2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 77-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 18-02/937 бұйрығымен бекітілген |
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым
шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке
алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) орман тұқымы плантациялары (бұдан әрі – ОТП) – тұқым қуалаушылық қасиеттері құнды тұқымдар алуға арналған екпелер селекциясының әртүрлі әдістерін қолдану негізінде жасанды жолмен құрылатын плантациялар;
2) тұрақты орман тұқым учаскелері (ТОТУ) – ұзақ уақыт кезеңі бойына қалыпты және жақсартылған тұқымдар алу үшін арнайы қалыптастырылған аналық екпелер. ТОТУ шығу тегі табиғи (жасанды сирек жағдайда) жоғары өнімді, жоғары сапалы екпелерде отырғызылады;
3) артықшылығы бар екпелер – орман өсірудің белгілі бір жағдайларына арналған өнімділігі жоғары және тұрақты екпелер;
4) аналық плантациялар – оларды жаппай көбейту және шабыққа кейіннен ұластыру үшін сап дайындау мақсатында артықшылығы бар ағаштардың вегетативтік тұқымын пайдалана отырып құрылатын плантациялар;
5) клондық ОТП – артықшылығы бар немесе элиталық ағаштардың вегетативтік ұрпағын (клондарын) пайдалана отырып құрылатын ОТП;
6) тұқымдас ОТП – артықшылығы бар ағаштардың тұқымдарынан өсірілген екпелерді немесе көшеттерді отырғыза отырып құрылған ОТП;
7) вегетациялық кезең – өсімдіктердің өсуі және өрістеуі (вегетация) мүмкін болатын жылдың кезеңі;
8) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында басқару мен бақылау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді
аттестаттау тәртібі
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттауды осы салада маманданған ұйымдар (бұдан әрі – мамандандырылған ұйым) жүзеге асырады.
4. Мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен мынадай құрамда аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) құрылады:
1) мамандандырылған ұйымның бірінші басшысының орынбасары (комиссияның төрағасы);
2) мамандандырылған ұйымның мамандары;
3) уәкілетті органның аумақтық органының өкілі;
4) аумағынан селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер анықталған орман иеленушінің өкілі.
5. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау:
1) анықталған және құрылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің дайындығына қарай кез келген уақытта вегетациялық кезең ішінде өткізіледі;
2) осы Қағидаларға 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді алдын ала есепке алу және іріктеу бойынша карточкалар болған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Комиссия селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтаған ұйым өкілдерінің және мемлекеттік орман иеленуші өкілдерінің қатысуымен олардың нысаналы мақсатына сәйкес келуін орынға барып айқындайды.
7. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді зерттеп қарау нәтижелері бойынша Комиссияның қорытындысы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді зерттеп қарау нәтижелері және орман иеленушіге қабылдау-беру актісінде (бұдан әрі – акт) көрсетіледі. Комиссия оң қорытынды шығарған жағдайда Комиссия актіге қол қойғаннан кейін күнтізбелік үш күн өткен соң селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объект аттестацияланған болып есептеледі.
8. Анықталған және құрылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер өздерінің нысаналы мақсатына сәйкес келмеген жағдайда Комиссия теріс қорытынды береді.
9. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді орман иеленушіге беру актіге қол қою кезінде бір мезгілде жүзеге асырылады.
10. Актіге қол қойылғаннан кейін Комиссия аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерге осы Қағидаларға 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша паспорттарды толтырады. Паспорттарға орамдық желіге немесе басқа тұрақты бағдарларға байланыстырылған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің орналасуының сызбалық жоспарлары қоса тіркеледі.
11. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерге паспорттар алты данада: біріншісі – мемлекеттік орман иеленуші; екіншісі – қарауында мемлекеттік орман иеленуші болатын мемлекеттік орган; үшіншісі – уәкілетті органның аумақтық органы, төртіншісі – мамандандырылған ұйым, бесіншісі – уәкілетті орган және алтыншысы - селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді анықтаған ұйым үшін толтырылады.
12. Аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер:
1) жергілікті жерде арнайы белгілерімен шектеледі, оларға осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген орман шаруашылығы таңбалары басылады;
2) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жиынтық ведомосқа енгізіледі. Жиынтық ведомосін мамандандырылған ұйым толтырады және жүргізеді.
3. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді
есепке алу тәртібі
13. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді есепке алу, олардың жай-күйіне және нысаналы пайдаланылу дәрежесіне талдау жасау үшін мамандандырылған ұйым уәкілетті органның аумақтық органдарының және орман иеленушілердің өкілдерімен бірлесіп жыл сайын оларды зерттеп қарауды жүргізіп отырады.
14. Вегетациялық кезеңде көзбен қарап тексеру барлық аттестацияланған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерде жүргізіледі.
15. Тексеру көлемі олардың ауданына байланысты және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес айқындалады.
16. Әрбір селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объект бойынша оның қаз-қалпында ресімделуі (шекаралық белгілердің және оларда жазбалардың болуы), оның жай-күйі (ағаштарды зиянкестердің бүлдіруі және ауруға шалдығу, механикалық зақымдар нышандарының болуы, ұшарбаста кеуіп бара жатқан бұтақтардың сипаты және болуы, екінші қабаттың өсуі, ағаш астында өсімдіктердің өсуі), нысаналы пайдаланылуы (бүрлер, жемістер, тұқымдар, қалемшелер дайындау), сондай-ақ паспорттағы немесе жиынтық ведомостағы жазбалардың нақты деректерге сәйкестігі айқындалады.
17. Мамандандырылған ұйым материалдарды қорытып, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі жайында осы Қағидаларға 11 және 12-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша уәкілетті орган мен олардың аумақтық органдарына ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін жыл сайын ақпарат беріп отырады және оларды одан әрі пайдалану, қорғауды жақсарту, қаз-қалпында ресімдеу, реконструкциялау (қалпына келтіру) немесе есептен шығару жөнінде уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.
18. Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің бар-жоғы және олардың жай-күйі туралы ақпаратты қарағаннан кейін уәкілетті орган олардың жай-күйін одан әрі жақсарту мен пайдалану немесе есептен шығару жөніндегі шаралар туралы уәкілетті органның бұйрығы нысанындағы шешімін қабылдайды.
19. Уәкілетті органның шешімі негізінде мамандандырылған ұйым селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің жиынтық ведомостары мен паспорттарына өзгерістер енгізеді және орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдалану үшін оларды мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жеткізеді.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
ОТП-ны (аналық, клондық, тұқымдас) есепке алудың
карточкасы №____
Тұқымы ________________________________________________________
1. Облысы ___________________________________________________________
2. Мемлекеттік орман иеленуші ____________ орманшылық _______________
орам _________________телім _________________________________________
3. Ауданы, гектар ___________________________________________________
4. Өсу орны жағдайларының типі ______________________________________
5. Отырғызу жылы ____________________________________________________
6. Отырғызу тәсілі (вегетациялық, тұқымдық) _________________________
7. Өскіндер (тұқымдастар) саны ______________________________________
8. Өскіндегі ағаштардың саны – дан дейін ____________________________
9. Ағаштардың орналасуы, метр _______________________________________
10. Орташа биіктігі, метр ___________________________________________
11. Ұшарбасының орташа ені, метр ____________________________________
12. Қалемшелерді мүмкіндігінше дайындау көлемі, дана ________________
13. Ағаштардың жай-күйі _____________________________________________
14. Отырғызу объектісінің сәйкестігі және одан әрі пайдалану режимі туралы комиссияның қорытындысы ______________________________________
15. Сортты өскіндерге үміткерлерді бөліп алу мүмкіндігі туралы
ұсыныстар өскіндердің, сорттардың, будандардың
нөмірлері) __________________________________________________________
16. Объектілерді күтіп ұстау және жай-күйін жақсарту жөнінде
ұсынылатын іс-шаралар _______________________________________________
Плантациядағы ағаштарды қайта есепке алу ведомосы
Артықшылығы бар ағаштың мемлекеттік тізілім бойынша №, буданның, сорттың атауы | Ағаштардың сақталуы | Орташа биіктігі, метр | Ұшар басының орташа ені, метр | Ағаштардың жай-күйі | |
дана | % | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Учаске бойынша барлығы: |
________________________________________________
Карточканы жасаған (лауазымы, тегi, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
