Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.05.2022 № ҚР ДСМ-48 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес диагностикалық зерттеулер мен емшаралардың электрондық процестерін басқару стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес аурулардың электрондық профилактикасын реттеу стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпараттандыруды дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Респуликасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В.Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 600 бұйрығына 1-қосымша |
Рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Рецептілерді электрондық форматта жүргізуді реттеу стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі – Кодекс) және DIN EN 13940 "Үзіліссіз медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі" халықаралық стандарт талаптарын ескере отырып, электрондық форматта рецептілерді жүргізу тәртібін іске асыру және реттеу үшін талаптарды және шарттарды айқындайды.
2. Осы Стандарттың міндеттері:
1) электрондық рецептілер сервисінің (бұдан әрі – ЭРС) жұмыс тәртібін айқындау, оларды реттеу, ЭРС кезеңдерін жүзеге асыру үшін ақпараттың ең аз көлемін айқындау, рецептіні жазып беру, рецепт бойынша дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды босату, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру туралы хабардар ету;
2) медициналық көмек көрсетуді қолдауды қамтамасыз ететін тараптарды сәйкестендіруге, олардың шынайылығын және пациенттің келісімін белгілеуге қатысты ЭРС-тің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
3. Осы Стандартта мына терминдер мен ұғымдар қолданылады:
1) бірнеше рет қолданылатын рецепт – дәрілік препаратты бірнеше рет босату жүзеге асырылатын рецепт;
2) дәрілік заттар – фармакологиялық белсенді әсер ететін заттарды білдіретін немесе қамтитын, аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ организмнің жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған заттар, дәрілік субстанция, табиғи жолмен пайда болған дәрілік шикізат, дәрілік заттардың ангро- және балк-өнімдері, медициналық иммунобиологиялық препараттар, парафармацевтиктер;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер (бұдан әрі – субъектілер) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімі – Қазақстан Республикасында тіркелген және медициналық қолдануға рұқсат етілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы есепке алу құжаты;
5) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы - дәрілік заттың дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;
6) дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік нысандағы дәрілік зат;
7) дәрілік препараттардың ұлттық сәйкестендіргіші – Қазақстан Республикасында жазып беруге немесе пайдалануға рұқсат етілген дәрілік препараттардың ұлттық тіркеліміндегі белгілі бір дәрілік препараттың сәйкестендіру коды;
8) жарамды рецепт – рецептіні жазуға құқығы мен өкілеттілігі бар медициналық қызметкердің жазып берген рецептісі;
9) медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық сәйкестендіргіші – Қазақстан Республикасында жазып беруге немесе пайдалануға рұқсат етілген медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық тіркеліміндегі белгілі бір медициналық мақсаттағы бұйымның сәйкестендіру коды;
10) рецепт – электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) арқылы дәрілік заттарды және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдарды электрондық форматта немесе басылып шығарылған версияда босатуға қатысты ЭДП арқылы медицина қызметкері жүзеге асырған дәрілік препараттың тағайындалуы;
11) рецепт бойынша босатылатын дәрілік препаратқа рецепт – рецепт бойынша босатылатын дәрілік препаратты белгілі бір пациентке өткізуге медициналық көрсетілетін қызметті беруші беретін рецепт;
12) рецепт бойынша босатылатын дәрілік препарат – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілер пациенттің медицина қызметкері жазып берген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 тіркелген) 130/у нысан бойынша рецептісін көрсетуімен ғана босатылатын дәрілік препарат;
13) рецепт бойынша ілеспе ақпарат – дәрілік препараттарды сатып алудағы жеңілдіктерге, сырқатнамаға және осы Стандартқа сәйкес дәрі-дәрмектер мен пациент денсаулығын сипаттайтын өзге де деректерге қатысты ақпарат;
14) рецептілерді электрондық форматта жүргізу – рецептіні немесе рецептімен байланысты кез келген басқа ақпаратты ЭРС арқылы денсаулық сақтау тараптары арасында тікелей немесе ЭДП арқылы беру;
15) рецептіні жазып беретін адам – Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілеріне сай осы Стандартқа сәйкес рецептіні жазып беруді жүзеге асыратын медициналық қызмет көрсетуші;
16) тіркеу нөмері – дәрілік препараттарға, дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұлттық тізілімінде мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін тіркеу нөмері;
17) фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіру, дайындау (медициналық техникадан басқасын), көтерме және бөлшек саудада өткізу бойынша денсаулық сақтау саласында жүзеге асырылатын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуға (алуға), сақтауға, әкелуге, әкетуге, сапасын бақылауға, ресімдеуге, таратуға, пайдалануға және жоюға, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз етуге байланысты қызмет;
18) фармацевтика қызметкерлері – фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
19) электрондық рецептілер сервисі – электрондық рецептілерді құру, әкімшілендіру, жөнелту, алу, күшін жою немесе қайта жіберу мақсатында рецептілерді электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін іс-шаралар кешені;
20) тараптық медициналық ақпараттық жүйе – үш жақты әзірленген және қолданылатын медициналық ақпараттық жүйе;
21) логирлеу журналы – хронологиялық тәртіптегі оқиғалар туралы жазбалар файлы.
