Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медициналық(медициналық) бөлімшелерінде медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 828 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2015 жылғы 12 қарашада № 12275 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 781 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 16.11.2020 № 781 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 8-бабының 6) тармақшасына және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінде медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф.Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б.Бисенқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ.Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      _____________ Т. Дүйсенова

      2015 жылғы "___" __________



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 9 қазандағы
№ 828 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінде медициналық
көмек көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінде медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 8-бабының 6) тармақшасына (бұдан әрі – Кодекс), "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар комитетінің, әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілеріне және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне (бұдан әрі – контингент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінде медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда ішкі істер органдары әскери қызметшілерінің отбасы мүшелері деп: жұбайы (зайыбы), екеуінің немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған балалары (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қамқоршылығындағы); балалар (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қамқоршылығындағы) және жұбайының (зайыбының) білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын жиырма үш жасқа дейінгі балалары; мүгедек балалар (асырап алған, асырап-бағуындағы немесе қамқоршылығындағы) және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа дейін мүгедек болған мүгедек балалары; әскери қызметшінің асырап-бағуындағы ата-аналары түсініледі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінің құрылымы

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінің құрылымы былай берілген:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тыл департаментінің Медициналық басқармасы (бұдан әрі – Медициналық басқарма);

      2) Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ішкі істер департаменттерінің медицина қызметтері (бұдан әрі – ІІД медицина қызметі);

      3) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Емханасы бар орталық госпиталі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ЕбОГ);

      4) "Облыстар ІІД Емханасы бар госпиталі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ЕбГ);

      5) "Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ІІД Емханасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – дербес емхана);

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медицина (медицина) бөлімшелері өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бұйрықтарына сәйкес жүзеге асырады.

3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінде медициналық көмек
көрсету тәртібі

      5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды ІІД Медициналық басқармасы және медицина қызметтері, медициналық көмек көрсетуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медицина (медицина) бөлімшелері жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медицина (медицина) бөлімшелеріне ЕбОГ, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың ІІД ЕбГ мен дербес емханалары жатады.

      Әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінің контингенті: Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар комитетінің, әскери-тергеу органдарының әскери қызметшілері және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ ішкі істер органдарының зейнеткерлері болып табылады.

      6. Әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінде Кодекске сәйкес медицина қызметінің мына түрлері:

      1) медициналық көмек;

      2) зертханалық диагностика;

      3) денсаулық сақтау саласындағы сараптама;

      4) контингенттің денсаулығын қорғау саласындағы қызмет;

      5) контингенттің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы қызмет көрсетіледі.

      7. Әскери-медицина (медицина) бөлімшелері Кодекске сәйкес мынадай нысандағы медициналық көмек көрсетеді:

      1) амбулаториялық-емханалық көмек: алғашқы медициналық-санитарлық көмек және консультативтік-диагностикалық көмек;

      2) стационарлық көмек;

      3) стационарды алмастыратын көмек;

      4) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту.

      8. Медициналық көмек көрсетудің жоғарыда көрсетілген нысандарын ұсыну тәртібі Кодекстің талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      9. Әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінің міндеттері:

      1) контингентке амбулаторлық және стационарлық медициналық көмек көрсету;

      2) медициналық (профилактикалық) тексерісті ұйымдастыру және өткізу, контингенттің денсаулығы жай-күйіне динамикалық бақылау;

      3) кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуді барлық оған мұқтаждарға көрсету;

      4) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

      10. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медицина (медицина) бөлімшелері:

      контингентке лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетуді;

      төтенше жағдайлар, әскери қақтығыстар және терроризм актілері жағдайындағы жұмысқа әзірлікті;

      диагностика, профилактика және емдеу әдістерін, сондай-ақ Кодекспен рұқсат етілген дәрілік заттарды қолдануды;

      айналасына қауіп төндіретін ауруларды, сондай-ақ кәсіби ауруларды ескерту, диагностикалау және емдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізуді;

      контингентке медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және дәйекті ақпарат ұсынуды;

      санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында нормативтік-құқықтық актілерді сақтауды;

      басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасуды және өз қызметіндегі сабақтастықты;

      уақытша еңбекке қабілетсіздікке сараптама жүргізуді және уақытша еңбекке қабілетсіздік парағын беруді;

      айналасына қауіп төндіретін инфекциялық ауру, контингент жеке құрамы арасындағы өлім жағдайлары туралы хабарлауды;

      "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) сәйкес медициналық құжаттама жүргізуді;

      салауатты өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

      11. Қызмет өткеретін жері немесе тұрғылықты жері бойынша әскери-медицина (медицина) бөлімшелері немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не болмаса арнайы жабдықтар болмаған кезде медициналық көмек ведомстволық тиесілігіне қарамастан, медициналық ұйымдарда (мекемелерде) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде көрсетіледі.

      Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі контингентке бюджет қаражаты есебінен ұсынылады және профилактикалық, диагностикалық және емдеу медициналық қызметін қамтиды.

      12. Емдеу-профилактикалық іс-шаралар жүйелі бақылау және ауыру себептерін талдау, уақытша жұмысқа қабілетсіздік, алғаш рет мүгедектікке шығу, жарақаттану, олардың деңгейі мен құрылымы, сондай-ақ аурудың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралардың тиімділігі негізінде өткізіледі.

      13. Әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінде стационарлық емделудегі контингентке медициналық және дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету сырқатты емдеу үшін қажетті көлемде және құрамда көрсетіледі.

      14. Әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінің стационарларында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығымен бекітілген Қазақстандық ұлттық дәрілік формулярды әзірлеу және бекіту қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 24 маусымда № 11429 болып тіркелген) сәйкес тегін көрсетіледі.

      15. Медициналық көмек алу үшін бекітілген контингентті ресімдеуді ішкі істер органдарының кадр қызметтері ұсынған контингент тізімінің негізінде әскери-медицина (медицина) бөлімшелері жүргізеді. Әскери-медицина (медицина) бөлімшелеріне тіркеу әскери-медицина (медицина) бөлімшесінің жұмыс кестесіне сәйкес мына құжаттар:

      әскери қызметшінің қызметтік куәлігі;

      туу туралы куәлік;

      отбасы мүшелері үшін жеке куәлік;

      зейнеткер куәлігі негізінде жүзеге асырылады.

      Әрбір тіркелген адамға пациенттің амбулаторлық картасы ресімделеді, ол амбулаторлық-емханалық бөлімшенің тіркеу бөлімінде сақталады.

      16. Қазақстан Республикасының басқа қалаларында тұратын контингент жоғары мамандандырылыған медициналық көмек алу үшін Астана және Алматы қалаларында орналасқан республикалық медицина ұйымдарына консультация алуға және ауруханаға жатуға жіберіледі.

      17. Адамдарды шетелге тексерілуге және емделуге бюджет қаражаты есебінен жіберу "Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 шілдеде № 11795 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза болған ішкі істер органдары әскери қызметшілерінің отбасы мүшелеріне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-медицина (медицина) бөлімшелерінде әскери-медициналық (медициналық) қамтамасыз етілу құқығы сақталады.

4. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту

      19. Тіркелген контингентке қалпына келтіру емі және медициналық оңалту Кодекске сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ санаториялық-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.

      20. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту туа біткен және жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетін азаматтарға көрсетіледі.

      21. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде жараланған, контузия, жарақат алған, мертіккен немесе ауырған ішкі істер органдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ мерзімді қызметтің әскери қызметшілері мен әскери оқу орындарының курсанттары медициналық көрсеткіштері болған кезде мемлекет есебінен санаторлық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.

      22. Санаторлық-курорттық емдеуге жіберу кезінде "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша медициналық құжаттама ресімделеді.

Об утверждении Правил оказания медицинской помощи в военно-медицинских (медицинских) подразделениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 октября 2015 года № 828. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 ноября 2015 года № 12275. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 16 ноября 2020 года № 781.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 16.11.2020 № 781 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпункту 6) статьи 8 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" и Законом Республики Казахстан "О воинской службе и статусе военнослужащих" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Правила оказания медицинской помощи в военно-медицинских (медицинских) подразделениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      2. Главному командованию Национальной гвардии Республики Казахстан (Жаксылыков Р.Ф.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра внутренних дел Республики Казахстан Бисенкулова Б.Б.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


генерал-полковник полиции

К. Касымов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Министр здравоохранения

      и социального развития

      Республики Казахстан

      _____________ Т. Дуйсенова

      "__" _________ 2015 года



  Утвержден
приказом Министра внутренних дел
Республики Казахстан
от 9 октября 2015 года № 828

Правила
оказания медицинской помощи в военно-медицинских (медицинских)
подразделениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания медицинской помощи в военно-медицинских (медицинских) подразделениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 8 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" (далее Кодекс), Законом Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих" и определяют порядок оказания медицинской помощи в военно-медицинских (медицинских) подразделениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан военнослужащим Национальной гвардии, Комитета по чрезвычайным ситуациям, военно-следственных органов и членам их семей, а также пенсионерам органов внутренних дел (далее - контингент).

