Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12728 болып тіркелді

      «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау қорында орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А.Дауылбаев

Қазақстан Республикасы       
Бас Прокурорының          
2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 159 
бұйрығымен бекітілген       

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында жұмыс стандарттарын (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының прокуратура органдарында (бұдан әрі – прокуратура органдары) жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібін айқындайды.
      2. Технологиялық сызба – прокуратура органдарының әрбір лауазымы бойынша және қызметінің бағыты бойынша бөлек орындалатын жұмыстарды талдау негізінде жасалатын, нақты лауазымдағы қызметкердің (лауазымды тұлғаның) қызметінің алгоритмі, қағидалары мен мазмұнының сипаттамасы.

2. Жұмыс стандарттарын белгілеу тәртібі

      3. Жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) (бұдан әрі – жұмыс стандарттары) прокуратура органдарының қызметкерлерінің (бұдан әрі – қызметкерлер) қызметтік жүктемесінің және кәсіби қызметін реттеудің тиімді деңгейіне жету үшін белгіленеді, сондай-ақ қызметкерлердің қызметін бағалау және штат санын анықтау кезінде ескеріледі.
      4. Жұмыс стандарттары мыналарды қамтиды:
      1) прокуратура органдары қызметінің бағыттарында, нақты учаскесінде белгілі бір нәтижелерге жетуге бағытталған технологиялық сызбалар;
      2) технологиялық сызбаларды сақтауды бағалау тәсілдері.
      5. Прокуратура органдарының әрбір лауазымы бойынша және қызметінің бағыты бойынша бөлек орындалатын жұмыстарды талдау бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:
      1) әрбір лауазымдағы қызметтің әрбір бағыты бойынша жұмыстардың барлық түрлерінің тізбесін құрастыру;
      2) жұмыстардың тиісінше түрін қалыптастыратын нақтылы әрекеттердің тізбесін қатаң түрде құрастыру;
      3) әрбір нақты әрекеттің уақыт нормасын айқындау;
      4) нақты әрекеттің нәтижесіне қойылатын талаптар.
      6. Қызметтің бағыттары бойынша жұмыс стандарттары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен әзірленеді және қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне қоса тіркеледі.
      7. Жұмыс стандарттарын әзірлеу кезінде ғылыми-зерттеу жұмыстарының және (немесе) басқа да заманауи жетістіктер мен ғылыми әдістердің нәтижелері пайдаланылады.
      8. Жұмыс стандарттарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаменті жүзеге асырады.

Об утверждении Правил установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) в органах прокуратуры Республики Казахстан

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 26 декабря 2015 года № 159. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12728

       В соответствии со статьей 29 Закона Республики Казахстан от 6 января 2011 года «О правоохранительной службе», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) в органах прокуратуры Республики Казахстан.
      2. Департаменту кадровой работы Генеральной прокуратуры Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Генеральный Прокурор
      Республики Казахстан                       А. Даулбаев

Утверждены        
приказом Генерального Прокурора
Республики Казахстан   
от 26 декабря 2015 года № 159

Правила
установления стандартов работ
(алгоритм, правила и требования к результатам деятельности
сотрудника на конкретном участке работы)
в органах прокуратуры Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления стандартов работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудника на конкретном участке работы) в органах прокуратуры Республики Казахстан (далее – Правила) определяют порядок установления стандартов работ в органах прокуратуры Республики Казахстан (далее – органы прокуратуры).
      2. Технологическая схема - это описание алгоритма, правил и содержания действий сотрудника (должностного лица) на конкретной должности, составляемое на основе анализа выполняемых работ по каждому направлению деятельности и каждой должности органов прокуратуры в отдельности.

2. Порядок установления и разработки работ

      3. Стандарты работ (алгоритм, правила и требования к результатам деятельности сотрудников на конкретном участке работы) (далее – стандарты работ) устанавливаются для достижения оптимальной степени упорядочения профессиональных действий и служебной нагрузки сотрудников органов прокуратуры (далее - сотрудники), а также учитываются при оценке деятельности сотрудников и определении штатной численности.
      4. Стандарты работ включают в себя:
      1) технологические схемы, направленные на достижение определенных результатов на конкретном участке, направлении деятельности органов прокуратуры;
      2) методы оценки соблюдения технологических схем.
      5. Анализ выполняемых работ по каждому направлению деятельности и каждой должности органов прокуратуры в отдельности включает в себя ряд последовательных этапов:
      1) составление перечня всех видов работ по каждому направлению деятельности каждой должности;
      2) составление перечня конкретных действий в их строгой последовательности, который образует соответствующий вид работы;
      3) определение нормы времени каждого конкретного действия;
      4) требования к результатам конкретных действий.
      6. Стандарты работ по направлениям деятельности разрабатываются руководителями структурных подразделений Генеральной прокуратуры Республики Казахстан и прилагаются к должностным обязанностям сотрудников.
      7. При разработке стандартов работ используются результаты научно-исследовательских работ и (или) иных современных достижений и научных методов.
      8. Координацию деятельности по разработке стандартов работ осуществляет Департамент кадровой работы Генеральной прокуратуры Республики Казахстан.