4. Рецептіні жазып беру Кодекстің 7-бабы 1-тармағының 83) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Электрондық форматтағы рецептілерді жүргізу медициналық қызмет көрсетуші мен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер арасындағы екі тараптан ақпарат беруді, сондай-ақ дәрімен емдеумен және рецепт бойынша ілеспе ақпаратпен байланысты ақпаратты екі тараптан беруді қамтиды.
6. Екі тараптан ақпарат беру электрондық форматта рецептілерді жүргізу процесіне тартылған тараптар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін ЭДП арқылы жүзеге асырылады және басқарылады. Электрондық форматта рецептілерді жүргізу бойынша қызмет және тиісті ақпаратпен алмасу процестері ЭДП-да тіркеледі.
7. Тараптық медициналық ақпараттық жүйелерде қалыптастырылатын рецептілер екі типке бөлінеді:
1) амбулаториялық немесе стационарлық медициналық көмек көрсету нәтижесінде берілген рецептілер;
2) стационарлық медициналық көмек көрсету барысында дәрімен емдеуді тіркеу.
8. Стационарлық медициналық көмек көрсету барысында дәрімен емдеу тіркелген жағдайда, арнайы бекітілген жазба (бұдан әрі – АБЖ) түрінде электрондық рецепті жасау талап етілмейді.
9. Дәрілік препараттар туралы мәліметтер ЭДП медициналық қызмет көрсетуші медициналық жазба байланысының клиникалық маңызды элементін қамтитын ақпарат түрінде ұсынылады.
10. Стационарлық медициналық көмек көрсету барысында дәрімен емдеуді тіркеу кезінде осы Стандартқа 1-қосымшада (бұдан әрі – 1-қосымша) сипатталған дәрілік препараттарға арналған деректер жиыны және медициналық мақсаттағы бұйымдар ЭДП көмегімен автоматты түрде жаңартылады;
11. Рецепт амбулаториялық немесе стационарлық ем нәтижесінде тараптық медициналық ақпараттық жүйені пайдалану арқылы жазып берілген жағдайда, рецептіні ЭДП-да тіркеу үшін электрондық рецептісі бар клиникалық-әкімшілік жазба нысанында ЭМЖ жасалады, медициналық қызмет жеткізуші тиісті элементінде ЭДП ішінде сақталынады.
12. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізіліміне сәйкес айқындалған дәрілік препараттардың ұлттық тіркелімі дәрілік заттардың ұлттық сәйкестендіргішінің көмегімен сәйкестендірілген дәрілік заттардың бірыңғай жіктемесінде белгіленген анықтамалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
13. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың Мемлекеттік тізіліміне сәйкес анықталған медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық тіркелімі медициналық мақсаттағы бұйымдардың ұлттық сәйкестендіргіші көмегімен сәйкестендірілген медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай жіктемесінде белгіленген анықтамалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
2. Электрондық рецептілермен алмасу тәртібі
14. Тіркелетін, сақталынатын және ЭДП-да орталықтандырыла басқарылатын рецептілерге мынадай рәсімдер қолданылады:
1) ЭРС-ке кіруге рұқсат алуға талап білдірген дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер электрондық рецептілерді пайдалану бойынша транзакция орындау мақсатында ЭРС кіруге рұқсат алуға тиісті сұрау салады;
2) Пациент қажет болған жағдайда ЭДП-дан дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы барлық субъектілер үшін жарамды рецептінің қағаз түріндегі версиясын сұрайды және алады;
3) белгілі бір пациенттің ЭРС кіруге рұқсаты бар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер осы Стандарттың 3-бөлімінде айқындалған іс-қимылдарды сақтай отырып, дәрілік заттарды беру бойынша транзакциялардың тиісті орындалуына жауап береді;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қағаз түрінде рецепт алатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер мен фармацевтика қызметкерлері ЭДП-ға ЭРС арқылы осы рецептілер бойынша есеп береді.
3. Электрондық рецептілер сервисінің транзакциялары
15. ЭРС рұқсат деңгейін және осы сервисті пайдаланатын денсаулық сақтау тараптарының атқаратын рөлін реттейтін Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес транзакциялардың ерекшеліктері бойынша жиынтық ақпаратқа сәйкес электрондық рецептілерді жазып беру, жүргізу және алмастыру бойынша транзакцияларды қамтиды:
16. Медицина қызметкерінің жаңа рецептіні жазып беруі мынадай іс-әрекеттерге әкеліп соғады:
1) 1-қосымшаға сәйкес ЭДП байланысының релеванттық элементіне дәрі-дәрмек туралы релеванттық ақпаратты қосу арқылы пациенттің ЭДП жаңарту;
2) Стандартқа 3-қосымшада айқындалған әкімшілік деректер жинағына сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың қолданылуын мониторингтеу, есепке алу және бағалау мақсатымен дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тіркелімін жаңарту;
3) электрондық рецептіні ЭРС арнайы бекітілген жазбасы түрінде автоматты қалыптастыру және оны ЭДП-да сақтау.