      2. В настоящих Правилах члены семьи военнослужащих органов внутренних дел - супруга (супруг), совместные или одного из супругов несовершеннолетние дети (усыновленные, находящиеся на иждивении или под опекой), дети (усыновленные, находящиеся на иждивении или под опекой) и дети супруга (супруги), обучающиеся в организациях образования по очной форме обучения в возрасте до двадцати трех лет, дети-инвалиды (усыновленные, находящиеся на иждивении или под опекой) и дети-инвалиды супруга (супруги), ставшие инвалидами до восемнадцати лет; родители, находящиеся на иждивении военнослужащего.

2. Структура военно-медицинских (медицинских) подразделений
министерства внутренних дел Республики Казахстан

      3. Структура военно-медицинских (медицинских) подразделений Министерства внутренних дел Республики Казахстан представлена:

      1) Медицинским управлением Департамента тыла Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - Медицинское управление);

      2) медицинскими службами департаментов внутренних дел городов Астана, Алматы и областей (далее - медицинские службы ДВД);

      3) государственным учреждением "Центральный госпиталь с поликлиникой Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (далее - ЦГсП);

      4) государственными учреждениями "Госпиталь с поликлиникой ДВД областей" (далее - ГсП);

      5) государственными учреждениями "Поликлиника ДВД городов Астана, Алматы и областей" (далее - самостоятельная поликлиника).

      4. Военно-медицинские (медицинские) подразделения Министерства внутренних дел Республики Казахстан осуществляют свою деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан, приказами, Министерства внутренних дел, Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан.

3. Порядок оказания медицинской помощи в военно-медицинских
(медицинских) подразделениях Министерства внутренних дел
Республики Казахстан

      5. Организация медицинской помощи в военно-медицинских (медицинских) подразделениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан осуществляется Медицинским управлением и медицинскими службами ДВД, оказание медицинской помощи - военно-медицинскими (медицинскими) подразделениями Министерства внутренних дел Республики Казахстан. К военно-медицинским (медицинским) подразделениям Министерства внутренних дел Республики Казахстан относятся ЦГсП, ГсП и самостоятельные поликлиники ДВД городов Астана, Алматы и областей.

      Контингентом военно-медицинских (медицинских) подразделений являются: военнослужащие Национальной гвардии, Комитета по чрезвычайным ситуациям, военно-следственных органов и члены их семей, а также пенсионеры органов внутренних дел.

      6. В военно-медицинских (медицинских) подразделениях в соответствии с Кодексом оказываются следующие виды медицинской деятельности:

      1) медицинская помощь;

      2) лабораторная диагностика;

      3) экспертиза в области здравоохранения;

      4) деятельность в сфере охраны здоровья контингента;

      5) деятельность в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия контингента.

      7. Военно-медицинские (медицинские) подразделения в соответствии с Кодексом оказывают медицинскую помощь в следующих формах:

      1) амбулаторно-поликлиническая помощь: первичная медико-санитарная помощь и консультативно-диагностическая помощь;

      2) стационарная помощь;

      3) стационарозамещающая помощь;

      4) восстановительное лечение и медицинская реабилитация.

      8. Порядок предоставления вышеуказанных форм медицинской помощи проводится в соответствии с требованиями Кодекса.

      9. Задачами военно-медицинских (медицинских) подразделений являются:

      1) оказание амбулаторной и стационарной медицинской помощи контингенту;

      2) организация и проведение медицинского (профилактического) осмотра и динамическое наблюдение за состоянием здоровья контингента;

      3) оказание неотложной медицинской помощи всем нуждающимся в ней;

      4) организация и проведение санитарно-гигиенических и противоэпидемических мероприятий.