20__ жылғы "__"____________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Артықшылығы бар екпені алдын ала іріктеу
карточкасы № _____
Басым тұқымның түрлік атауы _________________________________________
1. Облысы ___________________________________________________________
2. Әкімшілік ауданы _________________________________________________
3. Мемлекеттік орман иеленуші _______________________________________
4. Орманшылық _______________________________________________________
5. Орам № ___________________________________________________________
6. Телім № __________________________________________________________
7. Аудан, гектар ____________________________________________________
8. Екпе жасы, класс/жыл _____________________________________________
9. Екпе құрамы ______________________________________________________
10. Орман түрі (орман өсу жағдайлары) _______________________________
11. Санитариялық және орман патологиялық жағдайы ____________________
12. Бонитет сыныбы __________________________________________________
13. Орташа толымдылығы, метр ________________________________________
14. Орташа биіктігі, метр ___________________________________________
15. Орташа диаметрі, сантиметр ______________________________________
16. Екпелердегі: артықшылығы бар ағаштар ___________________%
қалыпты ағаштар __________________________%
(сынақ алаңшасында анықталады)
кемістігі бар ағаштар ____________________%
17. Еңіс бөктердің экспозициясы _____________________________________
18. Теңіз деңгейінен биіктігі __________________ метр
19. Нысаналы мақсаты бойынша іріктелетін екпені сипаттайтын
көрсеткіштер (шайыр өнімділігі, мол тұқым беруі, тұқым сапасы, сүрек
құрылымы) ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Артықшылығы бар екпенің орам мен телімдегі орналасу схемасы және
координаттары _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
Карточканы толтырған (лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса),
қолы) _____________________
20___ жылғы "__" _______________
Ескертпе
1. Екпенің таксациялық көрсеткіштері орман орналастыру материалдары бойынша енгізіледі.
2. Артықшылығы бар екпенің алдын ала іріктеу карточкасы оны қаз қалпында аралап көргеннен кейін жасалады (периметрі мен диагоналды жүріс жолдары бойынша).
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
ТОТУ-ды алдын ала іріктеу карточкасы
№ _____
Қазақстан Республикасы
Облыс _______________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленуші __________________________________________
Ағаш тұқымының түрлік атауы _________________________________________
Отырғызу жылы ______________ Учаске алаңы, гектар ___________________
Алынатын тұқым санаты (жақсартылған, қалыпты) _______________________
1. Учаскенің орналасқан жері:
Орманшылық __________________________________________________________
Орам № _________ Телім № ____________________________________________
Орамда ТОТУ-дың орналасуы (схемасы тіркеледі)
2. Телім сипаттамасы:
Релъефі _____________________________________________________________
Экспозициясы және бөктердің тіктігі, теңіз деңгейінен биіктігі, метр
_____________________________________________________________________
Орман өсіру жағдайларының типі ______________________________________
Топырақ және топырақ құрайтын тұқым _________________________________
Екпе құрамы _________________________________________________________
Басты тұқымның бонитет класы ________________________________________
Басты тұқымның басым нысаны (фенологиялық, морфологиялық)
_____________________________________________________________________
Санитариялық және орман патологиялық жағдайы ________________________
3. Қоршаған екпелердің қысқаша сипаттамасы (басты тұқым, орман типі,
жасы, орташа биіктігі, орташа диаметрі, бонитет сыныбы, екпелердің
селекциялық санаты: артықшылығы бар, жақсы, кемістігі бар): _________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Іріктеуге арналған учаскедегі екпелердің таксациялық сипаттамасы
Зерттеп қарау күні | Құрамы | Шығу тегі (табиғи немесе дақылдар) | Жасы, сыныбы/жылы | Орташа | Бонитет сыныбы | Тұқымдық ағаштардың орналасуы және бір-бірінен орташа қашықтығы, метр | Тұқымдық ағаштардың ұшар басының орташа ені, метр | Басты тұқым ағаштарының саны 1 гектар/дана | Тірі ұшар басына дейінгі орташа қашықтық, метр | Тұқымдық ағаштардың жай-күйі мен сапасы | |
Н, метр | D, сантиметр | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Ескертпе:
Орман дақылдары үшін "Шығу тегі" бағанында тұқымның шығу тегі қосымша көрсетіледі.
