«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тағылымдамадан өтуге арналған үлгілік шартта:
2.5-тармақта:
2.5.2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2.5.2. Стипендиаттың тағылымдамадан өтуінің аяқталғандығы туралы жазбаша хабарламаны Орталықтан алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мамандығына сәйкес Стипендиатты жұмысқа қабылдауға және бұқаралық ақпарат құралдары мен мүдделі тараптарды тарта отырып, тағылымдамадан өту кезеңінде жаңа дағдыларды игеру бойынша Стипендиатты тыңдаудың міндетті рәсімін өткізуге;»;
2.5.7-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2.5.7. Стипендиатқа оның шарттық міндеттемелерін орындауын бақылау үшін қажетті ақпараттарды Орталыққа беру бойынша ықпал етуге;»;
мынадай мазмұндағы 2.5.8-тармақшамен толықтырылсын:
«2.5.8. Тағылымдамадан өту кезеңінде жаңа дағдыларды игеру бойынша Стипендиатты тыңдаудың міндетті рәсімін өткізгеннен кейін күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде Орталыққа Стипендиатты тыңдау қорытындылары туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.».
2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты күнтізбелік он күн ішінде мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов