БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 31 тамыздағы № 401-404 (26798) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидасында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. ҚБТ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде білім алушыларға қолданылады:»;
1) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша;
2) барлық білім беру деңгейлерінде мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, оның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын тұлғалар үшін;
3) «Болашақ» стипендиаттарын қоспағанда, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан білім алушылар;
4) жоғары білім деңгейінде сырттай оқу түрі бойынша жедел әскери қызметке шақырылғандар;
5) жоғары білім деңгейінде ұзақ мерзімді (4 айдан астам) шетелдік іссапардағы тұлғалар;
6) мекемеде тиісті техникалық жағдай болса, сотталғандар, колония-қоныстарда (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде) жазасын өтеп жүргендер.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов