Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 411 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12737 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес мемлекеттік архивтер қызметкерлерінің кәсіби және біліктілік дайындығы деңгейін, іскерлік қасиетін айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Мемлекеттік мұрағаттар қызметкерлерін аттестациялаудан өткізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 05 тамызда № 8606 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2013 жылғы 17 тамыздағы № 192 (28131) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Мұрағат ісі және құжаттама департаменті (Д.С. Мұқатаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы бұйрықтың осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 411 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабы 7-тармағына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағида Қазақстан Республикасының мемлекеттік архивтерінде және олардың филиалдарында (бұдан әрі – мемлекеттік архивтер) жұмыс істейтін азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік архивтердің басшыларын және олардың орынбасарларын (бұдан әрі – басшылар), мемлекеттік архивтердің мамандарын (бұдан әрі – жұмыскерлер) аттестаттаудан өткізу – олардың кәсіптік және біліктілік даярлығының деңгейін, іскерлік қасиеттерін анықтау, біліктілік санаттарын белгілеу бойынша жүйелі түрде жүзеге асырылатын процедура.

      4. Басшыларды аттестаттаудан өткізуді тағайындаған архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы (бұдан әрі – архив ісі және құжаттама саласы) уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы жүзеге асырады.

      Жұмыскерлер жұмыс орындары бойынша аттестаттаудан өтеді. Аудандық архивтерде жұмыскерлердің саны 10 адамнан кем болса, тиісті облыстың мемлекеттік архивінде аттестаттаудан өтеді. Бұл жағдайда, аттестаттау комиссиясының құрамына тиісті аудан архивтерінің өкілдері енгізіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Аттестаттаудан өткізу кезінде бағалаудың негізгі өлшемі болып жұмыскерлердің оларға жүктелген міндеттерді орындау қабілеті болып табылады.

      6. Жүкті әйелдерден, сонымен қатар архив ісі және құжаттама саласында 20 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған тұлғалардан басқа барлық жұмыскерлер аттестаттаудан өтуге жатады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Біліктілік санаттары (разрядтар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабы 16) тармақшасына сәйкес еңбек қатынастарын реттеу саласындағы еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілетін Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына, Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, сонымен қатар ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгіленеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Жұмыскерлер азаматтық қызметте болған уақыттың әрбiр кезектi үш жыл өткен сайын, бiрақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн мерзiмде аттестаттаудан өтедi. Аттестаттау белгіленген мерзім келген күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде өткізілуі тиіс. Бала күтіміне байланысты демалыста жүрген жұмыскерлер жұмысқа шыққаннан кейін алты айдан соң аттестаттаудан өтеді.

      9. Жұмыскерлерді аттестаттаудан өткізу олардың берген өтініштері негізінде мерзімінен бұрын өткізуге жол беріледі.

      10. Аттестаттаудан өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) аттестаттаудан өткізуге дайындық;

      2) жұмыскерлерді тестілеу;

      3) аттестаттау комиссиясының жұмыскерлермен сұхбаттасу жүргізу;

      4) аттестаттау комиссиясының шешімін шығару.

2-тарау. Аттестаттауды өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Басшының тапсырмасы бойынша персоналмен жұмыс жүрізу бойынша жауапты құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – кадр қызметі) жұмыскерлерді аттестаттауды ұйымдастырады.

      Аттестаттаудан өткізуге дайындыққа мынадай:

      1) аттестатталанушыға қажетті құжаттарды дайындау;

      2) аттестаттау кестесін әзірлеу;

      3) аттестаттау комиссиясының құрамын айқындау;

      4) аттестаттауды өткізу мақсаты мен тәртібі бойынша түсіндіру жұмысын ұйымдастыру іс-шаралары кіреді.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Кадр қызметі осы Қағиданың 8-тармағына сәйкес аттестаттаудан өтуге тиіс жұмыскерлерді жарты жылда бір рет айқындайды.

      13. Басшы кадр қызметінің ұсынуымен бұйрық шығарады, сол бұйрықпен аттестаттаудан өтетін жұмыскерлер тізімін, аттестаттауды өткізу кестесін және аттестаттау комиссиясының құрамын бекітеді.

      14. Кадр қызметі аттестаттауды өткізу мерзімі туралы, оны өткізудің басталуына кемінде бір ай қалғанда жұмыскерлерге жазбаша хабарлайды.

      15. Аттестаттаудан өтуге тиіс жұмыскерлердің тікелей басшысы қызметтік мінездемені рәсімдеп, оны кадр қызметіне тапсырады.

      Басшыларға қызметтік мінездеме архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен дайындалады.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қызметтік мінездемеде аттестатталанушының кәсіби және біліктілік дайындығына, іскерлік қасиеттері мен қызметтік жұмысының нәтижелеріне негізделген, объективті бағасын қамтиды.

      17. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының отырысына дейін кемінде үш апта бұрын жұмыскерді оған берілген қызметтік мінездемемен таныстырады.

      18. Жұмыскер өзіне берілген қызметтік мінездемемен келіспейтіні туралы мәлімдеме жасауға және өзін сипаттайтын ақпаратты кадр қызметіне ұсынуға құқылы.

      19. Аттестатталанушы жұмыскерге кадр қызметі осы Қағиданың 1-қосымшасында берілген нысанға сәйкес Аттестаттау парағын ресімдейді.

      20. Кадр қызметі жинақталған аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына жолдайды.

3-тарау. Аттестаттау комиссиясы

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) басшымен құрылады, мүшелерінің тақ санынан және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссияның құрамына комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері енгізіледі. Төраға және төрағаның орынбасары комиссия мүшелерінің ішінен тағайындалады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Басшыларды аттестаттайтын комиссия архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен құрылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Комиссия төрағасы комиссия қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі мен қабылдайтын шешімдері үшін жауапкершілік атқарады.

      24. Комиссияның құрамына мемлекеттік архив бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлердің өкілдері кіреді, ал басшыларды аттестаттайтын комиссияның құрамына архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының бөлімше басшылары мен жұмыскерлері кіреді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      25. Комиссияның болмаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді.

      26. Кадр қызметінің жұмыскері комиссияның хатшысы болып табылады. Хатшы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады және комиссияның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, комиссия отырысының қорытындылары бойынша хаттама рәсімдейді және дауыс беруге қатысу құқығы жоқ.

      27. Комиссия мүшелері аттестаттаудан жалпы негіздерде өтеді. Комиссия құрамына кіретін жұмыскер өзіне қатысты дауыс беруге қатыса алмайды.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Егер комиссия құрамының үштен екi бөлiгi қатысса оның отырысы құқықты болып есептеледi.

      29. Комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс берудің нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен айқындалады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде мазмұндалуға және хаттамаға қоса берілуге тиіс. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

      30. Комиссия аттестатталанушы жұмыскерді аттестаттауды оның қатысуымен жүргiзедi.

      Аттестатталанушы жұмыскердің комиссия отырысына дәлелді себептермен (еңбекке уақытша қабiлетсiздiк, демалыста болуы, кәмелетке толмаған баланың сырқаты, жақын туыстары қайтыс болуы, іссапарда болуы) келмеу жағдайынан басқа орынсыз себептермен қатыспағанда, аттестаттаудан өтпеді деп танылады. Аттестатталанушы жұмыскер дәлелдi себеп бойынша комиссияның отырысына келе алмаған жағдайда, оны аттестаттау мәселесін қарау комиссия белгілеген кейінірек мерзiмге ауыстырылады.

4-тарау. Тестілеу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Тестілеу аттестатталанушының таңдауымен қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі. Басшылар үшін тест сұрақтарының саны 80, ал жұмыскерлер үшін – 60 сұрақты құрайды.

      32. Жұмыскерлер үшін тест сұрақтары мемлекеттік архивтің басшысымен, ал басшылар үшін – архив ісі және құжаттама саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органымен жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей әзірленеді және бекітіледі. Тест сұрақтары жауаптарының біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Тестілеу нәтижелері балмен бағаланады және тапсырылған күні хабарланады. Әрбір тест сұрағына дұрыс жауап бір балмен бағаланады.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Тестілеу нәтижелерін оң деп тану үшін негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тесттерде қамтылған сұрақтар санынан басшылар үшін 80 %-ды, ал жұмыскерлер үшін – 70%-ды құрайды.

