Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 905 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 763 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12530 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 263 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 50 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 20.05.2019 № 263 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 03.06.2019 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 197-бабының 15-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттары бекітілсін.

      2. "Бақылау субъектісіне бару критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 48 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 3 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9755 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қазанда) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдарының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 905 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 763
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Бақылау субъектісіне бару өлшемшарттары

      1. Қызметін экономиканың мынадай жарақаттану қаупі бар экономикалық қызмет түрлерінде жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бару субъектілері болып табылады:

      1) тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игepу;

      2) құрылыс (құрылыс жобаларын әзірлеуді қоспағанда);

      3) электр энергиясын өндіру, жіберу және тарату;

      4) сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды және бөлуді бақылау (қалдықтарды жинауды, өңдеуді және жоюды; қалдықтарды кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтерді қоспағанда);

      5) ауыл, орман және балық шаруашылығы;

      6) өңдеу өнеркәсібі (кеме және жүзу конструкцияларын жасауды, жөндеуді және оларға техникалық қызмет көрсетуді қоспағанда);

      7) көлік және қоймаға жинау (теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігін, такси қызметін, қойма шаруашылығын және қосалқы көлік қызметін, пошта және курьер қызметін қоспағанда).

      2. Жұмыскерлердің санына байланысты бақылау субъектілері үш топқа бөлінеді:

      жұмыскерлердің орташа жылдық саны 250 адамнан артық субъектіге бару - жылына бір реттен аспайды;

      жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамнан артық субъектіге бару - екі жылда бір реттен аспайды;

      жұмыскерлердің орташа жылдық саны 50 адамға дейінгі субъектіге бару - үш жылда бір реттен аспайды.

Об утверждении критериев посещения субъекта контроля

Совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 905 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 763. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2015 года № 12530. Утратил силу совместным приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 20 мая 2019 года № 263 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 июня 2019 года № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу совместным приказом Министра труда и социальной защиты населения РК от 20.05.2019 № 263 и Министра национальной экономики РК от 03.06.2019 № 50 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2016 г.

      В соответствии с пунктом 15 статьи 197 Трудового Кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года ПРИКАЗЫВАЕМ:

      1. Утвердить прилагаемые критерии посещения субъекта контроля.

      2. Признать утратившим силу совместный приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 25 августа 2014 года № 48 и Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 августа 2014 года № 3 "Об утверждении критериев посещения субъекта контроля" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9755, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 24 октября 2014 года).

      3. Комитету труда, социальной защиты и миграции Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего совместного приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) доведение настоящего совместного приказа до сведения местных органов по инспекции труда областей, городов Астана и Алматы;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего совместного приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.

      5. Настоящий совместный приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр


здравоохранения и социального


развития Республики Казахстан

Т. Дуйсенова

Министр


национальной экономики


Республики Казахстан

Е. Досаев


  Утверждены совместным
приказом Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 905
Министра национальной экономики
Республики Казахстан
от 10 декабря 2015 года № 763

Критерии посещения субъекта контроля

      1. Субъектами посещения являются физические или юридические лица, осуществляющие деятельность в следующих травмоопасных видах экономической деятельности:

      1) горнодобывающая промышленность и разработка карьеров;

      2) строительство (за исключением разработки строительных проектов);

      3) производство, передача и распределение электроэнергии;

      4) водоснабжение, канализационная система, контроль над сбором и распределением отходов (за исключением сбора, обработки и удаления отходов; утилизации отходов, рекультивации и прочих услуг в области удаления отходов);

      5) сельское, лесное и рыбное хозяйство;

      6) обрабатывающая промышленность (за исключением строительства, ремонта и технического обслуживания кораблей и плавучих конструкций);

      7) транспорт и складирование (за исключением морского и прибрежного пассажирского транспорта, деятельности такси, складского хозяйства и вспомогательной транспортной деятельности, почтовой и курьерской деятельности).

      2. В зависимости от численности работников субъекты контроля распределяются на три группы:

      со среднегодовой численностью работников свыше 250 человек, посещения - не более одного раза в год;

      со среднегодовой численностью работников свыше 50 человек, посещения - не более одного раза в два года;

      со среднегодовой численностью работников до 50 человек, посещения - не более одного раза в три года.