Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 18.12.2015 № 1043 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 230-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 843 бұйрығымен
бекітілген
Денсаулық сақтау жүйесінің кейбір салаларындағы азаматтық
қызметшілер лауазымдарының тізілімі
Звено |
Саты |
Лауазымдар атауы |
А БЛОГЫ – Басқарушы персонал |
||
А1 |
1 |
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының; ғылыми-зерттеу институтының; ұлттық орталықтың; республикалық ғылыми-практикалық орталықтың (бұдан әрі – республикалық маңызы бар ММ және МҚК) басшысы |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшысының (медициналық бөлік жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі, экономикалық жұмыс жөніндегі, мейіргер ісі жөніндегі) орынбасары |
|
2 |
Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжінің; «Алатау» балалар клиникалық санаторийінің; Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальдің; Отан соғысының мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальдің; «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығының; «Бурабай» республикалық оңалту орталығының; Қазақ республикалық лепрозорийінің; Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухананың; Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығының; колледждің; облыстық аурухананың, балалар ауруханасының, консультациялық-диагностикалық орталықтың, диспансердің; облыстық, Астана және Алматы қалаларының деңгейінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек пен медициналық көмек көрсететін қалалық ауруханалардың, балалар ауруханаларының; облыстық, Астана және Алматы қалаларының деңгейінде медициналық көмек көрсететін қалалық емхананың, консультациялық-диагностикалық орталықтың; Астана және Алматы қалалары диспансерінің; облыстық қан орталығының; перинатальдық орталықтың; облыстар, Астана және Алматы қалалары перзентханасының; Астана және Алматы қалаларының жедел медициналық жәрдем станциясының; саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының; ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың; арнайы медициналық жабдықтау базасының; облыстық деңгейдегі және Астана мен Алматы қалаларының патологиялық-анатомиялық бюросының (бұдан әрі – облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК) басшысы |
|
2-1 |
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысының (медициналық бөлік жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі, экономикалық жұмыс жөніндегі) орынбасары |
|
3 |
Қалалық, аудандық аурухана мен емхананың, диспансердің; калалық денсаулық сақтау ұйымының: медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның, әйелдер консультациясының, дәріхананың, дәріханалық қойманың, стоматологиялық емхананың (орталықтың); балалар үйінің; санаторийдің, профилакторийдің, оңалту орталығының, хоспистің, паллиативтік көмек және мейіргер күтімін көрсету орталығының; ауданаралық туберкулезге қарсы диспансердің; жедел медициналық жәрдем станциясының (бұдан әрі – аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК) басшысы |
|
3-1 |
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшысының (медициналық бөлік жөніндегі, медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі, экономикалық жұмыс жөніндегі) орынбасары |
|
4 |
Ауылдық учаскелік аурухананың, ауылдық аурухананың; ауылдық денсаулық сақтау ұйымының: емханананың, медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның (бұдан әрі – ауылдық маңызы бар ММ және МҚК) басшысы |
|
А2 |
1 |
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтері |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары |
|
2 |
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК клиникалық (шұғыл кезек күттірмейтін көмек бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың, сәулелі диагностика бөлімінің, жедел медициналық көмек станциясының) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері |
|
2-1 |
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары |
|
3 |
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК клиникалық (жедел медициналық көмек көрсету бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері |
|
3-1 |
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК бас бухгалтерінің орынбасары |
|
4 |
Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК клиникалық (жедел медициналық жәрдем бөлімшелерінің, күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелерінің меңгерушілері |
|
А3 |
1 |
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелер блогының, бөлімінің, басқармасының, тобының (ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс және медициналық статистика, ішкі аудит, менеджмент және сапа, ақпараттық-талдау, мониторинг және бағалау, қамтамасыз ететін, қызмет көрсететін қызметтер) басшысы |
1-1 |
Республикалық маңызы бар ММ және МҚК дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі |
|
2 |
