"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 999 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12799 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (28490) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) дипломатиялық корпуспен жұмыс жөніндегі ұйым – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және/немесе олардың өкілдіктерімен, консулдық мекемелермен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлерімен жұмыс жөніндегі ведомстволық бағынысты ұйымы;
      2) жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі – МТНБ) – жеке және заңды тұлғалар көлік құралдарының 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері;
      3) жол қозғалысының шетелдік қатысушылары – 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар туралы» Вена конвенциясына және 1963 жылғы «Консулдық қатынастар туралы» Вена конвенциясына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерге ие, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар және/немесе оның өкілдіктері, консулдық мекемелер және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлері, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ шетел қатысуымен заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасында тіркелген шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
      4) көлік құралын тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі – КҚТК) – көлік құралының жол қозғалысына қатысуға жіберілгенін растайтын құжат;
      5) көлік құралын мемлекеттік тіркеу, оның ішінде көлік құралын бастапқы тіркеу – құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексергеннен, КҚТК мен МТНБ бере отырып, көлік құралының сәйкестендіру нөмірлерін салыстыра тексергеннен кейін уәкілетті орган жүзеге асыратын, көлік құралының жол қозғалысына қатысуына рұқсат беру рәсімі;
      6) көлік құралын бастапқы тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу;
      7) көлік құралын есептен шығару – ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) меншік иесі мекенжайының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасында тіркелген көлік құралының тіркелген жерін өзгертуге, меншік құқығының өзгеруіне байланысты иелену құқығын тоқтатуға, кейіннен мәміле жасауға, кәдеге жаратуға (жарамсыз деп белгілеуге, есептен шығаруға), иесінің өтініші бойынша жол қозғалысына қатысуға рұқсатты уақытша тоқтатуға, уақытша әкетуді қоспағанда, көлік құралын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге, көлік құралын меншік иесінің заңды иелігінен шығаруға (айдап әкету, ұрлау) бағытталған қызметі;
      8) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БАЖ) – көлік құралдары және олардың иелері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін және көлік құралының сәйкестендіру нөмірін, сондай-ақ КҚТК мен МТНБ міндетті түрде көрсетіп, осы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
      9) көлік құралдарын тіркеудегі өзгерістер – азаматтық заңнамада белгіленген құқықтық негіздер болған кезде БАЖ бен МТНБ-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
      10) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – БАЖ-да көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық символдар түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;
      11) көлік құралының иесі – көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында не өзге де заңды негізде (жалға алу құқығы, көлік құралын басқару құқығына сенімхат, көлік құралын осы адамға беру туралы тиісті органның өкімі) иеленетін адам. Көлік құралын өзінің қызметтік немесе еңбек міндеттерін орындау үшін, оның ішінде көлік құралының меншік иесімен немесе өзге де иесімен еңбек және азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде басқаратын адам көлік құралының иесі болып табылмайды;
      12) қайта жабдықтау – жол жүрісі қауіпсіздігіне ықпал ететін, көлік құралының конструкциясында көзделген құрамдас бөліктер мен жабдық бұйымдарын алып тастау немесе көзделмегендерді орнату;
      13) МТНБ – мемлекеттің меншігі болып табылатын және жеке әріптік-цифрлық белгіні қамтитын, механикалық көлік құралына берілетін және ұлттық стандарттың талаптарына сәйкес жасалған бұйым. Бұл түсінік «Транзит» МТНБ-ге таралады;
      14) нөмірлік агрегат – көлік құралының шанағы, шассиі, рамасы, кабинасы;
      15) техникалық құжат – көлік құралының оның техникалық параметрлеріне сәйкестігін белгілеуге мүмкіндік беретін ақпаратты қамтитын құжат (КҚТК, басқа мемлекетте берілген КҚТК, көлік құралының паспорты, дайындаушы зауыттың қабылдап алу-беру актісі);
      16) тіркеу-емтихан пункті (бұдан әрі – ТЕП) – көлік құралдарын тіркеу және есепке алу бойынша рәсімдерді жүзеге асыратын, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында (бұдан әрі – ХҚКО) орналастырылған ІІО бөлінісі.»;
      16-тармақтың 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
      16-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, көлік құралын;»;
      16-тармақтың 14), 15), 16) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «14) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламентіне (бұдан әрі – 018/2011 КО ТР) 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті:
      жеке тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - КО/ЕЭО) бірыңғай кеден аумағына өз қажеттіліктері үшін әкелетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
      көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан көп уақыт өткен жағдайда, бұрын КО/ЕЭО мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан, Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін көлік құралдарын заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеген кезде;
      жеке және заңды тұлғалар айналымға шығарылғанға дейін конструкциясына жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген, сериялық өндіріс жағдайындағы; немесе сериялық өндірістен тыс жеке тәртіппен құрастыру жиынтығынан немесе жеке техникалық шығармашылық нәтижесі болып табылатын; немесе бұрын мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша жеткізілгендер қатарынан айналымға шығарылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;
      15) пайдаланудағы және қайта жабдықталуына байланысты Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында тіркелген көлік құралын мемлекеттік тіркеген кезде 018/2011 КО ТР 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының оның конструкциясына енгізілген өзгерістермен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлікті;
      16) 018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының түрін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің түрін мақұлдауды:
      көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;  
      жеке және заңды тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;»;
      49-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) қайта жабдықтау немесе өзгерту салдарынан көлік құралының типі;»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Осы Қағидалардың 49-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 6) 7), 10) - 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, ал осы Қағидалардың 49-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгертуді растайтын құжаттардың негізінде қосымша жүргізіледі.