      Тестілеу кезеңінің шекті деңгейіне жетпеген жұмыскерлер сұхбаттасуға өткізілмейді және қайта аттестаттаудан өтуге жатады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Сұхбаттасуды және қайта аттестаттауды өткізу

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Атқаратын лауазымына сәйкестігіне және функциональдық міндеттерін орындағанда құзыреттілігіне сұхбаттасу аттестатталанушының таңдауымен қазақ немесе орыс тілінде жүргізіледі.

      36. Комиссия ұсынылған материалдарды зерделейді және аттестатталанушы жұмыскердің жауаптарын тыңдайды. Аттестатталанушы жұмыскердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін талқылау шынайы, сыпайылық және тілектестік жағдайында өтуі қажет.

      37. Ұсынылған материалдарды зерделеу, тестілеу нәтижелері және аттестатталанушы жұмыскермен сұхбаттасу нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес;

      2) қайта аттестаттауға жатады.

      Комиссия оң шешім шығарғанда жұмыскердің тиісті біліктілік санатын (разрядын) белгілейді (растайды), не оны белгілеуге негіз жоқ екендігін көрсетеді.

      38. Қайта аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш ай өткеннен кейін, осы Қағидада анықталған тәртіпте өтеді. Қайта аттестаттау нәтижелері бойынша комиссия мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес;

      2) атқаратын лауазымына сәйкес емес.

      "Атқаратын лауазымына сәйкес болған жағдайда комиссия осы Қағиданың 37-тармағының екінші бөлігін ескере отырып шешім қабылдайды.

      Комиссиямен атқаратын лауазымына сәйкес еместігі туралы шешімді қабылдау аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады. Басшылар мен жұмыскердің аттестаттаудағы теріс нәтижесі оны лауазымынан төмендету үшін, ал егер ол ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартқан жағдайда – жұмыстан босату үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Комиссияның бағалары мен ұсынымдары отырысқа қатысқан комиссия мүшелерімен қол қойылатын аттестаттау парағында белгіленеді.

      40. Комиссияның шешімі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған оның отырысына қатысқан комиссия мүшелері мен хатшы қол қояды.

      Комиссия шешімі аттестаттау өткізілген күннен бастап бір айлық мерзімде басшымен бекітіледі.

      Ескерту. 40-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Комиссия хатшысы аттестатталанушыны комиссияның шешімімен таныстырады. Жұмыскер аттестаттау парағымен таныстырылған соң қол қоюдан бас тартса, комиссия хатшысымен күні және қолы қойылған тиісті жазу қалдырады.

      42. Аттестаттау парағы, қызметтік мінездеме, комиссияның шешімі аттестатталанушының жеке ісінде сақталады.

6-тарау. Комиссия шешіміне шағымдану

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      43. Жұмыскер комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.

      44. Осы Қағида талаптарының бұзылғандығы анықталған жағдайда басшы бұйрықты өзгертуге және қайта аттестаттау тағайындауға құқығы бар. Қайта аттестаттау осы Қағиданың 38-тармағына сәйкес жүргізіледі.

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік архивтерінің
азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

      Аттестаттау парағы

      Аттестаттау түрі: кезекті ____ қайтадан өту ___(керегін Х

      белгісімен белгілеңіз).

      1. Аты-жөні, тегі _____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Туған күні "___"_______________________жылы.

      3. Білімі, біліктілігін арттыру мен қайта даярлануы туралы

      мәліметтер (қашан және қандай оқу орнын тәмамдаған, білімі бойынша

      мамандығы және біліктілігі, біліктілігін арттыру және қайта даярлану

      туралы құжаттар, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, олардың берілген

      күні)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Атқаратын лауазымы мен тағайындалған күні, біліктілік

      санаты(разряды)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Жалпы еңбек өтілі - ________________________________________

      6. Осы лауазымдағы жалпы еңбек өтілі: _________________________

      7. Аттестатталанушы тікелей басшысының қызметтік сипаттамасы

      негізінде қызметін бағалау _________________________________

      ____________________________________________________________________

      8. Отырысқа аттестаттау комиссиясының _______ мүшесі қатысты.

