Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12651 болып тіркелді. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 № 12 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 19.10.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                         Т. Донақов

Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік қызмет істері 
министрінің         
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 18 бұйрығымен      
бекітілген       

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің
үлгілік қағидалары 

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5 тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектісі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тәртібі

      2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушының немесе оның лауазымын алмастырушының шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі болып табылады.
      3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешімі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.
      4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы жүргізеді.
      5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің, ведомствосының, ведомстволық бағынысты ұйымның, аумақтық және оған теңестірілген бөлімшелерінің (бұдан әрі – бөлімше) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі болып табылады.
      6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы шешімде мынадай ақпарат болады:
      1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы;
      2) осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты;
      3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы туралы;
      4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі;
      5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы.
      7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің мерзімділігін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектілері айқындайды.
      8. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
      2) бөлімшенің ұыймдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
      9. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталады.
      10. Бөлімшенің ұыймдастырушылық-басқарушылық қызметі деп мынадай мәселелер түсініледі:
      1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
      2) мүдделер қақтығысын реттеу;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету;
      4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;
      5) бақылау функцияларын іске асыру;
      6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
      11. Мыналар:
      1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;
      2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;
      3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
      4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
      5) прокурорлық қадағалау актiлерi;
      6) сот актілері;
      7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.
      12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша мыналарды:
      1) анықталған сыбайлас жемқорлық тауекелдері туралы ақпаратты;
      2) оларды жою бойынша ұсынымдарды;
      3) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды іске асыру мерзімдерін қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді.
      13. Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге қатысқан лауазымды тұлғалармен, бөлімше басшылығымен келісіледі және оған осы Қағидалардың 6-тармағының 5-тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлға қол қояды.
      14. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді жою туралы ұсынымдар бар талдамалық анықтама қарау және шаралар қолдану үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына ұсынылады.
      15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
      16. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, соның ішінде алқа, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында, арнайы мемлекеттік органдарды және қоғамдық ұйымдарды қоспағанда, жария талқылауға жол беріледі.
      17. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектілері жарты жыл сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-ына дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға есептік кезеңде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау туралы, олардың нәтижелері және оларды жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпаратты жолдайды.

Об утверждении Типовых правил проведения внутреннего анализа коррупционных рисков

Приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 18. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2015 года № 12651. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 19 октября 2016 года № 12

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции от 19.10.2016 № 12 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 18 ноября 2015 года «О противодействии коррупции», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Типовые правила проведения внутреннего анализа коррупционных рисков.
      2. Департаменту антикоррупционной политики Министерства по делам государственной службы Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в периодические печатные издания и в информационно-правовую систему «Әділет»;
      3) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра по делам государственной службы Республики Казахстан, курирующего вопросы антикоррупционной политики.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2016 года.

      Министр                                    Т. Донаков

Утверждены        
приказом Министра     
по делам государственной службы
Республики Казахстан    
от 29 декабря 2015 года № 18 

Типовые правила проведения
внутреннего анализа коррупционных рисков

1. Общие положения

      1. Настоящие Типовые правила проведения внутреннего анализа коррупционных рисков (далее – Типовые правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 8 Закона Республики Казахстан «О противодействии коррупции» и определяют порядок проведения внутреннего анализа коррупционных рисков государственными органами, организациями и субъектами квазигосударственного сектора (далее – субъекты внутреннего анализа коррупционных рисков).