      Осы Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 6) - 8), 10) - 13) және 15) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде жүргізіледі.
      Сот қаулысының негізінде кәсiпорынның банкроттығы туралы іс қозғалған жағдайда, есептен шығару және тiркеу «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшінің өтініші бойынша тарату комиссиясы шешiмiнің негiзiнде жүргiзіледi.»;
      57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «57. Көлік құралын есептен шығару үшін олардың иелері (иелерінің өкілдері) ТЕП-ке осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 6), 7), 10) - 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады, сондай-ақ ТЕП-ке МТНБ тапсырады. КҚТК-де көлік құралын есептен шығарудың мән-жайларына сәйкес жазбалар жасалады, олар жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның мөрімен расталады.
      Көлік құралының иесі ХҚКО-ға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7), 9) - 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.
      Жеке тұлғалардың көлік құралдарын есептен шығару салық төлеушілер үшін Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көлік құралына салық төленгенін растайтын құжатты немесе салық төлеуден босату құқығын растайтын құжатты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.
      Иелері байқау сәтінде көлік құралының нақты орналасқан жері бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамы берген, мөрмен расталған байқау актісін ұсынған жағдайда, тіркелген орны бойынша көлік құралын байқауға әкелмей, есептен шығаруға жол беріледі.
      Есептен шығару көлік құралының бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығаруға қандай да бір шектеулердің жоқ екені туралы сұрау салулар орындалғаннан, көлік құралының есепке алу деректері мен оның иесі туралы мәліметтер нақтыланғаннан кейін ғана жүргізіледі.
      Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамы көлiк құралын есептен шығару туралы шешiм қабылдағаннан кейін бұл туралы ақпарат көлік құралының бұрын тiркелген жері бойынша ТЕП-ке дереу жіберіледі.»;
      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «59. Кәдеге жаратуға жататын көлік құралы осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 7) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде, байқаудан өткізілмей, есептен шығарылады. КҚТК мен МТНБ ТЕП-ке тапсырылады. Кәдеге жаратылатын көлік құралының КҚТК, МТНБ болмаған кезде көлік құралының иесі жазбаша нысанда оларды жоғалту мән-жайларын көрсетеді. Бұл ретте ІІО ақпараттық ресурстары бойынша тексеру жүзеге асырылады.
      Көлік құралының иесі ХҚКО-ға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 2), 7), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылады.»;
      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «64. Заңды тұлғалардың көлік құралдарын жеке тұлғаларға сату кезінде есептен шығару осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 6), 7), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың, заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығы субъектісінің (мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалар үшін) функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік (коммуналдық) органдар рұқсатының негізінде жүргізіледі. Бұл ретте тіркеу құжатына жазба енгізіледі: «Автомобиль азамат Т.А.Ә. (болған жағдайда) сатуға байланысты есептен шығарылды, тұрғылықты тұратын мекенжайы, жеке басты куәландыратын құжатының сериясы, нөмірі.