      9. Дауыс беру нәтижесі бойынша, аттестатталанушының қызметін

      бағалау:

      1) атқаратын лауазымына сәйкес __________________________;

      (дауыстар саны)

      2) аттестаттаудан қайтадан өтуге тиіс ________________________;

      (дауыстар саны)

      3) атқаратын лауазымына сәйкес емес _____________________;

      (дауыстар саны)

      10. Біліктілік санатын беру:

      1) ________________ (жазбаша) біліктілік санатына сәйкес;

      2) ________________ (жазбаша) біліктілік санатын беру үшін

      негіз жоқ.

      11. Аттестатталанушының пікірі: _______________________________

      12. Аттестаттау комиссиясының ұсынымдары (олардың қай

      себептермен берілгенін көрсете отырып): ____________________________.

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: __________________ (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________ (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________(қолдары)

      Аттестаттауды өткізу күні 20___ жылғы "___" __________

      Аттестаттау парағымен таныстым: _________________________

      ______________________________(азаматтық қызметшінің қолы мен

      қол қойған күні).

  Қазақстан Республикасы
мемлекеттік архивтерінің
азаматтық қызметшілерін
аттестаттаудан
өткізу қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.11.2019 № 301 (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      нысан

  Аттестаттаушы ұйымның
басшысымен
бекітілген
___________________қолы
(қолының мағынасын ашу)
20___жылғы "___"___________

      ______________________________________________________________

      (мемлекеттік архивтің атауы)

      № _____хаттама

      Өткізілген орны
      Өткізілген күні
      Комиссия төрағасы:
      Комиссия хатшысы:
      Комиссия мүшелері:
      Қатысқандар: (аттестатталанушылар жұмыс істейтін бөлімшелердің басшылары мен басқа да шақырылғандардың аты-жөні, тегі) _________________________________________

      Аттестаттау материалдары қаралды (аты-жөні, тегі, лауазымы, құрылымдық бөлімше)

      Аттестатталанушыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары_____________

      _______________________________________________________________

      Аттесттау комиссиясы мүшелерінің өз шешіміне негіздеме:

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Дауыс берушілер саны: қолдады _______; қарсы_______.

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: __________________ (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ___________________ (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ________________(қолдары)

      20___ жылғы "___" ____________

Об утверждении Правил проведения аттестации гражданских служащих государственных архивов Республики Казахстан

Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 25 декабря 2015 года № 411. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12737.

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 7 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года и в целях определения уровня профессиональной и квалификационной подготовки, деловых качеств работников государственных архивов ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения аттестации гражданских служащих государственных архивов Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 15 июля 2013 года № 159 "Об утверждении Правил проведения аттестации работников государственных архивов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 5 августа 2013 года № 8606, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 17 августа 2013 года № 254 (27528).

      3. Департаменту архивного дела и документации (Мукатаев Д.С.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе "Әділет", а также в Республиканский центр правовой информации для внесения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и спорта Республики Казахстан и на интернет-портале государственных органов;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства культуры и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта настоящего приказа.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра культуры и спорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

А. Мухамедиулы


  Утверждены
приказом Министра
культуры и спорта
Республики Казахстан
от 25 декабря 2015 года № 411

Правила проведения аттестации гражданских служащих государственных архивов Республики Казахстан

      Сноска. Заголовок в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Настоящие Правила проведения аттестации гражданских служащих государственных архивов Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с пунктом 7 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Правила определяют порядок проведения аттестации гражданских служащих, работающих в государственных архивах Республики Казахстан и их филиалах (далее - государственные архивы).

      Сноска. Пункт 2 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Аттестация руководителей государственных архивов и их заместителей (далее – руководители), специалистов государственных архивов (далее – работники) – периодически осуществляемая процедура по определению уровня профессиональной и квалификационной подготовки, деловых качеств, установлению квалификационных категорий.

      4. Аттестацию руководителей осуществляет назначивший уполномоченный государственный орган в сфере архивного дела и документационного обеспечения управления (далее – сфера архивного дела и документации) или местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы.

      Работники проходят аттестацию по месту работы. Аттестация работников районных архивов с численностью менее 10 человек, проводится в государственном архиве соответствующей области. В этом случае, в состав аттестационной комиссии включаются представители соответствующих районных архивов.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным приказом Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Основным критерием оценки при аттестации является способность работников выполнять возложенные на них обязанности.