Карточканы толтырған ________________________________________________
(лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса),қолы)
20___жылғы "__"_______________
Ескертпе:
1. Екпелердің таксация көрсеткіштері орман орналастыру материалдары бойынша енгізіледі.
2. ТОТУ-ды алдын ала іріктеу карточкасын өсіп тұрған екпелерді (периметрі және диагоналдық жүріс жолдары бойынша) көзбен шолып қарағаннан кейін толтырады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
______________ мемлекеттік орман қоры аумағындағы селекциялық-
мем.орман иеленушінің атауы
тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді зерттеп-қарау және
оларды орман иеленушіге қабылдау-беру нәтижелерінің актісі
_____________________________________ бұйрығына сәйкес мына құрамдағы
(уәкілетті органның маманданған ұйымының атауы)
комиссия ___________________________________________________________
(комиссия мүшелерінің тегi, аты, әкесінің аты (бар болса),
лауазымдары)
аттестаттау (есептен шығару, есепке алу) мақсатында селекциялық-тұқым
шаруашылығы мақсатындағы объектілерді зерттеп қарады.
Зерттеп қарау нәтижесінде мыналар анықталды: __________________
_____________________________________________________________________ Cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің нысаналы
мақсатын ескере отырып, оларды аттестациялау, ақаулы деп тану,
есептеп шығару себептері баяндалады. Бұл орайда әрбір
cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектінің алаңы немесе
олардың саны (ағаштар үшін), түрлік атауы, орманшылық, орам, телім
көрсетіледі.
Cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер құруды
жақсарту немесе оларды қайта жаңарту мақсатында белгілі бір орман
шаруашылығы және өзге де іс-шараларды атқару қажет болған жағдайда
олардың тізбесін келтіреді.
Комиссия тізбеге сәйкес бөліп алынған, құрылған, қалыптасқан
селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттауға
және оларды қорғау әрі нысаналы мақсатында пайдалану үшін орман
иеленушіге беруге болады деп есептейді.
Аттестацияланбаған селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы
объектілер қабылдауға-беруге жатпайды.
Аттестацияланған және мемлекеттік орман иеленушіге берілетін
селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілердің
тізбесі _______________________________
Комиссия мүшелерінің қолы: ____________________________________
(лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты
(бар болса), қолы)
Аттестацияланған cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді тапсырдым _______________________________ (маманданған ұйымның өкілі) | Аттестацияланған cелекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді қабылдап алдым _______________________________ (мемлекеттік орман иеленушінің өкілі) |
М.О. М.О.
20 __ жылғы "___"____________ 20 __ жылғы "___"__________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы
Облысы ______________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленуші __________________________________________
Ағаш тұқымының түрлік атауы (түр тармағы, экотүрі, нысаны) __________
ОТП (аналық, өскіндік, тұқымдастық) паспорты № ________
Отырғызылған жылы ___________________________________________________
Плантация танабының алаңы, гектар ___________________________________
Мақсаты (селекция мақсаттары бойынша: орман тұқымы, аналық, клондық,
тұқымдық) ___________________________________________________________
ОТП реті (бірінші, генетикалық құндылығы жоғары немесе екінші)
_____________________________________________________________________
Алынатын тұқымның санаты, (сортты, жақсартылған): ___________________
1. Плантацияның орналасқан жері:
Орманшылық __________________________________________________________
Орам № ________________ Телім № _____________________________________
Плантацияның орамда орналасуы (схемасы тіркеледі)
2. Плантация орналасқан учаскенің сипаттамасы:
Учаске санаты _______________________________________________________
Релъеф, тіктігі мен бөктердің экспозициясы __________________________
Орман өсіру жағдайларының типі ______________________________________
Топырақ және топырақ құратын тұқым __________________________________
Шөп жамылғысы және дәндену деңгейі __________________________________
Сол тұқымның жақын екпелеріне дейінгі қашықтығы, _______________ метр
Сол тұқымның кемістігі бар екпелеріне дейінгі қашықтығы, _______ метр
Қоршаған екпелердің қысқаша сипаттамасы _____________________________
_____________________________________________________________________
3. Плантацияны құру тәсілі:
ұластырылған көшеттерді отырғызу;
тамырланған қалемшелерді ұластырыла егілетін екпелерге ұластыру
(дақылдың жасы мен фенологиялық нысанын көрсету);
артықшылығы бар ағаштардың тұқымынан өсірілген екпелерді (көшеттерді)
отырғызу (өсімдік жасын көрсету);
себу ________________________________________________________________
№ ___ОТП-да (аналық) өсетін
артықшылығы бар ағаштардың сипаттамасы
Тізілім бойынша артықшылығы бар ағаштың нөмірі | Ағаштың орналасқан жері (облысы, орманшылығы, орамы, телімі) | Ағаштың аттестация кезеңіндегі жасы, жыл | Орман типі | Таксациялық көрсеткіштер | Ескертпе (артықшылығы бар ағаштың селекцияланатын белгілері) | |
D, сантиметр | Н, метр | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Учаскені дайындау және топырақты өңдеу агротехникасы ________________
_____________________________________________________________________
Отырғызу (себу) схемасы: қатардағы және қатарлар арасындағы (отырғызу
орындары орталықтарының арасындағы) қашықтық, алаңшалардың мөлшері, 1
гектарга отығызылатын орын саны, отырғызылатын орындағы өсімдіктер
саны (алаңшада, қатар кесіндісінде)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Бастапқы материалдың шығу тегі (қалемшелер, артықшылығы бар
ағаштардың тұқымдары) және дайындау мерзімі
_____________________________________________________________________
Ұластыру әдісі және мерзімі _________________________________________
Плантация танабындағы (блогындағы) өскіндер (тұқымдастар) саны ______
Өскіндердің (тұқымдастардың) орналасу схемасы паспортқа тіркеледі.
4. Плантациядағы тұқымдық ағаштардың жерсінуі мен сақталуы
Есепке алу күні | Көшеттердің (екпелердің, отырғызу орындарының, ұластырулардың) бастапқы саны, дана/гектар | Жерсінген ұласулар, сақталған көшеттер (екпелер), отырғызылатын орындар саны, дана/гектар | Жерсінуі (сақталуы), % | Өскіндердің (тұқымдастардың) сақталуы, схема бойынша көзделген саны/ % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе:
1. Кестені отырғызылған жылы, отырғызылғаннан кейін 3 (үш) жыл және 5 (бес) жыл өткен соң және аттестаттау болған жылы толтырады.
2. Аттестаттау кезінде клондар (тұқымдастар) арасындағы өсімдіктер саны айырмашылықтары туралы деректер енгізіледі, %.
5. Плантацияны күтіп-баптау жөніндегі іс-шаралар
Жыл | Күн | Іс-шараның атауы және қысқаша сипаттамасы (толықтыру, сирету, топырақты күтіп баптау, тыңайтқыштар шашу: шашу дозалары мен мөлшері, тұқымдық ағаштардың ұшарбасын күтіп-баптау, зиянкестермен және саңырауқұлақ ауруларымен күрес, тамырдан тыс қоректендіру және) | Жазбаны толтырған (лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 |
6. Плантацияда алынған тұқымдарды дайындау және пайдалану туралы деректер
Дайындау мерзімі | Тұқымдану балы | Дайындалған тұқым, бүр, килограмм | Алынған тұқым, килограмм шығым % | Тұқым сапасы: өнгіштік класы % | Тұқым сақтау | Тұқымды пайдалану туралы деректер | Жазбаны енгізген (лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) | ||
орны мен тәсілі | күні | ||||||||
басталу | аяқталу | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ескертпе:
1. 5 және 6-бөлімдер бойынша жазбаны мемлекеттік орман иеленушінің мамандары толтырады
2. 6-бөлімде аналық плантациялар үшін қалемшелердің дайындалғаны және пайдаланылғаны туралы мәліметтер көрсетіледі.
ОТП-ны (аналық) мына құрамдағы Комиссия зерттеп қарады және тұрақты орман тұқымы базасының құрамына енгізді:
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
(ұйым, лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
___________________________________________________________
(ұйым, лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
___________________________________________________________
(ұйым, лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
20__ жылғы "__" __________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы
Облыс _______________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленуші __________________________________________
Ағаш тұқымының түрлік атауы _________________________________________
ТОТУ паспорты № _____
Отырғызу жылы ______________ Учаске көлемі, гектар __________________
Алынатын тұқым санаты (жақсартылған, қалыпты) _______________________
1. Учаскенің орналасқан жері:
Орманшылық __________________________________________________________
Орам № _________ Телім № ____________________________________________
Орамда ТОТУ-дың орналасуы (схемасы қоса беріледі)
2. Телім сипаттамасы:
Релъефі _____________________________________________________________
Экспозициясы және бөктердің тіктігі, теңіз деңгейінен биіктігі, метр _____________________________________________________________________
Орман өсіру жағдайларының типі ______________________________________
Топырақ және топырақ құрайтын тұқым _________________________________
Екпе құрамы _________________________________________________________
Басты тұқымның бонитет сыныбы _______________________________________
Бас тұқымның басым нысаны (фенологиялық, морфологиялық)
_____________________________________________________________________
Санитариялық және орман патологиялық жағдайы
_____________________________________________________________________
3. Қоршаған екпелердің қысқаша сипаттамасы (басты тұқым орман типі,
жасы, орташа биіктігі, орташа диаметрі, бонитет класы, алқа
ағаштардың селекциялық санаты: артықшылығы бар, жақсы, кемістігі
бар): _______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. ТОТУ-ды құру әдісі: екпелерді немесе орман дақылдарын сирету,
селекциялық жақсартылған материалды отырғызу немесе себу (керегін
сызу қажет).
5. ТОТУ екпелерінің таксациялық сипаттамасы
Зерттеп қарау күні | Құрамы | Шығу тегі (табиғи немесе дақылдар) | Жасы, сыныбы, жылы | Орташа | Бонитет сыныбы | Тұқымдық ағаштардың орналасуы және бір-бірінен орташа қашықтығы, метр | Тұқымдық ағаштардың ұшарбасының орташаені, метр | Басты тұқым ағаштарының саны 1 гектар, дана | Тірі ұшар басына дейінгі орташа қашықтық, метр | Тұқымдық ағаштардың жай-күйі мен сапасы | |
Н, метр | D, ссантиметр | ||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Ескертпе: Орман дақылдары үшін "Шығу тегі" бағанында тұқымның шығу
тегі қосымша көрсетіледі.
6. Селекциялық жақсартылған материалды отырғызу (себу) арқылы құрылған ТОТУ-дың сипаттамасы:
Учаскені дайындау және топырақты өңдеу агротехникасы ________________
Отырғызу (себу) схемасы: қатардағы және қатарлар арасындағы қашықтық
(алаңдар орталықтары арасындағы), алаңшалардың мөлшері, 1 (бір)
гектарға арналған отырғызылатын орын саны, отырғызылатын орындағы
(алаңда, қатар кесіндісінде) өсімдіктер саны
_____________________________________________________________________
Тұқымның шығу тегі ____________, сапа сыныбы ________________________
Сапа туралы құжаттың № және күні ____________________________________
Екпелер (көшеттер) жасы _____________________________________________
Тұрақты орман тұқымы учаскесін тексеріп, тұрақты орман тұқым
базасының құрамына енгізген комиссияның құрамы:
Ұйым, лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы _____________________________________________________________________
20__ жылғы "___"___________________
7. ТОТУ-ды күтіп-баптау жөніндегі іс-шаралар
Жылы | Күні | Іс-шаралардың атауы және қысқаша сипаттамасы (сиретулер, тыңайтқыштар шашу: тыңайтқыш түрі, шашу мөлшері мен тәсілдері, зиянкестермен және саңырақұлақ ауруларымен күрес, тамырдан тыс қоректеніру және.) | Жазбаны толтырған (лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 |
8. ТОТУ-да алынған тұқымдарды дайындау және оны пайдалану туралы деректер
Дайындау мерзімі | Тұқымдану балы | Дайындалған тұқым, бүр,килограмм | Алынған тұқым, килограм шығымм, % | Тұқым сапасы өнгіштік класы, % | Тұқым сақтау | Тұқымды пайдалану туралы деректер | жазбаны толтырған (лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) | ||
Орны мен әдісі | күні | ||||||||
басталуы | аяқталуы | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ескертпе:
7 және 8-бөлімдер бойынша жазбаны мемлекеттік орман иеленушінің мамандары толтырады.