      Көлік құралының иесі ХҚКО-ға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 4), 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылмайды.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Алматы және Астана қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін;
      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З.Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»                     «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму        Ұлттық экономика министрі
      министрі _______Ә. Исекешев    _________ Е. Досаев
      2015 жылғы «___»_______        2015 жылғы «___»_______

       «КЕЛІСІЛДІ»                   «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы         Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму        Ұлттық экономика министрінің
      министрінің міндетін атқарушы  міндетін атқарушы
      ____________ Ж. Қасымбек        ____________ М. Құсайынов
      2015 жылғы 30 желтоқсан        2015 жылғы 30 желтоқсан

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862 "Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, подготовки водителей механических транспортных средств, приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 7 декабря 2015 года № 999. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 31 декабря 2015 года № 12799

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 2 декабря 2014 года № 862 «Об утверждении Правил государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства, подготовки водителей механических транспортных средств, приема экзаменов и выдачи водительских удостоверений» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10056, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 21 января 2015 года № 12 (27888)), следующие изменения:
      в Правилах государственной регистрации и учета отдельных видов транспортных средств по идентификационному номеру транспортного средства (далее – Правила), утвержденных указанным приказом:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) организация по работе с дипломатическим корпусом - подведомственная организация Министерства иностранных дел Республики Казахстан по работе с дипломатическими представительствами, международными организациями и/или ее представительствами, консульскими учреждениями, зарегистрированными в Республике Казахстан, и их сотрудниками, аккредитованными в Республике Казахстан;
      2) государственные регистрационные номерные знаки (далее – ГРНЗ) повышенного спроса – ГРНЗ транспортных средств физических и юридических лиц цифрового обозначения 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 777, 800, 888, 900, 999;
      3) иностранные участники дорожного движения – дипломатические представительства, международные организации и/или ее представительства, консульские учреждения, зарегистрированные в Республике Казахстан, и их сотрудники, аккредитованные в Республике Казахстан, имеющие привилегии и иммунитеты, согласно Венской конвенции от 1961 года «О дипломатических сношениях» и Венской конвенции от 1963 года «О консульских сношениях», иностранцы и лица без гражданства, а также юридические лица с иностранным участием, филиалы и представительства иностранных юридических лиц, зарегистрированные в Республике Казахстан;
      4) свидетельство о регистрации транспортного средства (далее – СРТС) – документ, подтверждающий допуск транспортного средства к участию в дорожном движении;
      5) государственная регистрация транспортного средства, в том числе первичная регистрация транспортного средства – процедура допуска транспортного средства к участию в дорожном движении, осуществляемая уполномоченным органом после проверки соответствия документов законодательству Республики Казахстан, сверки идентификационных номеров транспортного средства с выдачей СРТС и присвоением ГРНЗ;
      6) первичная регистрация транспортного средства – государственная регистрация транспортного средства, впервые осуществляемая на территории Республики Казахстан;
      7) снятие с учета транспортного средства – деятельность органов внутренних дел (далее – ОВД), направленная на изменение места регистрации транспортного средства, зарегистрированного в Республике Казахстан, в связи с изменением места регистрации его владельца, прекращения права владения в связи с изменением права собственности, последующее совершение сделки, утилизации (выбраковки, списания), временного прекращения допуска к участию в дорожном движении по заявлению владельца, вывоз транспортного средства за пределы Республики Казахстан, за исключением временного вывоза, выбытия транспортного средства из законного владения собственника (угон, кража);
      8) единая информационная система государственной регистрации транспортных средств (далее ЕИС) – государственная информационная система, обеспечивающая централизованный учет сведений о транспортных средствах и их владельцах и обеспечивающая централизованный учет этих сведений с обязательным указанием идентификационного номера транспортного средства, а также СРТС и ГРНЗ;
      9) изменения в регистрации транспортных средств – внесение изменений и дополнений в ЕИС и СРТС при наличии установленных гражданским законодательством правовых оснований;
      10) идентификационный номер транспортного средства – индивидуальный серийный номер транспортного средства, выраженный в виде последовательных буквенно-цифровых символов, присвоенный производителем транспортного средства, позволяющий произвести идентификацию транспортного средства в ЕИС;