2. Порядок проведения
внутреннего анализа коррупционных рисков

      2. Основанием для проведения внутреннего анализа коррупционных рисков является решение первого руководителя субъекта внутреннего анализа коррупционных рисков, при его отсутствии лица исполняющего его обязанности либо замещающего его должность.
      3. Решение первого руководителя субъекта внутреннего анализа коррупционных рисков о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков принимается на основании результатов антикоррупционного мониторинга.
      4. Внутренний анализ коррупционных рисков проводится структурным подразделением, должностным лицом (должностными лицами), определяемым первым руководителем субъекта внутреннего анализа коррупционных рисков или создаваемой его решением рабочей группой.
      5. Объектом внутреннего анализа коррупционных рисков является деятельность структурного подразделения, ведомства, подведомственной организации, территориального и приравненного к нему подразделения субъекта внутреннего анализа коррупционных рисков (далее – подразделение).
      6. Решение о проведении внутреннего анализа коррупционных рисков содержит следующую информацию:
      1) наименование подразделения, деятельность которого подлежит внутреннему анализу коррупционных рисков;
      2) направление внутреннего анализа коррупционных рисков в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил;
      3) о структурном подразделении, должностном лице (должностных лицах) или персональном составе рабочей группы, которая проводит внутренний анализ коррупционных рисков;
      4) период проведения внутреннего анализа коррупционных рисков;
      5) о должностном лице субъекта внутреннего анализа коррупционных рисков, на которое возлагается руководство, координация и ответственность за проведение внутреннего анализа коррупционных рисков и результаты работы.
      7. Периодичность проведения внутреннего анализа коррупционных рисков определяется субъектами внутреннего анализа коррупционных рисков.
      8. Внутренний анализ коррупционных рисков осуществляется по следующим направлениям:
      1) выявление коррупционных рисков в нормативных правовых актах и правовых актах, затрагивающих деятельность подразделения;
      2) выявление коррупционных рисков в организационно-управленческой деятельности подразделения.
      9. В нормативных правовых актах и правовых актах, затрагивающих деятельность подразделения, выявляются дискреционные полномочия и нормы, способствующие совершению коррупционных правонарушений.
      10. Под организационно-управленческой деятельностью подразделения понимаются вопросы:
      1) управления персоналом, в том числе сменяемость кадров;
      2) урегулирования конфликта интересов;
      3) оказания государственных услуг;
      4) реализации разрешительных функций;
      5) реализации контрольных функций;
      6) иные вопросы, вытекающие организационно-управленческой деятельности подразделения.
      11. Источниками информации для проведения внутреннего анализа коррупционных рисков, являются:
      1) нормативные правовые акты, затрагивающие деятельность подразделения;
      2) результаты проверок, ранее проведенных государственными органами в отношении подразделения;
      3) публикации в средствах массовой информации;
      4) обращения физических и юридических лиц, поступившие в подразделение;
      5) акты прокурорского надзора;
      6) судебные акты;
      7) иные сведения, предоставление которых не запрещено законодательством Республики Казахстан.
      12. По результатам внутреннего анализа коррупционных рисков готовится аналитическая справка, содержащая:
      1) информацию о выявленных коррупционных рисках;
      2) рекомендации по их устранению;
      3) сроки реализации рекомендации по устранению выявленных коррупционных рисков.
      13. Аналитическая справка согласовывается должностными лицами, принимавшими участие в проведении внутреннего анализа коррупционных рисков, руководством подразделения и подписывается должностным лицом, указанным в подпункте 5) пункта 6 настоящих Правил.
      14. Аналитическая справка с рекомендациями по устранению выявленных коррупционных рисков вносится первому руководителя субъекта внутреннего анализа коррупционных рисков для рассмотрения и принятия мер.
      15. Результаты внутреннего анализа коррупционных рисков размещаются на интернет-ресурсе субъекта внутреннего анализа коррупционных рисков.
      16. Допускается публичное обсуждение результатов внутреннего анализа коррупционных рисков, в том числе на заседаниях коллегиальных, консультативно-совещательных органов по противодействию коррупции субъекта внутреннего анализа коррупционных рисков, за исключением специальных государственных органов, и общественных организаций.
      17. Субъекты внутреннего анализа коррупционных рисков по полугодиям не позднее 10 числа месяца, следующего за отчетным, предоставляют в уполномоченный орган по противодействию коррупции, информацию о проведенных за отчетный период внутренних анализах коррупционных рисков, их результатах и принятых (принимаемых) мерах по их устранению.