Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12543 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 17-2) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________Е. Досаев

      2015 жылғы 10 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы
30 қарашадағы
№ 1139 бұйрығымен
бекітілген

Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 14.07.2017 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 17-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Мемлекеттік энергетикалық тізілім – Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері туралы ақпараттың жүйелендірілген жиынтығы;

      2) мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері – жылына мың бес жүз және одан да көп тонна шартты отынға баламалы көлемде энергетикалық ресурстарды тұтынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор және табиғи монополиялар субъектілері;

      3) орындаушы – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін орындайтын заңды тұлға;

      4) өтініш беруші – энергия тиімділігі картасына енгізу үшін жоба ұсынған жеке немесе заңды тұлға;

      5) сараптама – Өтініш беруші ұсынған құжаттарды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі мәніне бағалау және талдау процесі;

      6) энергетикалық тиімділік (бұдан әрі –- энергия тиімділігі) – көрсетілген қызметтер, жұмыстар, шығарылған өнім (тауарлар) немесе өндірілген энергетикалық ресурстар көлемінің осыған жұмсалған бастапқы энергетикалық ресурстарға сандық қатынасы;

      7) энергия тиімділігі картасы – қаржыландыру көздерін, оларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар кестелері мен жоспарларын көрсете отырып, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі;

      8) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жоба (бұдан әрі – жоба) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын іс-шаралар кешені;

      9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу тәртібі

      3. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ЭЭҰДИ) энергия тиімділігі картасын қалыптастырады және жүргізеді, энергия тиімділігі картасына жобаларды іріктеу және енгізуді жүзеге асырады.

      4. Энергия тиімділігі картасы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады және жүргізіледі.

      5. Энергия тиімділігі картасына жобаларды қарау, іріктеу және енгізуді ЭЭҰДИ тұрақты негізде жүзеге асырады.

      6. ЭЭҰДИ энергия тиімділігі картасын қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті ақпаратты Мемлекеттік энергетикалық тізілім (бұдан әрі – МЭТ) субъектілерінен және өзге де заңды тұлғалардан сұратады және алады.

      7. Энергия тиімділігі картасын ЭЭҰДИ-дың интернет-ресурсына орналастырады.

3-тарау. Энергия тиімділігі картасына жобаларды қарау, іріктеу және енгізу тәртібі

      8. ЭЭҰДИ МЭТ қалыптастыру және жүргізу бойынша ақпараттың және өзге де ақпараттың талдауы негізінде МЭТ субъектілеріне және өзге де заңды тұлғаларға жобаларды энергия тиімділігі картасына енгізу үшін құжаттар тапсыруды ұсынады.

      9. Өтініш беруші жобаны энергия тиімділігі картасына енгізу үшін ЭЭҰДИ-ға электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ұйым басшысы не оны алмастыратын адам бекіткен жобаның паспорты;

      3) жобаның қаржыландырылуын пысықтауды растайтын құжаттардың көшірмелері (ниеттер туралы меморандумдар және келісімдер және (немесе) жобаны қаржыландыру туралы шешім) (бар болған жағдайда);

      4) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі қорытындының көшірмесі (бар болған жағдайда);

      5) ұсынылған іс-шараларға (техникалық-экономикалық негіздеме, қаржы-экономикалық негіздеме, коммерциялық ұсыныстар) талап етілетін инвестициялар мен үнемдеу есебінің дұрыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 03.05.2023 № 313 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. ЭЭҰДИ ұсынылған құжаттарды, олар түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақпараттың толықтығына және растығына қарайды.

      Ақпараттың толық еместігі және (немесе) дұрыс еместігі фактісі белгіленген жағдайда, ЭЭҰДИ көрсетілген мерзімдерде Өтініш берушінің құжаттарын қайтару себебін көрсете отырып, қайтарады.

      Өтініш беруші ЭЭҰДИ-дан құжаттарды алған күннен кейін, қайтару себептерін жояды және ЭЭҰДИ-ға қайта енгізеді.

      11. Құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жоба осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізілетін, энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуге арналған Тіркеу журналында тіркеледі.