Комиссия мүшелері: _________________________________________________
(ұйым, лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
____________________________________________________________
(ұйым, лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
____________________________________________________________
(ұйым, лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
20___жылғы "__" ___________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасы
Облыс _______________________________________________________________
Мемлекеттік орман иеленуші __________________________________________
Ағаш тұқымының түрлік атауы _________________________________________
Артықшылығы бар екпенің паспорты №____
1. Артықшылығы бар екпенің орналасқан жері:
Орманшылық __________________________________________________________
Орам № __________________ Телім № ___________________________________
Екпенің алқабы, гектар ______________________________________________
Алдын ала іріктелген карточка бойынша учаске № ______________________
Артықшылығы бар екпелердің орамда орналасуы (схемасы қоса тіркеледі)
2. Артықшылығы бар екпелердің сипаттамасы:
Релъеф, бөктердің экспозициясы және көлбеулігі ______________________
Теңіз деңгейінен биіктігі, метр _____________________________________
Топырақ-топырақасты жағдайлары (топырақ түрі, механикалық құрамы, жерасты) ____________________________________________________________
Алқа ағаштың шығу тегі - табиғи (тұқымдық, өскіндік) немесе дақылдық
_____________________________________________________________________
Қабат бойынша құрамы ________________________________________________
Тұқым бойынша жасы, жыл _____________________________________________
Басты тұқым ағаштарының орташа биіктігі және диаметрі: Н____ метр,
D ___ сантиметр_______
Орман түрі __________________________________________________________
Орман өсу жағдайларының түрі ________________________________________
Бонитет сыныбы ______________________________________________________
Қабаттың толымдылығы ________________________________________________
Қабаттағы екпелер қоры текше метр/1 гектар __________________________
Тұқымдар бойынша бүкіл алқаптың жалпы қоры, текше метр ______________
Екпелердің санитариялық және орман патологиялық жай-күйі _____________________________________________________________________
Өскіні ______________________________________________________________
Орман астары ________________________________________________________
Басты тұқымның ұшар басының басым нысаны ____________________________
Басты тұқым ағашының ұшарбасының орташа ұзындығы, метр ______________
Басты тұқым ағашының бұтақсыз бөлігінің орташа ұзындығы, метр
_____________________________________________________________________
Басты тұқым ағашының сүйекті бұтақтарының жуандығы __________________
Басты тұқымның басым нысаны (морфологиялық, фенологиялық)
____________________ В.Г. Каппер шкаласы бойынша жеміс беру балы
(соңғы 5 (бес) жылда орташа)
Ағаштардың екпелердегі селекциялық санаттары бойынша бөлінуі:
артықшылығы бар,%___________________________________________________
қалыпты, % _________________________________________________________
кемістігі бар, % ___________________________________________________
Артықшылығы бар екпелерді нысаналы мақсаты бойынша сипаттайтын
көрсеткіштер (шайыр өнімділігі, мол тұқым беруі, тұқым сапасы, сүрек
құрылымы және) ______________________________________________________
3. Артықшылығы бар екпеге жанасатын сүрекдіңдердің сипаттамасы
№ | Орам нөмірі телім нөмірі | Екпелер құрамы | Жасы, сыныбы/жыл | Орташа | Толымдылығы | Қоры текше метр/гектар | Орман түрі/бонитет сыныбы | Екпелердің селекциялық санаты | |
Н, метр | D, сантиметр | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
4. Сол тұқымның кемістігі бар екпесіне дейінгі қашықтығы:
ең жақыны, метр ____________________________________________________
гүлдеген кезде жел соғатын жақтағы ең жақыны, метр _________________
5. Артықшылығы бар екпелерді күтіп-баптау
Күні | Өткізілген іс-шаралардың атаулары | Жазбаны енгізген (лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) |
1 | 2 | 3 |
6. Артықшылығы бар екпелерде тұқым дайындау
Тұқым дайындау күні (бүр, жеміс) | Дайындалған тұқым саны (бүр, жеміс), килограмм | Бүрден (жемістен) алынған тұқым килограмм, шығым % | Тұқымды пайдалану туралы деректер | Жазбаны енгізген (лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескертпе: Паспорттағы 5 және 6-бөлімдердің жазбаларын мемлекеттік орман иеленушілер толтырады.
