"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 654 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 желтоқсанда № 12509 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 286 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2020 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 мамырда № 11212 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті "Халыққа қызмет көрсету орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

      3) "www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.";

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) ХҚО арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚО-ға, сондай-ақ порталға жүгіну арқылы құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 күн.

      ХҚО-ға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді;";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқасы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызмет нәтижесін алу орны көрсетіле отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың дайын болғаны туралы хабарлама жолданады.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес;

      2) ХҚО-да – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

      3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша көрсетіледі, қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек күту" тәртібінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептер (тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалады;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі).

      Құжаттың қабылданғандығын растау құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

      ХҚО-ға:

      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептер (тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалады;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін талап етіледі).

      Құжаттың қабылданғандығын растау құжаттарды қабылдаған тұлғаның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып, қолхат беру болып табылады.

      Жоғары оқу орны жабылған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы оқу орны орналасқан жері бойынша мұрағатқа жүгінеді.

      ХҚО-да жеке куәлікті көрсеткен кезде (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) дайын құжаттарды беру тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      ХҚО нәтижені үш ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін көрсетілген қызметті берушіге тапсырады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде ХҚО сұранысы бойынша көрсетілетін қызметті беруші жеті жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚО-ға дайын құжаттарды жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші ХҚО-ға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін кемінде бір тәулік бұрын жолдайды.

      Порталда:

      1) көрсетілетін қызметті алушының электронды цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш, онда білім туралы құжаттың жоғалу мән-жайлары немесе басқа да себептер (тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі, жарамсыздығы немесе оны толтыру кезіндегі қателер) баяндалады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына береді.

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар мен телефон нөмірлері бойынша ХҚО басшысына жолдайды.

      Шағымның қабылдануын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның ХҚО-да, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ға түскен көрсетілетін қызмет алушының шағымы тіркелген күнінен 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта арқылы немесе көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде немесе ХҚО-да беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      Портал арқылы көрсетілген қызмет алушыға шағым туралы ақпарат "жеке кабинеті" портал арқылы жіберіледі, көрсетілген қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартып тұрады (жеткізу туралы белгі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе жоқ қарауға).";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қажет болған жағдайда тiршiлiк әрекетiн шектейтін ағза функциясының тұрақты бұзылушылығы бар көрсетілген қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО қызметкері тұрғылықты жерге барып жүргізеді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде ЭЦҚ-сының болу шартымен, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.".

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сының болуы шартымен портал арқылы электронды нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға мүмкіндігі бар.";

      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

      1) жоғары оқу орындары (бұдан әрі – ЖОО);

      2) "www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге және порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік жылғы 15 тамызға дейін;

      2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      Білім беру гранттарын тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін өтініштер, оның ішінде портал арқылы күнтізбелік жылғы 23-31 шілде аралығында қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға жүгінген кезде ЖОО-ның және мамандықтың атауын өзгерту қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін құқылы.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.";

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – білім беру грантын тағайындау туралы куәлік, сондай-ақ жоғары оқу орны ректорының стипендия тағайындау туралы бұйрығы.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

      Порталда – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанындағы білім беру грантын тағайындау туралы хабарламаны не бас тарту туралы дәлелді жауап алу.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілісті қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа өтініш;

      2) білім туралы құжат;

      3) ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеу сертификаты;

      4) 3х4 көлеміндегі екі фотосурет;

      5) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

      6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      7) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының көшірмесі;

      8) екі бірдей немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе ата-анасының жоқ екенін растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқығынан айыру, шектеу, ата-анасын хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау);

      9) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың растаушы құжаттарының көшірмесі;

      10) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдардың растаушы құжаттарының көшірмесі.

      Құжаттардың қабылданғандығын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, сондай-ақ мөртабан, кіріс нөмірі және күні көрсетіле отырып қолхат беру болып табылады.

