"Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 2 қараша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 503 бұйрығымен бекітілді |
Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде
жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол
жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушы тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесiне қол жеткiзу және технологиялық өзара iс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Теміржол көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының сәйкес әзірленді және жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатуды ұйымдастыру кезiнде жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесіне қол жеткізу және технологиялық іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жолаушы тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі – жолаушы тасымалын басқару және орындарды электронды резервке қою жүйесі (бұдан әрі – БАЖ);
2) абонент – БАЖ жабдығымен жабдықталған және БАЖ-ға қосылған жұмыс орны;
3) БАЖ жабдығы – терминалдық жабдық, билет-касса аппаратурасы, анықтамалық қондырғылар, ақпараттық киоскалар, ұжымдық пайдаланымдағы электронды таблолар, билет сату автоматтары мен жол жүру құжаттарын сатуға және жолаушылар тасымалы бойынша анықтамалық ақпараттар алуға арналған басқа да жабдықтар;
4) жаңғырту – үлгісі мен зауыттық нөмірін өзгертуге әкеп соғатын БАЖ жабдығын ауыстыру, жетілдіру;
5) көшіру – бір елді мекен шеңберінде басқа пошталық мекенжай бойынша орналасқан ғимаратқа ауыстырған жағдайда пайдалануға қабылданған БАЖ жабдығының орнын ауыстыру;
6) пайдаланушы – БАЖ-ға қол жеткізу құқығын алған тұлға;
7) уәкiлеттi орган – теміржол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) VipNet бағдарламалық өнім (бұдан әрі – VipNet) – компьютерлік бағдарламалардың, үрдістердің, әдістемелердің, ережелердің және ілісе жүретін құжаттамалық жүйенің ақпаратты өңдеу БАЖ арқылы берілетін мәліметтерінің криптографикалық қорғау жиынтығы.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 16.05.2023 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Ұлттық теміржол компаниясы уәкілетті органмен келісім бойынша тасымалдаушылар мен жолаушылар агенттіктерінің БАЖ-ға тасымалдау үдерісіне қатысушылардың барлығына арналған бірдей шарттармен қол жеткізуін ұйымдастырады.
2. БАЖ-ға рұқсат алу тәртібі
4. БАЖ рұқсаттың мынадай түрлерін ұсынуға мүмкіндік береді:
1) тасымалдау құжаттарын ресімдеуге рұқсат;
2) жолаушы тасымалдауларын басқаруды бақылаудың есептік деректерін пайдалануға рұқсат;
3) анықтама-ақпараттық ресурстарға рұқсат (ақпараттық-анықтамалық қызметтер көрсету үшін).
5. БАЖ-ға рұқсат еркін формадағы өтінімнің негізінде беріледі.
6. Өтінімде мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пункттерінің мекен-жайы;
2) жоспарланатын жұмыстардың түрлері;
3) есепке алу және есептілік топтарының атауы;
4) тасымалдаушыларға - № 4 Тарифтік басшылықтағы теміржол станцияларының алфавиттік тізіміне сәйкес жабдықтарды орнату станциясы;
5) пошталық мекенжайы (мекенжайлары);
6) Интернет желісіне рұқсаттың болуы;
7) БАЖ жабдығының болуы, оның үлгісі мен сериялық нөмірі;
8) егер терминал қорғалған VipNet желісінде бұрын тіркелмеген болса, онда VipNet бағдарламалық өніміне лицензияның болуы туралы мәлімет; егер терминал қорғалған VipNet желісінде тіркелген болса, онда өтінімде жаңа және ескі каналдық мекенжайлары көрсетіліп, негізгі базаны бір терминалдан екінші терминалға беру жөніндегі талап көрсетіледі;
9) білікті персоналдың болуы туралы мәлімет.
7. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жолаушылар агенттігі мен тасымалдаушылар арасында жасалған шарттың көшірмесі (жолаушылар агенттері үшін);
2) жолаушыларды тасымалдауға белгілі бір маршруттар бойынша тасымалдаушының құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (тасымалдаушылар үшін);
3) билет кассалары мен БАЖ жабдығын орналастыруға арналған үй-жайлардың меншік және (немесе) иелену құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
4) егер заңды тұлғаның өкілеттігін бірінші басшы емес немесе бірінші басшының міндетін атқарушы адам, сондай-ақ осы шартқа қол қою кезінде жеке кәсіпкердің мүддесін сенімді адам білдірген жағдайда жолаушылар агенттігі және тасымалдауышы арасындағы шартқа қол қою құқығына сенімхат.
8. Ұлттық теміржол компаниясы өтінімді және оған қоса ұсынылған құжаттарды бес жұмыс күні ішінде қарайды және өз тұжырымын қоса ұсына отырып уәкілетті органға келісуге жібереді.
Тұжырымда Ұлттық теміржол компаниясы мынадай деректемелерді көрсетеді:
1) жолаушылар агенттігінің атауы;
2) жол жүру құжаттарын (билет) сату пунктісінің атауы;
3) жол жүру құжаттарын (билет) сату пунктісінің пошталық мекенжайы;
4) терминал жабдығын орнату станциясы;
5) терминал жабдығының каналдық және қаржылық нөмірі;
6) рұқсат берілген жұмыс және бронь түрлері;
7) терминал жабдығының белгілері;
8) тасымалдау бөлімінің нөмірі;
9) есепке алу және есептілік тобының атауы мен нөмірі;
10) қаржылық есеп объектісінің коды.
Ұсынылған өтінім осы Қағидалардың 6-тармағындағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, сонымен қатар осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда Ұлттық теміржол компаниясы өтінім берушіге өтінімді пысықтау және (немесе) жоқ құжаттарды қоса беру қажеттігін көрсетіп, өтінімді үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
Ұлттық теміржол компаниясы құжаттары қоса ұсынылған пысықталған өтінімді үш жұмыс күні ішінде қарайды және өзінің тұжырымымен бірге уәкілетті органға келісуге жібереді.
9. Уәкілетті орган өтінім келіп түскен сәтінен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық теміржол компаниясының тұжырымын негізге ала отырып, БАЖ-ға рұқсат алу өтінімін жазбаша түрде келіседі.
10. БАЖ-ға рұқсат беруге өтінім уәкілетті органмен келісілгеннен кейін пайдаланушылар Ұлттық теміржол компаниясымен шарттар жасасады:
1) жолаушылар агенттігі – терминалдарға бағдарламалық-техникалық қызмет көрсетуге;
2) тасымалдаушы – поездарға бағдарламалық-техникалық қызмет көрсету бойынша ақпараттық қызметтер көрсетуге.
2. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру
кезіндегі технологиялық өзара іс-қимыл жасау тәртібі
11. Жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру шеңберінде Ұлттық теміржол компаниясы:
1) пайдаланушылармен бірлесіп, Қазақстан Республикасындағы жолаушылар тасымалдарын БАЖ-ды дамыту жөнінде ұсыныстар дайындайды және талаптарын әзірлейді;
2) пайдаланушылар арасында БАЖ пайдаланумен жолаушылар тасымалдарын автоматтандыру мәселелері бойынша уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
3) тасымалдаушылардан сұрау салулар алған кезде Ұлттық теміржол компаниясы БАЖ-ға:
қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде қырық тоғыз тәулік (қала маңындағы поездарға он үш тәулік) бұрын, бірақ әлеуметтiк маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруымен байланысты шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша шарттың қолданылу мерзімінен кешіктірмей жол жүру құнының өзгергені; төсек-орын жабдығы мен өзге де сервистік қызметтер құнының теңгеде және швейцария франкінде енгізілгені немесе өзгергені; фирмалық плацкартты, қосылған құн салығының ставкасын, жолаушылар және қала маңындағы поездарға белгіленген мемлекетішілік және халықаралық қатынастардағы тарифтік индекстеу коэффициентін есептеуге арналған индекстеу коэффициентін есепке ала отырып мемлекетаралық жолаушылар тарифінің (бұдан әрі – МАЖТ) базалық тарифін индекстеудің жоғарылату (төмендету) коэффициенттері туралы ақпараттың, билеттерді сату басталатын күні мен поездың жөнелтілу күні, өзгерістердің қолданылу кезеңінің басталуы мен аяқталуы көрсете отырып, енгізілуін;
поездің жөнелтілу күніне дейін кем дегенде қырық тоғыз тәулік бұрын, бірақ әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруымен байланысты тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау бойынша шарттың қолданылу мерзімінен кешіктірмей, жолаушылар поездарына "фирмалық" санатын беру (жою) және жолаушылар поездарына белгіленген МАЖТ базалық тарифін индекстеудің жоғарылату (төмендету) коэффициенттерін есепке ала отырып, фирмалық плацкартты есептеуге арналған индекстеу коэффициентінің мөлшері туралы ақпараттың билеттерді сату басталған күні мен поездың жөнелтілу күні, өзгерістердің қолданылу кезеңінің басталуы мен аяқталуы көрсетіліп енгізілуін;
қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде он бес тәулік бұрын халықаралық және республикаішілік қатынастардағы МАЖТ базалық тарифінің тарифтік индекстеу коэффициенттерінің өзгерістеріне арналған ақпараттың енгізілуін қамтамасыз етеді және теміржол әкімшіліктеріне жүргізілген өзгерістер туралы жеделхаттарды; қосылған құн салығының ставкасын және комиссиялық алымдардың көлемін, артық жүктердің құнын, багаж бен жүкбагаждың ең жоғары салмағын, пошта-багаж, жолаушылар, жүк-жолаушылар және жүрдек поездардың бос жүрген жолының ставкаларын ұлттық валютада және швейцария франкінде жібереді;
жұмыс түрі бойынша БАЖ орындарды қайтаруды жол жүру құжаттарын ресімдеу авариялық технология бойынша орындалып, БАЖ-дағы орындар туралы ақпаратты поездардағы орындардың нақты жағдайына сәйкес келтіру қажет болған жағдайда, сондай-ақ қолдан сату технологиясы бойынша сатылмай қалған орындарды қайтару үшін жүзеге асырылады;
4) ТМД елдерінің "жазғы (қысқы)" уақытқа көшуіне байланысты жолаушылар поездарына резервте ұстау кезеңінен билеттердің қырық бес тәулік бұрын алдын ала сатылуын жабады;
5) БАЖ технологиялық параметрлерін қалыптастыру бойынша талаптарды белгілейді және өзгертеді;
6) БАЖ әзірлеушілері пайдаланушыларды БАЖ-ға қабылданған барлық өзгерістер мен толықтырулар жөнінде хабардар етеді.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 16.06.2016 № 499 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Жол жүру құжаттарын сатуды ұйымдастыру шеңберінде тасымалдаушылар БАЖ-ға енгізу үшін Ұлттық теміржол компаниясына мыналарды:
1) айдың соңғы күні жергілікті уақытпен сағат он екіден кешіктірмей, халықаралық қатынаста жолаушылардың жол жүру, багажды, жүк-багажды тасымалдау құнын, төсек-орын жабдығы мен өзге де сервистік қызметтердің құнын, поштаны тасымалдау ставкасын есептейтін шетел валютасының теңгеге шаққандағы ресми бағамдарының және республикаішілік багажды, жүк-багажды тасымалдау құнын есептеу үшін валюта бағамының өзгергені туралы жеделхаттарды;
2) құрамның, ауыспалы трафарет пен кері шығу орындары нормасының, қатынау кезеңділігінің, өздері қалыптастырған поездарға қозғалыс кестесінің өзгергені туралы ақпаратты;
3) құрамалар схемасының және поездар мен вагондардың қатынау тәртібінің, ауыспалы трафарет пен кері шығу орындары, броньдар нормасының, сатуды реттеу және оның режимінің өзгергені туралы, жолаушылардың ауысып отыруы үшін броньдардың жабылуына арналған байланыстың телеграфтық арналары бойынша жеделхаттарды;