      12. ЭЭҰДИ жобаны тіркеу журналына тіркеген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде инновациялылық, ауқымдылық және құзыреттілік өлшемшарттарына сәйкестігіне мәніне сараптама жүргізеді.

      13. Сараптама мынадай құрылым бойынша жүзеге асырылады:

      1) табиғи және ақшалай мәндегі энергия үнемдеу әсері;

      2) жобаның инновациялық құрамдас бөлігі;

      3) орнын толтыру мерзімі;

      4) іс-шаралардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен қағидаларына, Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес болу қажеттілігін қарау;

      5) жоба бойынша жалпы тұжырымдар мен ұсынымдар.

      ЭЭҰДИ-дің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қойған сараптама қорытындысы сараптама нәтижесі болып табылады.

      14. Сараптама қорытындысы екі данада ресімделеді және оны өткізу сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде бір данасы Өтініш берушіге жіберіледі, бір данасы ЭЭҰДИ-де қалады.

      15. Сараптама нәтижесі бойынша, ЭЭҰДИ ұсынылған жобалар бойынша энергия тиімділігі картасына енгізу үшін мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) қаржыландыру көзі болған кезде жоба энергия тиімділігі картасына енгізіледі;

      2) қаржыландыру көзі болмаған кезде отандық және халықаралық инвесторларды, қаржы институттарын, энергия сервистік компанияларды және өзге де ұйымдарды іздеу арқылы инвестиция тарту мәселесі пысықталады.

      16. Өтінім беруші жоба паспортында көрсетілген іс-шараларды орындамаған жағдайда, жобалар энергия тиімділігі картасынан ҒЗТКЖ шешімімен шығарылады.

      Ескерту. 3-тарау 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Энергия тиімділігі картасын
қалыптастыру және жүргізу,
жобаларды энергия тиімділігі
картасына іріктеу және енгізу
қағидаларына
1-қосымша

Энергия тиімділігі картасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өтініш берушінің атауы

Байланыс деректері

Жобаның атауы

Іс-шаралар тізімі

Орындаушының атауы

Инвестиция көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көзі

Энергетикалық ресурстарды заттай түрде жылдық үнемдеу

Энергетикалық ресурстарды ақшалай түрде жылдық үнемдеу (мың теңге)

Өтелу мерзімі, жыл

Аймақ

Жоба мәртебесі

еөлшем бірлігі

мәні






1.















2.











Жобаның жалпы құны

















1.














2.











Жобаның жалпы құны













  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
2-қосымша
  ____________________________
(облыс, қала)
____________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты)

Өтініш

      Қазақстанның энергия тиімділігі картасына енгізу үшін

      ___________________________________________________________________

      (ұйымның атауы)

      ___________________________________________________________________

      (жобаның атауы)

      жоба байынша өтінішімді тіркеуіңізді өтінемін:

      Өтінішке мынадай құжаттарды ұсынамын:

      1)________________________________________________________________________

      2)________________________________________________________________________

      3)________________________________________________________________________

      4)________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _____________________________________ _____________________________________

      Ұйымның бірінші басшысы:                        Қолы

      20__ жылғы "___"________

      Мөрдің орны

  Энергия тиімділігі картасын
қалыптастыру және жүргізу,
жобаларды энергия тиімділігі
картасына іріктеу және
3-қосымша

Жобаны қаржыландырудың болжамды құрылымы:

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.12.2022 № 718 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Меншікті Қаражат

мың теңге


Бюджет Қаражаты

мың теңге


Қажетті қаражат

мың теңге


Өзге қаражат

мың теңге


  Энергия тиімділігі
картасын қалыптастыру
және жүргізу, энергия
тиімділігі картасына
жобаларды іріктеу және
енгізу қағидаларына
4-қосымша

Энергия тиімділігі картасына жобаларды енгізуге арналған тіркеу журналы

ЭЭҰДИ жобаны қабылдау күні

Тіркеу күні

Өтініш берушінің атауы

Жобаның атауы

1





2





3





4






 

Об утверждении Правил формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 ноября 2015 года № 1139. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 декабря 2015 года № 12543.

      В соответствии с пунктом 17-2) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года "Об энергосбережении и повышения энергоэффективности" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности.