17. Жаңадан жазып берілген рецепт тексерілгенге дейін уақытша жазба болып табылады. Рецепт статусының сипаттамасы 3-қосымшаның 3.1 жолына сәйкес анықталады.
18. Қажет болған жағдайда растауды күтетін рецептілер рецептіні жазып берген адаммен өзгертіледі. ЭДП-ға енгізілген, тексерістен өткен рецептілер өзгертуге жатпайды.
19. Электрондық рецептілер үшін көзделген және тиісті АБЖ-да сақталынатын деректер элементтері 1-қосымшада айқындалған.
4. Деректер стандарттары
20. Босатылатын электрондық рецептілердегі деректер стандартына қойылатын талаптар осы Стандарттың 4-қосымшасымен реттеледі.
21. Анықтамалық ақпарат көздері осы Стандарттың 5-қосымшасында айқындалған.
22. Жалпы қолдануға арналған ақпаратқа қолжетімділікті басқару осы Стандарттың 6-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Осы Стандартта айқындалған барлық транзакциялар ЭДП талаптарына сәйкес ЭДП логирлеу журналына енгізіледі.
Электрондық форматтағы рецептілерді жүргізуді реттеу стандартына 1-қосымша |
Дәрілік препараттарға арналған деректер жиыны және медициналық
мақсаттағы бұйымдар
№ | Деректер элементі | Дереккөзі | Электрондық денсаулық паспорты | Электрондық рецепт | Ағымдағы рецептілер | Рецептілердің тарихы | Рецептіні электрондық босату |
Дәрілік препараттарға арналған деректер жиыны | |||||||
1 | Әрекет етуші зат | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
2 | Әрекет етуші заттың коды | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
3 | Бір мезгілде қабылданатын дәрілік нысанындағы препараттың мөлшелері | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
4 | Препаратты қабылдау жиілілігі | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
5 | Препаратпен емдеудің ұзақтығы | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
6 | Дозалау | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
7 | Препаратпен емдеуді бастау уақыты | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
8 | Препаратпен емдеуді аяқтау уақыты | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
9 | Фармакологиялық мөлшерленген нысан | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
10 | Дәрілік препараттың қаптамасы | Электрондық денсаулық паспорты (кеңейтілген) | |||||
11 | Қолдану тәсілі | Электрондық денсаулық паспорты (кеңейтілген) | |||||
12 | Дәрілік препараттың сауда атауы | электрондық рецептілер сервисі | |||||
13 | Қаптаманың саны | электрондық рецептілер сервисі | |||||
14 | Рецептіні жазып беру күні | электрондық рецептілер сервисі | |||||
15 | Дәрілік препаратты қолдану жөніндегі пациентке арналған нұсқаулықтар | электрондық рецептілер сервисі | |||||
16 | Фармацевтика қызметкеріне арналған ұсыныстар | электрондық рецептілер сервисі | |||||
17 | Емдеу хаттамасы | электрондық рецептілер сервисі | |||||
18 | Дәрілік препаратты босату күні | электрондық рецептілер сервисі | |||||
19 | Дәрілік препаратты ауыстыру | Электрондық денсаулық паспорты (кеңейтілген) | |||||
Медициналық мақсаттағы бұйымдарға арналған деректер жиынтығы | |||||||
20 | Медициналық мақсаттағы бұйымның атауы | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
21 | Медициналық мақсаттағы бұйымның коды | Электрондық денсаулық паспорты (базалық) | |||||
22 | Саны | электрондық рецептілер сервисі |
Электрондық форматтағы рецептілерді жүргізуді реттеу стандартына 2-қосымша |
Транзакциялардың ерекшеліктері бойынша жиынтық ақпарат
№ | Транзакцияның атауы | Өкілетті медициналық көрсетілетін қызметті беруші | Рецептіні жазып беретін адам | Медициналық шығыстарды өтеу жүйесі |
1 | Пациенттің электрондық денсаулық паспортынан қысқа үзінді көшірме | Құру | - | - |
2 | Рецептілер тарихы | Құру | ИӘ, пациенттің келісімі болса | - |
3 | Қазіргі уақытта қолданылатын дәрілік заттардың тізімі | Құру | ИӘ, пациенттің келісімі болса | - |
4 | Пациенттің ақпаратты жинауға, сақтауға және жолдауға келісімі | Құру | Фармацевтикалық қызметкерге беру | - |
5 | Жаңа рецептіні жазып беру | - | Хабарламаны жазу және жіберу | Хабарламаны алу |
6 | Рецептінің күшін жою | - | Рецепт жағдайын қарау және орындау | Хабарламаны алу |