      11) владелец транспортного средства – собственник транспортного средства, а также лицо, владеющее транспортным средством на праве хозяйственного ведения или праве оперативного управления либо на ином законном основании (право аренды, доверенность на право управления транспортным средством, распоряжение соответствующего органа о передаче этому лицу транспортного средства). Не является владельцем транспортного средства лицо, управляющее транспортным средством в силу исполнения своих служебных или трудовых обязанностей, в том числе на основании трудового или гражданско-правового договора с собственником или иным владельцем транспортного средства;
      12) переоборудование – исключение предусмотренных или установка не предусмотренных конструкцией транспортного средства составных частей и предметов оборудования, влияющих на безопасность дорожного движения;
      13) ГРНЗ – изделие, являющееся собственностью государства и содержащее индивидуальное буквенно-цифровое обозначение, присваиваемое механическому транспортному средству и изготовленное в соответствии с требованиями национального стандарта. Данное понятие распространяется на ГРНЗ «Транзит»;
      14) номерной агрегат – кузов, шасси, рама, кабина транспортного средства;
      15) технический документ – документ, содержащий информацию, позволяющую установить соответствие транспортного средства его техническим параметрам (СРТС, СРТС выданный в другом государстве, паспорт транспортного средства, приемо-сдаточный акт завода-изготовителя);
      16) регистрационно-экзаменационный пункт (далее – РЭП) – подразделение ОВД, осуществляющее процедуры по регистрации и учету транспортных средств, в том числе размещенное в центрах обслуживания населения (далее – ЦОН).»;
      подпункты 3) и 5) пункта 16 исключить;
      подпункт 10) пункта 16 изложить в следующей редакции:
      «10) транспортное средство, за исключением случаев, указанных в пункте 12 настоящих Правил;»;
      подпункты 14), 15), 16) пункта 16 изложить в следующей редакции:
      «14) свидетельство о безопасности конструкции транспортного средства по форме согласно приложению 17 к Техническому регламенту Таможенного союза «О безопасности колесных автотранспортных средств», утвержденного решением Комиссии Таможенного союза от 9 декабря 2011 года № 877 (далее – ТР ТС 018/2011):
      при государственной регистрации физическими лицами выпускаемых в обращение транспортных средств, ввозимых на единую таможенную территорию Таможенного союза/Евразийского экономического союза (далее – ТС/ЕАЭС) для собственных нужд;
      при государственной регистрации юридическими лицами транспортных средств, ввозимых на единую таможенную территорию Таможенного союза, ранее участвовавших в дорожном движении в государствах, не являющихся членами ТС/ЕАЭС, при условии, что с момента изготовления транспортного средства прошло более трех лет;
      при государственной регистрации физическими и юридическими лицами транспортных средств в условиях серийного производства, в конструкцию которого в индивидуальном порядке были внесены изменения до выпуска в обращение; или вне серийного производства в индивидуальном порядке из сборочного комплекта, или являющееся результатом индивидуального технического творчества; или выпускаемое в обращение из числа ранее поставленных по государственному оборонному заказу;
      15) свидетельство о соответствии транспортного средства с внесенными в его конструкцию изменениями требованиям безопасности по форме согласно приложению 18 к ТР ТС 018/2011 при государственной регистрации транспортного средства, находящегося в эксплуатации и зарегистрированного на единой таможенной территории Таможенного союза, в связи с его переоборудованием;
      16) одобрение типа транспортного средства, одобрение типа шасси транспортного средства по форме согласно приложениям 14 и 15 к ТР ТС 018/2011:
      при государственной регистрации юридическими лицами, выпускаемых в обращение транспортных средств, ввозимых из стран, не являющихся членами Таможенного союза/Евразийского экономического союза, при условии, что с момента изготовления транспортного средства прошло менее трех лет;
      при государственной регистрации юридическими и физическими лицами, выпускаемых в обращение транспортных средств, ввозимых из стран-членов Таможенного союза/Евразийского экономического союза.»;
      подпункт 4) пункта 49 изложить в следующей редакции:
      «4) в следствие переоборудования или изменения типа транспортного средства;»;
      пункт 50 изложить в следующей редакции:
      «50. В случаях, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 5) пункта 49 настоящих Правил, внесение изменений в ЕИС и СРТС производится на основании документов, указанных в подпунктах 1), 2), 4), 6), 7), 10) - 13) пункта 16 настоящих Правил, а в случае, предусмотренном подпунктом 3) пункта 49 настоящих Правил, дополнительно на основании документов, подтверждающих изменение, в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.
      В случае, предусмотренном подпунктом 4) пункта 49 настоящих Правил внесение изменений в ЕИС и СРТС производится на основании документов, указанных в подпунктах 1), 2), 4), 6) - 8), 10) - 13) и 15) пункта 16 настоящих Правил.
