Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдинет және спорт министрінің 18.07.2017 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
"Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 9-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидалары бекітілсін.
2. Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр | А. Мұхамедиұлы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 373 бұйрығымен бекітілген |
Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару мен таратуды қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру мақсатында әзірленіп, мына кезеңдерден тұратын:
1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару үшін өтінімдерді қабылдау және қарастыру;
2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығарудың Тақырыптық жоспарын бекіту, әдебиетті басып шығару тәртібін айқындайды.
2. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығаруға өтінім
қабылдау және қарастыру тәртібі
3. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару үшін өтінім (бұдан әрі - өтінім) жеке және заңды тұлғалардан осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) беріледі.
4. Өтінім жыл бойы 1 қазанға дейін қабылданады.
5. Өтініммен қоса:
1) Қазақстан Жазушылар одағының немесе М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының рецензиясы (көркем, балаларға арналған әдебиетке және публицистиканы басып шығару үшін);
тақырыптық бағытына қарай салалық ғылыми-зерттеу институтының сараптамалық қорытындысы (ғылыми әдебиетті басып шығару үшін);
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісімі (Қазақстан Республикасының Президенті туралы әдебиетті басып шығару үшін);
діни қызмет саласындағы уәкілетті органның сараптама қорытындысы (діни әдебиетті басып шығару үшін);
тиісті шығармашылық одақтың сараптамасы (өнер туралы әдебиетке, оның ішінде фотоальбомдарға, кітап-альбомдарға, музыкалық шығармаларға және тағы басқаларға басып шығару үшін);
2) қолжазбаның СD-дискіге жазылған электрондық нұсқасы;
3) "Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес айрықша құқық беру туралы авторлық шарттың нотариалды куәландырылған көшірмесі берілуі тиіс;
4) ұсынған шығармасын уәкілетті органмен интернет-ресурстарда орналастыруға автордың жазбаша келісімі (авторлық шартта ондай келісім болмаған жағдайда немесе авторлық шарт болмаған жағдайда);
5) өткізілген мемлекеттік сатып алулардың нәтижесі бойынша анықталған баспамен авторлық шарт жасауға, сондай-ақ ұсынған шығармасын уәкілетті органмен интернет-ресурстарда орналастыруға автордың жазбаша келісімі (автордың жасалған авторлық шарты болмаған жағдайда).
6. Уәкілетті орган қосымша берілген құжаттармен қоса барлық келіп түскен өтінімдерді ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін уәкілетті органның жанындағы Әдебиет және кітап шығару жөніндегі көркемдік кеңестің (бұдан әрі - Көркемдік кеңес) қарауына ұсынады.
7. Көркемдік кеңес ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін тиісті қаржылық жылға бөлінген бюджеттік қаражатты есепке ала отырып, қосымша берілген құжаттардың тізімімен қоса келіп түскен өтінімдердегі шығармалардың көркемдік құндылығын, басып шығарудың өзектілігі мен тиімділігін қарастырады.
3. Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығарудың
Тақырыптық жоспарын бекіту
8. Көркемдік кеңес барлық өтінімдерді қарастырғаннан кейін шығарманы қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығарудың тақырыптық жоспарына (бұдан әрі - Тақырыптық жоспар) енгізу немесе енгізбеу жөнінде шешім қабылдайды.
9. Көркемдік кеңестің шешімі ұсыныстық сипаттағы хаттама түрінде рәсімделеді.
10. Хаттамаға көркемдік кеңестің төрағасы, хатшысы, мүшелері қол қояды.
11. Көркемдік кеңес шешімінің негізінде уәкілетті орган отыз күнтізбелік күннің ішінде жеке және заңды тұлғаларға тиісті жазбаша хабарлама жолдайды.
12. Тиісті жылға арналған Тақырыптық жоспарды уәкілетті орган бекітеді.
Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидаларына қосымша |
Нысан
кімге ________________________________________
(өтінімді қабылдайтын уәкілетті органның атауы)
кімнен________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
Өтінім
______ жылға арналған Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып
шығарудың тақырыптық жоспарына мына әдебиетті қосуды сұраймын:
____________________________________________________________________.
(атауы, түрі, тілі, шартты баспа табақтағы көлемі, бояуы)
Қосымша: ______________________________________________________
(өтінімге қоса берілетін құжаттар тізімі)
_______________________________________________________________
(тұрғылықты мекен-жайы немесе заңды мекенжайы, телефоны)
Қолы __________________ Өтінім берілген күні, _________________
Мөр орны (заңды тұлға үшін)