Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 30.03.2017 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағы сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10491 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиясының сот сарапшысының аттестаттауын жүргізу ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа мәтінде жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның кезеңдік баспаларда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр |
Б. Имашев |
Қазақстан Республикасы |
|
Қазақстан Республикасы |
Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот
сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын
қабылдау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және сот сарапшысының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтиханын қабылдау тәртібін анықтайды.
2. Сот сарапшысына сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілігін беру (бұдан әрі - сот сарапшысының біліктілігі), үміткердің біліктілік емтиханын тапсырып, оған сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беру арқылы жүзеге асырылады.
3. Біліктілік емтиханынан өтетін сот сарапшыларының тізімі және біліктілік емтиханын тапсыру кестесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптама органының басшысы бекітеді.
4. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін үміткерлер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) сот сараптамасы органына келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағиданың 1-ші қосымшасына сәйкес нысандағы өтініші;
2) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы болған жағдайда - дипломдарының көшірмелері);
3) арнайы кәсіби дайындығының нәтижесі жөнінде пікірі;
4) осы Қағиданың 2-ші қосымшасына сәйкес мәліметтер нысандары.
5. Үміткер сот сараптамасы біліктілігін алуға біліктілік емтиханын тапсыратын күн туралы біліктілік емтиханын қабылдаудан бір ай бұрын хабардар етіледі.
2. Біліктілік емтиханын жүргізу тәртібі
6. Біліктілік емтихандары 2 кезеңде үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі:
1) компьютерлік тестілеу: сот сарапшылары үшін 100 сұрақ және сот-медициналық, сот-наркологиялық мамандықтағы сот сарапшылары үшін 50 сұрақ;
сот сарапшылары үшін - қылмыстық-іс жүргізу құқығы бойынша (20 сұрақ), азаматтық-іс жүргізу құқықтары бойынша (20 сұрақ), криминалистика бойынша (20 сұрақ), әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ), Заң бойынша (20 сұрақ);
сот-медициналық мамандықтағы сот сарапшылары үшін - игеретін мамандықтары бойынша (50 сұрақ).
сот-наркологиялық мамандықтағы сот сарапшылары үшін - игеретін мамандықтары бойынша (50 сұрақ).
2) білімін тексеру:
сот сарапшылары үшін - сот сараптамасының белгілі бір түріне емтихан билеттері бойынша үш сұрақ;
сот-медициналық, сот-наркологиялық мамандықтағы сот сарапшылары үшін - ауызша әңгімелесу түрінде. Ауызша әңгімелесу кезінде үміткерге мамандығы бойынша 5-тен аспайтын сұрақ қойылады
7. Үміткерлер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде тестілеуге жіберіледі.
Компьютерлік тестілеу уақыты 1 сұраққа 1 минут есебімен есептеледі.
Тестілеу уақытында үміткерлер өзара сөйлесе алмайды. Үміткер көмекші құжаттарды (анықтамалықтарды, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдарын және электрондық тасығыштағы қандай да бір жазбаларды қолдануға жол берілмейді.
8. Сот сарапшылары үшін тестілеуден өтудің шекті мәні қойылған сұрақтардың жалпы санынан 70% дұрыс жауапты құрайды.
Компьютерлік тестілеуді есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарлама арқылы есептеледі. Нәтижелер екі данада шығарылады, оның біреуі үміткерге беріледі, ал екіншісі үміткердің қол қоюымен үміткердің біліктілік іс парағында сақталады.
Егер дұрыс жауаптардың саны жалпы сұрақтардың 70%-на кем болса, сот сарапшысының біліктілігін (оның ішінде қосымшасын) алуға үміткер біліктілік емтиханының келесі кезеңіне жіберілмейді.
9. Емтихандық билеттер бойынша білімдерін тексеру барысында, екі не одан да көп сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда, сот сарапшысының біліктілігін алуға үміткер адам (соның ішінде қосымшасын) емтиханнан өткен болып есептеледі.
Ауызша әңгімелесу түріндегі білімдерін тексеру барысында, берілген сұраққа 2/3 дұрыс жауап берген жағдайда, сот-медициналық, сот-наркологиялық мамандықтағы сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер (соның ішінде қосымшасын) емтиханнан өткен болып есептеледі.
Министрліктің Біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия), үміткердің сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілігін беру емтитиханын тапсыру нәтижесі бойынша келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) біліктілік берілді;
2) біліктілік берілген жоқ.
10. Сот сарапшысы біліктілігі сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша Комиссиялардың дауыс беру нәтижелері бойынша беріледі.
11. Нәтижелері біліктілік емтиханын тапсырған күні жарияланады және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Комиссиялар отырысының хаттамасында көрсетіледі.
12. Комиссиялар, біліктілік емтиханы өткеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде, біліктілік емтиханынан өткен үміткерге осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін (бұдан әрі - біліктілік куәлігі) береді. Қосымша сарапшылық мамандығын алу кезінде, біліктілік емтиханы өткеннен кейін, 5 жұмыс күні ішінде, осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілік куәлігіне қосымшасы (бұдан әрі - біліктілік куәлігіне қосымша) рәсімделеді.
