Сұйытылған мұнай газын ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 702 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 12504 болып тіркелді

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң 2016 жылғы 31 наурызды қоса алған кезеңге арналған шектi бағасы қосылған құн салығын есепке алмағанда, тоннасына 11 033,91 теңге (он бір мың отыз үш теңге тоқсан бір тиын) мөлшерiнде бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі                        В. Школьник

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетің атқарушы
      _______________ М.Құсайынов
      15 желтоқсан 2015 жыл

Об утверждении предельной цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 декабря 2015 года № 702. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2015 года № 12504

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 9 января 2012 года «О газе и газоснабжении» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить предельную цену оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке Республики Казахстан на период по 31 марта 2016 года в размере 11 033,91 тенге (одиннадцать тысяч тридцать три тенге девяносто один тиын) за тонну без учета налога на добавленную стоимость.
      2. Департаменту развития газовой промышленности Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему «Әділет»;
      3) направление копии настоящего приказа в течение десяти календарных дней со дня его получения в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан и интранет-портале государственных органов;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
      Республики Казахстан                       В. Школьник

      «СОГЛАСОВАН»
      И.о. Министра национальной экономики
      Республики Казахстан
      ______________ М. Кусаинов
      15 декабря 2015 года