7 | Рецептінің статусын қарау | - | Қарау | - |
8 | Рецептінің статусын жаңарту | - | Хабарламаны алу | - |
9 | Рецептіні өзгерту | - | Хабарламаны алу | Хабарламаны алу |
10 | Бірнеше рет қолданылатын рецепт | - | Хабарламаны жазу және жіберу | Хабарламаны алу |
11 | Рецептіні тексеру | - | - | Хабарламаны алу |
12 | Парольды өзгерту | - | - | - |
13 | Критерийлер бойынша ақпарат ұсынуға сұрау салу | - | Қарау | Хабарламаны алу |
Транзакциялардың сипаттамасы:
"пациенттің ақпаратты жинауға, сақтауға және жолдауға келісімі"
- фармацевтикалық қызметті іске асыру мақсатында денсаулық сақтау
тараптарын, рецептілермен байланысты жиынтық ақпаратқа қатысты,
рұқсат беру құқығымен қамтамасыз етеді. Пациенттің келісімі болмаған
жағдайда, фармацевтикалық қызметкерлер тек рецептіге ғана рұқсат алады;
"рецептінің күшін жоюы" - электрондық рецептінің уақытша
жазбаларын жою. Осы транзакция "рецептіні тексеру" статусы қойылған
сәтке дейін мүмкін;
"рецепт статусын қарау" - 3-қосымшаға сәйкес электронды рецепт
жағдайы туралы ақпарат беру;
"рецепт статусын жаңарту" - 3-қосымшаға сәйкес электронды
рецепт статусы туралы ақпаратты жаңартуды қамтамасыз етеді. Рецепт
статусын жаңарту туралы ақпарат дәрілік заттар туралы ақпараттың
бөлігі болып табылады және ЭПЖ-ға тіркеледі;
"рецептіні өзгерту" - 3-қосымшаға сәйкес тексеру кезегіндегі
электронды рецептке өзгеріс енгізуді қамтамасыз етеді. Рецептіге
өзгеріс тек рецепт жазатын адаммен енгізіледі. Рецептің өзгертілуі
жазылған дәрілік заттың басқа дәрілік затқа ауыстырылуын білдірмейді,
1-қосымшаға сәйкес сату таңбасы немесе қорапша өлшемінің
ауыстырылуын білдіреді;
"бірнеше рет қолданылатын рецепт" - рецептіні бірнеше рет
қолдануға мүмкіндік береді;
"рецептіні тексеру" - электрондық рецепт статусын жаңартуды
қамтамасыз етеді;
"парольді ауыстыру" - ЭРС рұқсат алу үшін фармацевттермен
қолданылатын парольді өзгерту нәтижесі;
"критериялар бойынша ақпарат беруге сұраныс" - рецептінің
жеңілдік санатына жататындығын тексеру;
Электрондық форматтағы рецептілерді жүргізуді реттеу стандартына 3-қосымша |
Әкімшілік деректердің жиынтығы
№ | Деректер элементі | Сипаттамасы | Электрондық рецепт | Электрондық рецепт бойынша препаратты босату |
1. Денсаулық сақтау тараптарын сәйкестендіру | ||||
1.1 | Пациенттің сәйкестендіру нөмері | Электрондық денсаулық паспортында пайдаланылатын ұлттық сәйкестендіргіш | ||
1.2 | Пациенттің байланыс деректері | Электрондық денсаулық паспортында тіркелген байланыс деректері | ||
1.3 | Рецептіні жазып берген адамның сәйкестендіру нөмері | Электрондық денсаулық паспортында пайдаланылатын ұлттық сәйкестендіргіш | ||
1.4 | Рецептіні жазып берген адамның байланыс деректері | Электрондық денсаулық паспортында тіркелген байланыс деректері | ||
1.5 | Пациенттің келісімі | Электрондық денсаулық паспортына кіруге рұқсат алу үшін келісім туралы өтініш | ||
2. Дәрілік препараттарды сәйкестендіру | ||||
2.1 | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұлттық сәйкестендіргіші | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың бірыңғай жіктемесіне сәйкес анықталады | ||
3. Дәрілік препараттың сипаттамасы | ||||
3.1 | Рецептінің ағымдағы статусы | Берілген, өңделуде/ қаралуда, жіберілген/қолжетімді/ауыстырылған, босатылған, күші жойылған, қате | ||
3.2 | Дәрілік препараттың түрі | Вакцина/ басқа | ||
3.3 | Рецептінің түрі | Жаңа/ бірнеше рет қолданылатын | ||
3.4 | ЭРС қатесі туралы жазба | Өнім сәйкестендірілмеген, өнім қолжетімді емес | ||
4. Препаратты ауыстыру | ||||
4.1 | Препараттың қолжетімділік уақыты | Егер препарат қазіргі уақытта қолжетімді болмаса, ал пациент осы препараты кейінірек алғысы келсе, онда препараттың қолжетімділік уақытын көрсету қажет | ||
4.2 | Препаратты ауыстыру | Препаратты ауыстыруға келетінін, келмейтінін көрсету қажет | ||
4.3 | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұлттық сәйкестендіргішін ауыстыру | Ауыстырылатын препарат үшін ұлттық сәйкестендіргішті қамтамасыз ету – препарат туралы деректер рецептіні электрондық босату ескертпесінде тіркеледі | ||