      6. Аттестации подлежат все работники, за исключением беременных женщин, а также лиц, проработавших в сфере архивного дела и документации более 20 лет.

      Сноска. Пункт 6 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Квалификационные категории (разряды) устанавливаются в соответствии с Единым тарифно-квалификационным справочником работ и профессий рабочих, тарифно-квалификационными характеристиками профессий рабочих, Квалификационным справочником должностей руководителей, специалистов и других служащих, а также типовыми квалификационными характеристиками должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций, утверждаемыми уполномоченным государственным органом по труду в соответствии с подпунктом 16) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года.

      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Работники проходят аттестацию по истечении каждых последующих трех лет пребывания на гражданской службе, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности. Аттестация работников проводится не позднее шести месяцев со дня наступления указанного срока. Работники, находящиеся в отпуске по уходу за ребенком, аттестуются не ранее, чем через шесть месяцев после выхода на работу.

      9. Допускается проводить досрочную аттестацию работников до истечения указанных сроков на основании поданных ими заявлений.

      10. Аттестация включает следующие этапы:

      1) подготовка к проведению аттестации;

      2) тестирование работника;

      3) собеседование аттестационной комиссии с работником;

      4) вынесение решения аттестационной комиссии.

Глава 2. Организация работы по проведению аттестации

      Сноска. Заголовок главы 2 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. По поручению руководителя структурное подразделение, отвечающее за работу с персоналом (далее – кадровая служба), организует проведение аттестации работников.

      Подготовка к проведению аттестации включает следующие мероприятия:

      1) подготовку необходимых документов на аттестуемых;

      2) разработку графиков проведения аттестации;

      3) определение состава аттестационной комиссии;

      4) организация разъяснительной работы о целях и порядке проведения аттестации.

      Сноска. Пункт 11 с изменением, внесенным приказом Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      12. Кадровая служба определяет работников, подлежащих аттестации один раз в полугодие в соответствии с пунктом 8 настоящих Правил.

      13. Руководитель по представлению кадровой службы издает приказ, которым утверждаются список аттестуемых работников, график проведения аттестации и состав аттестационной комиссии.

      14. Кадровая служба письменно уведомляет работников о сроках проведения аттестации не позднее месяца до начала ее проведения.

      15. Непосредственный руководитель работника, подлежащего аттестации, готовит на него служебную характеристику и направляет ее в кадровую службу.

      Служебная характеристика на руководителей готовится уполномоченным государственным органом в сфере архивного дела и документации или местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы.

      Сноска. Пункт 15 с изменением, внесенным приказом Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Служебная характеристика содержит обоснованную, объективную оценку профессиональной и квалификационной подготовки, деловых качеств и результаты служебной деятельности аттестуемого.

      17. Кадровая служба ознакамливает работника с представленной на него служебной характеристикой в срок не позднее, чем за три недели до заседания аттестационной комиссии.

      18. Работник вправе заявить о своем несогласии с представленной на него служебной характеристикой и представить в кадровую службу информацию, характеризующую его.

      19. На аттестуемого работника кадровая служба оформляет аттестационный лист по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      20. Кадровая служба направляет собранные аттестационные материалы в аттестационную комиссию.

Глава 3. Аттестационная комиссия

      Сноска. Заголовок главы 1 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Аттестационная комиссия (далее – комиссия) создается руководителем, состоит из нечетного количества членов и секретаря комиссии. В состав комиссии включаются председатель комиссии, заместитель председателя и члены аттестационной комиссии. Председатель и заместитель председателя назначаются из членов комиссии.

      Сноска. Пункт 21 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Комиссия, аттестующая руководителей, создается уполномоченным государственным органом в сфере архивного дела и документации или местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы.

      Сноска. Пункт 22 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      23. Председатель комиссии руководит деятельностью комиссии, председательствует на заседаниях, планирует работу, осуществляет общий контроль и несет ответственность за деятельность и принимаемые решения.

      24. В состав комиссии включаются руководители подразделений и представители работников государственного архива, а в состав комиссии, аттестующей руководителей, входят руководители подразделений и работники уполномоченного государственного органа в сфере архивного дела и документации или местного исполнительного органа области, города республиканского значения, столицы.

