«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ақылы автомобиль жолымен (учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11128 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 318 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаске) ақылы автомобиль жолыменімен жүріп өту үшін ақы алу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар (жол учаскесі) ақылы автомобиль жолыменімен жүріп өту үшін ақы алу қағидалары бекітілсін.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ак Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізі үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың
2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________ Қ. Қасымов
2015 жылғы 7 желтоқсан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 9 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1153 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 26 наурыздағы
№ 318 бұйрығымен
бекітілген
Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесі) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес әзірленді және жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесі) жүріп өту үшін ақы алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) ақылы қозғалысты ұйымдастырушы – Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор немесе концессионер;
3) ақылы қозғалысты ұйымдастыру – ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) бойынша жүріп өткені үшін төлем жасаудың бағдарламалық-аппаратық ақы төлету кешендерін енгізу және орнату арқылы жол ақысын өндіріп алу іс-шаралары, сондай-ақ, ақылы автомобиль жодарын басқару;
4) ақы алу пункті – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарында (жол учаскелерінде) орналасқан, автокөлік құралдарын бақылау мен бірдейлендіруге мүмкіндік беретін техникалық құралдармен жабдықталған және онда автомобиль жолдарын пайдаланушылар жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыратын өткізу пункті;
5) аралық шеп – автокөлік құралдарын, оның ішінде ақы алу пункттерін айналып өтіп жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (жол учаскесі) шыққан автокөлік құралдарын бірдейлендіруге және есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарының (жол учаскелерінің) бойында орналасқан техникалық құралдар;
6) қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдар – техникалық құрылғы, оны пайдалану кезінде автокөлік құралы ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар (жол учаскесіне) ақылы автомобиль жолы бойынша жүріп өту үшін ақы автоматты түрде жүзеге асырылады;
7) терминал – жүрілген жол ақысын қолма-қол ақшалай қабылдау, қолма-қол ақшасыз POS-терминалдар, қашықтан төлем жасау құралдары және қызметті төлеу терминалдары арқылы алдын ала төлем жасауға арналған құралдармен жабдықталған бағдарламалық-аппараттық кешеннің құрылғысы;
8) POS-терминал – төлем карточкасын пайдалану және банктің банктік ақпарат жүйесімен қосылу арқылы жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарынан (жол учаскесі) жүріп өту қызметіне ақы төлеу үшін электрондық-механикалық құрылғы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық маңызы бар
ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту
үшін ақы алу тәртібі
3. Автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыру жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарына өту мен шығу жолдарында (жол учаскелеріне) орналасқан ақы алу пункттерінде жүзеге асырылады.
4. Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту автомобиль жолын пайдаланушының Ұлттық оператормен немесе концессионермен жасасқан шарты негізінде жүзеге асырылады. Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) кіру пунктін кесіп өткен кез шартты жасасу кезі болып табылады. Ұлттық оператор немесе концессионер мен ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар арасындағы жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдалануға арналған шарт жария шарт болып табылады.
5. Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар(жол учаскесі) ақылы автомобиль жолы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өту үшін ақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
6. Ақылы қозғалысты ұйымдастырушы халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы ақылы автомобиль жолын (жол учаскесін) пайдаланушылар үшін жүрілген жол ақысына төлем жасаудың келесі тәсілдерін қамтамасыз етеді:
1) артық ақшаны және төлем жасалғанын растайтын құжат қайтара отырып, терминалға қолма-қол ақша енгізу арқылы;
2) төлем жасалғанын растайтын құжат бере отырып, терминалда орнатылған және (немесе) төлем жасау пунктінде орналасқан POS-терминал арқылы төлем картасының көмегімен қолма-қол ақшасыз төлем жасау;
3) қашықтан төлем жасау құралдары көмегімен және төлем жүйелері арқылы алдын ала төлем жасау.
7. Ақылы қозғалысты ұйымдастырушы жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (жол учаскеге) шығу алдында ақылы автомобиль жолына (жол учаскеге) шығу туралы ақпараттық табло орнатады. Ақпараттық таблода сондай-ақ мынадай ақпарат орналастырылады:
1) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін ақы ставкалары;
2) учаскенің ұзындығы;
3) жүріп өту үшін ақы төлеудің ықтимал тәсілдері;
4) ақылы жолдарды (жол учаскелерді) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден босатылған автомобиль жолдарын пайдаланушылардың тізбесі;
5) ақылы автомобиль жолдарын пайдаланушыларға арналған басқа да ақпарат.
8. Ақылы қозғалысты ұйымдастырушының ақы алу пункттерінде өз өкілдері бар, олар жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар (жол учаскелерімен) ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту мен ақы төлеу тәртібіне қатысты пайдаланушыларға туындаған мәселелер бойынша түсініктеме береді.
9. Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) автокөлік құралдарының ақылы жүріп өтуін ұйымдастыруды ақылы қозғалысты ұйымдастырушы ақы алу пунктінде жол кептелістері қалыптаспайтындай қамтамасыз етеді.
10. Жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өту үшін қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралдардың көмегімен ақы төлеу үшін ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланушылар жүрместен бұрын алдын ала қашықтықтан ақы төлеуге арналған құралды ол сатылатын жерлерде сатып алады және оны осы құралдарға қоса берілген нұсқамаға сәйкес пайдаланады.
11. Егер ақы алу пункті арқылы жүріп өткен кезде автомобиль жолын пайдаланушының жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолымен (жол учаскесімен) жүріп өту үшін ақы төлеуді жүзеге асыру мүмкіндігі болмаса, ақы төлеу үшін шотты ақылы қозғалысты ұйымдастырушы автокөлік құралының иесіне автокөлік құралының тіркелген мекенжайы бойынша жібереді және деректер құпия ақпарат болып табылады.
Ақылы қозғалысты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, оған үшінші тұлғалардың қол жетімділігін шектейді. Деректер ақылы қозғалысты ұйымдастырушының серверлік жабдығында жинақталады және бір жыл бойы сақталады.
12. Ақы алу пункті және/немесе аралық шеп арқылы жүріп өткен кезде ақылы қозғалысты ұйымдастырушы бірдейлендіру техникалық жабдық арқылы автокөлік құралдары туралы деректерді жинауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Мұндай деректер автокөлік құралының тіркеу нөмірлік белгісін, жүріп өту күні мен уақытын бекітетін автокөлік құралдарының бейнесуреті болып табылады.
13. Егер автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (жол учаскеге) өткен болса, мұндай көлік құралы туралы деректер аралық шептерде белгіленіп, ақы мөлшерін айқындау үшін және автокөлік құралының кейіннен жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар (жол учаскесі) ақылы автомобиль жолы арқылы шығуы кезінде ақы алу үшін ақы алу пунктінің жабдығына жіберіледі.
14. Автокөлік құралы ақы алу пунктін айналып өтіп жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолынан (жол учаскеден) шығып кеткен жағдайда жүріп өту үшін ақы осы Қағидалардың 11-тармағында белгіленген тәртіппен автокөлік құралының иесінен алынады.
15. Автокөлік құралы жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) басқа автокөлік құралын сүйреп жүріп өткен жағдайда ақы көлік құралдарының екі бірлігінен де алынады.
16. Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
өртке қарсы қызметтің;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
жол-патруль қызметінің;
әскери техниканың арнаулы автокөлік құралдары босатылады;
2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.