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелер бөлімінің, бөлімшесінің, кабинетінің, қызметінің, бөлігінің басшысы (оқу-қосалқы, медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық, ақпараттық-талдау, педагогикалық, қамтамасыз ететін, қызмет көрсететін қызметтер және басқалар), клиникалық (сәулелі диагностика, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік денешынықтыру, стоматология кабинеті немесе бөлімшесі) және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері |
|
2-1 |
Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі |
|
3 |
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелер бөлімінің, бөлімшесінің, кабинетінің, қызметінің, бөлігінің басшысы (оқу-қосалқы, медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық, ақпараттық-талдау, педагогикалық, қамтамасыз ететін, қызмет көрсететін қызметтер және басқалар) клиникалық (сәулелі диагностика, функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік денешынықтыру, стоматология кабинеті немесе бөлімшесі) және параклиникалық бөлімшелерінің (зертханалардың) меңгерушілері |
|
3-1 |
Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК дәріханасының (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі |
|
4 |
Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК бөлімінің, кабинетінің басшысы |
|
В БЛОГЫ – Негізгі персонал |
||
В1 |
1 |
Бас ғылыми қызметкер; |
2 |
Жетекші ғылыми қызметкер; |
|
3 |
Аға ғылыми қызметкер; |
|
4 |
Кеңесші; |
|
5 |
Кіші ғылыми қызметкер; |
|
Денсаулық сақтау |
||
В2 |
1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер |
|
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер |
|
4 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер |
|
В3 |
1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: |
|
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: |
|
4 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
|
В4 |
1 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: |
2 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: |
|
3 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: |
|
4 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
|
Білім беру |
||
В2 |
1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер |
|
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер |
|
4 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер |
|
В3 |
1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: |
|
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: |
|
В4 |
1 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: |
2 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: |
|
3 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: |
|
4 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
|
Өзге де салалар |
||
В2 |
1 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты мамандар: |
2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты мамандар: |
|
3 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты мамандар: |
|
4 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
|
В3 |
1 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты мамандар: |
2 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты мамандар: |
|
3 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты мамандар: |
|
4 |
Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: |
|
С БЛОГЫ – Әкімшілік персонал |
||
С1 |
ММ және МҚК шаруашылық бөлімшелерінің: интернаттың, базаның, монша-кір жуу комбинатының, шеберхананың, жөндеу-техникалық шеберхананың, музейдің, спорт құрылысының, асхананың, өндірістің, арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшылары (меңгерушілері) |
|
С2 |
Біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандар: бухгалтер, жабдықтау жөніндегі агент, программист (АТ-маманы, жүйелік әкімші), барлық мамандықтағы инженер, менеджер, экономист, заңгер консультант, нұсқаушы, инспектор, мастер, әдіскер, механик, аудармашы, мұрағатшы, кітапханашы, биохимик, статистик, технолог, мемлекеттік сатып алулар жөніндегі маман, кадрлар жөніндегі инспектор, журналист, музыкалық жетекші |
|
С3 |
Біліктілігі орташа деңгейдегі мамандар: бухгалтер, әскери есепке алу және броньдау жөніндегі маман, барлық мамандықтағы инженерлер, менеджер, экономист, заңгер консультант, нұсқаушы, инспектор, мастер, әдіскер, механик, аудармашы, мұрағатшы, кітапханашы, биохимик, статистик, программист (АТ-маманы, жүйелік әкімші), энергетик, барлық атаудағы техник, технолог, музыкалық жетекші |
|
D БЛОГЫ – Қосалқы персонал |
||
D1 |
Техникалық орындаушылар: архивариус, ассистент, рұқсаттама бюросының кезекшісі, іс жүргізуші, кассир, комендант, шетел мәтінімен жұмыс істейтін, диктофондық топтың, редакция, бюро машинисткасы, стенографистка, көшіру көбейту машиналарының, байланыс жүйелерінің, компьютерлік техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлік құрылғыларға қызмет көрсету жөніндегі оператор, күзетші, тәрбиешінің көмекшісі, хатшы, хатшы-машинист, хатшы-стенографист, оқу бөлімінің хатшысы, стенографист, тіркеуші, медициналық мейіргердің көмекшісі, кезекші әкімші, массаж жасаушы, диспетчер |
Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме
МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын
АТ – ақпараттық технологиялар