      Сноска. Пункт 24 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      25. Замещение отсутствующих членов комиссии не допускается.

      26. Секретарем комиссии является работник кадровой службы. Секретарь осуществляет техническое обслуживание и обеспечивает функционирование комиссии, оформляет протокол по итогам заседания комиссии и не вправе принимать участие в голосовании.

      27. Члены комиссии проходят аттестацию на общих основаниях. Работник, входящий в состав комиссии, не может участвовать в голосовании относительно себя.

      Сноска. Пункт 27 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      28. Заседание комиссии считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.

      29. Решение комиссии принимается открытым голосованием. Результаты голосования определяются большинством голосов членов комиссии. Члены комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, должно быть изложено в письменном виде и приложено к протоколу. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.

      30. Комиссия проводит аттестацию аттестуемого работника в его присутствии.

      При неявке аттестуемого работника на заседание аттестационной комиссии, он признается не аттестованным, кроме случая неявки по уважительным причинам (временная нетрудоспособность, нахождение в отпуске, болезнь несовершеннолетнего ребенка, смерть близкого родственника, нахождение в командировке). В случае неявки аттестуемого на заседание комиссии по уважительной причине рассмотрение вопроса его аттестации переносится на более поздний срок, указанный комиссией.

Глава 4. Тестирование

      Сноска. Заголовок главы 4 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      31. Тестирование проводится на казахском или русском языках по выбору аттестуемого работника. Для руководителей число тестовых вопросов составляет 80 вопросов, а для работников – 60 вопросов.

      32. Тестовые вопросы разрабатываются и утверждаются для работников руководителем государственного архива, а для руководителей государственного архива – уполномоченным государственным органом в сфере архивного дела и документации или местным исполнительным органом области, города республиканского значения, столицы ежегодно не позднее 1 февраля. Тестовые вопросы должны содержать не менее трех вариантов ответов с одним правильным.

      Сноска. Пункт 32 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      33. Результаты тестирования оцениваются баллами и объявляются в день сдачи. Правильный ответ на каждый тестовый вопрос оценивается одним баллом.

      Сноска. Пункт 33 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      34. Пороговый уровень правильных ответов, являющийся основанием для признания результатов тестирования положительным, составляет для руководителей 80 %, а для работников – 70 % от количества вопросов, содержащихся в тестах.

      Работники, не преодолевшие пороговый уровень на этапе тестирования, на собеседование не допускаются и подлежат повторной аттестации.

      Сноска. Пункт 34 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 5. Проведение собеседования и повторной аттестации

      Сноска. Заголовок главы 5 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      35. Собеседование на соответствие занимаемой должности и компетентности при выполнении функциональных обязанностей проводится на казахском или русском языках по выбору аттестуемого.

      36. Комиссия изучает представленные материалы и заслушивает аттестуемого. Обсуждение профессиональных, деловых и личностных качеств аттестуемого работника должно проходить в обстановке объективности, корректности и доброжелательности.

      37. По результатам изучения представленных материалов, результатов тестирования и собеседования с аттестуемым работником, комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует занимаемой должности;

      2) подлежит повторной аттестации.

      При вынесении положительного решения комиссия устанавливает (подтверждает) соответствующую квалификационную категорию (разряд) работника, либо отмечает об отсутствии оснований для ее установления.

      38. Повторная аттестация проводится через три месяца со дня проведения первоначальной аттестации в порядке, определенном в настоящих Правилах. По итогам повторной аттестации комиссия принимает одно из следующих решений:

      1) соответствует занимаемой должности;

      2) не соответствует занимаемой должности.

      При соответствии занимаемой должности комиссия выносит решение с учетом части второй пункта 37 настоящих Правил.

      Принятие комиссией решения о несоответствии занимаемой должности является отрицательным результатом аттестации. Отрицательный результат аттестации руководителя и работника является основанием для понижения его в должности, а в случае его отказа от занятия предложенной должности – основанием для увольнения.

      Сноска. Пункт 38 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      39. Оценки и рекомендации комиссии фиксируются в аттестационном листе, который подписывается членами комиссии, присутствовавшими на заседании.