Комиссия мүшелері:__________________________ 20__ жылғы "__" ___
(ұйым, лауазымы, тегi, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді
жер бойынша шектейтін орман шаруашылығы белгілері
№ | Объектілер | Жазбалар шифрлары | Белгілер |
1. | Орман тұқымдары плантациясы (ССТ 56-84-80) | 67-2 ОТП-76 2,5 | Орам нөмірі - телім нөмірі Атауы – отырғызу жылы Алаңы, гектар |
2. | Артықшылығы бар екпе | 26-18 ПЛА-01 52,3 | Орам нөмірі – телім нөмірі Атауы – отырғызу жылы Алаңы, гектар |
3. | Тұрақты орман тұқымдары учаскесі (ССТ56-84-80) | 67-4 ТОТУ –77 5,5 | Орам нөмірі - телім нөмірі Атауы - отырғызу жылы Алаңы, гектар |
Ескертпе:
1. Бағаналар алқаптарды шектейтін сызықтардың қиылысына (бұрыштарда) орнатылады. Бағанның жазуы бар беттері учаске жаққа, ал қырлары учаскенің ортасына бағытталады.
2. Жазбалар трафареттер бойынша және 56-8480 ССТ-ға сәйкес жазылуы тиіс.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 9-қосымша |
Нысан
_____________________________________ бойынша
(облысы)
ОТУ (аналық, клондық, тұқымдас), артықшылығы бар екпелердің,
ТОТУ жиынтық ведомосы
№ | Объектінің атауы және ағаш тұқымының түрлік атауы | Алаңы, гектар | Орналасқан жері | Паспорт бойынша нөмірі | Отырғызу уақыты | Отырғызу тәсілі | Ескерту | ||
Мемлекеттік орман иеленуші, орманшылық | Орам нөмірі | Телім нөмірі | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ескертпе:
1. 10-бағанда аналық плантациялар үшін нысаналы мақсаты (аналық, клондық, тұқымдас), ОТП үшін - тұқым беру кезеңіне кіру уақыты көрсетіледі.
2. Селекциялық тұқым шаруашылығы мақсаттағы объектілердің жиынтық ведомосі тұрақты сақталатын құжат болып табылады.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 10-қосымша |
Нысан
Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді
зерттеп қарау көлемдерін анықтау
№ | Селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер орналасқан алаң | Тексеруге жататын алаң |
1 | 2 | 3 |
1. | 5 гектарға дейін | Барлық алаң |
2. | 6-дан 50 гектарға дейін | Жалпы көлемінің 20 % |
3. | 51-ден 100 гектарға дейін | Жалпы көлемінің 15 % |
4. | 100 гектардан көп | Жалпы көлемінің 5 % |
Ескертпе: егер объекті алаңында орман өрті болса, оның бүкіл алаңы зерттеп қаралуға тиіс.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 11-қосымша |
Нысан
_______________облысы бойынша 20 __жылғы жағдай бойынша
селекциялық-тұқым шаруашылығы объектілерінің бар-жоғы және
олардың жай-күйі
№ | Мемлекеттік орман иеленуші, объектінің атауы | Осының алдындағы есепке алу деректері, гектар/дана | 20___ жылы мәліметтері, гектар/дана | Тұқым атауы | Объектілердің орналасқан жері | Ескертпе (объектілерде ұсынылатын іс-шаралар, есептен шығару себептері) | ||
орман шылық | орам | телім | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1. | ||||||||
2. | ||||||||
3. | ||||||||
Облыс бойынша жиыны: | ||||||||
оның ішінде: | ||||||||
тұқымдар бойынша: | ||||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
3. |
Уәкілетті органның маманданған ұйымының басшысы
____________________________________________________________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларына 12-қосымша |
Нысан
20__жылғы ___________жағдай бойынша Қазақстан Республикасы
селекциялық-тұқым шаруашылығы объектілерінің жиынтық ведомосы
№ | Тұқым | ОТУ, гектар | ТОТУ, гектар | Артықшылығы бар екпелер, гектар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Орман иеленуші бойынша барлығы, | ||||
оның ішінде тұқымдар бойынша: | |||||
1.1. | |||||
1.2 | |||||
1.3 | |||||
республика бойынша барлығы | |||||
оның ішінде тұқымдар бойынша: | |||||
1. | |||||
2. | |||||
3. |
Уәкілетті органның маманданған ұйымының басшысы
_________________________