4.4 | Пациенттің келісімі | Дәрілік затты ауыстыруға пациенттің келісімі көрсетіледі | ||
5. Қаржылық бөлімі | ||||
5.1 | Өнімнің бағасы | Дәрілік препараттардың ұлттық тіркеліміне сәйкес өнімнің бағасы | ||
5.2 | Мемлекетпен өтелуі | Иә/жоқ, дәрілік препараттардың ұлттық тіркелімінен таңдалады |
Электрондық форматтағы рецептілерді жүргізуді реттеу стандартына 4-қосымша |
Деректер стандарттары
№ | Өнім сипаттамасы бар жол | Кодтық жіктеме | Терминология |
1 | Коммерциялық өнімнің сәйкестендіргіші мен сипаттамасы | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұлттық сәйкестендіргіші | Тіркеу нөмірі – дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тізіліміне тіркеу кезінде берілетін тіркеу нөмері. Толығырақ ақпарат дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың бірыңғай жіктемесінде көрсетілген |
2 | Заттар | ХПА (ДДСҰ) | Мемлекетте ХПА қолдану |
АТХ (ДДСҰ) | SNOMED CT |
Электрондық форматтағы рецептілерді жүргізуді реттеу стандартына 5-қосымша |
Анықтамалық ақпараттың көздері
№ | Деректер элементі | Анықтамалық ақпараттардың сервисі | Анықтамалық ақпараттардың сервисін басқарудың ұлттық стандарты |
1. Денсаулық сақтау тараптарын сәйкестендіру | |||
1.1 | Пациенттің сәйкестендіру нөмірі | Ұлттық пациенттер тіркелімі | Электрондық денсаулық сақтау жүйелерінде пайдаланылатын қолданыстағы денсаулық сақтау тараптарын сәйкестендіруге қойылатын стандартты талаптар |
1.2 | Пациенттің байланыс деректері | ||
1.3 | Рецепт жазып берген адамның сәйкестендіру нөмері | Ұлттық медицина қызметкерлерінің тіркелімі | |
1.4 | Рецепт жазып берген адамның байланыс деректері | ||
1.5 | Фармацевтика қызметкерінің сәйкестендіру нөмері | ||
1.6 | Фармацевтика қызметкерінің байланыс деректері | ||
2. Өнімді коммерциялық сәйкестендіру | |||
2.1 | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұлттық сәйкестендіргіші | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұлттық тіркелімі | Осы стандарт |
3. Өнімді клиникалық сәйкестендіру | |||
3.1 | Әрекет етуші зат | Дәрілік заттардың ұлттық тіркелімі | Осы стандарт |
3.2 | Әрекет етуші заттың коды |
Электрондық форматтағы рецептілерді жүргізуді реттеу стандартына 6-қосымша |
Қолжетімділікті басқару
Денсаулық сақтау тарапы | ЭДП (толық) | Дәрілік тарих (ЭДП) | Қазіргі уақытта қабылданатын дәрілік заттардың тізімі (ЭДП) | Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың ұлттық сәйкестендіргіші | Ағымдағы рецептілер (ЭДП) | Босатылған/ күтілетін рецептілер (ЭДП е-рецептілер) | Препараттарды босату туралы ақпарат (препараттарды электрондық босату - ЭДП) | |
1 | Жалпы практика дәрігері | |||||||
2 | Рецептіні босататын адам | Келісім | Келісім | |||||
3 | Фармацевтика қызметкері |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 600 бұйрығына 2-қосымша |
Диагностикалық зерттеулер мен емшаралардың электрондық
процестерін басқару стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Диагностикалық зерттеулер мен емшаралардың электрондық процестерін басқару стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес DIN EN 13940 "Медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі" халықаралық стандарттарының талаптарын ескере отырып, медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде тағайындалған диагностикалық зерттеулер мен емшараларға (бұдан әрі – медициналық көрсетілетін қызметтер) қатысты өзара іс-қимыл жасайтын сыртқы медициналық ақпараттық жүйелері және электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) арқылы жиналатын ақпараттың сапасын және ерекшелігін (қасиеттерін) қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
2. Осы Стандарттың міндеттері:
1) келесі процестерді реттеу бойынша қосымша талаптар және ережелерді анықтау:
клиникалық деректерді жинау;
диагностикалық зерттеулер мен емшараларға электрондық жолдамалар;
2) медициналық көрсетілетін қызметтерге жіберу процесіндегі клиникалық деректерді нормалау үшін, сондай-ақ диагностикалық зерттеу нәтижесін ЭДП (бұдан әрі – ЭДП) арқылы алу үшін жіктемелер мен сәйкестендіргіштерді анықтау болып табылады.
