РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Әкімшілік персоналға жататын қызметкерлер лауазымдары атауларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 20 тамыздағы № 8 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9746 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 қазандағы № 157 (2725) «Заң газетінде» жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 981 бұйрығымен бекітілген
Әкімшілік персоналға жататын жұмыскерлер
лауазымдары атауларының тізбесі
1. Әкімші, сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының, қонақүйдің әкімшілерінен басқа;
2. әкімші көмекшісі;
3. әкімші хатшысы;
4. актуарий;
5. талдаушы;
6. төреші;
7. аудитор;
8. барлық атаудағы бухгалтер: (бухгалтер-аудитор, бухгалтер-сарапшы);
9. жетекші маман (агроном, бухгалтер-сарапшы, геодезист, гидрогеолог, инспектор, қазынашы, бақылаушы-ревизор, мелиоратор, эколог, экономист, сарапшы, заңгер және жобалау, құрылыс, ғылыми-зерттеу, технологиялық және тағы басқа осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын жетекші мамандардан басқа);
10. вице-президент;
11. дәрігер;
12. бас директор;
13. бас конструктор;
14. бас продюсер;
15. бас әкімші;
16. бас маман (агроном, төреші, сәулетші, бактериолог, банкир, биохимик, бухгалтер, вирусолог, герболог, геодезист, гидрогеолог, диспетчер, инженер, инспектор, қазынашы, консультант, бақылаушы-ревизор, мелиоратор, миколог, микробиолог, референт, балық өсіруші, фитопатолог, штурман, экономист, сарапшы, энтомолог, заңгер), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын бас мамандардан басқа (жобалардың бас инженерлері, жобалардың бас конструкторлары, жобалардың бас сәулетшілері, бас конструкторлар, бас ғылыми жұмыскерлер, бас технологтар) және театр-ойын сауық кәсіпорындарында (бас режиссерлер, бас дирижерлер, бас хормейстерлер, бас балетмейстерлер және осыған ұқсас жұмыстарды орындайтын), теле және киностудияларда бас суретшілер болып жұмыс істейтін бас мамандардан басқа;
17. мемлекеттік патенттік сарапшы;
18. факультет (курс) деканы;
19. кезекші (оперативтік, вокзал бойынша, қабат бойынша, пункт) теміржол стансасы, разъезд бойынша, орталықтандыру стансалық посты, теміржол стансасының паркі бойынша, сұрыптау төбесі, бөлімше бойынша кезекшіден, кіреберіс жолдары бойынша бақылау посты агентінен басқа (аға агентті қоса алғанда);
20. іс жүргізуші;
21. дизайнер;
22. директор (агенттік, департамент, топ, қызмет, станса, орталық, сауда үйі, мұражай, интернат, кешен, коммерциялық) жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас басқа жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын директорлардан басқа;
23. меңгеруші (мұрағат, база, бюро, топ, кеңсе, кафедра, клуб, магистратура, бөлім, қабылдау бөлмесінің, хатшылық, сектор, қызмет, орталық) жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас басқа жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын меңгерушілерден, емдеу мекемелеріндегі бөлімшелер, медициналық пункттер меңгерушілерінен басқа;
24. инженер, конструкторлық, жобалық, технологиялық, геодезиялық, маркшейдерлік, іске қосу-жөндеу, шефмонтаждық жұмыстарда істейтін, құралдарға, машиналарға, жабдықтар мен компьютерлік (есептеу) техника құралдарына техникалық қызмет көрсетумен, оларды жөндеумен, пайдаланумен тікелей айналысатын, бөлімшелерде, цехтарда, фермаларда, ауыл шаруашылығы учаскелерінде істейтін инженерлерден, патенттік, өнертапқыштық, рационализаторлық жұмыстармен, ғылыми-техникалық ақпаратпен айналысатын инженер-гидротехниктерден, инженер-мелиораторлардан басқа;
25. инспектор;
26. нұсқаушы (дене шынықтыру және спорт нұсқаушыларынан, мәдени-көпшілік жұмыстар нұсқаушыларынан, өндірістік оқыту нұсқаушыларынан басқа, аға нұсқаушы);
27. атқарушы директор (хатшы, продюсер);
28. жалақы беруді және төлем құжаттарын банктік ұйымдарға жеткізуді жүзеге асырушы кассир;
29. капитан (барлық атаудағы);
30. кодификатор;
31. командир (барлық атаудағы);
32. комендант (аэродромның, тұрғын үйлердің, қызметтік ғимараттардың, лагерьдің, жатақханалардың);
33. авариялық комиссар (төтенше жағдайлар кезіндегі);
34. консультант (банкир, инспектор, қазынашы, бақылаушы-ревизор, референт, сарапшы);
35. бақылаушы (жинақ кассаларының бақылаушыларынан, билет кассаларының бақылаушыларынан және бақылаушы-жұмысшылардан басқа);
36. үйлестіруші;
37. курьер;
38. маркетолог;
39. шебер, шебер-жұмысшылардан (тау-кен шеберлері, бұрғылау шеберлері, орман шеберлері, балық аулау және өңдеу шеберлері, өндірістік оқыту шеберлері), теміржол саласында істейтін: көтеру жабдығының шеберінен, гидропневматика жөніндегі, өрт құбырын жөндеу және өрт техникасына, газдан, түтіннен қорғау қызметіне қызмет көрсету жөніндегі шеберлерден, автокөлікті жөндеу жөніндегі механикалық шеберханалардың (автокөлікті жөндеу жөніндегі учаскенің), электрмен жабдықтау учаскесінің, рельс жылтырату вагонының шеберлерінен, көпір, тоннель учаске (жөндеу-құрылыс жұмыстары), цех (рельстік дефектоскопия) шеберлерінен, машиналар мен механизмдерді пайдалану және жөндеу жөніндегі шеберлерден басқа;
