пиксель
(панхроматиялық арна)


4 м/пиксель
(4 мультиспектрлік арна)


6,5 м/пиксель
(5 мультиспектрлік арна)


7.

Алдын ала өңдеу деңгейі

L1A – Радиометриялық түзетілген бейне


L2A – Геометриялық түзетілген бейне


L3 – Ортотрансформатталған бейне


L4 – Бедердің сандық үлгісі


L5 – Мозаика


8.

Бұлттық қабат

20% және 30% арасында


20% төмен


10% төмен


Риясыз кепілдіктер (егер 5% төмен болса)


9.

Клиенттің түсіндірмесі


Об утверждении Правил планирования космических съемок, получения, обработки и распространения данных дистанционного зондирования Земли национальным оператором космической системы дистанционного зондирования Земли

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 апреля 2015 года № 526. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 июля 2015 года № 11761. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 525

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 29.06.2016 № 525.

      В соответствии с подпунктом 20) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической
деятельности» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила планирования космических съемок, получения, обработки и распространения данных дистанционного зондирования Земли национальным оператором космической системы дистанционного зондирования Земли.
      2. Аэрокосмическому комитету Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Мусабаев Т.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности министра
      по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      ___________ К. Касымов
      16 июня 2015 год

Утверждены           
приказом исполняющего обязанности
министра по инвестициям и развитию
Республики Казахстан     
от 29 апреля 2015 года № 526 

Правила планирования космических съемок,получения,
обработки и распространения данных дистанционного
зондирования Земли национальным оператором космической
системы дистанционного зондирования Земли

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила планирования космических съемок, получения, обработки и распространения данных дистанционного зондирования Земли национальным оператором космической системы дистанционного зондирования Земли (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 20) пункта 1 статьи 9 Законом Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности» и определяют порядок планирования космических съемок, получения, обработки и распространения данных дистанционного зондирования Земли национальным оператором космической системы дистанционного зондирования Земли.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) космические съемки – съемки, осуществляемые космическими аппаратами дистанционного зондирования Земли;
      2) данные дистанционного зондирования Земли – первичные данные, полученные непосредственно с космического аппарата дистанционного зондирования Земли, а также материалы, полученные в результате их предварительной обработки (радиометрической и геометрической коррекции);
      3) национальный оператор космической системы дистанционного зондирования Земли – юридическое лицо, определяемое Правительством Республики Казахстан, осуществляющее управление космической системы дистанционного зондирования Земли и ее эксплуатацию;
      4) казахстанские пользователи – государственные органы Республики Казахстан, физические и юридические лица Республики Казахстан, использующие данные дистанционного зондирования Земли в собственных интересах;
      5) иностранные пользователи – иностранные физические и юридические лица, использующие данные дистанционного зондирования Земли.
      3. Планирование космических съемок и деятельность, связанная с последующим распространением данных дистанционного зондирования Земли (далее - ДЗЗ) осуществляется в соответствии с требованиями законов Республики Казахстан от 15 марта 1999 года «О государственных секретах» (далее – Закон), от 21 июля 2007 года «Об экспортном контроле», нормами международных договоров Республики Казахстан и требованиями настоящих Правил.
      4. Оператор КС ДЗЗ, не реже одного раза в год, представляет в уполномоченный орган в области космической деятельности информацию по оказанным услугам предоставления данных ДЗЗ.

2. Порядок планирования космических съемок,получения, обработки
и распространения данных дистанционного зондирования Земли
национальным оператором космической системы дистанционного
зондирования Земли

Параграф 1. Планирование космических съемок

      5. Степень секретности результатов тематической обработки данных ДЗЗ определяется в соответствии с Законом.
      6. С целью планирования получения данных ДЗЗ, ежегодно до первого декабря года, предшествующего планируемому году, формируется проект плана космических съемок, сформированного на основе заявок пользователей на получение данных ДЗЗ.
      Заявка на получение данных ДЗЗ, указанная в настоящем пункте, оформляется по форме, согласно приложению к настоящим Правилам, и может приниматься через геопортал оператора КС ДЗЗ.
      7. План космических съемок на год утверждается оператором КС ДЗЗ не позднее тридцатого декабря года, предшествующего планируемому году.
      8. План космических съемок может уточняться ежемесячно, а при необходимости проведения оперативных съемок для государственных органов не позднее, чем за неделю до указанного срока съемок.

Параграф 2. Получение, обработка и распространение данных
дистанционного зондирования Земли

      9. Деятельность, связанная с получением, обработкой и распространением данных ДЗЗ, осуществляется в соответствии с планом космических съемок.
      10. Заявки на получение данных ДЗЗ государственными органами, касающиеся оперативного проведения съемок в интересах обеспечения обороны и безопасности Республики Казахстан, выполняются в приоритетном порядке.
      11. При возникновении чрезвычайных ситуаций природного и (или) техногенного характера в приоритетном порядке выполняются заявки на срочное получение данных ДЗЗ, представленные уполномоченным органом в сфере гражданской защиты.
      12. Выполнение заявок на получение данных ДЗЗ может осуществляться с использованием архивных данных ДЗЗ, если они соответствуют указанным в заявках характеристикам.
      13. Первичные данные, полученные непосредственно с космического аппарата дистанционного зондирования Земли, проходят предварительную обработку в автоматизированном режиме, которая представляет собой радиометрическую и геометрическую коррекцию первичных данных.
      14. Оператор КС ДЗЗ после проведения предварительной оценки соответствия полученных данных ДЗЗ плану космических съемок реализует договоры на поставку данных ДЗЗ казахстанским и иностранным пользователям.
      15. Оператор КС ДЗЗ ведет учет выполнения плана космических съемок, формирует архивы (фонды) данных ДЗЗ, результатов их экспертизы, материалов с результатами мониторинга процесса обращения казахстанских и иностранных пользователей с данными ДЗЗ.

Приложение         
к Правилам планирования   
космических съемок, получения,
обработки и распространения 
данных дистанционного    
зондирования Земли      
национальным оператором   
космической системы     
дистанционного зондирования Земли

Форма           

Заявка на получение данных дистанционного зондирования Земли

Наименование организации Заказчика данных ДЗЗ
_________________________

      Конечный потребитель ДЗЗ_______________________________________
      Цель использования данных ДЗЗ__________________________________

Название

Данные

Пометка

1.

Место съемки (страна, область, город, район и т.д.)



2.

Географические координаты района космической съемки (при потребности в космической съемке двух или более четырех точек, необходимо ниже добавлять соответствующие строки)

Точка 1


Широта

Долгота


Точка 2


Широта

Долгота


Точка 3


Широта

Долгота


Точка 4


Широта

Долгота


3.

Сроки проведения съемок



4.

Приоритет

Обычный


Срочный


5.

Область применения

Сельское хозяйство


Картографирование и землеустройство


Лесное хозяйство


Морская и прибрежная зоны


Природные ресурсы и инженерные сети


Угрозы ЧС


Городское планирование


Другое


6.

Тип продукта

1 м/пиксель
(панхроматический канал)


4 м/пиксель
(4 мультиспектральных каналов)


6,5 м/пиксель
(5 мультиспектральных каналов)


7.

Уровень предварительной обработки

L1A – Радиометрически откорректированное изображение


L2A – Геометрически откорректированное изображение


L3 – Ортотрансформированное изображение


L4 – Цифровая модель рельефа


L5 – Мозаика


8.

Облачный покров

Между 20% и 30%


Менее 20%


Менее 10%


Безоблачные гарантии
(если менее 5%)


9.

Комментарии клиента