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанов А.К.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканский центр правовой информации для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2016 года.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев

      "СОГЛАСОВАН"

      Министр национальной экономики

      Республики Казахстан

      10 декабря 2015 года



  Утверждены
приказом Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 30 ноября 2015 года № 1139

Правила формирования и ведения карты энергоэффективности,
отбора и включения проектов в карту энергоэффективности

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14.07.2017 № 472 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 17-2) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года "Об энергосбережении и повышении энергоэффективности" (далее – Закон) и определяют порядок формирования и ведения карты энергоэффективности, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) Государственный энергетический реестр - систематизированный свод информации о субъектах Государственного энергетического реестра;

      2) субъекты Государственного энергетического реестра – индивидуальные предприниматели и юридические лица, потребляющие энергетические ресурсы в объеме, эквивалентном тысяче пятистам и более тонн условного топлива в год, а также государственные учреждения, субъекты квазигосударственного сектора и естественных монополий;

      3) исполнитель – юридическое лицо, выполняющее комплекс мероприятий, направленных на энергосбережение и повышение энергоэффективности;

      4) заявитель – физическое или юридическое лицо, представившее проект для включения в карту энергоэффективности;

      5) экспертиза – процесс оценки и анализа, предоставленных Заявителем документов, на предмет соответствия установленным критериям в области энергосбережения и повышения энергоэффективности;

      6) энергетическая эффективность (далее – энергоэффективность) – количественное отношение объема предоставленных услуг, работ, выпущенной продукции (товаров) или произведенных энергетических ресурсов к затраченным на это исходным энергетическим ресурсам

      7) карта энергоэффективности – единый республиканский перечень проектов в области энергосбережения и повышения энергоэффективности с указанием источников финансирования, графиков и планов мероприятий по их реализации;

      8) проект в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее – проект) – комплекс мероприятий, направленных на энергосбережение и повышение энергоэффективности, реализуемых в течение определенного периода времени;

      9) национальный институт развития в области энергосбережения и повышения энергоэффективности – юридическое лицо, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 15.12.2022 № 718 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок формирования

и ведения карты энергоэффективности

      3. Национальный институт развития в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее – НИРЭЭ) формирует и ведет карту энергоэффективности, осуществляет отбор и включение проектов в карту энергоэффективности.

      4. Карта энергоэффективности формируется и ведется по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      5. Рассмотрение, отбор и включение проектов в карту энергоэффективности осуществляется НИРЭЭ на постоянной основе.

      6. НИРЭЭ запрашивает и получает информацию, необходимую для формирования и ведения карты энергоэффективности от субъектов Государственного энергетического реестра (далее – ГЭР) и иных юридических лиц.

      7. Карта энергоэффективности размещается на интернет-ресурсе НИРЭЭ.

Глава 3. Порядок рассмотрения, отбора и включения проектов в карту энергоэффективности

      8. НИРЭЭ на основании анализа информации по формированию и ведению ГЭР и иной информации рекомендует субъектам ГЭР и иным юридическим лицам подать документы для включения проекта в карту энергоэффективности.

      9. Заявитель для включения проекта в карту энергоэффективности представляет в НИРЭЭ на электронном носителе следующие документы:

      1) заявление согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) паспорт проекта, утвержденный руководителем организации либо лицом, его замещающим согласно приложению 3 к настоящим Правилам;

      3) копии документов, подтверждающих проработку финансирования проекта (меморандумы и соглашения о намерениях и (или) решения о финансировании проекта) (при наличии);

      4) копия заключения по энергосбережению и повышению энергоэффективности (при наличии);

      5) копии документов, подтверждающих достоверность расчетов требуемых инвестиций и экономии к представленным мероприятиям (технико-экономическое обоснование, финансово-экономическое обоснование, коммерческие предложения) (при наличии).

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 03.05.2023 № 313 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. НИРЭЭ рассматривает представленные документы в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня поступления на полноту и достоверность информации.

      В случае установления факта неполноты и (или) недостоверности информации, НИРЭЭ в указанные сроки возвращает документы Заявителя с указанием причин возврата.