      В случае возбуждения дела о банкротстве предприятия на основании судебного постановления, снятие с учета и регистрация производятся на основании решения ликвидационной комиссии по заявлению администратора в соответствии с Законом Республики Казахстан «О реабилитации и банкротстве».»;
      пункт 57 изложить в следующей редакции:
      «57. Для снятия с учета транспортного средства их владельцы (представители владельцев) представляют в РЭП документы, указанные в подпунктах 1), 2), 4), 6), 7), 10) - 13) пункта 16 настоящих Правил, а также сдают в РЭП ГРНЗ. В СРТС производятся записи, соответствующие обстоятельствам снятия с учета транспортного средства, которые заверяются печатью уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения.
      При обращении владельца транспортного средства в ЦОН представляются документы, указанные в подпунктах 2), 7), 9) - 13) пункта 16 настоящих Правил.
      Снятие с учета транспортных средств физических лиц осуществляется после предоставления документа, подтверждающего уплату налога на транспортное средство в порядке, установленном Налоговым кодексом – для плательщиков налога или документа, подтверждающего право на освобождение от уплаты налога.
      Допускается снятие с учета транспортного средства без его предъявления на осмотр по месту регистрации при условии представления владельцами заверенного печатью акта осмотра, выданного должностным лицом уполномоченного органа в сфере обеспечения безопасности дорожного движения по месту фактического нахождения транспортного средства на момент осмотра.
      Снятие с учета производится только после исполнения запросов об отсутствии каких-либо ограничений на снятие с учета по месту прежней регистрации транспортного средства, уточнения учетных данных транспортного средства и сведений о его владельце.
      После принятия решения должностным лицом уполномоченного органа по обеспечению безопасности дорожного движения о снятии транспортного средства с учета информация об этом немедленно направляется в РЭП по месту прежней регистрации транспортного средства.»;
      пункт 59 изложить в следующей редакции:
      «59. Транспортное средство, подлежащее утилизации, снимается с учета при представлении документов, указанных в подпунктах 1), 2), 7) и 11) пункта 16 настоящих Правил, без осмотра. СРТС и ГРНЗ сдаются в РЭП. При отсутствии СРТС, ГРНЗ на утилизируемое транспортное средство владельцем транспортного средства в письменной форме указываются обстоятельства их утраты. При этом осуществляется проверка по информационным ресурсам ОВД.
      При обращении владельца транспортного средства в ЦОН представляются документы, указанные в подпунктах 2), 7), 11) пункта 16 настоящих Правил.»;
      пункт 64 изложить в следующей редакции:
      «64. Снятие с учета транспортных средств юридических лиц при реализации их физическим лицам производится на основании документов, указанных в подпунктах 1), 6), 7), 9), 11), 12) и 13) пункта 16 настоящих Правил, разрешения государственных (коммунальных) органов, осуществляющих по отношению к юридическим лицам функции субъекта права государственной (коммунальной) собственности (для юридических лиц, находящихся в государственной собственности). При этом в регистрационный документ вносится запись: «Автомобиль снят с учета в связи с продажей гражданину Ф.И.О.(при его наличии), адрес места жительства, серия, номер документа, удостоверяющего личность.
      При обращении владельца транспортного средства в ЦОН документы, указанные в подпунктах 1), 4), 6) пункта 16 настоящих Правил, не представляются.».
      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему «Әділет»;
      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканской центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его размещение на официальном интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      5) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) и 4) настоящего приказа.
      3. Начальникам Департаментов внутренних дел областей, городов Алматы и Астаны:
      1) обеспечить изучение и соблюдение требований настоящего приказа личным составом органов внутренних дел;
      2) организовать работу органов внутренних дел в соответствии с требованиями настоящего приказа.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Тургумбаева Е.З. и Комитет административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Лепеха И.В.).
      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      генерал-полковник полиции                  К. Касымов

      «СОГЛАСОВАНО»
      Министр по инвестициям
      и развитию экономики
      Республики Казахстан
      ____________ А. Исекешев
      «___» ________ 2015 года

         «СОГЛАСОВАНО»
      Министр национальной
          экономики
      Республики Казахстан
      ____________ Е. Досаев
     «___» ________ 2015 года

      «СОГЛАСОВАНО»
      И.о. министра по инвестициям
      развитию экономики
      Республики Казахстан
      ____________ Ж. Касымбек
      30 декабря 2015 года

         «СОГЛАСОВАНО»
        И.о. министра
       национальной экономики
       Республики Казахстан
      ____________ М. Кусаинов
        30 декабря 2015 года