40. менеджер (экономиканың түрлі салаларындағы барлық атаудағы);
41. метрдотель;
42. әдіскер (оқу орындарының, мәдениет ұйымдарының, әдістеме кабинеттерінің әдіскерлерінен басқа);
43. метролог;
44. механик, конструкторлық, жобалау, технологиялық, геодезиялық, маркшейдерлік, жүргізу-жөндеу, шефмонтаждық жұмыстармен айналысатындардан, құралдарға, машиналарға, жабдықтар мен компьютерлік (есептеу) техника құралдарына қызмет көрсетумен, оларды жөндеумен, пайдаланумен тікелей айналысатындардан, бөлімшелерде, цехтарда, фермаларда, ауыл шаруашылығы учаскелерінде жұмыс істейтіндерден басқа;
45. бастық (авиация, бюро, топ, дирекция, департамент, депо, инспекция, кабинет, курстар, зертхана, шеберхана, мұражай, бөлім, бөлімше, төлқұжат беретін орын, питомник, баспасөз орталығы, пункт (желілік, жылжымалы) хатшылық, сектор, ауысым, қызмет, қойма, станция, басқарма, торап, учаске (патрульдік), орталық, цех, бөлім, штаб, экспедиция), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық, патенттік-лицензиялық, өнертапқыштық және осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын бастықтардан, қызмет көрсету бөлімшелерінің, техникалық бақылау (сапа), маусымдық партиялардың бастықтарынан, (қалпына келтіру пойызының, өрт пойызының, бөлімшенің (қарауылдың), жол машинасының, мотосынақ зертханасының, сұрыптау төбесінің, рельс жылтырату пойызының, рельс жылтырату вагонының) бастықтарынан, сондай-ақ, егер өндірістік процестерді тікелей атқару олардың функционалдық міндеттеріне кіретін болса, стансалар мен цехтардың бастықтарынан басқа;
46. нарядшы;
47. нотариус;
48. офис-менеджер;
49. аңшылықтанушы;
50. паспортшы;
51. аудармашы;
52. көмекші (кеңесші);
53. төраға;
54. президент;
55. оқытушы;
56. баспасөз хатшысы;
57. провизор;
58. продюсер;
59. жұмыстарды өндіруші (прораб);
60. проректор;
61. психолог;
62. басқарушы;
63. ревизор;
64. редактор (бас, жауапты);
65. ректор;
66. репетитор;
67. референт;
68. риэлтор;
69. басшы (департамент, инспекция, зертхана, кабинет, мұражай, бөлім, бөлімше, төлқұжат беретін орын, питомник, қосалқы шаруашылық, бөлімше, баспасөз орталығы, пункт (желілік, жылжымалы), хатшылық, қойма, басқарма, торап, учаске, бөлім, штаб, топ, сектор, қызмет, орталық, бюро, депо, шеберхана, ауысым), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстарды тікелей орындаумен айналысатын басшылардан басқа;
70. хатшы (отырыстың, алқаның хатшысы, жауапты хатшы, басқарманың, президиумның, соттың, шығармашылық одақтың, федерацияның, қордың);
71. мейіргер;
72. қараушы;
73. кеңесші;
74. социолог;
75. спектроскопист;
76. маман (бақылаушы-ревизор, қазынашы, бухгалтер-сарапшы), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстармен айналысатын мамандардан басқа;
77. аға маман (бухгалтер-сарапшы, бақылаушы-ревизор, инспектор-ревизор, нұсқаушы, қазынашы, оператор, жұмыстарды өндіруші (прораб), штурман), жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстармен тікелей айналысатын аға мамандардан басқа;
78. статистик (медициналық статистиктерді қоса алғанда);
79. стивидор;
80. супервайзер;
81. есепші;
82. табельші;
83. таксалаушы;
84. тарифтеуші, әуе қатынастары агенттіктерінің тарифтеушілерінен басқа;
85. барлық атаудағы техниктер, зоотехниктер, ветеринарлық техниктер, тіс техниктері, сондай-ақ жобалау, конструкторлық, технологиялық жұмыстарды орындайтын және құралдарға, жабдыққа, компьютерлік (есептеу) және басқа да техника құралдарына қызмет көрсетумен, оларды жөндеумен және пайдаланумен тікелей айналысатын техниктерден басқа;
86. уәкіл (өкіл);
87. басқарушы (концерн, база, трест, бөлімше, станса, сенімгер басқарушы, іс басқарушы);
88. есеп жүргізуші;
89. мұғалім;
90. фельдъегерь;
91. хронометражшы;
92. штурман;
93. экономист (барлық атаудағы, жобалау, конструкторлық, ғылыми-зерттеу, технологиялық және осыған ұқсас жұмыстарды орындаумен тікелей айналысатын экономистерден, инженер-экономистерден басқа);
94. экскурсия жетекшісі;
95. заң кеңесшісі;
96. жоғарыда тізілген лауазымдар атауларына теңестірілген басқа да лауазымдар.
Ескертпе:
Мемлекеттік органдар болып табылатын мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлерден басқа, басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер қатарындағы жұмыскерлердің барлық лауазымдары әкімшілік персоналға жатады.
Мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік мекемелерде және басқа ұйымдарда конструкторлық, жобалау, технологиялық қызметтермен айналысатын немесе конструкторлық, жобалау, технологиялық жұмыстарды орындайтын жұмыскерлердің лауазымдары әкімшілік персоналға жатпайды.
Заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардан басқа, қарамағында әкімшілік персоналға жатпайтын екі және одан да аз жұмыскерлері бар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары да бұл персоналға жатпайды.