3. Осы Стандартта мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) клиникалық деректерді жинау – ЭДП-да бар механизмдер мен құралдардың көмегімен, интероперабельдігін және деректерді электрондық өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін халықаралық және ұлттық стандарттарды, анықтамалықтар мен жіктемелерді қолдана отырып, клиникалық деректерді нормалау процесі;
2) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу немесе оңалту бағыты бар іс-қимылдары;
3) медициналық көрсетілетін қызметтер мен ресурстардың электрондық каталогы (бұдан әрі – электрондық каталог) – медициналық көрсетілетін қызметтер мен медициналық көрсетілетін қызметтер берушілер бойынша стандартталған ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін анықтамалық ақпарат сервисі.
4) сыртқы медициналық ақпараттық жүйе – үшінші тараптар әзірлеген және пайдаланатын кез келген медициналық ақпараттық жүйе.
4. Жолдама нұсқалары болып ЭДП пайдаланатын медицина қызметкерлеріне пациенттерді бұдан әрі емдеуге жіберу және осы Стандартқа сәйкес осындай жағдайларды тіркеу және құжаттау үшін қолжетімді медициналық көрсетілетін қызметтер табылады. Жолдама нұсқалары 3 типке бөлінеді:
1) маман консультациясына жіберу;
2) диагностикалық медициналық көрсетілетін қызметтерге жіберу;
3) емдік медициналық көрсетілетін қызметтерге жіберу.
5. Жолдама нұсқалары туралы ақпарат – тағайындалған медициналық көрсетілетін қызметтерге қатысты клиникалық деректерді жинау үшін пайдаланылатын электрондық каталог арқылы медицина қызметкерлеріне ұсынылған ақпарат. Жолдама нұсқалары туралы ақпарат нақты медициналық көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті ресурстарды ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтерді қамтиды.
6. Анықтамалық ақпарат сервистері ЭДП және электрондық денсаулық сақтаудың өзара іс-қимыл жасайтын (ішкі және сыртқы) медициналық ақпараттық жүйелерінің көмегімен іске асырылған электрондық денсаулық сақтаудың процестерін қамтамасыз етеді.
2. Медициналық көрсетілетін қызметті және медициналық
қызметтерді берушіні таңдау
7. Осы Стандартта мынадай транзакциялар анықталған:
1) жолдама нұсқалары туралы сұрау салу және ақпарат алу;
2) жаңа жолдама.
8. Осы Стандарттың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларына қатысты жолдама нұсқалары туралы ақпарат медицина қызметкеріне электрондық каталог арқылы ЭДП көмегімен деректерді жинау және жаңа жолдама туралы жазбаны беру үшін ұсынылады.
9. Жолдама нұсқалары және жолдама нұсқалары туралы ақпарат осы Стандарттың 3-бөлімінің ережелерімен реттеледі.
10. Жаңа жолдамаларды, пациентке медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлері береді.
11. Жаңа жолдамалар өзінен кейін жолдамалар туралы жаңа жазбалардың құрылуына себепші болады.
3. Медициналық көрсетілетін қызметтер мен ресурстардың ұлттық
электрондық каталогы
12. ЭДП және ЭДП-мен өзара өзара іс-қимыл жасайтын сыртқы медициналық жүйелер, медициналық қызметтерді таңдау мақсатында, осы Стандарттың 2-бөліміне сәйкес жолдама жазбасын құру үшін анықтамалық ақпарат сервисі арқылы электрондық каталог дерекқорына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
13. Электрондық каталог дерекқорын және анықтамалық ақпарат сервистерін енгізу осы Стандартпен реттеледі.
14. Электрондық каталогта іске асырылған жүйелеу (таксономия) мен терминология халықаралық стандарттар SNOMED-CT негізінде жүйеленген медициналық-клиникалық терминдердің номенклатурасына сәйкес келеді.
15. Электрондық каталогта іске асырылған кодтау жүйесі, медициналық көрсетілетін қызметтерге кодтық белгілеуді беру үшін осы Стандарттың 14-тармағында белгіленген терминология жүйесі және электрондық каталог арқылы таңдалған АХЖ-10 КЖТ (ICD-10 PCS Procedure Coding System) негізделген.
16. Диагностикалық және зертханалық зерттеулер бойынша медициналық көрсетілетін қызметтерге кодтық белгілеуді беру үшін электрондық каталогта іске асырылған кодтау жүйесі осы Стандарттың 14-тармағында белгіленген электрондық каталог және терминология жүйесі арқылы таңдалған, халықаралық стандарттар негізінде LOINC логикалық бақылауының сәйкестендіргіш атаулары мен кодтарына негізделген.
17. Кодтарды өзгерту және кодтарды толықтыру осы Стандарттың 14-тармағында белгіленген терминология жүйесі негізінде және анықтамалық ақпарат сервисінің электрондық каталогы арқылы жүзеге асырылады.
18. ЭДП арқылы берілген жолдамалардың негізінде көрсетілетін медициналық қызметтерді "өтеу үшін" санатына жіктеу мақсатымен электрондық каталог медициналық көрсетілетін қызметтерді жоғарыда аталған санатқа жатқызу үшін медициналық көрсетілетін қызметтердің топтастырылуын қамтамасыз етеді.
19. Медициналық көрсетілетін қызметтерді осы Стандарттың 18-тармағында белгіленген "өтеу үшін" санатына жатқызу медициналық көрсетілетін қызмет тарификаторына сәйкес жүзеге асырылады.
