Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 669 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12556 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 22.02.2017 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10046 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 қаңтарда жарияланған),

      2) "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 548 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 482 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12168 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 қазанда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Қ.Н. Абдуллаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 669 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай
ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

р/с №

Атауы

1.

Тауарлар:

1.1.

автокөлік құралдары

1.2.

тікұшақтар

1.3.

серверлер, телекоммуникация құралдары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.4.

жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.5.

лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер) (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

1.6.

жиһаз (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің он мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

2.

Жұмыстар:

2.1.**

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолда барларын реконструкциялау

2.2.**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын жаңа объектілерді құру (салу) не қолда барларын реконструкциялау

3.

Көрсетілетін кызметтер:

3.1.**

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей іске асыратын және аяқталған сипаттағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, дамыту және жаңғырту

3.2.**

бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын ақпараттық жүйелерді құру, енгізу, дамыту және жаңғырту

3.3.**

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу, әкімшілендіру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

3.4.**

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, техникалық қызмет көрсету және аппараттық-бағдарламалық кешендерді жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

3.5.**

орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде шығатын, полиграфиялық кызметтер және баспа өнiмдерін өндіру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)

3.6.

лицензияланған бағдарламалық өнімді техникалық қолдау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен оларды алу үшін бөлінген сомадан асқан жағдайда)


      Ескертпе:

      *мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстволары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы конкурс немесе аукцион тәсілімен өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.

      ** жоғарғы бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерін қоспағанда, тапсырыс берушілер (ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер) айқындаған тұлғалардан тәуелсіз орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдары әкімші болып табылатын 2.1, 2.2, 3.1, 3.2, 3.3, 3.4 және 3.5-тармақтарында көрсетілген жұмыстар және қызмет көрсетулер бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді біріңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 декабря 2015 года № 669. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 декабря 2015 года № 12556. Утратил силу приказом и.о. Министра финансов Республики Казахстан от 22 февраля 2017 года № 130

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра финансов РК от 22.02.2017 № 130 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый перечень товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 9 декабря 2014 года № 548 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10046, опубликован 23 января 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) приказ Министра финансов Республики Казахстан от 15 сентября 2015 года № 482 "О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 9 декабря 2014 года № 548 "Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12168, опубликован 20 октября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Комитету по государственным закупкам Министерства финансов Республики Казахстан (Абдуллаев К.Н.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов


  Утвержден
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 21 декабря 2015 года № 669

Перечень товаров, работ, услуг, по которым
организация и проведение государственных закупок
осуществляется единым организатором*

№ п/п

Наименование

1.

Товары:

1.1.

автомобильные транспортные средства

1.2.

вертолеты

1.3.

сервера, средства телекоммуникаций (при превышении суммы, выделенной для их приобретения десятитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

1.4.

рабочие станции, персональные компьютеры, моноблоки (при превышении суммы, выделенной для их приобретения десятитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

1.5.

лицензионное програмное обеспечение (программные продукты) (при превышении суммы, выделенной для их приобретения десятитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

1.6.

мебель (при превышении суммы, выделенной для их приобретения десятитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

2.

Работы:

2.1.**

создание (строительство) новых либо реконструкция имеющихся объектов, реализуемых за счет бюджетных средств, непосредственно администратором бюджетной программы в течение определенного периода времени и имеющих завершенный характер, где администраторами бюджетных программ выступают центральные исполнительные и иные центральные государственные органы

2.2.**

создание (строительство) новых либо реконструкция имеющихся объектов, реализуемых за счет бюджетных инвестиций, финансируемых из республиканского бюджета, направленных на формирование и (или) увеличение уставных капиталов юридических лиц, где администраторами бюджетных программ выступают центральные исполнительные и иные центральные государственные органы

3.

Услуги:

3.1.**

создание, внедрение, развитие и модернизация информационных систем, реализуемых за счет бюджетных средств, непосредственно администратором бюджетной программы в течение определенного периода времени и имеющих завершенный характер, где администраторами бюджетных программ выступают центральные исполнительные и иные центральные государственные органы

3.2.**

создание, внедрение, развитие и модернизация информационных систем, реализуемых за счет бюджетных инвестиций, финансируемых из республиканского бюджета, направленных на формирование и (или) увеличение уставных капиталов юридических лиц, где администраторами бюджетных программ выступают центральные исполнительные и иные центральные государственные органы

3.3.**

сопровождение, администрирование информационных систем, где администраторами бюджетных программ выступают центральные исполнительные и иные центральные государственные органы (при превышении суммы, выделенной для их приобретения двадцатитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

3.4.**

техническое обслуживание и ремонт аппаратно-программных комплексов, где администраторами бюджетных программ выступают центральные исполнительные и иные центральные государственные органы (при превышении суммы, выделенной для их приобретения двадцатитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

3.5.**

полиграфические услуги и производство печатной продукции, где администраторами бюджетных программ выступают центральные исполнительные и иные центральные государственные органы (при превышении суммы, выделенной для их приобретения двадцатитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)

3.6.

техническая поддержка лицензионного программного продукта (при превышении суммы, выделенной для их приобретения двадцатитысячекратного месячного расчетного показателя, установленного на соответствующий финансовый год законом о республиканском бюджете)


      Примечание:

      * организация и проведение государственных закупок по перечню товаров, работ, услуг, осуществляемые единым организатором государственных закупок, распространяется на государственные закупки товаров, работ и услуг проводимые способом конкурса или аукциона посредством электронных государственных закупок, за исключением государственных закупок, осуществляемых Государственным учреждением "Управление делами Президента Республики Казахстан" и его ведомствами.

      ** организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором по работам и услугам, указанным в пунктах 2.1, 2.2, 3.1, 3.2, 3.3, 3.4 и 3.5, где администраторами выступают центральные исполнительные и иные центральные государственные органы, вне зависимости от лиц, определенных заказчиками (ведомства и их территориальные подразделения, подведомственные государственные учреждения), за исключением целевых трансфертов на развитие, передаваемых вышестоящими бюджетами в нижестоящие.