      Әлеуметтік қолдау көрсетуді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ЖОО-ға және порталға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ЖОО басшысының атына еркін нысандағы өтініш;

      2) дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

      3) екі бірдей немесе жалғыз ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігінің көшірмесі немесе ата-анасының жоқ екенін растайтын өзге де құжаттар (ата-ана құқығынан айыру, шектеу, ата-анасын хабар-ошарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектелген) деп тану туралы соттың шешімі);

      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың растаушы құжаттары;

      5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

      Портал арқылы жүгінген кезде:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы конкурсқа өтініш;

      2) білім туралы құжаттың электронды көшірмесі;

      3) электронды құжат нысандағы 3x4 көлеміндегі цифрлы фото;

      4) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманың электронды көшірмесі;

      5) дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының көшірмесі;

      6) көрсетілетін қызметті алушының басымдылығын растайтын құжаттың көшірмесі.

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, қорғаншылық және қамқоршылық, ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеу (КТ) сертификаты туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы "электронды үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Порталдағы "жеке кабинетінде" конкурсқа қатысу үшін құжаттардың қабылданғаны туралы немесе бас тарту туралы дәйектелген хабарламаны алады.

      Білім беру гранты тағайындалған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы білім беру гранты туралы куәлікті грантты ұтқан ЖОО-да алады.

      Білім беру гранты тағайындалған жағдайда ЖОО-ға қабылдану кезінде көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінің 5-1-тармағында белгіленген мерзімде көрсетілген құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

      Конкурсқа қатысу үшін портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілген мәліметтер ұсынылған құжаттардың түпнұсқасымен сәйкес болмаған жағдайда конкурстың нәтижелері күшін жояды.

      Жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мамандықтар бойынша бөлу туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.";

      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сының болу шартымен портал арқылы электронды нысанда мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар.".

      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _________________ Е. Досаев

      30 қараша 2015 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму

      министрнің міндетін атқарушы

      _________________ А. Рау

      "____"____________ 2015 жыл

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 654 бұйрығына 1-қосымша

      Нысан

  "Жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі бiлiм беру туралы
құжаттардың телнұсқаларын беру"
Қазақстан Республикасы мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша

      ______________________________________________

      ______________________________________________

      /ЖОО басшысының толық Т.А.Ә. (болған жағдайда)/

      ______________________________________________

      /мамандығы бойынша/

      ______________________________________________

      ______________________________________________

      /ЖОО атауы, бiтiрген жылы/

      ______________________________________________

      ______________________________________________

      / толық Т.А.Ә. (болған жағдайда) /

      ______________________________________________

      /көрсетілетін қызмет алушының байланыс деректері/

      ______________________________________________

      ______________________________________________

      /ЖОО атауы және мекен-жайы, өзгерген жағдайда/

Өтiнiш

      Маған _________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      /себебiн көрсету/

      _____________________________байланысты дипломның телнұсқасын

      (қосымшасымен бірге дипломның телнұсқасын, қосымшаның телнұсқасын)

      беруiңiздi сұраймын.

      "____"_______________20 __ж. ________________________

      /қолы/

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 186 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых в сфере высшего и послевузовского образования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 654. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 декабря 2015 года № 12509. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 июля 2020 года № 286.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 07.07.2020 № 286 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 186 "Об утверждении стандартов государственных услуг, оказываемых в сфере высшего и послевузовского образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 28 мая 2015 года за № 11212, опубликованный в информационно-правовой системе нормативных актов "Әділет" от 15 июня 2015 года), следующие изменения и дополнения:

      в Стандарте государственной услуги "Выдача дубликатов документов о высшем и послевузовском образовании", утвержденном указанным приказом:

      пункт 3 изложить следующей редакции:

      "3. Государственная услуга оказывается высшими учебными заведениями (далее – услугодатель).

