"Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 635 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12614 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 244 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 20.02.2018 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың түсімдерін аудару мен есепке алудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 257 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 10989 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын бюджетке аудару, қайтару (есепке жатқызу) қағидасында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар кедендік транзиттің кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды қоспағанда, тауарларды шығару жүргізілетін немесе аумағында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған мемлекеттік кірістер органында төленеді (өндіріп алынады).

      Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеушілер екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлейді. Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды төлеуге төлем құжаттарында төлеушілер тауар шығару жүргізілетін мемлекеттік кірістер органының тіркеу орны бойынша орналасқан бенефициар мемлекеттік кірістер органының деректемелерін көрсетеді.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар және өсімпұлдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын бюджеттен қайтару (есепке жатқызу) мақсатында төлеуші Салық кодексінің 599, 601 және 602-баптарында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кеден төлемдерін, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару жүргізуге салықтық өтінішпен кедендік декларациялау, тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру жүзеге асырылған, алдын ала шешім қабылданған мемлекеттік кірістер органының тіркеу орны бойынша орналасқан бенефициар мемлекеттік кірістер органына жүгінеді.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің сол бір төлем құжаты бойынша кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомаларын қайталап төлеуге әкеп соқтырған төлем құжатын қате орындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органы банктің өтініші бойынша Салық кодексінің 601-бабына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасын қайтару қайтару жүргізеді.";

      қосымша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Ерғожин Д.Е.) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы Министрі

Б. Сұлтанов


О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 257 "О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 9 декабря 2015 года № 635. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2015 года № 12614. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 20 февраля 2018 года № 244.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 20.02.2018 № 244 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2016 г.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 3 апреля 2015 года № 257 "О некоторых вопросах перечисления и учета поступлений таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 10989, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 1 июня 2015 года) следующие изменения:

      в Правилах перечисления в бюджет, возврата (зачета) излишне (ошибочно) уплаченных или излишне взысканных сумм таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней из бюджета, сумм авансовых платежей, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Таможенные пошлины, налоги, таможенные сборы и пени уплачиваются (взыскиваются) в органе государственных доходов, в котором производится выпуск товаров, за исключением товаров, выпущенных в таможенной процедуре таможенного транзита, или на территории которого выявлен факт незаконного перемещения товаров через таможенную границу Евразийского экономического союза.

      Уплата таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней производится плательщиками через банки второго уровня, а также организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций. В платежных документах на уплату таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней плательщиком указываются реквизиты органа государственных доходов-бенефициара, находящегося по месту регистрации органа государственных доходов, в котором производится выпуск товара.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. В целях возврата (зачета) излишне (ошибочно) уплаченных или излишне взысканных сумм таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней из бюджета, плательщик обращается в орган государственных доходов-бенефициар, находящегося по месту регистрации органа государственных доходов, в котором совершено таможенное декларирование, таможенное сопровождение товаров и транспортных средств, принято предварительное решение, с налоговым заявлением на проведение зачета и возврата налогов, других обязательных платежей, таможенных платежей, пеней и штрафов в порядке и сроки, установленные статьями 599, 601 и 602 Налогового кодекса.";

      пункт 12 исключить;

      пункт 13 изложить в следующей редакции:

      "13. В случаях ошибочного исполнения банком второго уровня или организацией, осуществляющей отдельные виды банковских операций (далее – банк), платежного документа плательщика, приведшего к повторному перечислению сумм таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней в бюджет по одному и тому же платежному документу, по заявлению банка орган государственных доходов в соответствии со статьей 601 Налогового кодекса производит возврат ошибочно уплаченной суммы таможенных пошлин, налогов, таможенных сборов и пеней.";

      приложение исключить.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Ергожин Д.Е.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Министр финансов


Республики Казахстан

Б. Султанов