      10. Военно-медицинские (медицинские) подразделения Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечивают:

      оказание качественной медицинской помощи контингенту в соответствии с лицензией;

      готовность к работе в условиях чрезвычайных ситуаций, военных конфликтов и актов терроризма;

      применение методов диагностики, профилактики и лечения, а также лекарственных средств, разрешенных Кодексом;

      проведение мероприятий по предупреждению, диагностике и лечению заболеваний, представляющих опасность для окружающих, а также профессиональных заболеваний;

      предоставление контингенту бесплатной, оперативной и достоверной информации о формах и видах медицинской помощи;

      соблюдение нормативных правовых актов в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия;

      взаимодействие с другими организациями здравоохранения и преемственность в своей деятельности;

      проведение экспертизы временной нетрудоспособности и выдачу листков нетрудоспособности контингенту;

      сообщение о случаях инфекционных заболеваний, представляющих опасность для окружающих, смертных случаях среди личного состава контингента;

      ведение медицинской документации, в соответствии с приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации № 6697);

      формирование здорового образа жизни.

      11. При отсутствии по месту прохождения службы или по месту жительства военно-медицинских (медицинских) подразделений или отсутствии в них соответствующих отделений, специалистов либо специального оборудования медицинская помощь оказывается в медицинских организациях (учреждениях) независимо от ведомственной принадлежности в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.

      Гарантированный объем бесплатной медицинской помощи предоставляется контингенту за счет бюджетных средств и включает профилактические, диагностические и лечебные медицинские услуги.

      12. Лечебно-профилактические мероприятия проводятся на основе систематического наблюдения и анализа причин заболеваемости, временной нетрудоспособности, первичного выхода на инвалидность, травматизма, их уровня и структуры, а также эффективности мероприятий, проводимых по профилактике заболеваний.

      13. Контингенту, находящегося на стационарном лечении в военно-медицинских (медицинских) подразделениях, медицинское и лекарственное обеспечение оказывается в объеме и составе, необходимом для лечения заболевания.

      14. Лекарственное обеспечение в стационарах военно-медицинских (медицинских) подразделениях оказывается бесплатно в соответствии с Правилами разработки и утверждения Казахстанского национального лекарственного формуляра, утвержденного приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 мая 2015 года № 369 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации № 11429).

      15. Оформление прикрепленного контингента для получения медицинской помощи производится военно-медицинскими (медицинскими) подразделениями на основании списков контингента, представляемых кадровыми службами органов внутренних дел.

      Прикрепление к военно-медицинским (медицинским) подразделениям осуществляется в соответствии с графиком работы военно-медицинского (медицинского) подразделения на основе следующих документов:

      служебное удостоверение военнослужащего;

      свидетельство о рождении;

      удостоверение личности для членов семей;

      пенсионное удостоверение.

      На каждого прикрепленного оформляется карта амбулаторного пациента, которая хранится в регистратуре амбулаторно-поликлинического отделения.

      16. Для получения высокоспециализированной медицинской помощи контингент, проживающий в других городах Республики Казахстан, направляется на консультацию и госпитализацию в республиканские медицинские организации, дислоцированные в городах Астана и Алматы.

      17. Направление лиц на обследование и лечение за рубеж за счет бюджетных средств осуществляется в соответствии с приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 июня 2015 года № 544 "Об утверждении Правил направления граждан Республики Казахстан на лечение за рубеж за счет бюджетных средств" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации № 11795).

      18. За членами семей военнослужащих органов внутренних дел, погибших при исполнении служебных обязанностей сохраняется право на военно-медицинское (медицинское) обеспечение в военно-медицинских (медицинских) подразделениях Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

3. Восстановительное лечение и медицинская реабилитация

      19. Восстановительное лечение и медицинская реабилитация прикрепленному контингенту в соответствии с Кодексом проводятся в организациях здравоохранения, а также в санаторно-курортных организациях.

      20. Восстановительное лечение и медицинская реабилитация оказываются контингенту, страдающим врожденными и приобретенными заболеваниями, а также последствиями острых, хронических заболеваний и травм.

      22. В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих" военнослужащие органов внутренних дел, получившие ранения, контузии, травмы, увечья или заболевания при исполнении обязанностей воинской службы, а также военнослужащие срочной службы и курсанты военных учебных заведений при наличии медицинских показаний обеспечиваются санаторно-курортным лечением за счет государства.

      21. При направлении на санаторно-курортное лечение оформляется медицинская документация по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации № 6697).