4) жаңа кесте енгізілген кезде поездардың мақсаты туралы ақпараты, броньдық орындардың бөлінгені, броньдарды алып тастау мерзімдері, билеттерді поездарда (вагондарда) сатуды реттеу және оның режимдері, жолаушылар поездарының кестесін әзірлеу туралы бұйрыққа сәйкес мерзімде поездардың қозғалыс кестесінің "жазғы (қысқы)" уақыттарға өзгергені туралы ақпараттан тұратын жеделхаттарын;
5) поездардың қозғалыс кестесінің ауысуы арасындағы кезеңде өзгерістер енгізілетін күнге дейін кемінде бес тәулік бұрын поездардың, багаж және пошталық вагондардың мақсаты (жойылғаны), қатынау жиілігінің өзгергені, поездардың жүру маршруттарының өзгергені туралы жеделхаттарын;
6) өзгерістер енгізілетін күнге дейін кемінде бес тәулік бұрын поездардың қозғалыс кестесінің түзетілгені туралы жеделхаттарын;
7) қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бес тәулік бұрын республикаішілік қатынастағы багаж бен жүк-багаждың жарияланған құны үшін алынатын алымдар сомасы туралы ақпаратты қосылған құнға салық ставкасының, республикаішілік және халықаралық қатынастарда багаж бен жүк-багажды тасымалдауға арналған базалық тарифтерге индекстеу коэффициентінің өзгергенін ескере отырып, ұсынады.
3. Соңғы ережелер
13. Жаңғыртылған, көшірілген БАЖ жабдығы БАЖ-ға терминал жабдығын қосу (жаңғырту, ауыстыру, көшіру) туралы актіні ресімдеу жолымен пайдалануға қабылданады.
14. БАЖ-дан ажырату мынадай кездерде болады:
1) жолаушылар агенттіктерінің, тасымалдаушылардың – осы Қағидалардың талаптарын бұзған жағдайда уәкілетті органның келісімімен Ұлттық теміржол компаниясының жазбаша талаптары негізінде;
2) тасымалдаушымен, жолаушылар агенттігімен шарт бұзылған және (немесе) шарттың мерзімі аяқталған жағдайда – тасымалдаушының Ұлттық теміржол компаниясына жазбаша өтінішінің негізінде;
3) терминал жабдығын заңсыз түрде (актімен ресімделмеген) жаңғырту, алмастыру, орнын ауыстыру фактілері анықталған жағдайда Ұлттық теміржол компаниясының қызметкерлері жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату пунктінің атауын, пайдаланушының, жабдық орнатылған станцияның атауын, терминалдың каналдық мекенжайы мен қаржылық нөмірін көрсетіп акті жасайды.
Пайдаланушыны БАЖ-дан ажыратуға қойылатын талапта:
жолаушылар поездарына жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату пунктінің немесе агенттіктің атауы;
жабдықты орнату станциясы, терминалдың каналдық мекенжайы мен қаржылық нөмірі туралы ақпарат көрсетіледі.
15. Терминалдың каналдық және қаржылық мекенжайын алмастыруды талап етпейтін бір елді мекен шегінде БАЖ жабдығының орнын ауыстыру БАЖ-ға терминал жабдығын қосу (жаңарту, алмастыру, көшіру) туралы актімен ресімделеді.
БАЖ жабдығының орнын бір елді мекеннен екінші елде мекенге ауыстырған жағдайда, бұрынғы пошталық мекенжай бойынша ашылған БАЖ-ға рұқсат алынған пункті жабылады. Бұл ретте, БАЖ жүйесіне жаңа жол жүру құжаттарын сату пункті осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қосылуы жүзеге асырылады.
Терминалдық жабдықтарды жаңғыртуға, ауыстыруға, орнын ауыстыруға санкция қойылмағандығы (ресімделмеген актілер) анықталған жағдайда Ұлттық теміржол компаниясының жұмысшылары көрсетілген жағдай анықталған кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатып алған бөлімшенің атауын, пайдаланушының, жабдық орнатылған станцияның атауын, каналдық мекенжайын және терминалдың қаржылық нөмірін көрсете отырып акті жасайды және үш жұмыс күні ішінде қолданушыны БАЖ-дан ажырату жүргізіледі.