      Прием заявления государственной услуги осуществляется через:

      1) канцелярию услугодателя;

      2) Республиканское государственное предприятие "Центр обслуживания населения" Комитета связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее – ЦОН);

      3) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал).

      Выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через:

      1) канцелярию услугодателя;

      2) ЦОН.";

      подпункт 1) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "1) со дня сдачи документов услугодателю, в ЦОН, а также при обращении на портал - 30 календарных дней.

      При обращении в ЦОН день приема не входит в срок оказания государственной услуги;";

      пункты 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "5. Форма оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.

      6. Результат оказания государственной услуги - дубликат документов о высшем и послевузовском образовании.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      При обращении на портал, услугополучателю направляется уведомление о готовности с указанием места получения результата государственной услуги.";

      пункты 8 и 9 изложить следующей редакции:

      "8. График работы:

      1) услугодателя - с понедельника по субботу включительно, за исключением выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, в соответствии с установленным графиком работы услугодателя с 9.00 часов до 18.00 часов, с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.00 часов;

      2) ЦОНа – с понедельника по субботу включительно, в соответствии с установленным графиком работы с 9.00 часов до 20.00 часов без перерыва на обед, за исключением выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству;

      3) портала - круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

      Государственная услуга оказывается по выбору услугополучателя, прием осуществляется в порядке "электронной" очереди, без ускоренного обслуживания, возможно бронирование электронной очереди посредством портала.

      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя:

      к услугодателю:

      1) заявление согласно приложению 1 к настоящему стандарту, в котором излагаются обстоятельства утери документа об образовании или другие причины (изменение фамилии, имени, отчества (при наличии), негодность или ошибки при заполнении документа);

      2) копия документа, удостоверяющего личность (оригинал требуется для идентификации).

      Подтверждением принятия документов является выдача расписки с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего документов, а также штамп, входящий номер и дата.

      в ЦОН:

      1) заявление согласно приложению 1 к настоящему стандарту, в котором излагаются обстоятельства утери документа об образовании или другие причины (изменение фамилии, имени, отчества (при наличии), негодность или ошибки при заполнении документа);

      2) копия документа, удостоверяющего личность (оригинал требуется для идентификации).

      Подтверждением принятия документов является выдача расписки с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего документов, а также штамп, входящий номер и дата.

      В случае ликвидации высшего учебного заведения услугополучатель обращается в архив по месту нахождения высшего учебного заведения.

      В ЦОНе выдача готовых документов осуществляется на основании расписки о приеме соответствующих документов, при предъявлении документа, удостоверяющего личность (либо его представителя по нотариально заверенной доверенности).

      ЦОН обеспечивает хранение результата в течение трех месяцев, после чего передает их услугодателю для дальнейшего хранения. При обращении услугополучателя по истечении одного месяца, по запросу ЦОНа услугодатель в течение семи рабочих дней направляет готовые документы в ЦОН для выдачи услугополучателю.

      Услугодатель направляет в ЦОН результат государственной услуги, оказываемой через ЦОН, не позднее, чем за сутки до истечения срока оказания государственной услуги.

      На портал:

      1) заявление в форме электронного документа согласно приложению 1 к настоящему стандарту, в котором излагаются обстоятельства утери документа об образовании или другие причины (изменение фамилии, имени, отчества (при наличии), негодность или ошибки при заполнении документа), удостоверенного электронной цифровой подписью (далее – ЭЦП) услугополучателя.";

      пункт 11 изложить следующей редакции:

      "11. Обжалование решений, действий (бездействий) Министерства, услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги: жалоба подается в письменном виде:

      на имя руководителя Министерства либо лица его замещающего по адресу, указанному в пункте 14 настоящего стандарта государственной услуги;

      на имя руководителя услугодателя по адресу, указанному в пункте 14 настоящего стандарта государственной услуги;

      на имя руководителя ЦОНа по адресам и телефонам, указанным в пункте 14 настоящего стандарта государственной услуги.