      Заявитель после получения от НИРЭЭ документов, устраняет причины возврата и повторно вносит в НИРЭЭ.

      11. В случае соответствия документов установленным требованиям, проект регистрируется в Журнале регистрации для включения проектов в карту энергоэффективности, который ведется по форме согласно приложению 4 настоящих Правил.

      12. НИРЭЭ в течение 30 (тридцати) рабочих дней со дня регистрации проекта в журнале регистрации проводит экспертизу на предмет соответствия критериям инновационности, масштабности и компетенции.

      13. Экспертиза осуществляется по следующей структуре:

      1) эффект энергосбережения в натуральном и денежном выражении;

      2) инновационная составляющая проекта;

      3) срок окупаемости;

      4) рассмотрение на необходимость соответствия мероприятий требованиям действующего законодательства Республики Казахстан, национальным стандартам Республики Казахстан, строительным нормам и правилам Республики Казахстан, строительным нормам Республики Казахстан;

      5) общие выводы и рекомендации по проекту.

      Результатом экспертизы является заключение экспертизы за подписью первого руководителя НИРЭЭ, либо лица его замещающего.

      14. Заключение экспертизы оформляется в двух экземплярах и в течение 2 (двух) рабочих дней с момента ее проведения один экземпляр направляется Заявителю, один экземпляр остается в НИРЭЭ.

      15. По результатам экспертизы, НИРЭЭ по рекомендованным проектам для включения в карту энергоэффективности принимает одно из следующих решений:

      1) при наличии источников финансирования проект включается в карту энергоэффективности;

      2) при отсутствии источников финансирования прорабатывается вопрос привлечения инвестиций путем поиска отечественных и международных инвесторов, финансовых институтов, энергосервисных компаний и иных организаций.

      16. Проекты исключаются из карты энергоэффективности решением НИРЭЭ при неисполнении заявителем мероприятий, указанных в паспорте проекта.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 16 в соответствии с приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 15.12.2022 № 718 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 1 к Правилам
формирования и ведения карты
энергоэффективности, отбора
и включения проектов в карту
энергоэффективности

Карта энергоэффективности

      Сноска. Приложение 1 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 15.12.2022 № 718 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Наименование заявителя

Контактные данные

Наименование проекта

Перечень мероприятий

Наименование исполнителя

Объем инвестиций (тыс. тенге)

Источник финансирования

Годовая экономия энергетических ресурсов в натуральном выражении

Годовая экономия энергетических ресурсов в денежном выражении (тысяч тенге)

Срок окупаемости, год

Регион

Статус проекта

единица измерения

значение






1.















2.











Общая стоимость проекта

















1.














2.











Общая стоимость проекта













  Приложение 2
к Правилам формирования
и ведения карты
энергоэффективности,
отбора и включения
проектов в карту
энергоэффективности
  ____________________________
(области, города)
____________________________
(Фамилия, имя, отчество
(при наличии)

                              Заявление

            Прошу зарегистрировать заявление по проекту: __________________________
      ___________________________________________________________________
                                    (наименование проекта)
      ___________________________________________________________________
                              (наименование организации)

            для включения в карту энергоэффективности Казахстана.
      К заявлению прилагаю следующие документы:

            1)___________________________________________________________________
      2)___________________________________________________________________
      3)___________________________________________________________________
      4)___________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________

            _____________________________________ ______________
      Первый руководитель организации:            Подпись
                                                "___"________ 20__ года

                                                      Место для печати

  Приложение 3 к Правилам
формирования и ведения карты
энергоэффективности, отбора
и включения проектов в карту
энергоэффективности

Структура предполагаемого финансирования проекта:

      Сноска. Приложение 3 - в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 15.12.2022 № 718 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Собственные Средства

тысяч тенге


Бюджетные Средства

тысяч тенге


Требуемые средства

тысяч тенге


Иные средства

тысяч тенге


  Приложение 4
к Правилам формирования
и ведения карты
энергоэффективности,
отбора и включения
проектов в карту
энергоэффективности

Журнал регистрации для включения проектов
в карту энергоэффективности

Дата приема проекта в НИРЭЭ

Дата регистрации

Наименование Заявителя

Наименование проекта

1





2





3





4