      40. Решение комиссии оформляется протоколом, который подписывается членами комиссии и секретарем, присутствовавшими на ее заседании по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      Решение комиссии в месячный срок со дня проведения аттестации утверждается руководителем.

      Сноска. Пункт 40 с изменением, внесенным приказом Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      41. Секретарь комиссии знакомит аттестуемого с решением комиссии. При отказе аттестуемого от подписи об ознакомлении в аттестационном листе, секретарем комиссии делается соответствующая запись с указанием даты и подписи.

      42. Аттестационный лист, служебная характеристика, решение комиссии хранятся в личном деле аттестуемого.

Глава 6. Обжалование решения комиссии

      Сноска. Заголовок главы 6 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      43. Работники имеют право обжаловать решение комиссии в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      44. В случаях обнаружения нарушений требований настоящих Правил, руководитель имеет право отменить приказ и назначить повторную аттестацию. Повторная аттестация проводится в соответствии с пунктом 38 настоящих Правил.

  Приложение 1
к Правилам проведения
аттестации гражданских
служащих государственных
архивов Республики Казахстан

      Сноска. Правый верхний угол приложения 1 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      форма

Аттестационный лист

      Вид аттестации: очередная ____ повторная _____ (нужное отметить знаком Х).

      1. Фамилия, имя, отчество ____________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Дата рождения "___"_______________________ года

      3. Сведения об образовании, о повышении квалификации,

      переподготовке (когда и какое учебное заведение окончил,

      специальность и квалификация по образованию, документы о повышении

      квалификации, переподготовке, ученая степень и ученое звание, дата их

      присвоения)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      4. Занимаемая должность и дата назначения, квалификационная

      категория (разряд)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      5. Общий трудовой стаж - ______________________________________

      6. Общий стаж работы на должности:_____________________________

      7. Оценка деятельности, на основании служебной характеристики

      непосредственного руководителя аттестуемого

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      8. На заседании присутствовало ______ членов аттестационной

      комиссии.

      9. Оценка деятельности аттестуемого по результатам голосования:

      1) соответствует занимаемой должности ________________________;

      (количество голосов)

      2) подлежит повторной аттестации _____________________________;

      (количество голосов)

      3) не соответствует занимаемой должности _____________________.

      (количество голосов)

      10. Присвоение квалификационной категории:

      1) соответствует __________________________ (прописью)

      квалификационной категории;

      2) отсутствует основание для присвоения квалификационной

      категории __________________________ (прописью).

      11. Мнение аттестуемого: ______________________________________

      12. Рекомендации аттестационной комиссии (с указанием мотивов,

      по которым они даются): _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Председатель аттестационной комиссии: __________________(подпись)

      Секретарь аттестационной комиссии: _____________________(подпись)

      Члены аттестационной комиссии: ________________________(подписи)

      Дата проведения аттестации "___" __________ 20___ года

      С аттестационным листом ознакомился: ____________________________

      _______________________ (подпись гражданского служащего и дата)

  Приложение 2
к Правилам проведения
аттестации гражданских
служащих государственных
архивов Республики Казахстан

      Сноска. Правый верхний угол приложения 2 в редакции приказа Министра культуры и спорта РК от 15.11.2019 № 301 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      форма

  Утвержден
руководителем аттестуемой
организации

      ________________ подпись

      (расшифровка подписи)

      "__" ______________20__ года

      ______________________________________________________________

      (наименование государственного архива)

Протокол № _____

Место проведения

Дата проведения


      Председатель комиссии:

      Секретарь комиссии:

      Члены комиссии:

      Присутствовали: (Ф.И.О. руководителей подразделений, в которых

      работают аттестуемые и других приглашенных)

      Рассмотрели аттестационные материалы на ____________________________

      (Ф.И.О. должность, подразделение)

      Вопросы к аттестуемому и его ответы ________________________________

      ____________________________________________________________________

      Обоснование членов аттестационной комиссии на свое решение:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Количество голосов: поддержали _______; против _______.

      Председатель аттестационной комиссии: __________________(подпись)

      Секретарь аттестационной комиссии: _____________________(подпись)

      Члены аттестационной комиссии: ________________________(подписи)

      "___" ____________ 20__ года