      Подтверждением принятия жалобы является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата проставляются на втором экземпляре жалобы или сопроводительном письме к жалобе) в ЦОН, в канцелярии Министерства, услугодателя с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, срока и места получения ответа на поданную жалобу.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес услугодателя или ЦОНа, подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации. Мотивированный ответ о результатах рассмотрения жалобы направляется услугополучателю по почте либо выдается нарочно в канцелярии услугодателя или ЦОНа.

      В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель может обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственной услуги, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати рабочих дней со дня ее регистрации.

      При отправке жалобы через портал услугополучателю из "личного кабинета" доступна информация об обращении, которая обновляется в ходе обработки обращения услугодателем (отметки о доставке, регистрации, исполнении, ответ о рассмотрении или отказе в рассмотрении).";

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. Услугополучателям, имеющим нарушение здоровья со стойким расстройством функций, ограничивающее его передвижение, в случае необходимости сдачи им документов, прием документов производится работником ЦОНа с выездом по месту жительства услугополучателя при его обращении через Единый контакт-центр 1414, 8 800 080 77777.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказания государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством "личного кабинета" портала при условии наличия ЭЦП, а также единого контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг: 1414, 8 800 080 77777.";

      дополнить пунктом 17 следующего содержания:

      "17. Услугодатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.";

      приложение 1 к стандарту государственной услуги "Выдача дубликатов документов о высшем и послевузовском образовании" изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу;

      в Стандарте государственных услуг "Присуждение образовательных грантов, а также оказание социальной поддержки обучающимся в организациях высшего образования", утвержденного указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Государственная услуга оказывается Министерством (далее - услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляется через:

      1) высшие учебные заведения (далее - ВУЗ);

      2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее - портал).";

      пункты 4, 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "4. Сроки оказания государственной услуги:

      1) со дня сдачи пакета документов услугодателю и на портал - до 15 августа календарного года;

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов услугополучателем - 15 минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания услугополучателя - 15 минут.

      Заявление для участия в конкурсе, в том числе через портал, на присуждение образовательных грантов принимаются с 23 по 31 июля календарного года.

      В случае необходимости изменения наименования ВУЗа и специальности услугополучатель вправе изменить данные до окончания сроков приема документов на конкурс при обращении к услугодателю и на портал.

      5. Форма оказания государственной услуги: электронная (частично автоматизированная) и (или) бумажная.

      6. Результат оказания государственной услуги - свидетельство о присуждении образовательного гранта, а также приказ ректора вуза о назначении стипендии.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      На портале - получение уведомления в "личном кабинете" услугополучателя о присуждении образовательного гранта, по форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью (далее - ЭЦП) либо мотивированный ответ об отказе.";

      пункты 8 и 9 изложить в следующей редакции:

      "8. График работы:

      1) услугодателя с понедельника по субботу включительно с 9.00 часов до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан;

      2) портала - круглосуточно, за исключением технических перерывов в связи с проведением ремонтных работ (при обращении услугополучателя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляется следующим рабочим днем).

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя к услугодателю:

      1) заявление на конкурс по форме согласно приложению к настоящему стандарту государственной услуги;

      2) документ об образовании;

      3) сертификат единого национального или комплексного тестирования;

      4) две фотокарточки размером 3х4;

      5) медицинская справка согласно по форме 086-У, утвержденной приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6697);

      6) копия документа, удостоверяющего личность;

      7) копия заключения врачебно-консультационной комиссии;

      8) копия свидетельства о смерти обоих или единственного родителя, или иные документы, подтверждающие отсутствие родителей (решение суда о лишении родительских прав, ограничении, признании безвестно отсутствующими, объявлении их умершими);

      9) копия подтверждающего документа лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;

      10) копия подтверждающего документа лиц, казахской национальности, не являющихся гражданами Республики Казахстан.

      Подтверждением принятия документов является выдача расписки с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего документов, а также штамп, входящий номер и дата.