20. ЭДП жолдамалары арқылы тағайындалған АХЖ-10 КЖТ медициналық көрсетілетін қызметтердің кодтары көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін медициналық көрсетілетін қызмет тарификаторына сәйкес кодқа іріленеді.
4. Диагностикалық зерттеулердің нәтижелері
21. Диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бекітілген арнайы жазбалар түрінде беріледі және ЭДП-да сақталады.
22. Электрондық каталог АХЖ-10 КЖТ негізінде детализациялау деңгейін кеңейтетін кодтық белгілерді теруді іске асырады.
23. Осы Стандарттың 22-тармағына сәйкес белгіленген кодтық белгілеулер электрондық каталогта іске асырылған халықаралық стандарттардың терминологиясына (SNOMED-CT) негізделген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 600 бұйрығына 3-қосымша |
Аурулардың электрондық профилактикасын реттеу стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Аурулардың электрондық профилактикасын реттеу стандарты (бұдан әрі - Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және DIN EN 13940 "Медициналық көмек көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз ететін ұғымдар жүйесі" халықаралық стандартының талаптарын ескере отырып, медициналық көрсетілетін қызметтерді берушілердің ауруларды электрондық профилактикалау жүйесіне (бұдан әрі – электрондық профилактика сервисі) қатысуы үшін шарттарды анықтайды.
2. Осы Стандарттың міндеті: электрондық профилактика процестерін іске асыру үшін электрондық денсаулық паспортының сыртқы ақпараттық жүйелерімен ұлттық және өзара іс-қимылын реттеу үшін функционалды талаптар мен қағидаттарды айқындау болып табылады.
3. Осы Стандартта мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) денсаулық сақтау тарапы – пациенттерді, медициналық көрсетілетін қызметтерді беруші және медициналық көмек көрсетуде қолдауды қамтамасыз ететін тараптарды қоса алғанда, денсаулық сақтау жүйесінде өзара іс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар.
2) сыртқы медициналық ақпараттық жүйе – үшінші тараптар әзірлеген және пайдаланатын кез келген медициналық ақпараттық жүйе.
4. Электрондық профилактика сервисі электрондық денсаулық паспорты (бұдан әрі – ЭДП) көмегімен пациентке қатысты біріншілік, екіншілік және үшіншілік профилактикалық медициналық көрсетілетін қызметті жоспарлау, орындау және тіркеуді қамтамасыз ететін қызмет болып табылады. Электрондық профилактика сервисінің деректер көзі болып ЭДП табылады.
5. 4 және 7-тармақтарда көрсетілген іс-қимылдың нәтижесінде немесе іске асыру мақсатында алынған ақпарат осы Стандарттың реттеу мәні болып табылады.
6. Пациентке қатысты біріншілік, екіншілік және үшіншілік профилактикалық медициналық көрсетілетін қызметті жоспарлау, орындау және тіркеу мақсатымен электрондық рәсімдер 3 типке бөлінеді:
1) вакцинацияларды басқару;
2) скринингті басқару;
3) пациент тізімдерін басқару;
7. Электрондық профилактика сервисі мен тиісті электрондық рәсімдердің іс-қимылы ЭДП арқылы басталады және басқарылады.
2. Вакцинацияларды басқару
8. Вакцинацияларды басқару аурулардың пайда болуының алдын алу, сонымен қатар олардың салдары мен асқынуларын профилактикалау мақсатында ЭДП арқылы жүзеге асырылатын электрондық профилактика сервисі мен электрондық рәсімдер функцияларының бөлігі болып табылады.
9. Вакцинация жүргізілетін ауруды, вакцинация нәтижелері туралы ақпараты, вакцинация туралы мәліметтерді, жанама әсерлерді, пайдаланылған дәрілік препараттарды қамтитын пациенттердің вакцинациясы бойынша медициналық көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат ЭДП көмегімен жиналады, жүргізіледі және ұйымдастырылады.
10. Пациенттің вакцинация статусы мен тарихын қарау, бағалау, басқару ЭДП арқылы жүзеге асырылады.
11. Осы Стандарттың 10-тармағымен қарастырылған денсаулық сақтау субъектілері кез келген пациент бойынша сұрау салынған ақпаратты толық мөлшерде ала алады.
12. Әр пациентке тағайындалған медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) дәрігерлері осы Стандарттың 10-тармағында белгіленген ақпаратқа тікелей қолжетімділігі бар денсаулық сақтау тараптары болып табылады.
13. Вакцинация нақты пациентке де, пациенттер топтарына да Стандарттың 21-тармағында белгіленген пациенттер тізімдері көмегімен тағайындалады.
14. Вакцинациялардың әр тағайындалуы денсаулық сақтау ұйымдарында ЭДП көмегімен және осы Стандарттың ережелеріне сәйкес тіркеледі.
