«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2015 жылғы өнімнен облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 4-1/1068
бұйрығымен бекітілген
2015 жылғы өнімнен облыстар бойынша мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасы
Облыстар атауы |
Мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасының көлемі, мың тонна |
Ақмола |
52,8 |
Шығыс Қазақстан |
5,8 |
Қарағанды |
6,7 |
Қостанай |
59,0 |
Павлодар |
6,8 |
Солтүстік Қазақстан |
50,4 |
БАРЛЫҒЫ |
181,5 |