      Для получения социальной поддержки услугополучатель представляет в ВУЗ и на портал следующие документы:

      1) заявление на имя руководителя вуза в произвольной форме;

      2) заключение врачебно-консультационной комиссии;

      3) копию свидетельства о смерти обоих или единственного родителя, или иные документы, подтверждающие отсутствие родителей (решение суда о лишении родительских прав, ограничении, признании безвестно отсутствующими, объявлении их умершими, признании недееспособными (ограниченно дееспособными);

      4) подтверждающие документы лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны;

      5) копия документа, удостоверяющего личность.

      При обращении через портал:

      1) заявление на конкурс в форме электронного документа, подписанного ЭЦП услугополучателя;

      2) электронная копия документа об образовании;

      3) цифровое фото размером 3х4 в форме электронного документа;

      4) электронная копия медицинской справки по форме 086-У, утвержденной приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 ноября 2010 года № 907 "Об утверждении форм первичной медицинской документации организаций здравоохранения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6697);

      5) электронная копия заключения врачебно-консультационной комиссии;

      6) электронная копия документа, подтверждающая преимущества услугополучателя.

      Сведения о документе, удостоверяющем личность, по опеке и попечительству, сертификате единого национального или комплексного тестирования (КТ) услугодатель получает посредством информационной системы из соответствующих государственных информационных систем через шлюз "электронного правительства".

      При оказании государственной услуги услугополучатель дает письменное согласие на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах.

      После подачи заявления услугополучателю вручается уведомление в "личном кабинете" о принятии документов для участия в конкурсе либо мотивированный ответ об отказе.

      В случае присуждения образовательного гранта, услугополучатель получает свидетельство о присуждении образовательного гранта в ВУЗе на обучение в которым выигран грант.

      В случае присуждения образовательного гранта, при зачислении в ВУЗ услугополучатель представляет в ВУЗ оригиналы документов, указанные в пункте 5-1 в установленные сроки, предусмотренные Правилами присуждения образовательного гранта для оплаты высшего образования, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58.

      В случае несоответствия сведений, указанных при подаче заявления на конкурс на портале, оригиналам представленных документов, результаты конкурса аннулируются.

      Сведения о распределении государственного образовательного заказа на подготовку специалистов с высшим образованием по специальностям публикуются в средствах массовой информации, а также на интернет-ресурсе Министерства www.edu.gov.kz.";

      дополнить пунктом 15 следующего содержания:

      "15. Услугодатель имеет возможность получения государственной услуги в электронной форме через портал при условии наличия ЭЦП.".

      2. Департаменту высшего, послевузовского образования и международного сотрудничества (Омирбаев С.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на официальном интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Балыкбаева Т.О.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр образования и науки


Республики Казахстан

А. Саринжипов

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      _________ Е. Досаев

      30 ноября 2015 года


      "СОГЛАСОВАН"

      Исполняющий обязанности

      Министра по инвестициям

      и развитию Республики Казахстан

      _________ А. Рау

      "____"________2015 года

  Приложение 1
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от 24 ноября 2015 года № 654

      Форма

  Приложение 1
к стандарту государственной
услуги "Выдача дубликатов документов
о высшем и послевузовском образовании"

      _______________________________________

      _______________________________________

      /Ф. И. О. (при его наличии)

      руководитель вуза полностью/

      от ____________________________________

      /Ф. И. О. (при его наличии) полностью

      _______________________________________

      /контактные данные услугополучателя/

      _______________________________________

      / год окончания вуза/

      _______________________________________

      по специальности ______________________

      /наименование специальности/

      _______________________________________

      _______________________________________

      /наименование и адрес

      вуза, в случае изменения/

      _______________________________________

      Заявление

      Прошу Вас выдать мне дубликат диплома (дубликат диплома с

      приложениями, дубликат приложения) в связи с

      _____________________________________________________________________

      /указать причину/

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      "______"_______________20___года _____________________

      /подпись/