3. Скрининг пен профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды
басқару
15. Скрининг пен профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды басқару ауруларды ерте сатыда анықтау мен аурулардың дамуы, аурулардың туындауына ықпал ететін қауіп факторларының алдын алуға бағытталған халықтың нысаналы топтарын тексеріп-қарау, халық денсаулығын қалыптастыру және нығайту, кәсіби жарамдылықты анықтау, жұмыс және басқа да қызметтерді атқаруға рұқсат алу мақсатында ЭДП арқылы жүзеге асырылатын электрондық профилактика сервисі мен электрондық рәсімдер функцияларының бөлігі болып табылады.
16. Халықтың нысаналы топтарына скринингтік және профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды жүргізудің белгіленген кезеңдік алгоритмдеріне сәйкес көрсетілген диагностикалық медициналық қызметтер бойынша ақпарат ЭДП-да жиналады және ұйымдастырылады.
17. Белгілі скринингтік бағдарламаларды немесе скринингтік және профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу кезеңдігінің алгоритмдерін енгізу мақсатымен скринингтік және профилактикалық медициналық тексеріп-қарауға жататын халықтың нысаналы топтарын анықтау үшін ЭДП-дағы ақпаратты қарауға және талдауға уәкілетті медициналық қызмет берушілердің ғана рұқсаты бар.
18. Скринингтік және профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар шеңберіндегі диагностикалық зерттеулер мен емшаралар диагностикалық зерттеулердің электрондық процестерін басқару стандартына сәйкес нақты пациентке де, пациенттер топтарына да Стандарттың 21-тармағында белгіленген пациенттер тізімдері көмегімен тағайындалады.
19. Жеке пациенттер мен пациент топтарына скринингтік тексерулерді тағайындау скринингтік тексеріп-қарауларды жүргізудің анықталған кезеңдік алгоритмдерінің негізінде уәкілетті денсаулық сақтау тарапының келісімінсіз ЭДП арқылы автоматты түрде анықталады. Стандарттың 19-тармағына сәйкес скринингтік тексеріп-қарау шеңберінде тағайындалған диагностикалық тексеріп-қарауды орындау үшін осы Стандарттың 18-тармағына сәйкес уәкілетті медициналық көрсетілетін қызмет беруші қажет. Бұл үшін ЭДП мониторингтеу мен скринингтік көрсеткіштерді автоматты түрде табу хаттамаларын пайдаланады.
4. Пациент тізімдерін басқару
20. ЭДП-дағы ақпараттың негізінде вакцинациялауға жататын пациенттер тізімдері жүргізіледі. Вакцинациялауға жататын пациенттерді ЭДП жүйесінен пациентті вакцинациялауға тиісті хабарландыру алатын уәкілетті МСАК дәрігері хабардар етеді.
21. ЭДП-дағы ақпараттың негізінде скринингтік тексеруге жататын пациенттер тізімдері жүргізіледі. Скринингтік тексеріп-қарауға жататын пациенттерді ЭДП жүйесінен пациенттерді скринингтік тексеріп-қарауды өткізуге тиісті хабарландыру алатын уәкілетті медициналық көрсетілетін қызмет беруші хабардар етеді. Скринингтік тексеріп-қарауды өткізуге хабарландыру сыртқы медициналық ақпараттық жүйелерде беріледі.
5. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек және стационар
деңгейіндегі медициналық көрсетілетін қызмет берушілердің
міндеттері
22. Электрондық профилактика сервисі немесе ЭДП ұлттық жүйесімен өзара іс-қимыл жасайтын МСАК және стационар деңгейіндегі медициналық көрсетілетін қызметті берушілер скринингтік тексеріп-қараулар мен электрондық профилактика сервисіне байланысты хабарландырулар мен скринингтік тексеріп-қараулар туралы хабарландыруларды алу үшін электрондық профилактика сервисімен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді.
23. ЭДП мен өзара іс-қимыл жасайтын сыртқы медициналық ақпараттық жүйе мынадай фунцияларды орындайды:
1) ауруларды бақылау бойынша тиісті тіркелімдегі жаңартуларды тексереді;
2) ауруларды бақылау бойынша тиісті тіркелімнен алған метадеректердің негізінде осы тіркелімде көрсетілген диагнозы бар пациенттер келіп түскен кезде ЭДП-ны хабардар етеді;
3) ЭДП арқылы берілетін диагностикалық зерттеулерге келіп түсетін тағайындауларға қатысты электрондық профилактика сервисімен тұрақты түрде өзара іс-қимыл жасайды.
24. Осы Стандарттың 24-тармағынын 3) тармақшасымен белгіленген тәртіпте тағайындалған скринингтік тексеріп-қараудың шенберіндегі диагностикалық зерттеу нәтижелері Стандарттың 5-тармағының ережелеріне сәйкес ЭДП-ға кайта беріледі.
6. ЭДП байланысты клиникалық-әкімшілік деректері
25. Осы Стандартта белгіленген деректер жинақтарына қосымша ретінде электрондық профилактика сервисін іске асыру және реттеу мақсатында ЭДП-ның тиісті деректердің жинағына клиникалық-әкімшілік деректер қосылған.