Біліктілік емтиханынан өткен сот-медициналық, сот-наркологиялық мамандықтағы біліктіліктерін алатын сот сарапшыларына, біліктілік куәлігі, біліктілік куәлігіне қосымша біліктілік емтиханы өткен күннен бастап бір ай ішінде беріледі
13. Комиссиялар теріс шешім қабылдаған жағдайда, арнайы кәсіби дайындықтан өткеннен кейін кемінде 3 айдан кейін біліктілік емтиханын қайта тапсыруға жіберіледі.
14. Біліктілік емтиханын жүргізу кезінде туындайтын даулар, сот тәртібімен қаралады.
Сот сараптамасының белгілі |
Нысан
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Біліктілік комиссиясы
төрағасының орынбасарына
Өтініш
Сізден мені келесі ____________________________________________
мамандық бойынша біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын:
Қоса берілген құжаттар тізімі:
1.
2.
3.
Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпиялардағы
мәліметтерді қолдануға келісемін:____________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
және қызмет алушының қолы
Өтініш берген күні
Сот сараптамасының белгілі
бір түрін жүргізу құқығына сот
сарапшысы біліктілігін беру үшін
біліктілік емтихандарын қабылдау
қағидасына
2-қосымша
Мәліметтер нысаны
Өтінім бойынша деректер
1. Өтініш номері
2. Құру күні
Негізгі мәліметтер
3. ЖСН
4. Тегі
5. Аты
6. Әкесінің аты (болған жағдайда)
Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер
7. Жеке басын куәландыратын құжат типі
8. Нөмірі
9. Сериясы
10. Берілген күні
11. Аяқталатын күні
12. Берген органы
Мекенжайы
13. Пошталық индекс
14. Мемлекет, облыс, аудан, елдімекен
15. Көше атауы
16. Үйдің, ғимараттың нөмірі
17. Пәтер, кеңсе номері
18. Телефон номері
Арнайы дайындықтан өткендігі жөніндегі мәліметтер
19. Арнайы кәсіби дайындықтан өткен орны
20. Мамандығы
21. Арнайы кәсіби дайындықтан өту күнінің басталған уақыты
22. Арнайы кәсіби дайындықтан өту күнінің аяқталған уақыты
23. Арнайы кәсіби дайындықтан өту кезіндегі зерделенген материалдары
24. Кәсіби дайындықтан өткізген басшыны тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қызметі
25. Арнайы кәсіби дайындықтан өткендігі жөніндегі есеп
Сот сараптамасының белгілі |
Нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Біліктілік комиссиясы отырысының
№ хаттамасы
20__ жылғы "__"__________
________________________________________________________ қаласы
Комиссия мүшелері _____________________________________________
Төраға ________________________________________________________
Хатшы _________________________________________________________
Қазахстан Республикасы Әділет министрлігінің 20_ жылғы "__"____
№__ бұйрығының негізінде жұмыс атқаратын біліктілік комиссиясының
қарауына мына құжаттар ұсынылды _____________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
_______________________________________________________________
(дипломдар көшірмелері, арнайы кәсіби дайындықтан немесе
біліктілігін арттырған немесе қайта дайындыктан
өткендігі жөніндегі есеп)
1-ші кезеңнің нәтижелері (компьютерлік тестілеу жүргізу):_балл,
екінші кезеңге: "жіберіледі"/ "жіберілген жоқ"
(қажетін сызу)
Жүргізілген әңгімелесудің қысқаша мазмұны:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
3. ____________________________________________________________
Біліктілік комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері: "қарсы емес" _________, "қарсы" _________.
Біліктіліқ комиссия шешім қабылдады:
1) ____________________________ біліктілік берілді
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
2) ____________________________ біліктілік берілген жоқ
(Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Комиссия төрағасы __________ ________________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Комиссия мүшелері __________ ________________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
__________ ________________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Хатшы __________ ________________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Сот сараптамасының белгілі |
Нысан
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
Сот сараптамасын жүргізу құқығына
сот сарапшысының біліктілік куәлігі №_____
Осы куәлік ____________________________________________ берілді
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
өйткені, оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
біліктілік комиссиясының 20_ жылғы "__" ________ шешімімен __________
_____________________________________________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы
біліктілігі берілді.
Мөр орны Біліктілік
комиссиясының
төрағасы
Хатшы
Астана қаласы 20_ ж. "_" ________ №____ Тіркеу №____
Сот сараптамасының белгілі |
Нысан
№__ сот сараптамасын жүргізу құқығына
сот сарапшысының біліктілік куәлігіне
қосымша
_______________________________________________________ берілді
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
өйткені, оған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
біліктілік комиссиясының 20_ жылғы "__" _______ шешімімен ___________
_____________________________________________________________________
мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы
біліктілігі берілді.
Мөр орны Біліктілік
комиссиясының
төрағасы
Хатшы
Астана қаласы 20_ ж. "_" ________ № __ Тіркеу №__.