Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1045 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12765 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 16-бабының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптар бекітілсін.
      2. «Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жалпы талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 191 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10835 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оны мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі
      ___________ А. Сәрінжіпов
      2015 жылғы «___»________

Қазақстан Республикасы    
Денсаулық сақтау және    
әлеуметтік даму министрінің 
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1045 бұйрығымен бекітілген

Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және
олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптары

      Ұйымда кадрларды кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға қойылатын жалпы талаптары:
      1) ұйымның Жарғысында (Ережесінде) қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды тікелей жүргізетін ұйымдар үшін кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі норманың;
      2) кадрларды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі оқу жұмыс жоспарларының және бағдарламаларының;
      3) тиісті кәсіптер (мамандықтар) бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің;
      4) оқыту шартының (жұмыс беруші мен оқушы арасында тікелей ұйымда кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің) немесе білім беру қызметін көрсету туралы шарттың (жұмыс беруші мен қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым арасындағы кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шарттары туралы жазбаша келісімнің) болуын қамтиды.

Об утверждении общих требований к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров в организации

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 28 декабря 2015 года № 1045. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12765

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 01.01.2016.

      В соответствии с подпунктом 24) статьи 16 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые общие требования к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров в организации.
      2. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 31 марта 2015 № 191 «Об утверждении общих требований к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров в организации» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 10835, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 16 июня 2015 года).
      3. Департаменту занятости населения Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Нурымбетова Б.Б.
      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

      Министр здравоохранения
      и социального развития
      Республики Казахстан                       Т. Дуйсенова

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр образования и науки
      Республики Казахстан
      ___________ А. Саринжипов
      «___»________ 2015 год

Утверждены           
приказом Министра здравоохранения
и социального развития     
Республики Казахстан     
от 28 декабря 2015 года    
№ 1045             

Общие требования к профессиональной
подготовке, переподготовке и повышению квалификации
кадров в организации

      Общие требования к профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров в организации, включают наличие:
      1) в Уставе (Положении) организации нормы по профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров для организаций, которые непосредственно проводят профессиональную подготовку, переподготовку и повышение квалификации работников;
      2) рабочих учебных планов и программ по профессиональной подготовке, переподготовке и повышению квалификации кадров;
      3) учебников и учебно-методических комплексов по соответствующим профессиям (специальностям);
      4) договора обучения (письменного соглашения между работодателем и обучаемым об условиях профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации непосредственно в организации) или договора об оказании образовательных услуг (письменного соглашения между работодателем и организацией, реализующей образовательные программы дополнительного, технического и профессионального, послесреднего, высшего и послевузовского образования об условиях профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации).